СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Дүниетану пәнінен сабақ "Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы."

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы.

Сабақтың мақсаты: Ойлаудың жеті түрлі негізін дамыту.

Білімділік: Әңгіменің мазмұнын түсіндіре отырып, адам тіршілігіне қажеттінің бәрін табиғаттан алатынын айту.

Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерінің дамуына ықпал жасау.

Тәрбиелік: Отанын қорғауға, табиғаттағы кез – келген заттың адам өміріне қажет екендігін, тазалыққа баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. БжС технологиясы. Ауызша – 1 картасы

Сабақ оқудың макро құрылымы

 

Технологиялық картаның жұмыс тәртібі

 

Түсініктеме

1- кезең Ұйымдастыру

Мотивация. Сабақтың мақсат – міндетін түсіндіру. Психологиялық жаттығу.

(Көшбасшы шығып)

  • Біз Қазақстанның білімді ұрпағы боламыз ба?!
  • Біз мектебіміздің мақтанышы боламыз ба?!
  • Дүниетану пәнінен 5-тік баға алып нәтижеге жетеміз бе?!

Олай болса, сыныпта 19 баланың 12-сі 4 пен 5 алып, 63%нәтижеге жетуіміз керек.

Карта бойынша жұмыс жасау реті түсіндіріледі. Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз беріледі. ООМ бойынша жұмыс

2- кезең Оқушылардың субъектті іс- тәжірибесін өзектендіру

Өткен сабақ тақырыбы бойынша сұрау.ООМ бойынша материалды бекіту үшін тексеру

1. Тау жыныстары не деп  аталады? (Пайдалы қазбалар деп аталады)

2.    Тау жыныстары қайда болады?(жер бетінде және жер қойнауында)

3.    Пайдалы қазбалар неше топқа бөлінеді, оларды ата?(3 топқа бөлінеді: Қатты, сұйық, газ тәрізді)

4.    Тау жыныстары қайда болады?(тегіс жерлерде топырақ қабатының астында жатады)

5.    Тығыз тау жынысына нелер жатады?(гранит, әктас,таскөмір)

6.    Борпылдақ  тау жынысына нелер жатады?(құм және саз)

7.    Сұйық пайдалы қазбаларға нелер жатады?(мұнай, минералды сулар)

8.    Пайдалы қазбалар дегеніміз не?(жер бетінен немесе оның қойнауынан алынатын тау жыныстарын айтамыз)

9.    Пайдалы қазбалар өзінің қасиетіне қарай нешеге бөлінеді? (3 топқа, Жанғыш, кенді, кенге жатпайтын пайдалы қазбалар)

10.  Жанғыш пайдалы қазбалар дегеніміз не, оларға нелер жатады?(Ең басты қасиеті –жану. Олар жанғанда жылу береді. Таскөмір, мұнай, газ жатады)

11.  Кенді пайдалы қазбалар дегеніміз не, оған нелер жатады?(Құрамында металдар кездесетін қатты пайдалы қазбалар. Темір, алюминий,мыс,қорғасын)

12.  Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларға нелер жатады?(тұздар, мәрмәр, гранит,әктас, құм, саз)

13.  Кен орны дегеніміз не?(Пайдалы қазбалардың шығатын және өндіретін жерін айтады)

14.  Қазақстанда пайдалы қазбалардың қандай түрлері кездеседі?(Жер жүзінде кездесетін пайдалы қазбалардың барлық түрі. Қаз-н пайд.қазба бай)

15.  Пайдалы қазбаларды өндіру үшін алдымен не істеу керек және олармен кімдер айналысады?(Алдымен оның шығатын орнын табу керек. Олармен геологтер айналысады)

16.  Табылған пайдалы қазбалардың шығатын жерін не арқылы және қайда белгілейді?(Шығатын жерін шартты белгілер арқылы картаға белгілейді)

17.  Пайдалы қазбалар тек жердің терең қабатында ғана кездесеме?(жоқ, пайдалы қазбалар жердің бетінде де кездеседі)

Бірінші белгі, барлық оқушылардың нәтижелері бойынша  «+» немесе «-» белгілері қойылады.

