СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Біз өмірге ғашықпыз" сценарий. Ашық топ сағаты.

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашық топ сағаты. Тақырыбы: "Біз өмірге ғашықпыз". 

Просмотр содержимого документа
«"Біз өмірге ғашықпыз" сценарий. Ашық топ сағаты.»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы

«Шымкент аграрлық колледжі» МКҚК
















АШЫҚ ТОП САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАРЫ


Бөлім: Зооветеринарлық

Топ: І-ІІ-ші курс оқушылары.

Тақырыбы: Біз өмірге ғашықпыз!

Күні: 04.04.2017ж.

Өткізілетін орыны: Кітапхана

Жауапты топ жетекшілері: Хожамжаров Оралхан

Байтханова Ақмаржан
























Шымкент 2017 ж.


«Біз өмірге ғашықпыз!» атты ашық топ сағаты.

Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық “Шаттық шеңбері” 

Оқытушы: Сәлеметсіздерме балалар! Бүгінгі топ сағатындада біз сіздерге жақсы көңіл -күй сыйлағымыз келеді.

Мынау не балалар? 
- Күн. 
- Күн не істеп тұр? 
- Күн күліп тұр 
Ия, Күлкі деген керемет 
Бәрімізге де күлкі керек 
Қуаныш пен шаттықтың 
Белгісі болып есептеледі екен. 

-Ендеше балалар, қазір мен сендерге мына күліп тұрған күндей жақсы көңіл күй тілеймін! Жақсы, балалар, қараңдаршы бүгінгі күн не деген әдемі, неткен әсем. Күн өз жылуын бүкіл қаламызға, жер бетіне төгіп, таратып, шапағатын сеуіп тұр. Ендеше біз сол күнге

сәлем берейік. 
Сәлем бердік, алтын күн, 
Сәлем бердік, ашық аспан. 
Сәлем бердік, табиғатқа! 
Сәлем бердік, баршаға. 

І. Кіріспе сөз.

Оқытушы: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, оқушылар және ұстаздар!
Бүгінгі кездесуімізді Тұманбай Молдағалиев ағамыздың өлеңімен ашқым келіп отыр.

Адам күліп қарсы алады таң нұрын,
Адам жырлап жөнелтеді әр күнін.
Сәл қайғырса, ол ұғына түседі,
Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.


Адам күліп қарсы алады таң нұрын,
Адам жырлап ұзартады әр күнін.
Сәл қуанса, шығарады ол естен,
Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.

- Осы өлеңде не жайлы жырлаған?
Әрине,өмір жайында. Ендеше бүгінгі біздің топ сағатымыздың тақырыбы БІЗ ӨМІРГЕ ҒАШЫҚПЫЗ! - деп аталады.



ІІ. Негізгі бөлім

1. «Мен өмірге ғашықпын» оқушы шығармашылығы.

Оқытушы:

Өмір – өзен ағып жатыр, тынбайды,

Өмір болмас қасіретсіз, мұң қайғы,

Сондықтан да, өз-өзіңе абай бол,

Өмір сені сонда ғана шыңдайды- деп ақындар жырлағандай, Өмір – арнасы кең өзен, сол өзеннен өз арнаңды тауып ағу сенің басты мақсатың.

Ал, балалар «өмір» деген сөзді қалай түсінесіндер?
Өмірдің мәні неде?
Өмір адамға несімен қымбат?

Осы сұрақтардың жауабын алу үшін келесі сөзді оқушыларымызға берсек, Өмір туралы білетін шығармаларын, өз ойларын ортаға салып айта отырса. 

