СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Әбілхан Қастеев

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Әбілхан Қастеев»

9 «б» сынып 12.12.17 ж


Сабақтың тақырыбы:

Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы

С. мақсаты:

Барлық оқушылар жасай алады:


Оқушылар Ә.Қастеевтің шығармашылығы, мұражайы туралы мағлұмат алады, суретші ретінде тани алады.


Оқушылардың көбі жасай алады:


мәтіннен керекті мағлұматты таңдай біледі, ойды түйіндейді, шығармашылықпен жұмыс істей алады


Оқушылардың кейбірі жасай алады:




мәтіннің маңызын түсініп, әңгіме құрай алып, тақырып бойынша мақал-мәтелдер, қанатты сөздер келтіріп, сөздік қорын молайта алады.

Көрнекіліктер:суретші А.Дүзелхановтың «Ә.Қастеев» суреті, суретшінің репродукциялары, сұрақ-жауап, интербелсенді тақта.



Күтілетін нәтиже:


Мәтін бойынша жұмыс орындайды, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді, берілген тапсырмаларды орындайды, негізгі ойды түйіндейді

С. ресурстары:

суретші А.Дүзелхановтың «Ә.Қастеев» суреті, суретшінің репродукциялары, интербелсенді тақта, стикер, маркер, кәртішкелер, бағалау парақтар, көрнекіліктер


Сөздік қор

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:


Алдыңғы білім

Қазақ бейнелеу өнері тарихынан

С.әдіс-тәсілдері

Топтық, жұптық , жеке жұмыс

Сабақтың барысы:


Психологиялық дайындық жүргізу: 2 мин.

-Балалар, сабағымыз ойдағыдай өтеді деп сенемін,мен сіздерге жақсы көңіл-күй тілеймін.  Ал,сендер ше,балалар өз сыныптастарына қандай тілектер айтар едіңіздер? Қанеки, тілектерімізді, жылы лебіздерімізді ортаға салайық.

Оқушылар:

1.Оксана :Мен сәттілік тілеймін.

2.Адам: Жұмысымызда бірлік болсын. 

3.Алина :Мен сіздерге денсаулық тілеймін.

4.М.Иван: жақсы баға

5.Ф.Иван. сәттілік

6.Регина: Татулық

7.Игорь : достық

8.Дима : денсаулық

9.Анастасия: жақсы Баға

10.Татьяна : жақсы көңіл күй

11.Даниил : Білім

12.Лена : бақыт

13. Никита: бірлік

Инт.тақта Қастеев суреті.

Мұғалім:Жақсы, балалар. Ендеше іске сәт. Балалар,тақтаға назар аударыңыздар. Бұл тұлға бізге таныс па?

Оқушылардың біреуі: Иә,бұл Әбілхан Қастеев-Қазақстанның халық суретшісі.

Миға шабуыл 5 мин.

Татьяна

1.Әбілхан Қастеев қай жылы дүниеге келді ?

Әбілхан Қ 1904 жылдың 1 қаңтарында дүниеге келді

Оксана

2.Әбілхан Қастеев қай жерде дүниеге келді ?

Талдықорған (қазіргі Алматы облысы) облысының Жаркент ауданындағы Шежін ауылында дүниеге келген.

Енді балалар тақтаға қарап, Ә.Қастеевтің суреттерін атаңдар.

3.Адам

Суретші қайда білім алды ?

Суретші Хлудовтың көркемсурет студиясында білім алды

4.Алина

Қай жылы КСРО суретшілер одағына мүшелікке қабылданды ?

1937 жылы Ксро суретшілер одағына мүшелікке қабылданды

5.Оксана

Суретшінің тұңғыш көрмесі қашан қай қалада өтті ?

Суретшінің тұңғыш көрмесі 1942 (бір мың тоғыз жүз қырық екінші) жылы Алматы қаласында өтті.

6.Никита

Қазақ КСР халық суретшісі атағын қай жылы алды


Қазақ Кср халық суретшісі атағын 1944 жылы ( бір мың тоғыз жүз қырық төрінші жылы ) алды

7.Лена

Қай жылы қайтыс болды ?

Суретші 1973 жылы 2 қарашада алматыда қайтыс болды

Айтылым

1.Амангелді сарбаздары 1970 (бір мың тоғыз жүз жетпісінші жылы салды)

2.Түрксіб 1932 жыл (бір мың тоғыз жүз отыз екінші жылы салды)

3.Шоқан Уалиханов портреті 1951 (бір мың тоғыз жүз елу бірінші жылы салды)

4.Бие сауу 1936 жылы (бір мың тоғыз жүз отыз алтыншы жылы салды)

5.Абай жайлауда 1971 жыл (бір мың тоҒыз жүз жетпіс бірінші жылы салды )

6.Биік таудағы мұз айдыны 1954 (бір мың тоғыз жүз елу төртінші жылы салды)

7.Амангелді Иманов

8.Жас Абай 1945 жыл (бір мың тоғыз жүз қырық бесінші жылы салды)


Жаңа сабаққа шығу:

Мұғалім:Балалар,суретшінің бұл туындыларын қайдан тамашалауға болады ?

