СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Белгісіз балалық ғаламшары" психологиялық апталық

Категория: Психологу

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Белгісіз балалық ғаламшары" Психологиялық апталық

Просмотр содержимого документа
«"Белгісіз балалық ғаламшары" психологиялық апталық»

Дүйсенбі

29.02.2016ж

  • Психологиялық акция «Көңіл-күй түстері».

Мақсаты: Балабақшадағы ересектер мен балалардың көңіл-күйін анықтау.

Барысы:

Таңертең балабақшаның әр тобындағы қабылдау бөлмесіне кірген ата-аналар мен балаларға түсті жолақшалардан біреуін таңдау ұсынылады.(Әркім өзінің көңіл-күйіне байланысты түсті таңдайды). Әр топта арнайы қорабша мен түсті жолақшалар тұрады. Таңдаған түстерін сол қорапшаға салады. Кешке қайтадан келген ата-аналарға түстерді таңдау ұсынылады. Екі уақытқы жолақшалар салыстырылып Күн соңында қорытындылау үшін түсті жолақшалардан көңіл-күй кемпірқосағы жасалынып стентке ілінеді.



Сейсенбі

01.03.2016ж

  • Психологиялық акция «Қуаныш силаймыз»

Мақсаты: Жағымды эмоционалды климатты қалыптастыру, көтеріңкі көңіл- күй сыйлау.

Барысы:

Арнайы безендірілген қорапшаға әдемі тілектержазылып салынған.Таңертең балабақшаға келген ата-аналарға акцияға қатысуын ұсынамыз. Арқайсысы қорапшадан өзіне арналған бір тілекті суырып алады.

  • Сурет көрмесі «Менің сүйікті ойыншығым» орта топтарда (Балпан, Қайнар, Гүлдер, Росинка).

Барысы:

«Менің сүйікті ойыншығым» тақырыбында орта топ балаларымен әңгімелесіп, әркім өзінің сүйікті ойыншығының суретін салады. Балалардың салған суреттерімен балабақша коридорлары безендіріледі.



  • Психологиялық ойын «Мұз жүрек»

Мақсаты:Топ балаларының қарым-қатынасын анықтау, балалардың қойылған тапсырманы талқылауы мен орындауын бақылау. Балалардың эмоциялық қарым-қатынастарын анықтау. Тәрбиешісіне деген көзқарастарын анықтау. Мейірімділікке, тапқырлыққа баулу.

Ойынның барысы:

Топтағы оқу іс-әрекеттері қызған сәтте тәрбиеші балаларға байқатпай топтан шығып кетеді. Осы сәтте топқа психолог кіріп тәрбиешілерін сұрайды. Есікті біреу тоқылдатып, хат әкеледі. Хатты психолог балаларға оқып береді. Хатта тәрбиешілерін Қар ханшайымы тәрбиешілерін сиқырлап жүрегін мұзға айналдырғанын жазыпты. Балалар жүрегі мұз адам қандай болатынын көріп сезінуі керек. Тәрбиешіні қайта тірілту үшін арнай кедергілерден өтулері керек. Егер кердергілерден өте алмаса жүрегін еріте алмайды. Тәту ұйымдасқан ұжымды Қар ханшайымы мұзғып қатыра алмайды.

Ойын сценарии

Психолог:

-Сәлеметсіңдерме балалар! Не істеп жатырсыңдар?

(Балалардың жауабы.)

-Тәрбиеші апайларың қайда?

(Балалар тәрбиешісін іздей бастайды. Есікті біреу қағып хат береді)

-Балалар, қараңдаршы сендерге хат кепті. Қане, ашып оқиық.

Сендердің тәрбиешілерің Қар ханшайымы сиқырланды. Мейірімді жүрегі мұзға айналды. Тәрбиешілеріңді қайта өз қалпына айналдыру үшін сиқырлы әлемге аттанып, арнайы кедергілерден мүдірмей өту керексіңдер. Тапсырмаларды орындай алмасаңдар тәрбиешілеріңнің жүрегі мұздан ерімей қалады.

Сәттілік тілеймін!

  • Балалар не істейміз? (Балалар тәрбиешіне көмектесуге әзір екендерін айтулары керек)

  • Көмектесуге әзір болсаңдар онда сиқырлы ғажайып әлемге аттанайық. Бұл әлемге мыңдаған жылдарда 1-рет баруға ғана болады екен.Ал бүгін дап осы күн екен. Олай болса тұрмайық кеттік тәрбиеші апайымызды құтқарайық. Ғажайып әлемге бару үшін жол сілтегіштер арқылы тыныш саппен жүру керекпіз. (Психолог балалардың тапсырманы қалай орындайтынын бақылауы керек)

Залға келгенде жарты қызыл жүректі көреді.