Еркебай Сымбат. Вф9-162 тобының оқушысы. Өмір деген - Алланың берген сыйы. Өмірдің ащы да, тәтті де кезеңдері болады. Бұл кезеңдерді жеңе білу керек. Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы , жарқын, өмір сүруі тиіс. Адам кез келген мақсатқа қол жеткізе алады. Тек соған ерінбей еңбек етсе болды. Мен де өмірімнің мәні болсын, бұл өмірден алар еншімді ала өтсем деп өмір сүремін. Еліме елеулі, халқыма қалаулы егемен еліміздің ертеңі болсам деген үкілі үмітімнің үзілмеуін қалаймын, және сол үшін күресемін. Жалғанда қалмай, жаныма жарық түсірер мақсат қою адамды алға жетелейтін секілді. «Шіркін!»- дейсің тек қана, жаһанға жар салып, барша адамзатты да осы ізгі ниетімнің жолына салсам ғой,- деп қиялдаймын. Мен өмірге ғашықтығымды осылай дәлелдесем деймін. Мен өмірге ғашықпын. Тек ӨМІРГЕ ғана!!!

Балтақожа Айдана. Вф9-162 тобының оқушысы. Адам өмірге бір рет келеді, бір рет кетеді. Сол келіп кеткен кезінде көп нәрсені білесің, үйренесің. Бір сөзбен айтқанда өмір - ол емтихан секілді. Емтиханды өткіздің бақыт құшағына бөленесің. Тапсыра алмадың бағың ары қарай өзі шешеді. Өмір – арнасы кең өзен, сол өзеннен өз арнаңды тауып ағу сенің басты мақсатың. Ал өз мақсатыңа жету оңай емес, ол үшін қандай да бір қиындықтарға, кедергілерге кездесуің мүмкін. Ал енді біреулерге қиындықтар кездеспеуі де мүмкін. Сондай кездерде біреулерге қызғаншақтық, көре алмаушылық танытпа, өз мақсатың үшін күресе біл. Өзіңнің күшті жақтарыңды көрсет, әлсіздік, шарасыздық танытпа. Сен өз өмірің үшін өмір сүруге тиіссің.

Әбдеш Айжан. Вт-161 тобының оқушысы. Өмір дегеніміз – адам баласының туған күнінен бастап, осы күнге дейінгі жүрген жолы. Өмір былайша алып қарағанда төрт-ақ әріптен тұратын сөз. Алайда осынау сөзге қаншама ұғым сыйып жатыр десеңізші. Оның әрбір мезеті сынақтан тұрады. Қиындық пен қуаныш кезектесіп жетіп отырады. Бір ағамыз: “Өмір – сырын білгізбейтін тентек ат секілді, қай жағыңнан келіп тебетінін білмей де қаласың” деген екен.Иә, шынында да солай. Басқаша алып қарағанда өмір шеті де, шегі де көрінбейтін үлкен өзен тәрізді. Ал, біз сол өзенде ақырын жүзген қайықпыз Олай болса, Өмір адамға бірақ рет беріледі. Осы қамшының сабындай қысқа ғана өмірде бір-бірімізбен тек сыйласып өткенге не жетсін.

Рахымбай Мейіржан. Вф9-162 тобының оқушысы. Өмір дегенің – Өмір сенің көмегіңе мұқтаж болып, іздеген жандардың санымен немесе өмірлік серік ретінде таңдаған жанмен өрнектейтін болсаң қателескен екенсің. Өмір санға толы есеп емес. Өмірді бағалы киіммен, соңғы шаш үлгісімен, терісінің түсімен, ата-тегімен байланыстыратындар бар. Сосын тәлім алып жатқан оқу орындарымен, қызмет орнын өмір деп түсінетіндер бар. Өмірді жалғыздық немесе көпшіліктің ортасы деп ұғатындар да бар. Бірақ өмір дегеніміз бұл емес! Өмір дегенің дос-жаранға қамқор болу, санаңды торлаған тұманды ойларды шуақты қуанышқа ауыстыра білуің. Қызғаныштың отын бүркіп, сенім үдесінен шыға білу. Уәделі сөздеріңе берік болуың. Кісінің сыртқы емес, ішкі болмысына үңіліп қадірлеу. Ең бастысы, өзгеге жақсылық тілеуші бола білу.

