СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Күнтізбелік тақырыптық жоспар 7 сынып

Просмотр содержимого документа
«Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ





Ашық сабақ тақырыбы:

«Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер»







География пәнінің мұғалімі: Калиева Гулнар Тураровна

Сыныбы: 7 «Е»

Семей, 2017 жыл

Сабақтың тақырыбы

Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер.

Сілтеме

Күнтізбелік –тақырыптық жоспар 7-сынып. Ә.Бейсенова,С. Абильмажинова , К.Каймулдинова География. Материктер мен мұхиттар

Жалпы мақсаттар:

  • Төменгі сыныптар мен өткен тақырыптарда алған білімдерді (мұхиттар мен теңіздер) еске түсіре отырып жаңа тақырыпқа бағыттау;

  • Оқушылардың топта ж/е жұпта жұмыс істеу дағдыларының дамуына жағдай жасау;

  • Материктің жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер туралы білу;

  • Еуразия материгіне мұхиттардың әсері туралы білу;

  • Мұхиттарға сипаттама бере алуы.

  • Картамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

  • Өзін-өзі бағалау, өзара бағалауды жүзеге асыруға көмектесу;

Оқыту нәтижелері н/е күтілетін нәтижелер:

Материктің жағалауындағы мұхиттар мен теңіздерді анықтай алады, мұхиттарға сипаттама бере алады, Еуразия материгіне мұхиттардың әсерін біледі. Картадан көрсетеді.

Негізгі идеялар:

Мұхиттар, теңіздер, мұз қамаулары, тайфундар, цунами, су тұздылығы, су температурасы.

Әдіс-тәсілдер:

ЖИГСО,топтық жұмыс,жұптық жұмыс,

Ресурстар н/е құрал-жабдықтар:

Интерактив тақта, 7-сынып оқулығы, дүние жүзінің физикалық картасы, атлас 7-сынып,таратпа материалдар.

Тапсырмалар н/е жаттығулар: ().


Ұйымдастыру кезеңі

Топтарға бөліп отырғызу. (2 мин).

Берілген сөздерден мақалдар құрастыру арқылы 3 топқа бөлу, 3-топтікі жұмбақ , сол жұмбақты шешу арқылы сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату.

Үй тапсырмасын тексеру сұрақтары. (10 мин). Сұрақ-жауап.

Жаңа сабақ: «Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер.»

Оқушылардың өздеріне жаңа сабаққа мақсат қойғызу.

1-тапсырма: топта «Картамен жұмыс істеу». Еуразия жағалауындағы мұхиттар, олардағы теңіздерді картадан тауып жазу.

Атлант мұхитының теңіздері:...................................................

СММ-ның теңіздері:...........................................................

Тынық мұхит теңіздері:..............................................................

Үнді мұхит теңіздері:..................................................................

2-тапсырма: ЖИГСО әдісі бойынша әр топқа бір мұхитты оқып шығу, келесі топқа барып түсіндіруі.(Бүгін 3 топ қана болғандықтан төртінші Үнді мұхитын өз қалауларымен түсіндіргісі келетіндеріне бердім, жақсы оқитын Аян мен Дидар түсіндіріп береміз деді.)

Жаңа сабақтың таныстырылымы

Евразия жағалауын барлық 4 мұхит суы да шайып жатыр.Жағалауы күшті тілімденіп, теңіздер, шығанақтар, бұғаздар жүйесін құрайды.

Атлант мұхиты-Гольфстрим ағысы әсерінен С-Б-тағы сулар қатпайды.Қысы арктикалық белдеуде де жұмсақ,әрі ылғалды.Жерорта теңізі табанында бірнеше литосфералық тақта түйісетіндіктен жанартау атқылау,жер сілкіну жиі болады.Суы жылы,тұздылығы- 370/00.Табиғат ресурстары алуан түрлі: минералдық, биологиялық, рекреациялық,көліктік.Мұхит мұнай өнімдерімен қатты ластанған.

СММ-ауданы ең кіші,ең суық,ең таяз,ең тұщы мұхит.Ең үлкен Норвег теңізі,ең кішісі Ақ теңіз.Ең терең жері-5527м-Гренланд теңізі.Табиғатының басты ерекшелігі-2-4м мұз жамылғысының болуы,10-12 м мұз қамауларының болуы.

Тынық мұхиты-Евразияның шығысында муссондық климат қалыптастырады. Тайфундар,цунами жиі болады.Су t-сы полюстерде -10-тан экваторда + 290-қа дейін жоғарылайды.

Үнді мұхиты- ең тұзды,ең жылы мұхит, + 340 Парсы шығанағында,410/00 Қызыл теңізде.Мұхит минералды ресурстарға бай.

Блум таксономиясына сәйкес бекіту сұрақтары: 1.Еуразия қандай мұхиттармен шектеседі? 2.Қай жағында қандай мұхит орналасқан? 3. Әр мұхиттың басты ерекшелігін анықтаңыз. 4.Еуразияға мұхиттардың қаншалықты әсер ететіндігін айтыңыз? 5*.Еуразияның батыс жағалауынан шығыс жағалауына теңіз саяхатын жасаңыздар.

3-тапсырма: Негізгі идеяларды түртіп алу. 5 мин.

Рефлексия. «Бүгінгі сабақтан алған әсерім».

Меңгеруін формативті бағалау

Келесі тапсырмалар:

Ү/т § 15 оқуға, к/к-ға мұхиттар мен теңіздерді түсіру. Шығармашылық жұмыс: «Мұхиттар» хабарлама дайындап келу.

Оқуға арналған тапсырмалар:

Интернеттен,Wiki беттерінен мұхиттар туралы деректер жинақтау. Хрестоматия.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!