  • Балалар , сендер тапсырманы өте жақсы орындадыңдар. Біз ғажайып әлемге келдік. Мынау не? (Жарты жүрекше) Бұл нені білдіреді ,Қане кіріп көрейік.

Балалар залға кіреді

  • Қараңдар біз кімді таптық. Біздің тәрбиешіміз сиқырланған, оған жолауға болмайды. Қане орындықтарға отырайық.

  • Ия, балалар, расыменде апайларыңды Қар ханшайымы қатырып , жүрегін мұзға айналдырыпты. Қалай ойлайсында жүрегі мұз адам қандай болады? (Балалар өз ойларын айтады. )

  • Балалар мында қараңдаршы тәрбиешілеріңнің жүрегі қандай болып қалғанын.

Тақтадағы ақ түсті жүректі көрсету.

  • Қалай ойлайсыңдар «мұз жүрек» деген нені білдіреді?(Балалар мұз жүрек туралы өз түсініктерін айтады)

  • Ия, балалар, мұз жүректі адам басқа адамдармен сөйлеспейді, ешкімге жаныда ашымайды, қуанбайдыда.

  • Қазір біз апайымызға жолай алмаймыз. Егер жоласақ бізде мұзға айналамыз. Ал апайымыздың жүрегін тек қар ханшайымының тапсырмаларын орындайу арқылы ғана еріте аламыз. Қане мына жарты жүректін қалған бөліктерін де табайық.

  1. Тапсырма.

Отқа салсам жанбайды, суға салсам батпайды.(Мұз)

  • Тапсырманы дұрыс орындадыңдар. Міне бір бөлшегін таба алдық.

  1. Тапсырма

Балалар біз қатты қуанғанда, әзілдегенде қайтеміз? (күлеміз)

  • Бұл тапсырманыда орындай алдыңдар, міне, жүректің тағы бір бөлшегін орнына қоюғада болады.

  • Балалар мұз жүрек ери бастағанда адамда не өзгереді?

Адам жан-жағына қарап, әдемілікті көріп, басқа адамдармен де жылы сөйлесе бастайды.

  1. Тапсырма

Келесі тапсырма сыйқырлы шеңбер деп аталады. Егер бұл тапсырманыда дұрыс орындасаңдар тәрбиешілеріңнің жүргегі тұтастай қызыл болып, ериді.

Ол үшін сылдырмақ үнімен шеңбермен жүреміз.Сылдырмақ тоқтап, қайта ойнағанда кері шеңберді айналып жүреміз.

  • Қараңдаршы, балалар, тәрбиешіміздің жүргегі қайта қалпына келіпті. Біз жүрегін еріте алдық.

Тәрбиеші балаларға қол бұлғап жылы сөздер айтады

  • Психологиялық ойынға белсене қатысқандарыңа Рахмет сендерге балалар! Тәрбиешілеріңде сендермен бірге.



  • Ойын «Мен-білгішпін!» (Орта топтарда) «Балапан», «Қайнар», «Росинка»

Мақсаты:Тұтас балалар ұжымын біріктіру, Эмоцоналды қалыптарын жақсарту, қоршаған орта туралы түсініктерін тереңдету, ұжымда өзін-өзі басқаруды үйрету.

Барысы:

Таңертең топ тәрбиешісі мен балаларға 20 сұрағы бар бланк беріледі. 15.30 ға дейін балалар осы сұрақтарға жауап әзірлеп қоюлары керек. Белгіленген уақытта психолог келіп балаларға сұрақтар қояды. Әр сұрақтың дұрыс жауабына сыйлықтар үлестіріледі.

Сұрақтар:

  1. Тәрбиешілеріңнің көзінің түсі қандай?

  2. Топта шашы ұзын қыз кім?

  3. Топта кімнің бойы ен ұзын?

  4. Ойын бөлмесіде неше терезе бар?

  5. Осы бөлмеде неше есік бар?

  6. Топта неше ұл бар?

  7. Балабақша медбикесінің аты кім?

  8. Тәрбиешілеріңнің аты кім?

  9. Аптада неше жұмыс күні бар?

  10. Қай күндері сендер балабақшаға келмейсіңдер?

  11. Бүгін кім жасыл түсті киім киіп кепті?

  12. Топта неше гүл өсіп тұр?

  13. Кім өте күлкілі бет әлпетін жасай алады?

  14. Топта кімнің көзі көкшіл?

  15. Төбеде неше лампа ілінген?