Балалар:мұражайда.

Мұғалім: Иә,балалар,дұрыс. Өнер мұражайында.Ендеше біздің бүгінгі тақырыбымыз Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы

Мұғалім:Күн мен тақырыпты дәптерге жазамыз.

Мұғалім: бүгінгі сабағымыздың мақсаты

1. Мұражай туралы мағлұмат алу;

2. Жаңа сөздерді меңгеру;

3. Осы тақырып төңірегінде сөйлей білу;

4. Ұлы жазушының өмірін үлгі ету.



Сабақта жұмыс істеу бойынша критерийлер құрастыру, анықтау


3 минут

Жаңа сөздер: Мәдени құндылықтар – Культурные ценности

Қоры- фонд

Мұралар - наследие

Зергерлік бұйымдар- ювелирные изделия

Үлес -вклад

Сақтау – сохранять

Жинақтау - собирать

Зерттеу-исследовать

Оқыту, қайталату

Сөздермен сөйлемдер құрау, дәптерге жаздырту

Жаңа тақырып

III.Жаңа тақырып

Оқушылардың назарын видеотаспаға аударамын, Әбілхан Қастеев туралы видеоматериалды талқылаймыз. 3 мин







Оқылым Мәтінмен жұмыс: оқушыларға қосымша мәтін таратамын, олар онымен танысады. 5 мин

Мәтінді оқытқызу.

Аударту


Қазақстан Республикасының Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы

1984 жылы музейге Қазақ Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің есімі берілді.Қазақстан Республикасының Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы 1935 жылы құрылды. Мұражай 22 000-ға жуық экспонат бар. Мұражай қоры өте бай. Бұл жерде көрермен Қазақстан, батыс Еуропа, Шығыс елдерінің көркемөнер мәдениеті туралы көп мәлімет алады.
Мұражай 12 залдан тұрады.

1-ші зал осы заманғы Қазақстанның мүсін өнеріне арналған.
2-ші зал – Ә.Қастеев шығармашылығына арналған. Экспозицияға “Шөп шабу”, “Бие сауу”, “Жас Абай”, “Түрксіб”, «Жамбылдың портреті», «Шоқан Уәлиханов» т.б. шығармалар қойылған.
3-ші зал Қазақстан сәндік қолданбалы өнеріне арналған. Экспозицияға кілемдердің неше түрлері, сырмақ қойылған. Зергерлік бұйымдар: білезік, шолпылар, т.б.
4,5,6,7-ші залдарында Қазақстан бейнелеу өнеріне арналған. Экспозицияда Н.Хлудовтың, Л.Леонтьевтің, Калмыковтың т.б суретшілердің шығармалары орын алды.
8-ші зал Қазақстан графикасына арналған.
9, 10-шы залдарда 18-20 ғ.ғ. бас кезіндегі орыс өнеріне және Батыс Еуропа өнеріне арналған.11-зал Кеңес Одағы кезеңіндегі өнерге арналған. Жинақта өнердің әр саласынан кескіндеме, мүсін, графика, қолданбалы қолөнер туындылары бар.

12-зал шығыс халықтары өнеріне арналған зал. Шығыс халықтарының қолданбалы өнері, қоры мыңға жуық экспонаттан тұрады.


5минут

Айтылым.Мәтінге сұрақ құратқызу



3 мин

Жазылым. Синтаксистік талдау

Алматыда суретшінің шығармашылық қызметінің 15 жылдығына арналған тұңғыш жеке көрмесі өтеді.



4 мин

Миға шабуыл. 1 Никита

Қазақ бейнелеу өнерінің қандай салалары бар ?

Қазақ бейнелеу өнері көркем кескіндеме, мүсіндеме, графика және қолданбалы өнер салаларын қамтиды.

2 Татьяна

Қазақ бейнелеу өнерінің ежелгі түрі қандай ?

Қазақ бейнелеу өнерінің ең ежелгі түрі қолөнер болып табылады.

3 Иван

Қазақ бейнелеу өнерінің бастауында кім тұрды ?

Қазақ бейнелеу өнерінің бастауында этнограф – ғалым Ш.Уалиханов тұрды

4.Оксана

Қазақстанда бейнелеу өнерінің кәсіби шеберлерін даярлайтын студия қай жылы ұйымдастырылды?

Қазақстанда бейнелеу өнерінің кәсіби шеберлерін даярлайтын студия

1920 ( бір мың тоғыз жүз жиырмасыншы) жылы ұйымдастырылды



5.Адам

Қазақ бейнелеу өнері шеберлері алғашқы қадамын нешінші жылдары жасады ?

ХХ ғасырдың 20 – 30 жылдары Қазақ бейнелеу өнері шеберлері алғашқы қадамдарын жасады

6.Алина

Қазақ бейнелеу өнері шығармаларының алғашқы көрмесі қашан және қай қалада ұйымдастырылды ?

