СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Біз, Жеңістің ұрпағымыз!» аудиториядан тыс тәрбие сағаты

Категория: Внеурочка

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәрбие сағатының мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған ата - бабалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу. Түрі: Тыл ардагерлерімен кездесу, әдеби-музыкалық монтаж Көрнекілігі: Слайдттар, кітап көрмесі Безендіру: Гулдер, шарлар Шақырулы қонақтар: «Ару Ана» батыр аналар ансамблінің мүшелері, тыл ардагерлері. Жетекшісі Клара Бақтығалиқызы Саржанова.   

Просмотр содержимого документа
««Біз, Жеңістің ұрпағымыз!» аудиториядан тыс тәрбие сағаты»

«Біз, Жеңістің ұрпағымыз!» аудиториядан тыс тәрбие сағаты


Құрастырушылар:

  1. Бактугулов Д.Т. - ӘГП ПЦК-сының І санатты оқытушысы

  2. Сариева А.М. - ӘГП ПЦК-сының ІІ санатты оқытушысы

  3. Мәлікова С.К. - ӘГП ПЦК-сының ІІ санатты оқытушысы

Өтетін күні: 22 сәуір 2015 жыл

Өтетін орны: Оқырмандар залы

Тәрбие сағатының мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған ата - бабалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Түрі: Тыл ардагерлерімен кездесу, әдеби-музыкалық монтаж

Көрнекілігі: Слайдттар, кітап көрмесі

Безендіру: Гулдер, шарлар

Шақырулы қонақтар: «Ару Ана» батыр аналар ансамблінің мүшелері, тыл ардагерлері. Жетекшісі Клара Бақтығалиқызы Саржанова.


1 жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар, ұстаздар және студенттер! «Біз Жеңістің ұрпағымыз» атты тәрбие шарасына қош келдіңіздер! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі «Біз, Жеңістің ұрпағымыз!» деп аталатын ашық тәрбие сағатымыз Жеңіске, Жеңіс себепкерлеріне арналады.


2 жүргізуші: Добрый день уважаемые гости, преподаватели и студенты! Добро пожаловать на наше мероприятие, посвященное 70 – летию Великой Победы! Мы родились и выросли в мирное время. Мы никогда не слышали воя сирен, извещающих о военной тревоге, не видели разрушенных фашистскими бомбами домов, не знаем, что такое нетопленое жилище и скудный военный паек. Нам трудно поверить, что человеческую жизнь оборвать так же просто, как утренний сон. Об окопах и траншеях мы можем судить только по кинофильмам да рассказам фронтовиков. Для нас война — история. Славной победе нашего народа в Великой Отечественной войне мы посвящаем сегодняшний вечер.

1 жүргізуші:
Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні
Жақсы үміттің шырағы жанды міне,
Аспан бетін қаптаған қара тұман
Серпіліп зұлымдықтың сәнді түні.

2 жүргізуші:
Память человеческая строго
Дни считает, как бойцов в строю
Знает мир, что путь наш был нелегок
К этому торжественному дню.


1 жүргізуші: Бүгінгі біздің кешіміздің қонақтарымен таныстыруға рұқсат етіңіздер. «Ару Ана» батыр аналар ансамблінің мүшелері, тыл ардагерлері. Жетекшісі Клара Бақтығалиқызы Саржанова.


2 жүргізуші: Сегодня у нас в гостях члены ансамбля ветеранов «Ару Ана» - матери героини, ветераны тыла. Руководитель Клара Бактыгалиевна!


1 жүргізуші: Құрметті қонақтарымызды орынымыздан тұрып қошеметтеп қояйық!

1 жүргізуші: Қонақтарымызға арналған ән «Ана туралы баллада». Орындайтын МГ-521 тобының оқушысы Калдыбай Руслан.

2 жүргізуші: Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін мақтанышпен атайды. Ата-анасынан ерте айрылған Мәншүк жастық шағын да тәрк етті. Алматы медициналық институтында оқып жүрген шағында жау жақтан ескен соғыстың ызғарлы желі жас қайыңның жапырағындай жайқалған бойжеткенді жұлып түсіреді. Халқына төніп тұрған қауіпке жаны шыдамай, дамыл таппастан әскерге өзі сұранып, жоғарыға мынадай өтініш жазады: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз». Ел үшін қан төгіп, жан беріп жатқан отандастарына қалай да өз жәрдемін бергісі келген ниетпен, 1942 жылдың тамыз айында «Қызыл армия» қатарына алынды.

1 жүргізуші: 1943 жылдың 15 қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде қантөгіс соғыс болды. Сол күні Мәншүк жан серігі - пулеметімен демылыссыз оқ атып, ерен ерлік көрсетті. Жауыз жаудың Мәншүкке қарсы атқан оғы оның ажал оғы болып, өрімдей қызды қыршыннан қиып түсті.



2 жүргізуші: 1942 жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді. Бірақ біраз уақытқа дейін оның алғы шептегі атыс-шабыс алаңында білім-білігін іс жүзінде көрсетуіне рұқсат етпеді. Бірақ жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға қарсы оқ жаудыруға асықты. Бір хатында ол өз құрбылары мен достары үшін фашистерден кек алуды қалайтынын жазады. Өзі оқыған қаласының құрсауда қалғаны оны қатты алаңдататын еді.

