СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Білім беру саласы: Коммуникация-Көркем әдебиет / Шығармашылық-аппликация Тақырыбы: І.Жансүгіров «Күз» тақпағын тыңдау/«Түрлі-түсті жапырақтар»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы: Коммуникация-Көркем әдебиет / Шығармашылық-аппликация

Тақырыбы: І.Жансүгіров «Күз» тақпағын тыңдау/«Түрлі-түсті жапырақтар»

Мақсаты: Күз туралы білімдерін қалыптастыру. Жапырақтарды жапсырту. Дауыстың қаттылығы мен айтылу жылдамдығын аңғаруға үйрету. Дыбыстарды, сөздерді дауыстың биіктігін, екпінін, күшін есепке алып өлең  жолдарын қайталау. Мәнерлеп оқылған тақпақты тыңдауға деген қызығушылықтарын ояту.

Просмотр содержимого документа
«Білім беру саласы: Коммуникация-Көркем әдебиет / Шығармашылық-аппликация Тақырыбы: І.Жансүгіров «Күз» тақпағын тыңдау/«Түрлі-түсті жапырақтар»»

«Ақ ерке» 1 кіші  тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы №1/1

Тәрбиеші: Дюсенова М.К.

Өткізілетін күні: 21.09.2017 

Білім беру саласы: Коммуникация-Көркем әдебиет / Шығармашылық-аппликация

Тақырыбы: І.Жансүгіров «Күз» тақпағын тыңдау/«Түрлі-түсті жапырақтар»

Мақсаты: Күз туралы білімдерін қалыптастыру. Жапырақтарды жапсырту. Дауыстың қаттылығы мен айтылу жылдамдығын аңғаруға үйрету. Дыбыстарды, сөздерді дауыстың биіктігін, екпінін, күшін есепке алып өлең жолдарын қайталау. Мәнерлеп оқылған тақпақты тыңдауға деген қызығушылықтарын ояту.

Көрнекілік  құралдар: “Күз” суреті, түрлі-түсті жапырақтар, жапсыруға арналған дайын жапырақтар суреті.

Сөздік жұмыс: Күз, жапырақтар, сары жапырақтар

Билингвалдық компонент: күз-осень, сары-желтый, сары жапырақтар - желтые листья

Әрекет ету кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың әрекеттері

Мотивациялық  қозғаушы

Желдің, жаңбырдың дыбысы естіледі.

Балалар таңырқай тыңдап, жан-жағына қарайды.

Ұйымдастырушылық- ізденіс











Ненің дыбыстары екенін сұрау.

Қазір күз мезгілі екенін, күзде салқын жел соғып, жаңбыр жауатынын, ағаштардың жапырақтары сарғайып түсетіндерін айту.

І.Жансүгіров «Күз» тақпағын мәнерлеп оқу.

Ой, балалар, балалар, Қоңырқай күз болыпты, Қурап жапырақ солыпты, Ел eгінін орыпты.

Ой, балалар, балалар, Ойналық та күлелік,

Енді оқуға кірелік.

Күздегі түрлі-түсті жапырақтарды жапсыруды ұсыну.

Жұмыстың барысын түсіндіру, әр балаға жеке көмектесу.

Балалар өздерінің ойларын айтады.




Тақпақты мұқият, қызыға тыңдайды.





Екінші оқығаннан соң соңғы үш жолын тәрбиешімен бірге қайталайды.


Жұмысқа қуана кіріседі.




Рефлексивтік түзетушілік

Күз мезгілінде ауа-райында болатын, табиғатта болатын өзгерістерді сұрау.

Балалар болатын өзгерістерді атайды.

                                                            Күтілетін нәтиже:

Қабылдайды: Күз мезгіліндегі табиғаттағы өзгерістерді

Түсінеді: Ауа-райының салқындағанын

Қолданады: Оқылған тақпақты тыңдауды, дайын затты жапсыруды




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!