СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ерлік пен елдіктің өшпес рухы

Категория: Внеурочка

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәуелсіздікке арналған іс-шара. Махамбет пен Исатай Тайман ұлына байланысты.

Просмотр содержимого документа
«Ерлік пен елдіктің өшпес рухы»

ӘЦП отырысында қаралды Бекітемін:

№____ хаттама ______2016 ж директордың ОӘЖ орынбасары

_______________________ ___________ ӘК төрайымы Ғ.Х.Есім Н.А.Нургожина

















«Ерлік пен елдіктің

өшпес рухы»


(Исатай Тайманұлы мен ұлы ақын Махамбетке арналған әдеби кеш)





Жауапты: Садуева А.У.

Мерзімі: 21.09.2016 ж Өткізілетін орны: АКТ залы







Астана 2016 жыл

Ерлік пен елдіктің өшпес рухы


Мақсаты: 1836-1838 жылдардағы азаттық күрестің басшылары Исатай Тайманұлы мен ұлы ақын Махамбеттің күреске толы өмір жолын ұғындыру, тарихи тұлғалардың ұлылығын, қайраткерлігін, ерлік істерін таныту, болашақ ұрпақты Исатай мен Махамбеттің рухы арқылы тәрбиелеу, азаттыққа үндеу, азаттыққа үндеу, Отанды сүюге, ұлтжандылыққа, адамгершілікке, тарихи тұлғалар есімін қастерлеуге тәрбиелеу, бейбіт, тәуелсіз, азат өмірді насихаттау.


Махамбет туралы (Бейне көрініс)


1 Арнау:

(Хойшыбай Айдос)


Уа, халайық, халайық,

Көңілді жырға салайық

Исатай мен Махамбет

Бабамның мен құрметін

Хабар етіп көрермен

Толғап, толғап алайын.

Махамбеттің мерейін

Исатайдың еңбегін

Асқақтату парызым

Елдік пенен ерліктің

Өрлік пенен теңдіктің

Туын қолға ұстаған

Еліменен жерінің

Жырын жырлап толғаған

Махамбеттей бабамның

Ерлігінен үлгі алам.

Елдік пенен ерліктің

Өшпес рухын қолдаған

Қадір тұтқан халқымыз

Ақын мен батырын

Бір басынан байқатқан

Екі бірдей асылын.

Қорлықта жүрген халқыма

Бостандық алып берем деп.

Жанкештілік өр еңбек,

Танытқанын бабамның

Халқы қадір тұтқаны

Махмбеттей бабамның

Исатайдай ағамның

Мерей тойы бүгінгі,

Құтты болсын ағайын

Тойлап жатқан қазақтың.


Өлең: (Бейлхан Мухаметжан ЭҚ - 16) Махамбет «Менің атым Махамбет..» пен

(Каирбеков Адилбек ССМС - 1) Исатай «Ей, Махамбет жолдасым..»


Ж: -Жалынды жырдың көсемі

Ел үшін туған кешегі

Махамбет батыр бабамның

Еңбегі елге еселі.


Ж: Махамбетттің әлі биік еңсесі.

Сол еңседен шығып жатыр ел сесі

Ақын жүрек мәңгі сөнбес жанартау.

Жалын атып тұрар мәңгі өр төсі.


Ж: Бүгінгі кешіміз 1836-1838 жылдары Батыс Қазақстанда болған халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры Исатай Тайманұлы мен елінің азаттық жолында отаршыл озбырлыққа қарсы қасқайып тұра білген ұлы күрескер, һәм батыр, өршіл рухты ақын, дауылпаз Махамбет бабаның өміріне арналады.


Ж: Өзі үшін туып, ел үшін еңбек етуді аңсаған ер ұлдардың қиыннан тоят тілеп, қияға құлаш сермеулері, ел намысын, ер намысын аяққа бастырмау үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей, жауымен арпалысып, жорық жолында өлетіндігіне - әр елдің тарихы, тарихи ерлердің өмірі айғақ.

Ж:

Махамбет - ақын, ұраны болған қазақтың

Толғаулары мен жырлары толы азаттық

Теңдік үшін алысқан ата жауымен

Өр мінездік қанына сіңген қазақтың.


Өлеңдері: «Ереулі атқа ер салмай..» (Қалдыбеков Сүндет ҚӨШ-16)


І көрініс: Генерал-губернатор Шустиковтың кабинеті. Махамбет пен Шустиков әңгімелесіп отыр.

Махамбет: Губернатор, Шустиков мырза, Николай патшаның офицерлерді дарға асқаны қалай, бұл әділетсіздік қой?

Шустиков: Сөзіңде бүлік бар ғой, ақын! Ал, сен декабристер өлеңін естідің бе?

Махамбет: Декабристерің кім?

Шустиков: Әлгінде өзің айтып отырған офицерлер ғой. Николай патшаға қарсы бас көтергендер. Өзің де сол кезде Петербургте болған жоқпысың?

Махамбет: Мен алаңда болғаным жоқ. Тек зеңбіректердің дүмпуін естідім.

Шустиков: Сол офицерлер өз полктарында патша ағзамның жарлығына қарамастан солдаттарды шомполмен дүрелеуден бас тартты. Ал, сенің дәрежесі биік Жәңгір ханның қазір өзінің төлеңгіттерін сол шомполмен сабайтын болыпты деседі ғой, рас па сол?...

Махамбет: Бізде шомпол жоқ.

Шустиков: Шомполдың орнына қамшы жеген, әлдеқайда қатты дүреленген жігіттерді өз көзіммен көрдім. Оларды осында Орынбор базарында сатты.

