СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Біздің ойыншығымыз тех карта

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сөйлеуді дамыту біздің ойыншығымыз тех карта

Просмотр содержимого документа
«Біздің ойыншығымыз тех карта»

Жұлдыз» ІІ кіш тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Күні:30.11.2016ж.

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:«Біздің ойыншығымыз»

Мақсаты:Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, ойыншықтардың аттарын атай отырып, оларды сипаттап айтуға үйрету.Жануарлардың төлдерінің аттарын жекеше, көпше түрде айтуға жаттықтыру. Ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: күшік, мысық, лақ, қозылардың суреттері.

Сөздік жұмыс: қозылар, күшіктер.

Қостілділік компонент: қозы-ягненок, күшік-щенок.


Оқу қызметінің

кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Біз қандаймыз, қандаймыз?

Шұғылалы таңдаймыз,

Күлімдеген күндейміз,

Еш уайымды білмейміз.

(М. Жаманбалинов)


Балалар тәрбиешімен бірге сәлемдесу рәсімін жасап, ыстық тілектерін айтады.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

№ 13 демонстрациялық материалмен жұмыс.

– Балалар, сендерді ата-әжелерің, әке- аналарың қандай сөздермен еркелетеді?

– Сендерді үлкендердің жақсы көретіні соншалық, төрт түлік малдың төлдерінің аттарымен еркелетеді екен. Тәрбиеші балаларға бір үй жануарының және олардың бірнешеу болып тұрған суреттерін көрсетеді.

– Балалар, қандай үй жануарларын білесіңдер?

Олардың баласы (төлі) қалай аталады?

– Бірнеше қозыны қалай айтамыз?

– Бірнеше күшікті ше?

-Қозы-ягненок.

Күшік-щенок.

Сергіту сәті:

Құлыншағым, құндызым,

Құлдырайды, шабады.

Жылтыңдаған жұлдызым,

Құстай қанат қағады.

(І. Жансүгіров)

«Не қалай дыбыстайды?» дидактикалық ойыны.

Шарты: үлестірмелі суреттерді пайдалана отырып, жануарлардың қалай дыбыстайтынын қайталайды.

Тәрбиеші жануарлардың суретін көрсетеді.

– Бұл не?

– Сиырдың төлі қалай аталады? Ол қалай дыбыстайды?


– Мынау не?

– Қой төлін қалай атаймыз?

– Қой мен қошақан қалай дыбыстайды?




– Құлыным, ботақаным, лағым, қошақаным.






– Қой, ешкі, сиыр т.б.

– Қозы, лақ, бұзау т.б.

Сұрақтарға жауап береді.

– Қозылар.

– Күшіктер т.б.

-Қозы-ягненок.

Күшік-щенок.

Өлең мазмұнына сай құлынның қимылдарын келтіреді.







– Сиыр.

– Бұзау. «Мө-мө-мө» дейді, яғни мөңірейді.


– Қой.

– Қозы, қошақан.

– «Мә-мә-мә» дейді, яғни маңырайды.

Балалар орындайды.

Рефлексиялық-

түзетушілік

Балалардан үйде, балабақшада кіммен ойнайтындарын, қандай ойыншықты жақсы көретіндері туралы сұрап, жауап алу.






Балалар сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: жануарларды төлдерімен атауды;

Игереді: «ә», «ө» дыбыстарын дұрыс айту дағдысын;

Меңгереді: тәрбиешінің сұрақтары бойынша сөйлем құрастырып жауап беруді.






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!