СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Электронды кестеде есептеулер жүргізу" тақырыбында ашық сабақ

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: Электронды кестеде есептеулер жүргізу

Сабақ мақсаты: Microsoft Excel электрондық кестесінде есептеулер жүргізу, Excel-дің есептеулерге арналған фунцияларын пайдалану

Просмотр содержимого документа
«"Электронды кестеде есептеулер жүргізу" тақырыбында ашық сабақ»

Сабақтың тақырыбы: Электронды кестеде есептеулер жүргізу


Сабақ мақсаттары:

Оқытушылық: Microsoft Excel электрондық кестесінде есептеулер жүргізу, Excel-дің есептеулерге арналған фунцияларын пайдалану

Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген сүйіспеншілігін дамыту, компьютерлік мәдениеттілікке тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, бизнес-жоспар құра білу, өз бетімен жұмыс жасай білу қасиеттерін дамыту


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру (5 мин)

  1. Кабинеттің сабаққа дайындығын тексеру

  2. Компьютерлердің сабаққа дайындығын тексеру

  3. Оқушылармен амандасу

  4. Оқушыларды түгендеу

  5. Сабақтың мақсатымен таныстыру

  6. Көңіл-күйлерін анықтау

  7. Рефлексия өткізу


Үй тапсырмасын сұрау (25 мин)

Біздің қазіргі өтіп жатқан курс тақырыбымыз «Кестелік процессорлар». Ендеше осы қолданбалы бағдарлама бойынша білімдеріңді тексеру үшін «Интеллектуалдық казино» ойынын ойнайық. «Интеллектуалдық казино» екі бөліктен тұрады:


  1. Рулетка

  2. Голдфишка

«Рулетка» ойынының шарты мынадай: Әрқайсыларың бір мезгілде рулетканы айналдырасыңдар да, стерлкасы басып, тоқтатасыңдар. Стрелка қай ұяшықты көрсетсе, сол жақтағы сәйкесінше ұяшықты ашып, ішіндегі сұраққа жауап бересіңдер.



«Голдфишка» ойынында әр фишканы басып, пайда болған сөздердің анықтамасын айтуларыңыз керек.


«Интеллектуалдық казино» ойыны

  1. 80-ші жылдары біздің елімізде MS DOS жүйесінде жұмыс істеген кестелік процессорларды атаңыз. (Lotus 1-, 2-, 3- Lotus Development фирмасының және SuperCalk Computer Essociates фирмасының)

  2. Exсel-де жасалған құжаттың кеңейтілуі (xls)

  3. Exсel-де әрбір жұмыс кітабында әрқайсысы жұмыс парағы деп аталатын неше электронды кестелер бола алады? (1 ден 255-ке дейін)

  4. Суреттегі сандармен белгіленген элементтерді атаңыз:


  1. Exсel кестелік процессорындағы жолдардың максималды саны (65536)

  2. Exсel кестелік процессорындағы бағандардың максималды саны (256)

  3. Exсel кестелік процессорындағы сүзгі (фильтр) түрлері (автосүзгі, кеңейтілген сүзгі)

  4. Электронды кестелердің жұмыс парағында есептеулердің нәтижелері емес, ұяшыққа енгізілген формулалардың бейнеленуі үшін қандай әрекеттер орындалады? (Сервис/Параметры командасын орындау қажет. Ашылған Параметрлер диалогтық терезесінде Түр қосымшасын ерекшелеп, Бет параметрлері аумағында Формулалар опциясы жалаушасын белгілеу керек.)

  5. Автосүзгіні қалай орнатуға болады? (Мәліметтер (Данные) – Сүзгі (Фильтр) – Автосүзгі (Автофильтр) командасын орындау)

  6. Батырманы басасың,

   Қажетіңді ашасың. («Еnter» батырмасы)

  1. Қарапайым есептеулер жүргізетін бағдарлама. (Калькулятор).

  2. Электрондық кестелердің құрылымдық элементі. (Ұяшық)

  3. Компьютерлік өзекшесі бар сөздерді табыңдар.

... АНТ (жоғарғы бала дауысы)

... ОНТ (банктің есептік проценті)

... ОБОЛ (лақтырумен айналысатын спртшы)

...УССИЯ (белгілі бір сұрақты немесе проблеманы талдау)

... ОТЕКА (музыкалық жастар клубы)

... ОМФОРТ (ыңғайсыздық, алаңдаушылық)

... РЕТТІ (үздікті)

... РИМИНАЦИЯ (тепе-теңдік құқықтың бұзылуы)

... ВАЛИФИКАЦИЯ (спорттық жарыстарға қатысу құқығынан айырылу)

РЕ...КА (ерте пісетін көкөніс)

(ДИСК)

  1. Компьютерлік өзекшесі бар сөздерді табыңдар.