Махамбет: (шошынған дауыспен): Кім сатты?

Шустиков: Жәңгір хан жасауылдары

Махамбет: Кімге? (қинала орнынан тұрып, ерсілі-қарсылы жүре бастайды)

Шустиков: Бәрібір емес пе, кім алса соған. Князь Волконскийдің бұл туралы арнайы жарлығы бар. Сатып алған қайсақты итке айырбастаймын деседе өз еркі. Қазір тіпті қайсақтарды сатып алғандарға ерекше жағдай жасау мәселесі қаралуда.

Махамбет: Қазақтар өз баласын сатпайды! Салса, тұтқындарын ғана салады саудаға.

Шустиков: Баласын кім өз еркімен сата қойсын, Махамбет Өтемісұлы, әке-шешесіз жетім қалғандар ғой саудаға түсетін. Бұны мен тізімнен білемін. Жерсіз қалған кедейлер Жайықтан өтіп, бізге келеді. Казактар оларды кері қуады. Ауылдағы аман қалғандар жетімдерді сатып күн көруде.

Сахна сыртынан І жүргізуші: Шустиков баяндаған ащы шындық Махамбет өзегін өртейді. Оның құлағына Ақтамберді даусы келеді... Есіне Исатай жазған хат түсті....

(Сахна сыртынан Исатай хаты оқылады) (Бейлхан Мухаметжан ЭҚ - 16)

«Ақын деген – ел еркесі, Махамбет. Бірақ олар халық сүйіспеншілігі мен халық үмітін ақтамаса қарғысқа ұшырайды. Дала дәстүрі осындай. Қазтуған да, Шалкиіз де, Жиенбек те, Тәттіқара да, Бұқар жырау да – осы ақындардың ешқайсысы да өмір бойы ханды жырлап, иханды мадақтап өмір кешкен жоқ».


Ж: Исатай 1838 жылдың 12 шілдесінде мерт болады. Тарихта бұл соғыс «Ақбұлақ соғысы» деген атпен қалды. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтерілістің орасан зор тарихи маңызы болды.

Ж: Бұл патша үкіметі құрған жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қазақтардың отаршылдыққа қарсы ірі баскөтеруі еді. Оның ұлт-азаттық сипаты басым болды.


Өлең: «Қызғыш құс пен Мінгені Исатайдын ақтабаны-ай».

(Кумсбек Наурызбай ЭГД-26)

Видео: Махамбет туралы


Өлең: «Бұл дүниенің жүзінде...» (Ормалдаев Нұрсерік)


ІІ көрініс: Бір топ адам шығады: 2 ақсақал, әйелдер, 2-3 жігіт, балалар.

Махамбет: Ассалаумағалейкүм, ақсақал! Қайда барасыңдар, шұбырған ізге көп кездестім?

Ақсақал: Көктемнен бері көшумен келеміз. Ата-бабамыздан бері жайлап келе жатқан жеріміз бір атаманға ұнаған екен, енді қай арадан барып, ошақ қазарымыз белгісіз. Еділге жетіп едік, «патша жері» деп әрі жібермеді, Жайыққа барып ек, одан да өткізбеді. Жер қазақтікі болғанмен қамал құрып, бөлшектеп тастапты ғой түге. Шекарадан өтуге болмайды дейді. Енді бізге бірақ жол қалды; ол – құмға барып паналау. Қолымызда түгіміз жоқ; астан да, малдан да жұрдаймыз. Рақым етсеңіз, азық берсеңіз. (Әйел балалар жылайды)

Махамбет: Еңсеңізді көтеріңіз, ақсақал! Қолда не бар, бәрін береміз. Жігіттер, дорбаларды, аттарды берейік.

Ақсақал: «Түсі игіден түңілме» деген бабамыз, Құдай өзі жіберген періштем едің. Ныспың кім, қарағым?

Махамбет: Жай ғана ақын Махамбетпін!


Өлең: (Қалдыбеков Сүндет ҚӨШ-16) «Хан емессің...»

«Баймағанбетке айтқаны» (Тұраров Сейілбек АЖД -22)

«Мен мен мен едім...» Кемел Тілектес ҚӨШ - 16

Ж: Исатай мен Махамбеттің Жәңгір ханға қарсы болуы, жауласуы, Хан ордасын шаппақ болған әрекеті - тарихи шындық. Көтерілістің шығуы да, жеңілуі де шындық және заңды.

Ж: Тәуелсіз қазақ елінің мәңгілік болашағы тұрғысынан қолға ұстар ұранымыз –Исатай мен Махамбеттің жанкешті батырлық рухы.


Өлең:

«Күн қайда» (Әсет Надиль АЖД -22)

Ж: Махамбет пен Исатайдың қазақ ұлтының ұлтсыздануына жол бермеген ерен ерліктері ұлт есінен мәңгі өшпейді.

«Ел намысын ер қорғайды, Ер ерлігін ел қорғайды» деген мақал әрбір қазақ баласына айтылған бойтұмары болуы тиіс.

Ж: Міне, осындай батыр бабаларымыздың арқасында біз тәуелсіздікке қол жеткіздік. Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. Батыр бабаларымыз білектің күшімен, найзаның ұшымен ұлтарақтай жер үшін шайқасты, сол бабаларымыздың аманатын іске асыратын –сендер!

Сондықтан, Тәуелсіздігіміз ұзағынан болып, көк туымыз аспанымызда қалықтай берсін!

Ән «Көк тудың желбірегені»


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!