3- кезең Қабылдауды ұйымдастыру

  • Темір,Алюминий,Мыс,Күміс,Алтын,

Гранит,Әктас,Мәрмәр,Құм,Саз,Ас тұзы,Мұнай,Тас көмір,Пайдалы қазбалар.

Тірек сөздердің мағынасын ашу

Темір – жер бетінде өте көп кездесетін металл. Оның түсі қызғылт, қоңыр түсті болып келеді. Темір кенінен болат алады. Одан көлік түрлерін жасайды

Алюминий – ақшыл күміс түсті, өте жеңіл металл. Одан қасық, шанышқы тіпті жеңіл болғандықтан ұшақ пен зымыран жасайды.

Мыс – сарғыш-қызғылт түсті металл. Ол бойынан электор тогын жақсы өткізеді. Сондықтан одан телефон, теледидар, радио, компьютер т.б техникалық құралдарды жасауда пайдаланады.

Күміс – бағалы металға жатады. Зергерлік бұйымдар жасайды.

Алтын – ба,алы металл. Әдемілік үшін зергерлік бұйым жасайды.

Гранит – Өте мықты тас. Ол қызыл, сұр, ақ түсті болады. Өте құнды тас болып табылады. Астана қаласындағы Есіл өзенінің жағалауы гранитпен қапталған.  

 Әктас – ақ немесе ақшыл болып келеді. Осы әктастан үйді ақтайтын әк алынады. Тіпті күнделікті тақтаға жазып жүрген бордың өзі әктас.

Мәрмәр тас – әктастың бір түрі. Бұл қатты, мықты болып келеді. Оның бетінде әдемі, әртүрлі түсті ою-өрнектер болады.Мәрмәр тастарды көбінесе метро станциялары мен сарайларды қаптайды.

Құм – табиғатта жиі кездесетін сусымалы тау жыныс. Ол қатты тау жыныстарының үгілуінен пайда болады. Көбіне жердің бетінде кездеседі.

Саз – тау жыныстарының желге мүжіліп, көлдер мен теңіздердің түбіне жиналуынан пайда болады.Ылғалды саз жабысқақ және созылғыш келеді. Одан табақтар, ыдыстар, ойыншықтар жасайды.

Ас тұзы – ас тұзын тамаққа пайдаланамыз. Тұз жануарларғада керек. Тұзды негізінен тұзды көлдерден өндіреді.

Мұнай – өте қызулы отын. Ол күл қалдырмай түгел жанып кетеді. Одан бензин, керасин, машина майы сияқты бағалы заттар бөлініп алынады.

Тас көмір – ең көп өндірілетін пайдалы қазба. Тас көмірдің аса ірі кен орны – Қарағанды.

Пайдалы қазбалар – жерден қазып алынып, адам қажетіне жұмсалатын тау жыныстары.

Екінші белгі. Есте сақтауға уақыт нормативі 7 сөзге - 30 сек, 14 сөз- 1 минут 15 сек  уақыт беріледі.

4- кезең Ойлауды ұйымдастыру

Мәтінмен жұмыс.

Оқулықтың 62 бетін ашамыз. Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы.

 Ауызша түсіндіремін

Әрбір адам күнделікті тұрмыста пайдалы қазбалардың сан алуан түрлерін кездестіреді. Мысалы, сендер тұзсыз ас ішіп көрдіңдер ме? Әрине көрген жоқсыңдар. Өзіміз қолданып жүрген ас тұзы тамаққа белгілі бір дәм береді.     Тамақ пісіру, үй жылыту, фабрика, зауыттар жұмыс істеу үшін отын керек. Олар тас көмір, мұнай, газ, жанармай, шым тезек пайдаланылады.

