СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Доклад. Өзін-өзі тану: «Махаббат пен шығармашылық педaгогикасы»

Категория: Психологу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Доклад. Өзін-өзі тану: «Махаббат пен шығармашылық педaгогикасы»

Просмотр содержимого документа
«Доклад. Өзін-өзі тану: «Махаббат пен шығармашылық педaгогикасы»»


Өзін-өзі тану: «Махаббат пен шығармашылық педaгогикасы»

Шараның басты мақсаты: – «Өзін-өзі тану» пәні бойынша рухани-адамгершілік білім берудің жаңартылған бағдарламасын оқыту-тәрбиелеу процесіне тиімді енгізу жұмысын белсенділендіру, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы , мамандық пен жалпы адамзаттық құндылықтар туралы түсініктерін тереңдету, білімдерін арттыру, рухани тұрғыда дамыту. Балаларды әдептілікке, сыпайылыққа, сыйластыққа, қамқорлыққа, татулыққа, сүйіспеншілікке, махаббатты бағалай білуге, жақсылық жасауға тәрбиелеу.


Қазіргі біздің басты мақсатымыз бен міндетіміз адамзаттық құндылықтары толысқан,мәдениетті,білімді,шығармашылықпен айналысуға қалыптасқан,алдына мақсат қоя білетін және сол мақсатқа жету жолында табандылық көрсететін белсенді тұлға қалыптастыру.

Ал, осы мүмкіндікті тиімді пайдалану «Өзін-өзі тану» пәнін жүргізетін әрбір ұстазға жүктелген аяулы аманат.

Сара Алпысқызы Назарбаева жас ұрпақтың адамгершілік-рухани дамуы бойынша кең көлемде «Өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасын ұсынды. Автордың ойынша, даналықтың шыңы, ол- махаббат, ол — бақыттың құпиясы, ол- адамның өзін-өзі тануы, бақыт пен өмірлік табысқа жету үшін өзінің шексіз мүмкіндіктерін аша алуы
Осы орайда жас ұрпақтың рухани мәдениетін арттырып, көркемдік әлемін байытуда, дүниетанымын қалыптастырып, салауаттылыққа тәрбиелеуде «Өзін-өзі тану» пәнінің орны ерекше.
Балабақшада өзін-өзі тануды оқыту төмендегідей міндеттерді жүзеге асырады деп айтуға болады;
-баланың өзіндік бейімділіктерін ашу және оның мінез-құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі әрі жеке дара субъекті ретінде дамыту, Өзін-өзі тану» пәні — баланы жастайынан отаншылдыққа, әдептілікке, достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға, ұйымшылдыққа үйретеді.

Халық педагогикасы-нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял- ғажайып ертегілері, ойындары, тәрбиелеп өсіру негіздері адамгершілік ниеттерге баулиды. Олай болса, адамгершілік тәрбие беру кілті — халық педагогикасында деуге болады. Ұлттық асыл қасиеттерді жас ұрпақтың ақыл парасатта азық ете білуде «Өзін-өзі тану»пәнінің орны ерекше.

Балабақша тәрбиешісіне арналған әдістемелік құрал, көркем шығармалар хрестоматиясы және балалардың дәптерінен тұратын бұл оқу — әдістемелік кешен «Өзін-өзі тану» курсының негізгі мақсатына қол жеткізуге бағытталған. Сабақтардың негізгі құрылымдары «Амандасу рәсімі», «Шаттық шеңбері», «Көңіл күйді көтеру» сабақтың негізгі мазмұны «Сергіту сәті», «Тыныштық сәті»,«Ойын», «Дәйексөз», «Шығармашылық тапсырма» ұжымдық жұмыс, дәптермен жұмыс, жүректен-жүрекке шеңберінен тұрады.

Сабақтың негізі мазмұнында балалардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру мен қанағаттандыруға, әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға арналған алуан түрлі ойындар мен жаттығулар қолданылды. Мұның маңызы баланың мораль ұғымын, оны бағалауын, жалпы адамгершілік қасиеттерге қатынасын дамытудан тұрады.

Жұмыс дәптерінде берілген шығармашылық тапсырмалар педагог пен ата-аналардың арасындағы өзіндік бір тығыз қарым-қатынас орнатуға бағытталған жұмыстың бір қыры болып табылады.

Мысалы: «Отбасы» аялдамасында тақырыбында ата-аналармен бірлесіп ұйымдастырылған «Менің отбасым»газетінде баланың сәбилік шағынан, ересек жасына дейінгі және ата-анасы, туысқандарының фото суреттері жапсырылады. Бұл газеттер арқылы балабақша мен отбасы арасындағы байланыс, ынтымақтастық нығая түседі, балаға деген ата-ана жауапкершілігі артады, ата-аналар бала тәрбиесіне педагогпен тығыз қарым-қатынаста болады. Бір сөзбен айтқанда отбасы мен балабақша бірінің бастаған игілікті ісін екіншісі жалғастырады, толықтырады.

«Өзін-өзі тану» пәнінен дәріс беретін педагог ең алдымен жүзі жылы, айналасындағыларға әрқашан мейірім шуағын шашып, балаларға жылы шыраймен, әдемі күлкімен әсер беретін ерекше тұлға болуы қажет.

Жеке тұлғаның айналасына ізгілік қатынасын қалыптастыруда педагог көп ізденіп,түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана білуі керек.

Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр.Оқытудың әр түрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, балабақша өміріне енуде.

Өзін –өзі тану пәнінде балаларға әндер үйретіп, музыкалық шығармалар тыңдату кезіндегі негізгі мақсаттардың бірі балаларды ән айтуға үйрету, балалардың музыкаға деген қызығушылықтарын ояту. Естіп, тыңдаған шығармалардың компазиторын, шығу кезеңін, заманын, қандай жанр түріне жататынын айырып әңгімелеуге баулу.
Балалардың білімін және адамгершілік қасиеттер мен құндылықтар туралы түсініктерін кеңейтуге, көркем шығармаға деген қызығушылықтарын арттыруға, оқу іскерліктерін дамытуға бағытталған «Әңгіме», «Әңгімелесу», «Мәтін оқу» әдіс- тәсілдерін сабақ барысында қолднудың маңызы ерекше.
Мектеп алды даярлық топтарында рухани-адамгершілік тұрғыда берілетін білім мазмұнында ұлттық руханиятымыздың өзегін құрайтын қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілері, атап айтқанда, тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар, ертегі, әдеби ертегілер, шешендік сөздердің кейбір таңдаулы үлгілері беріледі. Халық ауыз әдебиетіндегі адамзаттық мүддені қорғайтын, өмірге бейімдейтін, әртүрлі әдептілік, әсемдік, әділдік, және шыдамдылыққа да жетелейтін құндылықтарды оқып-үйрену арқылы балалар халқымыздың дінін, дүниетанымын, мәдениетін танып, олардан тәлім алатын болады
Әдеби көркем туындылардың ізгілікті сипатына орай рухани-адамгершілік білім мазмұнында Абай Құнанбаевтың, Ыбырай Алтынсариннің шығармаларындағы адам тәрбиесіне қатысты ұлағатты, өнегелі сөз оралымдары көрініс табады.









Скачать

© 2017 885 4

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!