1 жүргізуші: 1943 жылы Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 жылдан бастап, 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбазы мен офицерінің көзін жойған. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.

2 жүргізуші:

Бар даланың даңқысың —

Балауса гүл, балғын қыз.

Жанын қиып халқы үшін,

Жанып түскен ақ жүлдыз.


Бірге соқсын дүрсілдеп,

Туған жермен жүрегің.

Атың жүрсін есте деп,

Әнге қосып тұр елің.


Аямас ек асылды,

Не жасармыз біз артық...

Сенің қыршын жасыңды

Жүрміз солай ұзартып.


1 жүргізуші: Ән «Әлия». Орындайтын Ажгалиева Айнур СТ-821 тобының оқушысы.

1 жүргізуші: Соғыс жылдарында айырықша көзге түскен ақындардың бірі – Нұрсұлтан Жұбатұлы. Ауылда мұғалім болып істейтін сауатты кісі болған. Оның майдан даласынан оралмай қалған батырдың бірі Ү.Түктібаевтың анасы Наурызбикеге арнап жазған «Майданнан хат» және анасының атынан жауынгер ұлына арнап жазған «Майданға хат» атты толғаулары осы күнге дейін ел есінде. Енді осы толғауларды тыңдап көрейік.




«Майданнан хат»


Хат жазамын майданнан,

Мейірімшіл ғазиз-анама

«Жақыным-жарым» дегенмен,

Анаңдай жақын бола ма?

Көңілінде тілек, көзде жас,

Екі қолың жағаңда.

Қасірет шегіп, қан жұтып,

Сарғайдың ба санаға?

Сағынған соң мен ойлап,

жүрегің оттай жана ма?

Ет бауырың елжіреп,

Қайғыра берме балаңа.

Сабырдың суын бере көр,

Жаныңдаға жараңа.

Ажалсыз адам өлмейді.

Мезгілсіз шөлмек сына ма?

Ердің басы ел үшін,

Арыма жаным садаға.

Бұлт жамылып қар төсеп,

Мен жатырмын далада.


2 жүргізуші: Бұл сұрапыл соғыс жүздеген мыңдар жерлестеріміздің өмірін жалмады. Аналарға, әйел мен балаларға қайғы қасірет алып келді.

(Ортаға ана болып киініп ....... шығады.)


«Майданға хат» (үзінді):

Құлыншағым аман ба?

Қолыма тиді сенен хат.

Хабарыңды естіп,

Қуанып қалды ғаламат.

Күніге тоқсан тілеймін,

Құлыным кел деп саламат.

Жүрегім – жалын, ішім у,

Жанымда ауыр жарақат.

Суретің келді хатыңда,

Шекпен киген жалаңқат.

Ерге лайық бес қару,

Асыныпсың автомат.

Суретіңе қарасам,

Емшегім иіп, сүт тамад.

Көзімнің жасы төгіліп,

Ұйқыдан кетті рахат.

Отаның үшін қарағым,

Арың қымбат жаныңнан.

Бөбектерің аман-сау,

Ас жейді әзір қолымнан.

Ербеңдеген ермегім,

Тастамаймын қолымнан.

Лақ-қозы қайырсам,

Қалмайды сүйем соңымнан.

Жағдайсыз емес келінім,

Оны да көрем бағымнан.

Қайырмайды тілімді,

Жібектей майда жамылған.

Көңілімде алаң жоқ,

Жаны сүйген жарынан.

Уһілеп кейде демалып,

Шығады түтін жалыннан.

Хабарыңды жиі жаз.

Өтпесін көп күн арадан.

Талқандап жауды аман қайт,

Бұлт серпіліп көгімде.

Жазылсын жүрек жарадан!


1 жүргізуші:

Бүгін жайнап, жасарсын ана біткен
Асыр салып қуансын бала біткен.
Жүректері жарылсын қуаныштан
Аяласын көңілін жақсы үмітпен, - дей келе ортаға хошеметпен шақырып, келген қонақтарымызға сөз берейік.


2 жүргізуші: Ал енді бәріміз бүгінгі келген қонақтарға арнап «Катюша» әнің караоке арқылы шырқап жіберейік

(экранға караоке қосылады. Оқушылар «Катюша» әнің шырқайды)


1 жүргізуші:

Вспомним всех поименно

Горем вспомним своим

Это нужно – не мертвым!

Это надо – живым!


2 жүргізуші:

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болсадағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным басымды иіп бір минут
Есіме алам сол бір апат қайғыны.
Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік. 1 минут үнсіздік жарияланады.



1 жүргізуші:

Қамықпаған қиындықтың үрейінен
Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен
Бүгінгі ұрпақ бақытты ұрпақ атаның
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!


2 жүргізуші:

Жеңіс деген – жақсылықтың сыңары
Жігер менен құштарлықтың құралы
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұлағы
Құтты болсын бүгінгі жеңіс күні
Болмасын еш уақытта соғыс өрті
Тыныштық пен арта берсін әрбір таң
Жайқалып жасай берсін қазақ елі - дей келе барлықтарыңызды Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтаймыз!


1 жүргізуші: Осымен біздің бүгінгі іс-шарамыз өз мәресіне жетті. Сөз директордың тәрбиесі жөніндегі орынбасары Назира Гайсиевна Хайруллинаға беріледі.


2 жүргізуші: Сау болыңыздар. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы құтты болсын!




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!