  Үй жихаздары, сәндік бұйымдар, түрлі машиналар, ұшақ пен кеме жасауға, көпір мен темір жол салу үшін металл керек.  Демек пайдалы қазбалардың адам өміріндегі маңызы өте ерекше.

Ендеше осы мәтінді оқуға 8 мин уақыт беремін. Мәтінді түсініп оқыңдар. Өйткені мәтін бойынша сұрақтар қойылады.

Мәтіндегі оқу жылдамдығы : мәтіннің 2 парағына 8 минут уақыт беріледі.

5- кезең Алғашқы түсінікті тексеру

Қарама-қарсы  сұрақтар:

(Кітаптан тауып оқып беруіне болады)

  1. Қазба байлықтарды кімдер зерттейді? (геология мамандары)
  2. Темір қандай металл? (Қызғылт немесе қоңыр түсті болып келетін қатты тас.)
  3. Темір кенінен не алынады? (Болат алады)
  4. Болаттан тұрмысқа қажетті қандай заттар жасайды? (Станок, көлік түрлерін, көліктерге керекті заттарды жасайды)
  5. Алюминий қандай металл? (өте жеңіл металл. Ақшыл күміс түсті болып келеді)
  6. Алюминийдан не дайындалады? (қасық, шаңышқы, кастрөл тіпті өте жеңіл болғандықтан ұшақтар мен зымырандар жасалады)
  7. Мыс қандай түсті металл? (бұл сарғыш – қызғылт түсті металл)
  8. Мыстан қандай құралдар жасауға болады? (ол бойынан электр тогын жақсы өткізеді сондықтан оны теледидар, радио, телефон, магнитафон, кампьютер жасауға пайдаланады)
  9. Күміс пен алтынның адам өмірінде маңызы бар ма? (әрине бар, олар өте бағалы металдарға жатады. Әдемілік үшін зергерлік бұйымдар жасайды)
  10.  Алтын мен күміс табиғатта көбінесе қандай күйде кездеседі? (қоспасыз таза күйде кездеседі)
  11. Гранит қандай тас және оны адам қайда пайдаланады? (Өте мықты тас. Құрылыста пайдаланады)
  12. Гранит қайда кездеседі? (тау және өзен жағалауларында кездеседі)
  13.  Өте құнды қызыл, жасыл гранитті Қазақстанның қай облысында өндіреді? (Жамбыл об өндіреді)
  14.  Қазақстанның қай қаласындағы өзеннің жағалауы гранитпен қапталған? (Астана қаласындағы Есіл өзенінің жағалауы)
  15.  Әктастың адам өміріндегі маңызы барма, оны не үшін қолданады? (маңызы бар оны үйді ағарту үшін және өзіміз сабақта қолданып жүрген борда осы әктастан алынады. Бормен әріпті, сөзді жаза аласың тіпті суретте саласың.)
  16.  Әктастың бір түрі қандай тас және ол қандай болып келеді? (Мәрмәр тас. Ол әктасқа қарағанда қатты , мықты болады. Оның бетінде әдемі әртүрлі өрнектері болады)
  17.  Құм қандай тау жынысы? (Табиғатта өте жиі кездесетін сусымалы тау жынысы. Кенге жатпайтын тау жынысы).
  18.  Саз қайдан пайда болады? (тау жыныстарының желге мүжіліп, көлдер мен теңіздердің түбіне жиналуынан пайда болады.)
  19. Ылғалды саз қандай болып келеді? (Жабысқақ және созылғыш болып келеді. Осы қасиетіне байланысты адамдар одан сүт, су қоятын ыдыстар, табақтар, табақшалар, оыншықтар жасаған.)
  20.  Ас тұзы қайда өндіріледі? (Жер асты шахтасынан немесе тұзды көлдің түбінен өндіріледі)
  21. Тұзды тек тамаққа ғана пайдаланамызба? (Жоқ оны жануарларғада пайдаланамыз. Тіпті сабын, шыны, бояулар мен дәрілердің кейбір түрлеріне пайдаланады)

Үшінші белгі , барлық оқушылардың нәтижелері бойынша «+ »немесе «-» белгілері қойылады.