  16. Жыл мезгілдерін ата

  17. Көктем айларын кім біледі?

  18. Тәрбиешінің үстелі қай бөлмеде?

  19. Жедел жәрдемнің телефон нөмері қандай?

  20. Кім өзінің мекен жайын айта алады?



  • «Менің бақытты отбасым» Шығармашылық көрмесі

«Бөбек», «Жұлдыз» кіші топтары

Мақсаты:

  • Ата-аналарға балалармен бірге атқарылған іс-әрекеттің қандай қуанышты нәтиже беретіні туралы түсініктерін қалыптастыру

  • Ата-аналардың іс-тәжірбие алмасу эстетикалық талғамдарын дамыту

  • Ата-ана –бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту

  • Ата-аналардың баласына, отбасына деген көз қарасын қол өнер(сурет, жапсыру, коллаж, макет т.б) арқылы бейнелеу

Барысы:

Ата-аналарға өз қолдарымен балалсымен бірлесіп жасаған шығармашылық жұмыс әкелуін тапсыру.

Осы Шығармашылық жұмыстармен көрме ұйымдастыру.

Сәрсенбі

02.03.2016ж

  • Психологиялық акция «Тілектер қақпасы»

Мақсаты: Психологиялық ауртпалықтарды түсіру, үрейлі жағдайдан арылтып, жағымды көтеріңкі көңіл күй сыйлау. Жағымсыз эмоцияларды жою.

Барысы:

Ватман бетіне түрлі түске боялған қақпа салу. Апта көлемінде осы апталыққа қатысушылар балабақша ұжымы мен педагогтарына өз тілектері мен ұсыныстарын қалдыра алады.

  • «Менің сүйікті мульфильмім» «Гүлдер» орта тобы

Мақсаты: Балалардың сүйікті мульфілімдері туралы білу, тілдерін дамыту, әдеби көркем сөйлеуге үйрету.Өз ойларын еркін бөлісе алуға дағдыландыру



Барысы:



«Гүлдер» тобының балаларымен өз сүйікті мүльфильдері туралы әңгімелесу. Неліктен осы кейіпкер ұнайтындығы туралы сұрау.

Осы мультфильмде жағымды кейіпкерлері қайсысы? Жағымсызы қайсы екенін сұрау. Бұл мульфильимнен не үйренгендерін анықтау. Кейіпкердің іс- қимылын, сөйлеу мәнерін дауысын бейнелеуді балалардан өтіу.

Бейсенбі

03.03.2016ж

  • Психологиялық ойын «Құпия дос»

Мақсаты: Тәрбиешілер мен педагогтар арасындағы психологиялық ауыртпалықты жеңілдетуге, эмоциялық көтеріңкі көңіл күй сыйлау, толеранттылықты, мейірімділікті және бір бірін қолдауды жақсарту

Барысы:

Тәрбиешілер мен педагогтарға 5 тілек хат жазу ұсынылады. Кімге арналғаны көрсетіледі. Тілек иесі жасыран.

  • Бүгін біз сіздермен «Құпия дос» ойынына жиналып отырмыз.

  • 5 парақтар беріп тілектер жазып, пошта жәшігіне салуларыңызды өтінемін.

Ойын шарты: Хат кімге арналғанын көрсетесіздер. Хатқа тілек, әзілдер жазуларыңызға болады. Бірақ хат иесі өз есімін жазбайды, құпия болып қалуы керек.

Барлық хаттар салынып болған соң хаттарды сұрыптап әдемі арнайы жасалған конвертке салып хат иесіне тапсырамын





















  • Психологиялық ойын «Мұз жүрек»

Мақсаты:Топ балаларының қарым-қатынасын анықтау, балалардың қойылған тапсырманы талқылауы мен орындауын бақылау. Балалардың эмоциялық қарым-қатынастарын анықтау. Тәрбиешісіне деген көзқарастарын анықтау. Мейірімділікке тапқырлыққа баулу.

Ойынның барысы:

Топта оқу іс-әрекеттері қызған сәтте тәрбиеші балаларға байқатпай топтан шығып кетеді. Осы сәтте топқа психолог кіріп тәрбиешілерін сұрайды. Есікті біреу тоқылдатып, хат әкеледі. Хатты психолог балаларға оқып береді. Хатта тәрбиешілерін Қар ханшайымы тәрбиешілерін сиқырлап жүрегін мұзға айналдырғанын жазыпты. Балалар жүрегі мұз адам қандай болатынын көріп сезінуі керек. Тәрбиешіні қайта тірілту үшін арнай кедергілерден өтулері керек. Егер кердергілерден өте алмаса жүрегін еріте алмайды. Тәту ұйымдасқан ұжымды Қар ханшайымы мұзғып қатыра алмайды.