Тешебай Нұрдәулет. Вф9-161 тобының оқушысы. Тамаша өмір сүрудің 7 кілті.

1. Өзіңді таны. Өз ішіңе саяхат жаса. Күнделік жаз. Жүрегің, көңілің, ар-ұжданың не дейді? Не нәрсені алдыңғы қатарда ұстайды? Мына әлемге терең үңіліп, сыры мен қырын меңгерудің жолы ең алдымен ішкі жан дүниеңе сапар шегумен басталады.

2. Өмірде шыншыл, әділ бол да дұрыс ойла. Жүрегіңнің даусына құлақ сал да соны қорға. Өмірде бір нәрселерді қорғау үшін ат салыспасаң, барлық нәрсе сенің мәртебеңді түсіреді.

3. Үнді ырғаққа айналдырған ғашық-дүр. Ғашықтық, сүйіспеншілік болмаса, тартымдылық кем болса өмірің құрғап қалған бұтақтан ешқандай айырмашылығы қалмайды.

4. Істеген амалдарыңның барлығы ең алдымен қиял-ойдан бастау алады. Өмір деген барлық адамдар үшін, ойлағандарын жүзеге асыру, істеген ісінің әрі істейтін ісінің ең дұрысына жету.

5. Жеңіс қайсарлықты қажет етеді. Бастапқы кездегі қайсарлық кейіннен сенімге айналады. Сенім адам бойындағы қызметке деген ынтаны ояндырғанда, мүмкіндіктер одан сайын жоғарлай береді.

6. Өмір жылдам қозғалыс, шешім мен шешімді болуды талап етеді. Күдіктенгендер артта қалады. Өмірдің үстімен жүрмесең, өмір сенің үстіңнен жүретін болады.

7. Тек қана ақылды, саналы әрі ұқыпты әрекеттердің нәтижесінде үлкен жетістіктерге жетуге болады. Алмасты жонбасаң қолыңда тек тастың түйірі қалады. Шүкір етуді ұмытпау керек!


  1. Бейне жазба «Өмір – деген тамаша»

Оқытушы: Ей, өмір тамсандырған талайын,

Жарыстырған пенделікпен маңайын.

Саған ғашық мынау әлем, кейбіреу,

Сезбейді ғой ғашық болған талчайың.  

«Біз өмірге ғашықпыз» тақырыбына дайындалған бейне жазбаны тамашалаңыздар.

Экранда «Өмір ғажайып» атты бейне жазба көрсетілді.


3. «Поэзия әлемі»

Оқытушы : Өмір деген тұрмайды: қап-қарадан

Өмір деген тұрады: ақ - қарадан

Ақ - Қара, екі арасын ашып өтіп

Арымен өз бақытын тапқан Адам!

Келесі кезекте енді оқушыларымыздың поэзия оқуына жол берейік.



1. Әуелбек Әсел Вт-161 тобының оқушысы. «Мен өмірге ғашықпын»

Мен өмірге ғашықпын,

Айтуға соны асықтым.

Жырлаудан ешбір шаршаман,

Тағдырға қарап тамсанам.

 

Мен өмірге ғашықпын,

Күлімдеген күн үшін.

Мен өмірге ғашықпын,

Жайнап өскен гүл үшін.

 

Мен өмірге ғашықпын,

Қасиетті мұң үшін.

Мен өмірге ғашықпын,

Балдай тәтті тіл үшін.

 

Мен өмірге ғашықпын,

Бақыт үшін, бақ үшін.

Мен өмірге ғашықпын,

Адамдық атты тақ үшін.











2. Рахым Жанатбек. Вт9-161 тобының оқушысы «Мен өмірге ғашықпын, білесің бе


Мен өмірге ғашықпын, ғашық жанға,

Өмір маған сыйлаған Жаратқанға.

Білесің бе ей достым білесің бе?

Ғашық болу өмірден басталған ба?  

Ғашықпын нұрлы күннің шуағына,

Арай беріп, сәуле төккен жаныма.