6- кезең  Бекітуді алғашқы ұйымдастыру

Сыни  тұрғыдан  сұрақтар:

Жаңа сабақты бекіту мақсатында сыни сұрақтар қоямын. Сұрақтар бұрмаланып қойылады.

Келісесіңдер ме жоқ әлде келіспейсіңдерме Келісемін немесе Келіспеймін  деп толық  жауап бересіңдер.

  1. Жер қыртысын толтырып жатқан денелер тау жыныстары деп аталады.+
  2. Тау жыныстары тек тауларды ғана құрайды –
  3. Граниттен көпір, ескерткіш, үйдің іргетасын жасайды +
  4. Тау жыныстары жауын-шашыннан пайда болады. –
  5. Тау жыныстары қатты, сұйық, газ күйінде болады +
  6. Тығыз тау жынысына құм және саз жатады. – (бос, борпылдақ)
  7. Гранит қатты, тығыз тау жынысы. +
  8. Темірден ұшақ, зымыран жасайды – (алюминийдан жасайды себебі темір аур металл)
  9. Граниттен үй салады –
  10. Мәрмәр зергерлік бұйымдар жасайды -
  11. Әктастың түсі қара болады   –
  12. Құнды қызыл, жасыл гранит Қазақстанның ШҚО өндіріледі- (Жамбыл облысында өндіріледі)
  13. Бос тау жынысына гранит , құмтас жатады –
  14. Құм берік түйіршіктерден тұрады. +
  15. Таза құмнан  есік, тақта жасайды –(Әйнек және  құрылыста оған бетон қосып, үйлердің қабырғасын құяды)
  16. Саз майда тау жынысы +
  17. Саздан адамдар үй жасайды – (жабысқақ, созылғыш болып келеді. Табақтар, ойыншықтар)
  18. Ермексаз арнайы май қосылған саз +
  19. Оны сабақта пайдаланбаймыз-
  20. Құм мен саз түрі жағынан ұқсас болады+
  21. Құм мен саз құрылыс материалы ретінде қолданылады+
  22. Ас тұзы - құрылыс материалы-
  23. Мыс қатты, ауыр металл. Оның ешқандай адам өмірінде пайдасы жоқ. – (сарғыш-қызғылт түсті метал. Электр тогын жақсы өткізеді. Телефон,радио, магнитафон жасайды)
  24. Құрылысшы әуеде жүреді-
  25. Пайдалы қазбалардың адам өміріндегі маңызы өте зор. (иә)

Төртінші белгі, барлық оқушылардың  нәтижелері  бойынша «+» немесе «-» белгілері қойылады.

 «-» бар оқушыларға көңіл аудару

7-кезең

Тақырыптық сөздік қор.

Тақырыпты қорыту.Оқытылған тақырып бойынша  тақырыптық сөздік қор(ТҚС) тексеру.Сөз қысқартылмаған түрде түсінікті етіп жазылады. Шығарма түрінде де жазуға болады.Әрбір сөз сөйлем мүшесі  болуы тиіс.

      Бесінші белгі, барлық оқушылардың нәтижелері нәтижелері  бойынша «+» немесе «-» белгілері қойылады. 8 минут

Сөздік қор есептеуі: 37 сөз

Бағалау

Журналға баға қою келесі норматив бойынша жүзеге асырылады

  • + 4 -5  белгі – 5 ұпай
  • + 3 белгі - 4 ұпай
  • + 2 белгі – 3 ұпай
  • + 1 белгі  - 2 ұпай

МПМ бойынша бағалау.

Сапа нормативі: оқушылардың 63%-ы 5 ұпайдан алуы тиіс

Үйге тапсырма

4 белгіден кем алған оқушылар үйге тапсырма алады.