...ОН (атмосферадағы төмен қысымды облыс)

...ОП (мифологиялық бір көзді құбыжық)

...ОТРОН (протондар мен иондарды үдеткіш)

ЭН...ОПЕДИЯ (ғылыми анықтамалық басылым)

МОТО... (транспорттық құрал)

  1. Парақтардың аттары қайда орналасқан? (терезенің төменгі жағында)

  2. Компьютер құрылғылары оркестрінің дирижерін қалай атайды? (операциялық жүйе)

  3. Бағандардың атауы қалай белгіленеді? (латын әріптерімен)

  4. Жұмыс кітабындағы жолдар қалай белгіленеді? (араб цифрларымен)

  5. Курсорды бір ұяға оңға жылжыту үшін қандай пернені басу керек? (-)

  6. батырмасының атқаратын қызметі қандай? (автоматты түрде қосынды табу)

  7. батырмасының атқаратын қызметі қандай? (функция шеберін іске қосу)

  8. батырмасының атқаратын қызметі қандай? (диаграмма шеберін іске қосу шеберін іске қосу)

  9. Бір жолды тұтас қалай ерекшелеуге болады? (жол нөмірін тышқанмен шерту)

  10. $D$5 болып жазылған ұяшық адресі қай адрес түріне жатады? (Абсолютті)

  11. D5 болып жазылған ұяшық адресі қай адрес түріне жатады? (Cалыстырмалы)

  12. Статистикалық ақпараттарға жүгінетін болсақ, үйлерінде компьютерлері бар адамдардың үштен екісі компьютерді бірінші кезекте осы мақсатта қолданады? Бұл қандай мақсат? (Ойын ойнау үшін)

  13. $D5 болып жазылған ұяшық адресі қай адрес түріне жатады? (аралас)

  14. «Үш саусақпен шығу» деген компьютерлік жаргонның мағынасы қандай?

  15. Қай белгілі компьютерлік фирманың атын қазақша аударсақ, «кішкентай, жұмсақ» деп аударылады?

  16. Excel ұяшықтарында есептеулер қандай белгіден басталады? (=)

  17. Салмағы 2 г бұл микроқұрылғыны жасау үшін 1,6 кг мұнай, 72 г әр түрлі химикаттар және 32 л су қажет. Бұл қандай құрылғы? (микропроцессор)

  18. Ағылшынның бір қаласы мен 30/30 калибрлі қару және компьютердің бір элементінің арасында қандай байланыс бар? (Олардың барлығы «Винчестер» деп аталады)


Голдфишка

Антивирус - вирусты тауып олардың кері әсерін жоятын программа.

тәсілімен ұйымдастырған анықтамалық мәлімет.

Архив - әдетте, сығылған күйде сақталатын деректер немесе программалар жиынтығы

Байт - 8 биттен тұратын ЭЕМ жадының немесе ондағы деректердің адрестелетін ең кіші көлем бірлігі.

Берілгендерді шығару құрылғылары (монитор, принтер)

Берілгендерді сақтау құрылғысы (стример)

Бит – екілік санау жүйесінің цифры (0 немесе 1 мәнін қабылдайды)

Винчестр-қатты магниттік дискідегі жинақтағышты қараңыз

Гиперсілтеме – түспен ерекшеленген және асты сызылған Web-беттің элементі. WWW-дің басқа құжатына тез орын ауыстыру үшін қолданылады.

Диаграмма – сандық шамалар мен олардың арасындағы қатынастарды геометриялық әдіспен шартты түрде бейнелеп көрсету.

Калькулятор – қарапайым есептеулер жүргізетін сервистік программа.

Колонтитул - өрістің жоғарғы немесе төменгі аймағында орналасатын құжатты ресімдеудің қайталанатын элементі.

Компилятор – программаларды бір тілден екінші тілге аудару үшін пайдаланылатын магиналық программа. Ол программаны орындамастан, машиналық тілге аударады.

Модем – сандық сигналды аналогтық сигнлға айналдыратын компьютерді Интернетке қосу үшін қажет құрылғы.

