СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ертегілер әлемі тех карта

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Сөйлеуді дамыту "Ертегілер әлемі" тех карта

Просмотр содержимого документа
«Ертегілер әлемі тех карта»


Жұлдыз» ІІ кіш тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Күні: 23.11.2016ж.

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Ертегілер әлемі»

Мақсаты: Ертегі мазмұнын түсіндіру. Ертегі мазмұнын айтқызу арқылы сөздік қорын молайтып, тілін дамыту. Ертегідегі кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы балаларды тап­қыр­лыққа, мейірімділікке, достыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: интерактивті тақта арқылы ертегі көрсету.

Қостілділік компонент: қасқыр-волк, ешкі-коза.


Оқу қызметінің

кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Балаларға шеңбер болып тұруды ұсынады.


Амансың ба, алтын Күн!

Амансың ба, Жер-ана!

Амансың ба, достарым!

Сендерді көрсем қуанам.


Қонаққа ертегілер елінен қоржынын арқалап Алдаркөсе келеді.

Тәрбиешімен бірге сәлемдесу рәсімін жасап, жылы тілектерін айтады.


Ертегілер елінен келген Алдаркөсемен амандасады.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

Ертегілер елінен келген Алдаркөсе балалардан қандай ертегілерді білетінін сұрайды.

Алдаркөсе балаларға «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісін ұсынады.

12 демонстрациялық материал.

Тәрбиеші балаларға «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісінің мазмұнын сюжетті сурет арқылы әңгімелеп береді, мазмұнын түсіндіреді. (Интерактивті тақта арқылы ертегіні көрсетеді).

Ертегідегі қасқырды сипаттайды, оның іс-әрекетін, жауыздығын, ал лақтардың тапқырлығы туралы әңгімелейді.

Балалармен сөздік жұмысын жүргізу.

Қасқыр-волк, Ешкі-коза.

Жағдаят шешу

«Лақтардың орнында болсаңдар, сендер не істер едіңдер?» деген сұрақ қою арқылы балалардың жауаптарын тыңдайды, қорытындылайды.

Сергіту сәті:

Шөре-шөре, лағым,

Тентек болма, шырағым.

Секеңдеме, деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың.

(І. Жансүгіров).

12 үлестірмелі материалмен жұмыс.

Лақтарды қасқырдан құтқаратын жолды тапқызу.

Балалар «Бауырсақ», «Шалқан», «Лақтар мен қасқыр» т.б. ертегілерді білетіндерін айтады.


Мұқият тыңдайды,

ертегі желісі бойынша

сұрақтарға жауап береді.

Қасқырды сипаттайды.





-Қасқыр-волк.

-Ешкі-коза.


Лақтардың орнында өздері болса, не істейтіндерін айтады.



Өлең мазмұнына сай қимылын салады.

Балалар дұрыс жолды тауып белгілейді.

Қимылмен көрсетеді.


Лақтарды қасқырдан құтқаратын жолды табады.

Рефлексиялық-

түзетушілік

Балаларға ертегі кейіпкерлерін сипаттату, сұрақ-жауап арқылы ертегінің мазмұнын бекіту.






Өз іс-әрекеттерін әңгімелейді.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: үй және жабайы жануарларды ажыратуды;

Игереді: ертегі кейіпкерлерін сипаттауды;

Меңгереді:ертегіні қысқаша әңгімелеуді.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!