 

 

Просмотр содержимого документа
«Дүниетану пәнінен сабақ "Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы."»

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы.

Сабақтың мақсаты: Ойлаудың жеті түрлі негізін дамыту.

Білімділік: Әңгіменің мазмұнын түсіндіре отырып, адам тіршілігіне қажеттінің бәрін табиғаттан алатынын айту.

Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерінің дамуына ықпал жасау.

Тәрбиелік: Отанын қорғауға, табиғаттағы кез – келген заттың адам өміріне қажет екендігін, тазалыққа баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. БжС технологиясы. Ауызша – 1 картасы

Сабақ оқудың макро құрылымы


Технологиялық картаның жұмыс тәртібі


Түсініктеме

1- кезең Ұйымдастыру

Мотивация. Сабақтың мақсат – міндетін түсіндіру. Психологиялық жаттығу.

(Көшбасшы шығып)

  • Біз Қазақстанның білімді ұрпағы боламыз ба?!

  • Біз мектебіміздің мақтанышы боламыз ба?!

  • Дүниетану пәнінен 5-тік баға алып нәтижеге жетеміз бе?!

Олай болса, сыныпта 19 баланың 12-сі 4 пен 5 алып, 63%нәтижеге жетуіміз керек.

Карта бойынша жұмыс жасау реті түсіндіріледі. Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз беріледі. ООМ бойынша жұмыс

2- кезең Оқушылардың субъектті іс- тәжірибесін өзектендіру

Өткен сабақ тақырыбы бойынша сұрау.ООМ бойынша материалды бекіту үшін тексеру

1. Тау жыныстары не деп аталады? (Пайдалы қазбалар деп аталады)

2. Тау жыныстары қайда болады?(жер бетінде және жер қойнауында)

3. Пайдалы қазбалар неше топқа бөлінеді, оларды ата?(3 топқа бөлінеді: Қатты, сұйық, газ тәрізді)

4. Тау жыныстары қайда болады?(тегіс жерлерде топырақ қабатының астында жатады)

5. Тығыз тау жынысына нелер жатады?(гранит, әктас,таскөмір)

6. Борпылдақ тау жынысына нелер жатады?(құм және саз)

7. Сұйық пайдалы қазбаларға нелер жатады?(мұнай, минералды сулар)

8. Пайдалы қазбалар дегеніміз не?(жер бетінен немесе оның қойнауынан алынатын тау жыныстарын айтамыз)

9. Пайдалы қазбалар өзінің қасиетіне қарай нешеге бөлінеді? (3 топқа, Жанғыш, кенді, кенге жатпайтын пайдалы қазбалар)

10. Жанғыш пайдалы қазбалар дегеніміз не, оларға нелер жатады?(Ең басты қасиеті –жану. Олар жанғанда жылу береді. Таскөмір, мұнай, газ жатады)

11. Кенді пайдалы қазбалар дегеніміз не, оған нелер жатады?(Құрамында металдар кездесетін қатты пайдалы қазбалар. Темір, алюминий,мыс,қорғасын)

12. Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларға нелер жатады?(тұздар, мәрмәр, гранит,әктас, құм, саз)

13. Кен орны дегеніміз не?(Пайдалы қазбалардың шығатын және өндіретін жерін айтады)

14. Қазақстанда пайдалы қазбалардың қандай түрлері кездеседі?(Жер жүзінде кездесетін пайдалы қазбалардың барлық түрі. Қаз-н пайд.қазба бай)

15. Пайдалы қазбаларды өндіру үшін алдымен не істеу керек және олармен кімдер айналысады?(Алдымен оның шығатын орнын табу керек. Олармен геологтер айналысады)

16. Табылған пайдалы қазбалардың шығатын жерін не арқылы және қайда белгілейді?(Шығатын жерін шартты белгілер арқылы картаға белгілейді)

17. Пайдалы қазбалар тек жердің терең қабатында ғана кездесеме?(жоқ, пайдалы қазбалар жердің бетінде де кездеседі)

Бірінші белгі, барлық оқушылардың нәтижелері бойынша «+» немесе «-» белгілері қойылады.

