СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Болашақты жасаймыз" атты 8 сыныпқа арналған өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«"Болашақты жасаймыз" атты 8 сыныпқа арналған өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары»

Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі:

Күні: _______________

: 31

Мұғалімі:

Сыныбы: 8

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Болашақты жасаймыз

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Шынайылық; адамдарға риясыз қызмет ету; жанашырлық

Мақсаты: Оқушыларға болашақ бүгіннен басталатынын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларды айналасындағы адамдармен шынайы қарым – қатынас жасауға үйрету.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың жанашырлық қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды адамарға риясыз қызмет етуге тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1. http://bilim-all.kz


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

    1. Тәртіп.

    2. Талап.

    3. Тыныштық.

    4. Тазалық.

    5. Татулық.
      Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды күйге келу.

«Өз жұбыңды тап» жаттығуы

Қатысушылар шеңбер құрап отырады. Мен сіздерге жануарлардың аттары жазылған текшелер таратып беремін. Атаулар екі текшеде қайталанған. Мысалы, егер сіздің қолыңызда піл деп жазылған болса, сіз тағы біреудің қолында сондай текше бар екенін біліңіз. (Жаттықтырушы текшелерді таратады, егер қатысушылар саны тақ болса, жаттығуға жаттықтырушы өзі де қатысады).

Сіздің текшеңізде не жазылғанын оқыңыз. Жазуды сіз ғана көруіңіз керек. Енді текшені жинап қойса болады. Әрқайсысыңыздың міндеттеріңіз өз сыңарыңызды табу. Бірақ, сөйлеспейсіздер, өзіңіздің жануарыңызға тән дыбыстар шығармайсыздар, тек әртүрлі қимылдар арқылы кез-келген әрекетті үнсіз жасайсыз.

Егер өзіңіздің жұбыңызды тапсаңыз, бірге тұрыңыз, бірақ үндемейсіз, сөйлеспейсіздер. Тек барлығы өз сыңарын тапқан кезде ғана, қандай нәтиже болғандығын тексереміз. Топ мүшелері өз сыңарын тапқаннан кейін, жаттықтырушы «Сіз кімсіз?» деп сұрап шығады.

Әдетте, бұл жаттығу өте көңілді өтеді, нәтижесінде топ мүшелерінің көңіл-күйі көтеріліпп, шаршағандығы тарқайды. Жаттығу қатысушылардың ары қарай ашыла түсуіне септігін тигізеді.


2. Үйге тапсырманы тексеру.

  1. №30 – сабақ. Өз түсініктеріңдегі шынайы сұлу адамның кісілік келбетін ашып, оған мінездеме жасаңдар.

  2. Келесі сабақ. №31, Бейбіт Қойшыбаевтің «Есейгіміз келеді» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

  1. Әңгіме кейіпкерлері неліктен тез есейгілері келді деп ойлайсыңдар?

  2. Қандай арман – мұраттар адамды болашаққа жетелейді?

  3. Адамның бүгін жасаған таңдауы мен іс – әрекеттері оның болашағына қалай әсер етеді?

  4. Бала кезде бойларыңа дарытқан асыл қасиеттерің бүгін қандай жемісін беріп жатыр? Әңгімелеп беріңдер.

3. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

"Әр адам өз мамандығының шебері болу керек" 

Нұрсұлтан Назарбаев

Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы (1940) – тәуелсіз Қазақстанның тұнғыш Президенті. Туып-өскен жері-Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылы. Днепродзержинск техникалық училищесін (1960), Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын (1967), Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін (1976) бітірген. Экономика ғылымның докторы, академик. 

Сұрақтар:

  1. Өмірде өз орнын табу үшін адамда қандай қасиеттер болуы керек?

  2. Адам өмірде орнын табуда өзін – өзі танудың ықпалы қандай?

  3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

«Жарқын болашақтың кепілі- жаныңа жақын кәсіп таңдау» демектей, қазіргі қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, пайдасына қарай өзін өзі толық жүзеге асыруға дайын және бәсекеге қабілетті тұлға болуды талап етеді. Сондықтан да қазіргі кезден бастап,өз- өздеріңді, бір- бірлеріңді танып, өз қабілеттерің мен икемділіктеріңді дамытыңдар. Соған сәйкес болашақ мамандықтарыңды таңдаңдар.
Абыройлы, ақ ниет — адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі — болашақ маман иелері болуларыңызға шын жүректен тілектеспін


  1. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Жастықта әр тараптың басын шалсаң,
Қармақты тәуекел деп суға салсаң.
Еңбегің еңбектенген кетпес зая,
Міндетке бір жетерсің ойыңа алсаң.
Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.

Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. 

Профессия - латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай - ақ өз мамандығының 10 - 20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында біздің өңірде, қазба - байлықтарын игеретін мамандық иелері қажет. Әрбір адам өзін - өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтар жатады. Қоғамның дамуында мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді. Сондықтан икемі, қызығуы, бейімі бар мамандықты таңдай білу, өзіне, қоғамға тигізетін пайдасын ойлау, мұндай еңбектен шабыт туатыны, ол өнімді еңбекке ұласып, табыс әкелетінін білу керек.

Сұрақтар:

1. Болашақ мамандығыңызды таңдадыңыз ба?
2. Таңдаған мамандығыңыз жөнінде не білесіз?
4. Мамандығыңыздың өзіндік ерекшілігі?
5. Бұл заман талабына сай ма?
6. Бұл мамандығының еңбек нарығында қажеттілігі қандай?

7. Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыздар?
8. Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?

Мамандық таңдарда нені ескерген жөн? Психолог кеңесі


  1. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

«Ең жақсы» ойыны.
Қатысушылар бес топқа бөлінеді.
1 – топ: Ең ақшасы көп мамандықтар - ... (бухгалтер, экономист...)

2 – топ: Ең жасыл мамандықтар. (эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші...)
3 – топ: Ең тәтті мамандықтар (аспазшы, кондитер...)
4 – топ: Ең жауапты мамандықтар (сот, бухгалтер...)
5 – топ: Ең салмақты мамандықтар (мұғалім, заңгер...)


  1. Топпен ән айту.

Арман жолдар.

Сөзі: А. Дүйсенбі

Әні: Ұ. Жолдасов

Жол – жетелейді арман мен мұраттарға,
Жол – жауап жоқ алады сұрақтарға.
Сен адастырма, арманым, жол бастаған,
Үйреттің өмір сырын алғаш маған.
Сен – қиялы құсым сапарға алып ұшқан,
Сен – арман ару, жаралған сағыныштан.
Сен – жас дәуренім, жүзіндей ақ алмастың,
Мөп-мөлдір кәусарыңа қана алмаспын.
Сен – арман-қиял, жетелеп жас күнімді.
Сен – ұрлап алып кетпеші жастығымды.
Сен – қол жетпейтін тұратын сағымнансың,
Жолдарда жүріп өткен әнім қалсын.


  1. Үйге тапсырма

  1. №31 – сабақ. «Болашақ – бүгіннен басталады» тақырыбында эссе жазып келу.

  2. Келесі сабақ. №32, «Бала Қасым» мәтінін оқып келу.


  1. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!