СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Біз білімді ұрпақпыз

Нажмите, чтобы узнать подробности

іиекнлүткмум киеьүоғиутцаупцғоүи  кикреоңрңрімумцмцреононтнт

Просмотр содержимого документа
«Біз білімді ұрпақпыз»

Бекітемін:

Күні: 07.03.2016

Сыныбы: 2 «б»

Пәні: Әдебиетті оқу

Сабақтың тақырыбы: Н. Қазыбков «Наурыз көже».
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға наурыз мейрамының ерекшелігі туралы мағлұмат бере отырып, наурыз көженің маңызын түсіндіру. Наурыз көженің жасалу жолын үйрету.
Тәрбиелік: Оқушылардың ой - өрісін, қиялын дамыту. Сөздік қорын молайту. Дүниетанымдарын кеңейту.
Дамытушылық: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, Отансүйгіштікке тәрбие беру.
Сабақ типі: Жаңа білімді игерту

Сабақ түрі: Топтық сабақ.

Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, көрнекілік, түсіндіру, әңгімелеу әдістері.
Көрнекілігі: наурыз мерекесі туралы видео, сюжетті суреттер, нақыл сөздер.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды даярлау. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

Психологиялық жаттығу

Жарық болсын күніміз,

Жарқын шығар үніміз.

Елін сүйіп ер жетер

Біз болашақ гүліміз.

Топқа бөлу: Жыл мезгіліне байланысты қысқаша мағұлмат беру;

-Балалар, жылдың төрт мезгілі бар. Олар кыс, көктем, жаз, күз. Олардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар. Қыста күн салқын болып, дала аппақ қарға оранады. Көктемде күн жылынып, жапырықтар бүршік ата бастайды. Жазда өте ыстық болады және жемістер піседі. Ал күзде жапырақтар сарғайып, піскен жемістерді жинауға кіріседі.

-Қазір қай жыл мезгілі? Көктем

-Қандай көктем айлары бар? Наурыз , сәуір, мамыр

-Ендеше, осы көктем айларына байланысты топтарға бөлінейік.

1 –топ: Наурыз

2 –топ: Сәуір

3 –топ: Мамыр

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (Әр оқушыға гүл ұсынып сұрақ қою)

- Бөлімнің атауы қандай?

- Ұзынсары деген не?

- Балалардың ұзынсары деп күтіп жургені қонақ па?

- Мәтінде қандай тағам түрі айтылған?

- Оның қалай жасалатынын білесің бе?

- Қазақтың қандай ұлттық тағамдарын білесің?

- «Тошала» деген не?

- «Ашаған» деген не?

- Осы қай мезгіл?

- Көктем айларын ата?

- Көктемде қандай атаулы мерекелер бар?

«Ұзынсары» мәтінін мазмұндау. 3топ бөліп- бөліп мазмұндайды.

Миға шабуыл:

1 –топ: Наурыз қандай мереке?

2 –топ: Наурыз көженің жасалуы?

3 –топ: Қазақтың ұлттық ойындары?

(Үнтаспа) Наурыздың өтілуі туралы. Толықтырып жіберу.

ІІІ. Жаңа сабақ

Сөз жұмбақ шешу. «Наурыз көже»

1. Наурыздағы күннің ұзаруы

2. Түйе сүті

3.Сиырдың алғашқы күнгі сүті?

4. Аң патшасы?

5. Бие сүті

6. Үй құсы

7. Жыл мезгілі

8. Көктем айының ескіше аты?

9. Наурыз көжеге неше түрлі тағам қосылады?

10. Ұлттық ойын?

ІҮ. Жаңа сабаққа даярлық кезеңі.
- Балалар қазір қай мезгіл? (көктем)
- Көктемнің қай айы? (наурыз)
- Осы наурыз айында қандай мерекелер бар?
- Ендеше тақтаға қараңдар. (наурыз туралы видео көрсету)
- Тақтадан не көріп тұрсыңдар?
22 - наурыз қандай мереке?
- Адамдардың бәрі қалай киінген?
- Балалар 22 - наурыз жалпы мұсылман халқының оның ішінде қазақ халқының жаңа жылы. Наурыз күн жылынып, табиғаттың бәрі оянып, жаңарады екен. 22 - наурызды «Ұлыстың ұлы күні» деп те атайды. Бұл күні үлкен мереке. Ата – әжелеріміз. Қыз - жігіттеріміз бәрі ұлттық киім киіп, әр түрлі әндер айтылып билер биленеді.
- Қыдыр ата ел - жерді аралайды. Бұл күні ренжісіп жүрген кісілер бір - бірімен татуласады. Наурыз – қазақтың ұлттық мейрамы екен.
- Ал, осы мерекеде қандай тағам дайындалады?
- Наурыз көже
- Ендеше балалар, біз бүгін Наурыз көже деген мәтінмен танысамыз.
- Барлығын дәптерді ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қойыңдар.

Ү. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.
Бұл мәтінді атақты жазушы Нұрқасым Қазыбеков жазған екен.

Нұрқасым Қазыбеков (1 мамыр 1936 жылы туылған, Іле Қазақстан облысы, Текес ауданы ) — жазушы. Оның шығармалары: "Тұсаукесер" , "Шалғайдағы мектеп", "Бейтаныс", "Ағайын", "Ауылдағы ағайындар".

1) Мұғалімнің мәтінді оқуы.
2) Мәтінің мазмұнын ашып, түсіндіру.
3) Оқушыларға жеке-жеке оқыту

Наурыз көже– ұлттық тағам. Келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Халықтық дәстүр бойынша оған бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылуы тиіс. Тақ санын сақтап, мұндай заттар көбейтіле беріледі. Соғымнан арнайы сақталған мүшелер (қазы, қарта, шұжық, т.б.) де қосылады.


Дәптермен жұмыс

Күннің реті. Тақырып жазу.

Сөздік жұмысы (тақтадан көрсету)
Уыз - жаңа бұзаулаған сиырдың алғашқы сүті.

Жая –жылқының сүрленген майлы сауыр еті.

Сергіту сәті

Топтық жұмыс:

1- топ: Наурыз мерекесі қалай тойланады?

2- топ: Наурыз тойының мақсаты.

3- топ: Наурыз мерекесінді қандай бата беріледі?

Сабақты қорытындылау

«Орамал тастамақ» ойынын ойнап жіберейік. Осы ойын арқылы бір - бірімізге наурызда айтылатын жақсы тілек айтайық.
Сонымен, балалар, 22 - наурыз қандай күн? Оны кімдер тойлайды?
- Табиғат қандай күйге түседі? Наурызда дайындалатын үлкен асты қалай атайды? Оны пісірудің мақсаты не?
- балалар, қазақ халқының әр түрлі ұлттық салт - дәстүрлері де бар. (тақтадан көрсету) Ұлттық ойындар да бар. Біз осы дәстүрімізді әрқашан да құрметтеп сақтауымыз керек.
Бағалау: Жұлдызша арқылы бағалау

Үйге тапсырма беру.
«Наурыз көже» мәтінін мазмұндап келу. Наурыз туралы шағын әңгіме құрау.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!