СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Біз салат жасаймыз

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Біз салат жасаймыз сабағы. 3 сынып оқушыларына арналған дәстүрлі сабақ жоспары

Просмотр содержимого документа
«Біз салат жасаймыз»

3-сабақ. Әнелдің шашы ұзын





Сабақ тақырыбы:

Әнелдің шашы ұзын

Білімділік: Дамытушылық: Тәрбиелік:

Тілдік құрылымдар негізінде тақырыпқа қатысты жаңа заттық, сапалық атаулар- ды меңгерту.

Жаңа заттық, сапалық атауларды меңгерту негізінде мәнерлеп сөйлеу арқылы тілді дамыту жұмыстарын жүргізу.

Қысқа мәтіндерді сипаттау арқылы тақырып аясында оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы, жазу дәптері.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): жаңа заттық, сапалық атауларды қатыстырып сөйлемдер құрай алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырып көлемінде заттық, сапалық атаулар туралы ақпарат беріп, оларды тілдесім барысында қолдана алады.

Оқушының жоғары жетістігі (ОЖЖ): тілдесімге тез түсіп, тақырыпқа қатысты кез келген зат, құбылыс туралы диалог құра алады.

Негізгі түсініктер:

Шаш, ұзын, қысқа, қоңыр, сары.

Сабақта қолданыла- тын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, түрлі түсті суреттер, сызбалар, желім қағаздар.

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, диалог, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Кім тапқыр?» ди- дактикалық ойыны, «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы, синквейн, сергіту жаттығуы.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

– Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын, бәріміз қол ұстасып, дөңгелене тұрайық.


Күндей жарық, айдай арайлы, Судай мөлдір таза көңілмен Бүгінгі сабақты бастайық!

Оқушылар мұғалімдерімен бірге қайталап, бір-біріне жақсы тілектер айтады: «Бүгін мен саған сәттілік тілеймін, бес ал, жақсы жауап бер».

Өткен сабақты тек- серу

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, баға- лайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бо- йынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Мұғалім слайдтан шашы ұзын сүйкімді қыз- дың суретін көрсетеді. Сол қыздың кескін- келбетін сипаттап берулерін сұрайды.

Оқушылар слайдтағы қызды сипат- тайды.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс.

А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырып- қа қатысты жаңа сөздермен таныстырады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөз- дерді тыңдайды, мұғаліммен бірге оқиды. Айтылым. Жаңа сөздер- дің дұрыс айтылуына байланысты ауызша жаттығу жүргізеді.

Ә) «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздер- ді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталатады.

Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды.

2. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Оқылым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Мәтінді дұрыс оқуға жаттығады, талдайды.

Ә) Айтылым. Оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін 2-тапсырманы орында- тады.

Айтылым. «Оның шашы қандай?» деген сұраққа жауап береді.

Б) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазу үшін 3-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Сөйлемдерді көшіріп жазады.

В) «Сыр сандыққа» сөздер.

«Сыр сандыққа» салынған сөздерді есте сақтайды, талдайды.

4. Мәнерлеп оқу.

Оқулықтағы өлеңді мәнерлеп оқиды. Оқу- шыларға өлеңді жаттатады, мәнерлеп оқуға машықтандырады.


Ойдың көркі – баста, Қыздың көркі – шашта. Әдемілік – талап, Тазалықтан қашпа!

Тыңдалым. Айтылым. Өлеңді тыңдайды, мәнерлеп оқуға машық- танады, жаттайды.

5. Сергіту сәті. Сергіту жаттығуын жаса- тады.

Күнделікті сергіту жаттығуын жа- сайды.


Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

ІІІ. Ойтолғаныс

Бірнеше сөздер беріп, жаңа сөздерден синквейн құрастыртады.

Синквейн құрастырады. Мысалы: шаш

Әнелдің шашы Әнелдің шашы әдемі

Әнелдің шашы өте әдемі Әнелдің шашы ұзын, өте әдемі.

IV. Бекіту

Жазу дәптерімен жұмыс.

Жазу дәптерінде берілген тапсырмаларды орындайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

«Смайлдар» аркылы өзара бір-бірін бағалайды.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 4-тапсырманы орындау.


VII. Рефлексия

Мұғалім түрлі желім қағаздар таратып береді.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін желім қағаздарға жазып, тақтаға іледі.






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!