Пиксель – монитордың экранындағы кез келген көрініс (кескін) түрлі түсті нүктелердің жиынтынан тұрады. Мұндай нүктелерді әдетте пиксельдер деп атайды.

Плоттер – плакаттарды, сызбаларды, электр схемалары секілді күрделі графикалық

объектілерді кең көлемді қағазға басып шығару үшін қолданылады. Плоттерлер қаламұштың көмегімен кескін сызатын векторлық және растрлық болады. Растрлық плоттердің термографиялық, электростатикалық, бүріккіш және лазерлік түрлері бар. Құрылымы бойынша плоттерлер планшеттік және барабандық болып бөлінеді. Барлық плоттерлердің негізгі сипаттамалары, шамамен бірдей: сызу жылдамдығы – 100-1000 мм/с, ең жақсы модельдерінде түрлі түсті кескіндеу мен солғын түстерді де түсіру мүмкіндігі бар

Процессор – машинаның барлық жұмысын басқару үшін және арифметикалық және логикалық операцияларды орындауға арналаған. Процессор компьютердің миы болып табылады. Процессор — көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өңдеу жұмыстарын орындайтын электрондық микросхема. Қазіргі компьютерлерде бір немесе бірнеше процессорлар жұмыс істейді.

Ұя (тор) – электрондық кестенің мәлімет енгізілетін ең кіші элементі. әрбір ұя немесе тор бағана әрпі мен қатар нөмірінен тұратын адреспен анықталады.

Ұяшық – қатар мен бағанның қиылысуында пайда болатын элемент.

Филтрация- деректердің нақты мәндерінің алдын ала қабылданған мәндерге сәйкестігін тексеру.



Жаңа сабақты түсіндіру (30 мин)


Пән: Операциялық жүйелер және есептеу комплексін бағдарламамен қамтамасыз ету

7 тарау. Қолданбалы жүйелер

Курс тақырыбы: №7.3. Кестелік процессорлар

Сабақтың тақырыбы: №11. Электронды кестеде есептеулер

Excel электрондық кестесінің көптеген мүмкіндіктері бар.



Бүгінгі сабағымызда Excel-дің келесідей мүмкіндіктерін пайдаланып көрейік.

  1. Бағалау парағы:

  2. Сөзжұмбақ:

  1. «Сәйкестіктерді анықтау»:

  1. «Жинақтау»:

  1. «Тест»:

  1. «Бизнес жоспар»:


Бүгін біз әдеттегіге ұқсамайтын сабақ өткіземіз. Бәріміз бірігіп, жаңа кәсіпорын ашып көрейік.

Бірнеше жыл бұрын, жеке бизнесті ашуға мүмкіндік пайда болғанда, әр азамат өз ісін ашуға мүмкіндік алды.

Көптеген жаңа бастаушы кәсіпкерлер олардың бизнестегі алғашқы қадамдары қандай болуы керектігін, кәсіпті аяғынан тұрғызу үшін қанша ресурс қажет екендігін және бірінші кезекте қандай тапсырмадан бастау керектігін түсіне бермейді.

Уильям А. Уард былай деген болатын: “Мақсатқа жету төрт қадамнан тұрады: мақсатқа бағытталған жоспар, жан-жақты дайындық, дұрыс әрекеттер, өз дегенінен қайтпау. Оның кеңестерін пайдалана отырып, өзімізің болашақ кәсібіміздің бизнес-жоспарын жасайық. Бұл сендердің бүгінгі сабақтағы міндеттерің болады.

Өз өндірісімізді құруда біз қандай проблемаларға кездесуіміз мүмкін? Қандай екі маңызды сұрақ туындайды?

– 1) Бұл қандай өндіріс орны болады?

– 2) Оның бастапқы кезеңінде және болашақта оған қанша қаржы салу керек?

Екінші кезеңде бұл қаражаттардың неге және қайда кететінін ойластыру қажет. Ал енді, бастапқы салынған қаражаттың қайда жұмсалуы керектігін ойластырайық.

Құрылғыларды сатып алу;
– Орынды арендалау (сатып алу);
– Энергия шығындарын төлеу;
– Ай сайынғы төлемдер (салықтар, төлемдер);
– Тасымалдау құралдарын сатып алу (машиналар).

Бұдан соң сіздердің алдарыңызда өндірісті оптималды жобалау міндеті тұрады. Яғни өз өндірісіңіз сізге табыс әкелу үшін оның жұмысын қалай ұйымдастыруға болады?