1928 (бір мың тоғыз жүз жиырма сегізінші )жылы Семейде бейнелеу өнері шығармаларының алғашқы көрмесі ұйымдастырылды.



Лена

Қалау рай дегеніміз не ?

Іс әрекетті орындаушы адамның талабын , ынтасын білдіріп қалау мағынасында айтылатын етістіктің түрі қалау рай деп аталады.

Регина

Қалау рай қалай жасалады ?

Етістік тің түбіріне -қы – кі – ғы - гі жұрнағы мен тәуелдік жалғауын жалғап, одан кейінгі кел етістігі тіркесіп келу арқылы жасалады

Игорь

Мысалы:

Оқығым келді, білгісі келеді, жатқысы келді.




«Миға шабуыл»

1.сөз құрамы неден тұрады?

2.Жалғаудың неше түрі бар?

3.Дауысты дыбыстар жақтың қатысына қарай қалай бөлінеді?

4.қазақ тілінде неше сөз табы бар?

5.Алдымызда қандай үлкен мейрам болады?

6.Бүгінгі сабақтың тақырыбы?

7.Сөйлем айтылу мақсатына қарай қалай бөлінеді?

8. Қазақ тілін зерттеген ғалымдар?

9.Көңіл-күйіміз қандай?

10.Әрбір азаматтың парызы қандай?


Қосымша . «Суретпен жұмыс» оқушыларға «Түрксіб» суреті ұсынылады, олар суретті сипаттап береді.


М:Сабақтың мақсатын еске түсірейік

Мұражай туралы мәлімет алу

Мақсатқа жеттік пе? Ия,жеттік

Рефлексия:


Мен ... үйрендім

Маған ... қызықты болды

... қиын болды

Мен ... ойлаймын

Бәрінен де маған ... ұнады

Мен ... білемін

Үйге тапсырма:

Мәтіннің мазмұнын ашу.

Бағалау:

Критерий бойынша бағалаймын

Кері байланыс:

Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар? (жақсы, өте жақсы)

Сабақ сендерге ұнады ма? Ия,ұнады. Қызық өтті.


Бақылау

Сабақтың мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы қандай болды?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?












Әбілхан Қастеев-қазақтың біртуар суретшісі. Оның шығармашылығы сан қырлы.Ол Ш.Уәлиханов, Абай, Жамбыл Жабаев портреттерін жасады. Ең үздік портреті А.Иманов портреті. Пейзаждары және кескіндемелік шығармаларының мазмұны терең.1967 жылы Ә.Қастеевке «Қазақстан жерінде» атты акварельдік топтамасы үшін Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді. Суретшінің туындылары еліміздің көркем шежіресіне айналды.

   Қастеевтің   «Абай жайлауда»,    «Түрксіб»,   «Колхоз сүт фермасы»,     «Амангелді Иманов»,     «Жас Абай» сияқты суреттері бар.

Үш жасында әкесінен айырылды.Отбасы үлкен болды, сондықтан ол ерте жұмыс істей бастады. Жалшы болды, қой бақты, жер жыртып, қара жұмыс істеді.

-Алғашқы жұмыс орны Түрксіб темір жолы. Суретшінің соңғы жылдары өткен шығармашылығы өте жемісті өтті.

Оның тапсырыстары көп болды. Әбілхан Қастеев "Медеу" мұз айдынының қағаз бетіне түсірді. Абай жерінің пейзаждарын салды.

Қастеев шығармаларының кейіпкерлері танымал адамдар емес, көбінесе қарапайым кісілер болатын: мұғалімдер, жұмысшылар болды.

Қастеевтің соңғы жұмысы - әйгілі тарышы Шығанақ Берсиевтің портреті - аяқталмай қалды.

Қастеевтің тоғыз баласы болған. Олардың көбісі әкесінің ізін қуып кетті

Қастеев жас кезінен білімге құштар болған. Ол өз бетімен арабша, кейіннен латынша оқып, жазуды үйренген. 25 жастағы жігіт оқуын ары қарай жалғастырды.

Ол Николай Хлудовпен танысады. Хлудов оны өзінің студиясына қабылдайды, сөйтіп әкем сол кездегі Жетісудағы ең танымал суретшінің сабағына қатысады.

Хлудов әкемнің қабілетін бірден байқайды.


Қасиетті өнер иесі халқымыздың аяулы перзенті, еліміздің мақтанышы, кәсіби суретші ұлы, тұлғалардың бірі - Әбілхан Қастеев. Ол Алматы облысының (бұрынғы Талдықорған облысы ) Жаркент ауданындағы Шежін ауылында 1904 жылы 1қантарда дүниеге келген.

2004жылы ЮНЕСКО көлемінде Ә. Қастеевтің 100жылдық мерейтойы аталып өтті.


Болашақ суретші 1929 жылдары Алматы қаласындағы №12 мектептің ересектерге арналған кешкі оқу бөліміне қабылданады.





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!