Шын ғашықпын, Тәңірім ау ала таңға,

Бақыт сыйлап, бөлей тұғын шапағына.


Жүргенде күнде ойнап жер бетінде, 

Сезбейді талай жандар сені неге?

Білер бәлкім, айлы түнге орап батсаң,

Алайда, керемет қой айлы түнде.

Ей, өмір тамсандырған талайын,

Жарыстырған пенделікпен маңайын.

Саған ғашық мынау әлем, кейбіреу,

Сезбейді ғой ғашық болған талайың.  


Қол ұстасқан қос ғашықта сен үшін,

Тұлпар мініп бәйге алғанда сен үшін.

Бәрі бәрі білесің бе ей өмір,

Жасап жатыр тіршілігін сен үшін.




3. Орынбек Арсен Вт-161 тобының оқушысы «Пай, пай, Өмір»

Пай, пай, Өмір! 
Өтесің-ау бір күні. 
Тыясың-ау қуанышты, күлкіні. 
Өмір деген - бір жарқ еткен найзағай, 
Өмір деген - көк аспанның күркірі. 
Пай, пай, Өмір, 
Өтесің-ау бір күні! 
Болмағандай, жүрмегендей сенде біз, 
Кетеміз-ау, әй, кетеміз,.. пендеміз. 
Ұрпақтарға береміз де кезекті, 
Біз кетеміз. 
Кету үшін келгеміз. 
Өмір деген - бұйым емес қолдағы, 
Өмір дейтін - ұлы бекет жолдағы. 
Қаның кеуіп қаталаған кезіңде 
Сусыныңды қандырсаң бір болғаны. 
Мына күн де, мына аспан да, дала анау, 
Бәрі бізден, бәрі бізден қалады-ау! 
Өмір дейтін - тағатсыз бір қозғалыс, 
Өмір дейтін - өлемін деп қарамау.


М.Мақатаев


4. Сейінбайқызы Ұлпан. Вт-161 тобының оқушысы «Ей өмірім зымырап барасың ба» 

Дүниенің ағын да, қарасын да,

Мыңқ етпейсің қабылдап аласың ба?

Қарасымен шамам жоқ таласуға

Ей өмірім, зымырап барасың ба?



Жер мен көктің желпініп арасында,                          

Желігесің,  түсесің қара суға,

Құйын қуған қаңбақтай аласұра

Ей өмірім, зымырап барасың ба?!

Мен отырмын теңіздің жағасында,

Бересім де жоқ оған аласым да,

Мені тастап толқындар ағасың ба,

Толқындатып өмірім барасың ба.



Шаң шығарып ізінен құйындаған,

Барасың ба өмірім қиындаған.

Сыйын маған , Ей Өмір!

Ей Өмір! Сыйын маған,

Сыйыңды алам мен сенің бұйырмаған.

5. Пәзіл Гүлфайруз. Вт-161 тобының оқушысы «Өміріңе немқұрайлы қарама»



Өмір деген тұрады:таң мен кештен,
Ғұмырлы екі араны жанмен кешкен.
Құпия, жұмбақ, сырлы дүниеге,
Адамдар Армен келіп, Армен көшкен.
Өмір деген екі өзен: Мұң - қуаныш,
Толқыны: Шындық - Жалған, Күлкі - Намыс.
Бір таяздап өмірде, бір тереңдеп,
Бір лайланып, өмірде бір тұнамыз.


Күн десең де,тірлікті түн десең де,
Өмірде өсімдіктей бүрлесеңдер,
Жолында жолығатын қос тағдыр бар:
Жусан - Жантақ, гүл - Тікен, гүл мен Шеңгел.
Өмір дәмі,екі дәм: Ащы - Тәтті,
Таңдайыңа тиеді: Жұмсақ - Қатты.
Жолында жолығатын екі тағдыр,
Күтеді Адам үшін сын сағатты.