Сонымен, ең алдымен, қандай өндірісті ашатынымызды таңдаудан бастайық. Сіздер қалай ойлайсыздар, өндірісті таңдау неге тәуелді?

– Ол, әрине, бастапқы салынған капиталға байланысты. Жоғары технологиялық өндірістерге үлкен шығындар қажет. Ал біз аз шығындарды талап ететін өндіріске тоқталайық та, тоқаш пен пирожное дайындайтын кішігірім кондитерлік цех ашайық.

Біз бүгінгі сабақта өзіміздің өндіріс орнымызды құру және дамытудың бизнес-жоспарын жасауымыз қажет.

Тапсырма №1

Ол үшін келесі тапсырмалардың толық шешімін тауып, оларды пішімдеу қажет.

Есепте келесілерді көрсетулеріңіз тиіс:

Өнім түрі

Пирожное

Тоқаш

Еңбек өнімділігі (сатылған бірлік)



Өнімді сату бағасы (Сауда кірісі)

 

 

Жүзеге асыру құны (Сауда шығысы)

 

 

Шығындар:

 

 

– өнімді өндіруге кететін

 

 

– құрылғыларға кететін

 

 

– жұмыс орнын арендалауға кететін

 

 

– жұмысшылардың жалақысы

 

 

– электр энергиясы

 

 

– салықтар

 

 

Барлық шығын

 

 

Жалпы табыс=(Сауда кірісі-сауда шығысы)

 

 

Таза табыс=Жүзеге асыру (реализация) құны – Шығындар

 

 

Өзіндік жалпы табыс=Таза табыс/Барлық шығын




Кестені қайда жасау керек екені жөнінде ойланыңыздар. Есептеу үшін қандай функциялар қажет?

Сіздердің алдарыңыздан шығатын келесі маңызды проблема - өндірісті оптималды жоспарлау проблемасы. Бұл өте маңызды проблема, себебі оған сіздің өндірісіңіздің табысы тікелей тәуелді. Осы жерде Букер заңын еске алу орынды. Ол былай делінеді: «Тіпті ең кішкентай тәжірибенің өзі үлкен теорияны қажет етеді». Сіздерге осы тапсырманы шешу үшін жақсылап ойлану керек. Бұл тапсырма №2 пакетте берілген.

Тапсырма №2

Өндірістің күндізгі жоспары

Тапсырма: Мектептің кондитерлік цехы тоқаштар мен пирожное шығарады. Қойма көлемінің шектеулі болуына байланысты, бір күнде 700-ден аспайтын өнім дайындау керек. Кондитерлік цехтағы жұмыс күні 8 сағат. Егер тек пирожноеларды шығарсақ, күніне 250 жасауға болады, ал егер тек тоқаштарды шығарсақ, олардың саны күніне 1000-нан аспайды. Өнімнің өзіндік құны белгілі (алдындағы №2 пакеттен). Кондитерлік цехқа максималды табыс түсу үшін қанша тоқаш және қанша пирожное шығару керек екенін есептейтін өндірістің күндізгі жоспарын жасау керек.

Осы тапсырманы шешу үшін қандай құралдарды пайдаланасыз?

– Математикалық жобалау құралдары.

Берілген тапсырманың математиалық моделін және мақсаттық функциясын құру керек.

Есептің шешуі:

Есептің математикалық моделін құрайық.

Жоспарлық көрсеткіштер төмендегідей болады:

Х – тоқаштарды шығару санының күндігі жоспары, У –пирожноеларды шығару санының күндізгі жоспары. Анықтылық үшін пирожноелардың құны тоқаштікінен 2 есе артық деп есептейік. Есептің шартынан бір пирожноеға кететін уақыт бір тоқашты жасауға кететін уақыттан 4 есе артық екені көрінеді. Егер тоқашты өндіруге кететін уақыты t мин деп белгілесек, онда пирожноены жасау үшін 4t мин қажет болады. Яғни, х тоқаш пен у пирожноены өндіруге қажет барлық уақыт келесідей есептеледі:

tх + 4tу = (х+4у)t.

Бірақ бұл уақыт жұмыс күнінің ұзықтығынан аспауы керек. Осыдан келесідей теңсіздік шығады: (х+4у)t

Бір тоқашқа жұмсалатын уақытты есептеуге болады. Күніне 1000 дана шығарылатын болғандықтан, онда бір тоқашты дайындау үшін 480/1000=0,48 мин уақыт жұмсалады.

