СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Елді мекендер қандай болады?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Елді мекендер қандай болады?»



Пәні: Дүниетану №13 сабақ

Ортақ тақырып:Сәулет өнері

Бөлімше:Менің атамекенім

Сынып: 3

Күні:

Мектеп: «МДШО М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп » МКМ

Мұғалімнің аты-жөні: Бекмолдаева Нагима Нуркыдыровна

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Елді мекендер қандай болады?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.1.3.1. елді мекендерді түрлі белгілеріне қарап ажырату (типі, көлемі, қызметі).

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: елді мекендерді түрлі белгілеріне қарап (типі, көлемі, қызметі) ажыратады.

Көптеген оқушылар: - қала мен ауылды әртүрлі белгілеріне қарап салыстырып,ұқсастығы мен айырмашылығын табады.

Кейбір оқушылар: өздері тұратын елді мекендердің типі,көлемі ,қызметі туралы қосымша мәлімет жинақтайды.

Бағалау

критерийлері

  • Қазақстандағы елді мекендерді белгілеріне қарай ажыратады және салыстырып сипаттайды .

  • Республикалық маңызы бар қалалардың қызметін дәлелдейді.

Ойлау дағдылары

Білу және түсіну, қолдану, талдау.

Тілдік мақсат

Елді мекендерді белгілеріне қарай ажыратады.


Құндылықтарды

дарыту

Құрметтеу, ынтымақтастық, өмір бойы білім алу.

АКТ

Интербелсенді тақта, бейнежазба

Ресурстар

Карта, «Ақылды үкі»,смайликтер, ағаш,алмалардың суреттері.

Пәнаралық

Байланыстар

Әдебиеттік оқу

Бастапқы білім


Оқушылар елді мекендердің түрі жайлы біледі. Өздерінің туған мекенінің географиялық орны туралы түсініктері бар.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Психологиялық ахуал




Білу және түсіну























Әдістер: Сыни тұрғысынан ойлау,оқу әңгімелері АКТ






Саралау: Дереккөздер тәсілі





Дағдылар:

айтылым, тыңдалым

Сыныпта психологиялық ахуал орнату.

Жылулық шеңбері.

Топқа бөлу. Буынға бөлінген қала аттары жазылған парақшалар арқылы топқа бөлемін.Қима қағаздағы буындар арқылы қалалардың аттарын құрау арқылы топқа жиналады.

Зейінін сабаққа аудару.

1-критерий: Қазақстандағы елді мекендерді белгілеріне қарай ажыратады және салыстырып сипаттайды.

1-тапсырма: «Қалалар» ойыны .Өтілетін тақырыпты ашу, оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында Қазақстанның қалалары мен ауылдары туралы бейнежазба көрсетемін. Оқушыларға бейнежазбадан ауыл мен қаланың арасында қандай айырмашылық бар екенін аажыратып сипаттауға тапсырма беремін.

(Ж) «Жуан және жіңішке сұрақтар» әдісі.

«Жіңішке сұрақтар»

-Не? Кім?

-Қашан?

-Қай жерде?

«Жуан сұрақтар»

-Қалай ?

-Неліктен ?

-Қандай мақсатпен ?

Сұрақтар қою арқылы бейнежазбадан көргендерін талқылай отырып, елді мекендердің ерекшеліктері жайлы біледі.


Оқушылар интербелсенді тақтада елді мекендер туралы бейне жазба көру барысында “АКТ қолдану” әдісі, сұрақтарға жауапты жұпта талқылап орындау барысында оқу әңгімелері әдісі және жауап беру барысында өзара ой бөлісе отырып, бір-бірінің жауаптарын толықтыру арқылы “сыни тұрғысынан ойлау” әдісі қолданылады,бұл белсенді әдістер оқу мақсатына жетуге ықпал етеді.


Саралау әдістері әрбір оқушыға оқу мақсаттарына жетуге,ізденуге ықпал жасайды. Сондықтанда, тапсырманы орындауда саралаудың дереккөздер тәсілін қолданамын. Оқушылар ғаламтордан қосымша материал іздеп, пайланады. Сол себепті дереккөздер тәсілі жүзеге асады.


Тапсырмаға жауап беру кезінде айтылым, тапсырманы тыңдау кезінде тыңдалым дағдылары қалыптасады.






Интербелсенді тақта,бейнежазба











Ауызша мақтап, мадақтау













Қолдану










Әдістер: сыни тұрғысынан ойлау,оқу әңгімелері әдісі.