Өмір дәмі - екі дәм: улы – усыз,
Тірлік татып жатады шулы - шусыз.
Кез келіп тағдырына келеді Адам,
Жұмыр Жер құрлығында сулы - сусыз.


Қолға түспес дүние жұрт таласқан,
Кітап - Өмір парағын құнттап ашқан.
Сезінер жүрегімен,жаныменен,
Өмір әр кез ашық Күн, Бұлт та басқан.


6. Келесі кезекте Абдуғаппарова Гаухар апайымыздың «Тастанды бала» монологын тыңдасақ.

Тастанды баланың монологы.


Өмір-ай , жауабы жоқ сұрақ па едің,

Қалайша бұл өмірге жылап келдім.

Аналық ақ сүтіңнен ауыз тимей,

Таусылды-ау, күндіз-түні жылап демім.


Әкем кім, апам менен атам қайда?

Басымыз шыныменен қосылмай ма?

Лақтырған өз жүрегін ит пен құсқа,

Болар ма ана деген осындай да?


Қайғымды білдірместен ішке бүгем,

Қай күні шаттықпенен ойнап-күлем?

Бірауық құшағыңда жылынар ма ем,

Әйтеуір күні бойы жаурап жүрем.


Үйімнің төрін маған қимадың ба?

Жоқ әлде дүние –мүлік жинадың ба?

Сиғанда дүние-мүлік неше түрлі,

Кішкене бір бесігім симады ма?


Ит бар еді ауламызда күшіктеген,

Алдына нан мен суды үйіп-төгем.

Қызғанып күшіктерін қауып алды,

Жатырмын енді міне ысып денем.


«Түсесің от пен суға, тоқта, балам»,

Дейтұғын болса шіркін ата-анам.

Тағдырдың талқысына тастап кеттің,

Жүрексіз болғанына қайран қалам.


Өткеннен де, кеткеннен сұрай берем,

Тұсауым кесілмеді, құлай берем,

Жан ана, мен өзіңді сағынғанда,

Оңаша отырып ап жылай берем.


Атайды бәрі мені «тастанды» деп,

Туа сап, ақ қар, көк мұз жастанды деп.

Мамалап әркімге бір жалтақтаймын,

Ойлар ма өзге мені аш қалды деп.


Аңсайтын болып жүрмін дала таңын,

Қоршаудан шыға алмай жүр балапаның.

Бірауық маңдайымнан сипайтұғын,

Жан ана, қайда сенің алақаның?


Ойыннан бала әсте зерімейді,

Ішімде бір мұз жатыр ерімейді.

«Мама» деп айқайлаған дауысымнан,

Қалайша ана жүрек езілмейді?


Өлімге мен бейбақты қимадың ба?

Олжадай өзге жанға сыйладың ба?

Тоғыз ай құрсағыңа сиып едім,

Дүние-ай, құшағыңа симадым ба




4. Өзбек биі.

Оқытушы:  Өмір - сенің жарқылдайтын аспаның,

                   Өмір – сенің сарқылмайтын дастаның.

                   Қиыншылық түскен кезде басыңа,

                   Дәл бүгінгі қорған болсын қалқаның.

Алдарыңызда З9-151 тобының оқушылары Жұмабай Анель және Нұрмаханбетова Жібектің орындауында өзбек биі.



5. Ой қозғау «Ұлылардан ұлағат» 

Оқытушы: «Жақсының жақсылығын айт - нұры тассын,
Жаманның жамандығын айт - құты қашсын» - дейді.

Адам жаман - жақсыны ажырата біліп, жаманнан бойын аулақ ұстап, бойына жақсы қасиеттерді дарыта алғанда ғана дұрыс өмірлік айқындамасын таба алады. Ендігі кезекте Ұлылардың өмір жайлы ой қозғауларын тыңдайық.