Осы мәнді теңсіздікке қойып, мынаны аламыз: (х+4у)0,48

Бұдан, х+4у

Өнімнің жалпы санына қойылатын шектеу теңсіздігі келесідей болады: х+4у

Алынған екі теңсіздікке х және у мәндерінің оң сан болулары керек деген шартты қосамыз.

Нәтижесінде келесідей теңсіздіктер жүйесін аламыз:

х+4у

х+у

х=0;

у=0.

Бір тоқаштың құны – r теңге болсын. Есептің шарты бойынша пирожноеның құны 2r болады. Бұдан бір күнде өндірілген өнімнің жалпы құны құны келесідей болады: rх + 2rу=r(х+2у). Жазылған өрнекті х пен у-тің функциясы деп қарастырамыз. Сонда келесідей мақсаттық функцияны аламыз:: f(x,y)= r(х+2у). r – тұрақты болғандықтан, функцияның максималды мәнге (х+2у) өрнегі максималды шамаға ие болса жетеді.

Енді электрондық кестені оптималды жоспарлауды шешу үшін дайындаймыз:

Сонда күндізгі өндірістің келесідей оптималды жоспарын аламыз: 600 тоқаш пен 100 пирожное шығару керек. Осы кезде максималды табыс 1600 теңге болады.


Тапсырма №3

Жылдық қорытынды өнімді есептеңіз:

Айлар

Пирожное

Тоқаш

Барлығы

Қаңтар

45.6

75.8

?

Ақпан

52.1

85.6

?

Наурыз

65.9

92.1

?

1 квартал қорытындысы

?

?

?

Сәуір

96.7

84.3

?

Мамыр

120.8

120.9

?

Маусым

142.9

142.9

?

2 квартал қорытындысы

?

?

?

Жарты жылдық қорытынды

?

?

?

Шілде

154.8

175.8

?

Тамыз

164.3

132.6

?

Қыркүйек

172.5

196.7

?

3 кыартал қорытындысы

?

?

?

9 айдың қорытындысы

?

?

?

Қазан

132.9

186.7

?

Қараша

121.4

152.1

?

Желтоқсан

78.5

56.3

?

4 квартал қорытындысы

?

?

?

2 жарты жылдық қорытындысы

?

?

?

Жылдың қорытындысы

?

?

?


Және жылдық қорытынды нәтижесі 121500-ден кішілер жасыл түспен, ал үлкен мәндер қызыл түспен автоматты түрде ерекшеленетіндей жасаңыз.



Бағалау парағы


Тапсырмалар

Дұрыс жауап саны

Бағасы

Бағалау критерийі

1

Үй жұмысы



Бірінші деңгей –89 балға дейін

Екінші деңгей 95 балға дейін

Үшінші деңгей 100 балға дейін

2

Сөзжұмбақ




3

«Сиқырлы есеп»



1 – 68 балл

2 – 76 балл

3 – 84 балл

4 – 32 балл

5 – 100 балл

4

«Дербес компьютердің құрылымы»



1 – 63 балл

2 – 66 балл

3 – 70 балл

4 – 73 балл

5 – 76 балл

6 – 80 балл

7 – 83 балл

8 – 86 балл

9 – 89 балл

10 – 93 балл

11 – 97 балл

12 – 100 балл

5

«Қателерді анықтау»



1 – 73 балл

2 – 87 балл

3 – 100 балл

6

«Анаграмма»



1 – 67 балл

2 – 71 балл

3 – 77 балл

4 – 84 балл

5 – 90 балл

6 – 96 балл

7 – 100 балл

7

«Сәйкестікті тап»



1 – 73 балл

2 – 87 балл

3 – 100 балл

8

«Гипервикторина»



1 – 63 балл

2 – 66 балл

3 – 70 балл

4 – 73 балл

5 – 76 балл

6 – 80 балл

7 – 83 балл

8 – 86 балл

9 – 89 балл

10 – 93 балл

11 – 97 балл

12 – 100 балл

9

«Тәжірибелік тапсырма»



1 – 67 балл

2 – 71 балл

3 – 77 балл

4 – 84 балл

5 – 90 балл

6 – 96 балл

7 – 100 балл


Үйге тапсырма беру (1 мин)

  1. К.М.Беркінбаев «Информатика» 490-411 бет

  2. глоссарийге терминдер жазу


Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау (2 мин)



Оқытушы Г.К.Мукушова






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!