Саралау: «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі

















Дағдылар:

айтылым, тыңдалым






Қалыптастырушы бағалау

2-тапсырма: (Ж) «Сурет бойынша әңгіме» тапсырмасы Оқушыларға өзі тұратын елді мекенінің суретін салуға тапсырма беремін. Елді мекендер әр түрлі болатынын ұғынады.Салынған сурет бойынша елді мекендердің түрлі белгілері (қала, ауыл, қыстақ),көлемі(үлкен,кіші), қызметі (астана,аудан орталығы) тірек сөздерін пайдаланып, өзі тұратын елді мекенін сипаттап беруді тапсырамын.

Осы тапсырманы орындауда баланы қызықтыру үшін оқу әңгімелері әдісін таңдап алдым.Тапсырманы жұптық жұмыс ретінде орындайды. Тапсырманы орындау жұпта талқылап орындау барысында оқу әңгімелері әдісі жүзеге асады.Себебі: оқушылар жұптық жұмысты орындау барысында ,тапсырманы өзара талқылау арқылы бір-бірінің білімін толықтырады. Ортақ шешімге келіп, ойларын жинақтап айту барысында сыни тұрғысынан ойлау әдісі жүзеге асырылады. Сондықтан, оқу әңгімелері және сын тұрғысынан ойлау әдістері оқу мақсаттарына жетуге көмектеседі.

Тапсырманы орындауда саралаудың диалог және қолдау көрсету әдісі қолданылды. Себебі , берілген тапсырманы орындау барысында, кейбір оқушылардан толық жауап алу мақсатында түрткі сұрақтар қоямын.Сондықтан, саралаудың диалог және қолдау көрсету әдісі әрбір оқушыға мақсаттарға жетуге септігін тигізеді.


Сұрақтар:

1.Елді мекендердің қандай түрлерін білесің?

2.Қала мен ауылдың қандай белгілеріне қарап ажыратасың?

3.Ірі қалалар мен қарапайым қалалардың қызметін дәлелде.

Кей оқушыларды қолдау көрсету мақсатында ауызша мақтап, мадақталады.


Тапсырмаға жауап алуда айтылым, оқушылардың жауаптарын тыңдауда тыңдалым дағдылары қалыптасады.


Тапсырманы орындау барысында балалардың білім деңгейіне қарай қалыптастырушы бағалау жүреді. Оған төмендегідей дескриптор құрдым.

Дескриптор:

1. Елді мекендердің түрлерін ажыратады..

2. Қала мен ауылдың белгілеріне қарап салыстыра біледі.

3. Ірі қалалар мен қарапайым қалалардың арасындағы байланысты дәлелдей алады.

«Ақылды үкі» әдісі.

Жарайсың ! Жақсы! Талпын!

Екі көзі ашық үкіні -«Жарайсың!»,бір көзі ашық үкіні « Жақсы!», екі көзін де жұмылған үкіні - «Талпын!» деп қалыптастырушы бағалау жүреді.



Оқулық,

суреттер


















































Талдау








Әдістер: «Бірлескен оқу», «Пән аралық байланыс» әдістері

СТО









Саралау: «Дереккөздер» әдісі












Дағдылар:

айтылым, тыңдалым,жазылым, оқылым



Қалыптастырушы бағалау


2-критерий: Республикалық маңызы бар қалалардың қызметін дәлелдейді.

3-тапсырма: (Т) Картамен жұмыс.

Оқушыларға республикалық маңызы бар қалаларды картадан тауып,олардың қызметін дәлелдеуге тапсырма беремін. Оқушылар тапсырманы қабілеттеріне қарай орындайды.


Бұл тапсырманы орындау барысында бірлескен оқу әдісі көрініс табады. Себебі: оқушылардың тақырыпты толық түсінуіне көмек көрсетіліп, өздерінің деңгейлеріне қарай топта тапсырманы дәлелдейді. Республикалық маңызы бар қалалардың қызметін анықтай отырып ,өз дәлелдерін әңгімелей айтады. Сол себепті әдебиеттік оқу пәнімен байланысты болғандықтан ,пәнаралық байланыс әдісі және топта ортақ шешімге келіп, ойларын жинақтап айту барысында сын тұрғысынан ойлау әдісі жүзеге асырылады. Сабақта пайданылған бірлескен оқу , пәнаралық байланыс және сын тұрғысынан ойлау әдістері сабақта мақсаттарға жетуге ықпалын тигізеді.

Тапсырмада саралаудың дереккөздер әдісін қолданамын.