 

Ислам Бибарыс. Вф-162 тобының оқушысы. Өмір жолы көшкен керуен соқпағы тәрізді. Оның бұлтарысы да, жазығы да көп. Асуы қиын асқарымен қатар, төмен қарай құлдырап өтер ылдиы да болады. Керуен жолы кейде ұзақ, кейде қысқа келеді. Бірақ қауіп-қатерсіз, қиындықсыз болмайды. Ойламаған жерден жел тұрып, сұрапыл дауыл соғады, қалың жауын нөсерлей құйып, бұрын суы толарсақтан келер тайыз жыра, кенет сарылдай аққан, өткел бермес, долы өзенге айналады, көшті бөгейді. Бұндай бөгеттен тек шаршамайтын, талмайтын керуен ғана өте алады. Тоқтамай көшіп өзінің деген жеріне жетеді.
І. Есенберлин.

Әуелбек Бағжан. Вф-162 тобының оқушысы. Көз алдымнан өзіме сонша таныс жиырма жылдық өмірім өтті. Біріне-бірі жалғасып келіп, біріне-бірі айқасып жатқан әдемі шақ, қымбат күндер жүрегіңді жүз бұрап, сол күйінде қайтадан есіңе түседі. Бір тізбегі – сегіз жылдық бақытты шағың, бала кезің; одан соң оқумен өткен он жылың, одан кейін – армия, майдан. Шынын айтқанда менің өмірім – қазақтың жас жігітінің өмірі жаңа ғана басталды.
Б.Бұлқышев
Данаш Бейбарыс. Вф-162 тобының оқушысы. Бақыт әркімнің өзіне, өмір сүрген ортасына, жағдайға байланысты. «Бақыттымын» деп паңданып, аяғын еріне басып жүрген көп кісілердің бақытсыз екенін өздері сезбеген. Тарихта дәулетке, атаққа паңданып, мәз болып, өмірін ақымақтықпен өткізгендер аз емес…
Б.Момышұлы

Жолдас Бибарыс. Вф-162 тобының оқушысы. Дән көтерген құмырысқаға тимеңдерші, алысқаны өмір ғой, өмір сондай абзал ғой.         Фирдоуси


6. Ән «Өмір жайлы».

Оқытушы:                      Не  деген  керемет күн!

                                         Жаныңа бәрі даяр не керектің.

                                         Көрінеді гүлдердің гүл жарғаны

                                         Естіледі ұшқаны көбелектің

                                         Не деген керемет күн!

Бүгін біздің ортамызда әйгілі айтыскер ақын Бөрібай Оразымбетов ағамыз отыр. Ақын ағамыздың орындауында ән тыңдасақ.





7. Жүректен – жүрекке.

Оқытушы: Шыдамдыны мына өмір ұнатады,

Бірде қуантып, бірде жылатады,

Сүріндіріп кейде сені құлатады.

Жылатып тұрып жұбатады.

Дұшпандарға кейде сені сынатады,

Қатал тағдыр бірақ та шыдатады,

Мына өмір бірақ та қымбат әлі,- демекші өмір жолы сан тарау, қия шатқал, қия шың.

Сол жолдан адаспаудың ең бірінші жолы ол – өзіңді өзің тану, өзіңді өзің сыйлау, өзіңді өзің қадірлеу. Олай болса, алдарыңызға таратылған қағазға бір уақыт өз өмірлеріңіздің мәні туралы ойларыңызды, достарыңыз және ұстаздарыңызға деген ақ тілектеріңізді жазып «Ақ тілек» бұрышына әкеліп ілсеңіздер екен.

ІІІ. Қорытынды.

«Өмірдің қызығын көрудің бір-ақ жолы бар батыл болып, жеңілістер мен ауыртпалықтардан қорықпау» дегім келеді.

Біз бақытымыз , себебі біз тәуелсіз мемлекетте өмір сүреміз!

Жылдар жылжып, тоғысар ғасырлар да,

Артта қалар әлі талай асулар да.

Біз сіздерге зор денсаулық тілейміз,

Кездескенше келесі бас қосуларда

Уақыттарыңызды бөліп, қатысқандарыңызға рахмет. Келесі кездескенше сау болыңыздар!




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!