3- кезең Қабылдауды ұйымдастыру

Тірексөздер:Темір,Алюминий,Мыс,Күміс,Алтын,

Гранит,Әктас,Мәрмәр,Құм,Саз,Ас тұзы,Мұнай,Тас көмір,Пайдалы қазбалар.

Тірек сөздердің мағынасын ашу

Темір – жер бетінде өте көп кездесетін металл. Оның түсі қызғылт, қоңыр түсті болып келеді. Темір кенінен болат алады. Одан көлік түрлерін жасайды

Алюминий – ақшыл күміс түсті, өте жеңіл металл. Одан қасық, шанышқы тіпті жеңіл болғандықтан ұшақ пен зымыран жасайды.

Мыс – сарғыш-қызғылт түсті металл. Ол бойынан электор тогын жақсы өткізеді. Сондықтан одан телефон, теледидар, радио, компьютер т.б техникалық құралдарды жасауда пайдаланады.

Күміс – бағалы металға жатады. Зергерлік бұйымдар жасайды.

Алтын – ба,алы металл. Әдемілік үшін зергерлік бұйым жасайды.

Гранит – Өте мықты тас. Ол қызыл, сұр, ақ түсті болады. Өте құнды тас болып табылады. Астана қаласындағы Есіл өзенінің жағалауы гранитпен қапталған.

Әктас – ақ немесе ақшыл болып келеді. Осы әктастан үйді ақтайтын әк алынады. Тіпті күнделікті тақтаға жазып жүрген бордың өзі әктас.

Мәрмәр тас – әктастың бір түрі. Бұл қатты, мықты болып келеді. Оның бетінде әдемі, әртүрлі түсті ою-өрнектер болады.Мәрмәр тастарды көбінесе метро станциялары мен сарайларды қаптайды.

Құм – табиғатта жиі кездесетін сусымалы тау жыныс. Ол қатты тау жыныстарының үгілуінен пайда болады. Көбіне жердің бетінде кездеседі.

Саз – тау жыныстарының желге мүжіліп, көлдер мен теңіздердің түбіне жиналуынан пайда болады.Ылғалды саз жабысқақ және созылғыш келеді. Одан табақтар, ыдыстар, ойыншықтар жасайды.

Ас тұзы – ас тұзын тамаққа пайдаланамыз. Тұз жануарларғада керек. Тұзды негізінен тұзды көлдерден өндіреді.

Мұнай – өте қызулы отын. Ол күл қалдырмай түгел жанып кетеді. Одан бензин, керасин, машина майы сияқты бағалы заттар бөлініп алынады.

Тас көмір – ең көп өндірілетін пайдалы қазба. Тас көмірдің аса ірі кен орны – Қарағанды.

Пайдалы қазбалар – жерден қазып алынып, адам қажетіне жұмсалатын тау жыныстары.

Екінші белгі. Есте сақтауға уақыт нормативі 7 сөзге - 30 сек, 14 сөз- 1 минут 15 сек уақыт беріледі.

4- кезең Ойлауды ұйымдастыру

Мәтінмен жұмыс.

Оқулықтың 62 бетін ашамыз. Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы.

Ауызша түсіндіремін

Әрбір адам күнделікті тұрмыста пайдалы қазбалардың сан алуан түрлерін кездестіреді. Мысалы, сендер тұзсыз ас ішіп көрдіңдер ме? Әрине көрген жоқсыңдар. Өзіміз қолданып жүрген ас тұзы тамаққа белгілі бір дәм береді. Тамақ пісіру, үй жылыту, фабрика, зауыттар жұмыс істеу үшін отын керек. Олар тас көмір, мұнай, газ, жанармай, шым тезек пайдаланылады.