Себебі оқушылар тапсырманы орындау барысында картамен жұмыс атқарылып,ғаламтордан қосымша материал іздеуі,пайдалануы жүзеге асады.

Оқушылардың білім деңгейлері әртүрлі болғандықтан, білім деңгейлеріне сай тапсырма беремін.


Көмекті қажет етпейтін оқушылар:

Республикалық маңызы бар қалалардың қызметін дәлелдейді.

Көмекті орташа қажет ететін оқушылар:

Қала мен ауылдың белгілеріне қарап салыстыра біледі.

Көмекті қажет ететін оқушылар: Елді мекендердің түрлерін ажыратып айтады.

Берілген сұраққа жауап жазуда жазылым, жауап беруде айтылым, жауаптарды тыңдауда тыңдалым, оқуда оқылым дағдылары қалыптасады.


Тапсырманы орындау барысында балалардың білім деңгейіне қарай қалыптастырушы бағалау жүреді. Оған төмендегідей дескриптор құрдым.

Дескриптор:

1. Республикалық маңызы бар қалалардың қызметін дәлелдей алады.

2. Қала мен ауылдың ерекшеліктерін сипаттай алады.

3.Елді мекендердің түрлерін айта алады.


«Смайликтер» арқылы қалыптастырушы бағалау жүзеге асырылады.

Керемет! Жақсы! Талпын!



























































Кері байланыс

3 минут

Сабаққа кері байланыс ретінде «Алма ағашы» әдісін алдым. Сабақты толық түсінген оқушылар мен бәрін түсіндім, сабақты орта деңгейде түсінген оқушылар мен көп нәрсені түсіндім, түсінбеген оқушылар мен түсінбедім,көңіл күйім жоқ деп алмаларға есімдерін жазып жабыстырады.


Қызыл,сары,жасыл алмалардың қима қағаздары












Үйге тапсырма:

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз?


Саралаудың «дереккөздер», «диалог және қолдау көрсету» тәсілдері қолданылады.

Дереккөздер тәсілін қолдану барысында оқушылардың қызығушылығы артты. Диалог және қолдау көрсету тәсілін орындауда оқушылардың жауаптарын толықтыру үшін қойылған сұрақтар арқылы, оқушылардың тақырыпты тереңірек түсінуіне ықпал етілді. Тапсырма тәсілін қолдану арқылы әр оқушының деңгейіне қарай тапсырма берілуі тиімді болды.


Бағалау – Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?


Тапсырмаға жауап беру барысында,оқушылардың тапсырманы түсіну деңгейін анықтай отырып тиісінше мадақтау айтылып, бір-бірін бағалатып отырамын.

Қалыптастырушы бағалау арқылы:

1-тапсырмадан соң: « Ақылды үкілер» арқылы бағалап отырамын.



Жарайсың! Жақсы! Талпын!

2-тапсырмадан кейін:«Смайликтер» арқылы қалыптастырушы бағалау жүзеге асырылады.

Керемет! Жақсы! Талпын!

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.


Жеке бас гигиенасын ескеру.

Партада дұрыс отыруына көңіл бөлініп, қаламды дұрыс ұстауы, бір-бірінінің ойларын тыңдауға, ойларын еркін айтуға , құрметтеуге бағыт беріп отыру.

Рефлексия

Сабақ / оқумақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Жоспарлаған саралау тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?


Сабақ оқу мақсаттарына негізделіп құрылды.


Елді мекендер қандай болатынын түсінді.

Топтық және жеке жұмысқа белсенді қатысып, сабаққа деген қызығушылықтары жоғары болды.

Қолданған саралау тәсілдері тиімді болды.


Жоспарланған уақытқа үлгерді.


Жоспарда өзгерістер болмады.



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды?

Оқытуда:

1. Видео материал көрсетілуі

2. Әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланылғаны.

Оқуда:

1. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы жоғары болды.

2. Тапсырманы орындауда ынтымақтастықта жұмыс істей алды.

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды?

Оқытуда:

1. АКТ қолдануды тұрақты басшылыққа алу.

2. Оқу деңгейіне қарай тапсырмалар беру.

Оқуда:

1. Оқушылардың топтық жұмыста ынтымақтастықта жұмыс істеуіне үйрету.

2. Өз ойларымен ашық бөлісуіге бағыттау.

Келесі сабақта неге көңіл бөлу қажет?

1. Уақытты тиімді пайдалануға баулу.

2. Алған білімдерін өмірде пайдалануға бағыттау.






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!