Ойын сценарии

Психолог:

-Сәлеметсіңдерме балалар! Не істеп жатырсыңдар?

(Балалардың жауабы.)

-Тәрбиеші апайларың қайда?

(Балалар тәрбиешісін іздей бастайды. Есікті біреу қағып хат береді)

-Балалар, қараңдаршы сендерге хат кепті. Қане, ашып оқиық.

Сендердің тәрбиешілерің сиқырланды. Мейірімді жүрегі мұзға айналды. Тәрбиешілеріңді қайта өз қалпына айналдыру үшін сиқырлы әлемге аттанып, арнайы кедергілерден мүдірмей өту керексіңдер. Тапсырмаларды орындай алмасаңдар тәрбиешілеріңнің жүрегі мұздан ерімей қалады.

Сәттілік тілеймін

- Балалар не істейміз? (Балалар тәрбиешіне көмектесуге әзір екендерін айтулары керек)

- Көмектесуге әзір болсаңдар онда сиқырлы ғажайып әлемге аттанайық. Бұл әлемге мыңдаған жылдарда 1-рет баруға ғана болады екен.Ал бүгін дап осы күн екен. Олай болса тұрмайық кеттік тәрбиеші апайымызды құтқарайық. Ғажайып әлемге бару үшін жол сілтегіштер арқылы тыныш саппен жүру керекпіз. (Психолог балалардың тапсырманы қалай орындайтынын бақылауы керек)

Залға келгенде жарты қызыл жүректі көреді.

- Балалар , сендер тапсырманы өте жақсы орындадыңдар. Біз ғажайып әлемге келдік. Мынау не? (Жарты жүрекше) Бұл нені білдіреді , Қане кіріп көрейік.

Балалар залға кіреді

- Қараңдар біз кімді таптық. Біздің тәрбиешіміз сиқырланған, оған жолауға болмайды. Қане орындықтарға отырайық.

- Ия, балалар, расыменде апайларыңды Қар ханшайымы қатырып , жүрегін мұзға айналдырыпты. Қалай ойлайсында жүрегі мұз адам қандай болады? (Балалар өз ойларын айтады. )

- Балалар мында қараңдаршы тәрбиешілеріңнің жүрегі қандай болып қалғанын.

Тақтадағы ақ түсті жүректі көрсету.

- Қалай ойлайсыңдар «мұз жүрек» деген нені білдіреді?(Балалар мұз жүрек туралы өз түсініктерін айтады)

- Ия, балалар, мұз жүректі адам басқа адамдармен сөйлеспейді, ешкімге жаныда ашымайды, қуанбайдыда.

- Қазір біз апайымызға жолай алмаймыз. Егер жоласақ бізде мұзға айналамыз. Ал апайымыздың жүрегін тек қар ханшайымының тапсырмаларын орындайу арқылы ғана еріте аламыз. Қане мына жарты жүректін қалған бөліктерін де табайық.

1- Тапсырма.

Отқа салсам жанбайды, суға салсам батпайды.(Мұз)

- Тапсырманы дұрыс орындадыңдар. Міне бір бөлшегін таба алдық.

2- Тапсырма

Балалар біз қатты қуанғанда, әзілдегенде қайтеміз? (күлеміз)

- Бұл тапсырманыда орындай алдыңдар, міне, жүректің тағы бір бөлшегін орнына қоюғада болады.

- Балалар мұз жүрек ери бастағанда адамда не өзгереді?

Адам жан-жағына қарап, әдемілікті көріп, басқа адамдармен де жылы сөйлесе бастайды.



3- Тапсырма

Келесі тапсырма сыйқырлы шеңбер деп аталады. Егер бұл тапсырманыда дұрыс орындасаңдар тәрбиешілеріңнің жүргегі тұтастай қызыл болып, ериді.

Ол үшін сылдырмақ үнімен шеңбермен жүреміз.Сылдырмақ тоқтап, қайта ойнағанда кері шеңберді айналып жүреміз.

- Қараңдаршы, балалар, тәрбиешіміздің жүргегі қайта қалпына келіпті. Жүрегі толық қызыл болды

4- тапсырма

Енді тәрбиешіміздің жүрегін толықтай еріту үшін алақандарымызбен махаббат перамидасын құрайық. Алақандарды қойып жатып өзі қалай жақсы көретінін айтуы керек. Алақандарыңның жылуын сезесіңдерме? Сендерге бұл сезім ұнайма?Қараңдаршы , пирамидамыз қандай биік болған. Бұл біздің махабатымызда сондай мол екенін білдіреді. Тек қана сүйген жүректе ғана жылу болады. Міне бізде өз жылуымызбен тәрбиешімізді еріте алдық!