Үй жихаздары, сәндік бұйымдар, түрлі машиналар, ұшақ пен кеме жасауға, көпір мен темір жол салу үшін металл керек. Демек пайдалы қазбалардың адам өміріндегі маңызы өте ерекше.

Ендеше осы мәтінді оқуға 8 мин уақыт беремін. Мәтінді түсініп оқыңдар. Өйткені мәтін бойынша сұрақтар қойылады.

Мәтіндегі оқу жылдамдығы : мәтіннің 2 парағына 8 минут уақыт беріледі.

5- кезең Алғашқы түсінікті тексеру

Қарама-қарсы сұрақтар:

(Кітаптан тауып оқып беруіне болады)

  1. Қазба байлықтарды кімдер зерттейді? (геология мамандары)

  2. Темір қандай металл? (Қызғылт немесе қоңыр түсті болып келетін қатты тас.)

  3. Темір кенінен не алынады? (Болат алады)

  4. Болаттан тұрмысқа қажетті қандай заттар жасайды? (Станок, көлік түрлерін, көліктерге керекті заттарды жасайды)

  5. Алюминий қандай металл? (өте жеңіл металл. Ақшыл күміс түсті болып келеді)

  6. Алюминийдан не дайындалады? (қасық, шаңышқы, кастрөл тіпті өте жеңіл болғандықтан ұшақтар мен зымырандар жасалады)

  7. Мыс қандай түсті металл? (бұл сарғыш – қызғылт түсті металл)

  8. Мыстан қандай құралдар жасауға болады? (ол бойынан электр тогын жақсы өткізеді сондықтан оны теледидар, радио, телефон, магнитафон, кампьютер жасауға пайдаланады)

  9. Күміс пен алтынның адам өмірінде маңызы бар ма? (әрине бар, олар өте бағалы металдарға жатады. Әдемілік үшін зергерлік бұйымдар жасайды)

  10. Алтын мен күміс табиғатта көбінесе қандай күйде кездеседі? (қоспасыз таза күйде кездеседі)

  11. Гранит қандай тас және оны адам қайда пайдаланады? (Өте мықты тас. Құрылыста пайдаланады)

  12. Гранит қайда кездеседі? (тау және өзен жағалауларында кездеседі)

  13. Өте құнды қызыл, жасыл гранитті Қазақстанның қай облысында өндіреді? (Жамбыл об өндіреді)

  14. Қазақстанның қай қаласындағы өзеннің жағалауы гранитпен қапталған? (Астана қаласындағы Есіл өзенінің жағалауы)

  15. Әктастың адам өміріндегі маңызы барма, оны не үшін қолданады? (маңызы бар оны үйді ағарту үшін және өзіміз сабақта қолданып жүрген борда осы әктастан алынады. Бормен әріпті, сөзді жаза аласың тіпті суретте саласың.)

  16. Әктастың бір түрі қандай тас және ол қандай болып келеді? (Мәрмәр тас. Ол әктасқа қарағанда қатты , мықты болады. Оның бетінде әдемі әртүрлі өрнектері болады)

  17. Құм қандай тау жынысы? (Табиғатта өте жиі кездесетін сусымалы тау жынысы. Кенге жатпайтын тау жынысы).

  18. Саз қайдан пайда болады? (тау жыныстарының желге мүжіліп, көлдер мен теңіздердің түбіне жиналуынан пайда болады.)

  19. Ылғалды саз қандай болып келеді? (Жабысқақ және созылғыш болып келеді. Осы қасиетіне байланысты адамдар одан сүт, су қоятын ыдыстар, табақтар, табақшалар, оыншықтар жасаған.)

  20. Ас тұзы қайда өндіріледі? (Жер асты шахтасынан немесе тұзды көлдің түбінен өндіріледі)

  21. Тұзды тек тамаққа ғана пайдаланамызба? (Жоқ оны жануарларғада пайдаланамыз. Тіпті сабын, шыны, бояулар мен дәрілердің кейбір түрлеріне пайдаланады)

Үшінші белгі , барлық оқушылардың нәтижелері бойынша «+ »немесе «-» белгілері қойылады.

6- кезең Бекітуді алғашқы ұйымдастыру

Сыни тұрғыдан сұрақтар:

Жаңа сабақты бекіту мақсатында сыни сұрақтар қоямын. Сұрақтар бұрмаланып қойылады.

Келісесіңдер ме жоқ әлде келіспейсіңдерме Келісемін немесе Келіспеймін деп толық жауап бересіңдер.

  1. Жер қыртысын толтырып жатқан денелер тау жыныстары деп аталады.+

  1. Тау жыныстары тек тауларды ғана құрайды –

  1. Граниттен көпір, ескерткіш, үйдің іргетасын жасайды +

  1. Тау жыныстары жауын-шашыннан пайда болады. –

  1. Тау жыныстары қатты, сұйық, газ күйінде болады +

  1. Тығыз тау жынысына құм және саз жатады. – (бос, борпылдақ)

  1. Гранит қатты, тығыз тау жынысы. +

  1. Темірден ұшақ, зымыран жасайды – (алюминийдан жасайды себебі темір аур металл)

  1. Граниттен үй салады –

  1. Мәрмәр зергерлік бұйымдар жасайды -

  1. Әктастың түсі қара болады –

  1. Құнды қызыл, жасыл гранит Қазақстанның ШҚО өндіріледі- (Жамбыл облысында өндіріледі)

  1. Бос тау жынысына гранит , құмтас жатады –

  1. Құм берік түйіршіктерден тұрады. +

  1. Таза құмнан есік, тақта жасайды –(Әйнек және құрылыста оған бетон қосып, үйлердің қабырғасын құяды)

  1. Саз майда тау жынысы +

  1. Саздан адамдар үй жасайды – (жабысқақ, созылғыш болып келеді. Табақтар, ойыншықтар)

  1. Ермексаз арнайы май қосылған саз +

  1. Оны сабақта пайдаланбаймыз-

  1. Құм мен саз түрі жағынан ұқсас болады+

  1. Құм мен саз құрылыс материалы ретінде қолданылады+

  1. Ас тұзы - құрылыс материалы-

  1. Мыс қатты, ауыр металл. Оның ешқандай адам өмірінде пайдасы жоқ. – (сарғыш-қызғылт түсті метал. Электр тогын жақсы өткізеді. Телефон,радио, магнитафон жасайды)

  1. Құрылысшы әуеде жүреді-

  1. Пайдалы қазбалардың адам өміріндегі маңызы өте зор. (иә)

Төртінші белгі, барлық оқушылардың нәтижелері бойынша «+» немесе «-» белгілері қойылады.

«-» бар оқушыларға көңіл аудару

7-кезең

Тақырыптық сөздік қор.

Тақырыпты қорыту.Оқытылған тақырып бойынша тақырыптық сөздік қор(ТҚС) тексеру.Сөз қысқартылмаған түрде түсінікті етіп жазылады. Шығарма түрінде де жазуға болады.Әрбір сөз сөйлем мүшесі болуы тиіс.

Бесінші белгі, барлық оқушылардың нәтижелері нәтижелері бойынша «+» немесе «-» белгілері қойылады. 8 минут

Сөздік қор есептеуі: 37 сөз

Бағалау

Журналға баға қою келесі норматив бойынша жүзеге асырылады

  • + 4 -5 белгі – 5 ұпай

  • + 3 белгі - 4 ұпай

  • + 2 белгі – 3 ұпай

  • + 1 белгі - 2 ұпай

МПМ бойынша бағалау.

Сапа нормативі: оқушылардың 63%-ы 5 ұпайдан алуы тиіс

Үйге тапсырма

4 белгіден кем алған оқушылар үйге тапсырма алады.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!