Тәрбиеші балаларға қол бұлғап жылы сөздер айтады

- Психологиялық ойынға белсене қатысқандарыңа Рахмет сендерге балалар! Тәрбиешілеріңде сендермен бірге.



  • «Педагогикалық шеберхана» ата-аналармен

Мақсаты: Әр ата-ана бала тәрбиелеудегі өз іс-тәжирбиесімен бөліседі.

Баланың қыңыр мінез құлық танытқан жағдаяттардан қалай ұтымды жолдармен шешуге болатыны жайлы тәжірбие бөліседі. Жас ата-аналарға кеңестер мен көмектер беру

Барысы: Әр ата-ана бала тәрбиелеуде қандай ережелерді ұсынатынайтады. Баланы қалай ұйықтатуға болады, дүкен аралағанда баланың жағымсыз қылығымен қалай күресуге болады, қонақта өзін қалай ұстау керек екенін қайтіп үйреткенін, қызғаншақ болмауды, тез достаса білуді қалай үйретті т.б сұрақтарға өз өмір тәжирбиелерімен бөліседі.



  • Ойын «Мен-білгішпін!» (Орта топтарда) «Балапан», «Қайнар», «Росинка»

Мақсаты:Тұтас балалар ұжымын біріктіру, Эмоцоналды қалыптарын жақсарту, қоршаған орта туралы түсініктерін тереңдету, ұжымда өзін-өзі басқаруды үйрету.

Барысы:

Таңертең топ тәрбиешісі мен балаларға 20 сұрағы бар бланк беріледі. 15.30 ға дейін балалар осы сұрақтарға жауап әзірлеп қоюлары керек. Белгіленген уақытта психолог келіп балаларға сұрақтар қояды. Әр сұрақтың дұрыс жауабына сыйлықтар үлестіріледі.

Сұрақтар:

  1. Тәрбиешілеріңнің көзінің түсі қандай?

  2. Топта шашы ұзын қыз кім?

  3. Топта кімнің бойы ен ұзын?

  4. Ойын бөлмесіде неше терезе бар?

  5. Осы бөлмеде неше есік бар?

  6. Топта неше ұл бар?

  7. Балабақша медбикесінің аты кім?

  8. Тәрбиешілеріңнің аты кім?

  9. Аптада неше жұмыс күні бар?

  10. Қай күндері сендер балабақшаға келмейсіңдер?

  11. Бүгін кім жасыл түсті киім киіп кепті?

  12. Топта неше гүл өсіп тұр?

  13. Кім өте күлкілі бет әлпетін жасай алады?

  14. Топта кімнің көзі көкшіл?

  15. Төбеде неше лампа ілінген?

  16. Жыл мезгілдерін ата

  17. Көктем айларын кім біледі?

  18. Тәрбиешінің үстелі қай бөлмеде?

  19. Жедел жәрдемнің телефон нөмері қандай?

  20. Кім өзінің мекен жайын айта алады?



  • «Менің бақытты отбасым» Шығармашылық көрмесі

«Күншуақ», «Қоңырау» ерте жас топтары

Мақсаты:

  • Ата-аналарға балалармен бірге атқарылған іс-әрекеттің қандай қуанышты нәтиже беретіні туралы түсініктерін қалыптастыру

  • Ата-аналардың іс-тәжірбие алмасу эстетикалық талғамдарын дамыту

  • Ата-ана –бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту

  • Ата-аналардың баласына, отбасына деген көз қарасын қол өнер(сурет, жапсыру, коллаж, макет т.б) арқылы бейнелеу

Барысы:

Ата-аналарға өз қолдарымен балалсымен бірлесіп жасаған шығармашылық жұмыс әкелуін тапсыру.

Осы Шығармашылық жұмыстармен көрме ұйымдастыру.

Жұма

04.03.2016ж

Апта қорытындысы

Тәрбиешілермен дөңгелек үстелде жиналып апта қорытындысының нәтижесін шығару.




























Келісемін: Бекітемін:

ҚМҚК «Балбөбек» балалар бақшасаның ҚМҚК «Балбөбек»

әдіскері балалар бақшасаның

___________ Д.Н.Нургазиева меңгерушісі

___________ А.Н.Жанабаева











Психология апталығы




«Белгісіз Балалық ғаламшары»









Өткізген: педагог-психологЖоменкенова М.О.























2016ж


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!