Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ
Грамматика әлеміне саяхат
оқу-әдістемелік кешені
Қостанай қаласы, 2014 жыл
Рецензенттер: Беркенова Г.С., МБОТТ кафедрасының аға оқытушысы,
педагогика ғылымдарының кандидаты;
Альшанова Б.Х., БҮППҚ кафедрасының аға оқытушысы,
философия ғылымдарының кандидаты.
Құрастырғандар: Жалелова Гаухар Жапаровна,
Италмасова Айгүл Задыкерееовна Аманкелді ауданы
Ы.Алтынсарин және Б.Қолдасбаев атындағы мектептерінің
бастауыш сынып мұғалімдері;
Бекмаганбетова Г.К., «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай
облысы бойынша ПҚ БАИ» МБОТТ кафедрасының аға
оқытушысы
3-сыныптың қазақ тілі бойынша таңдау курсына арналған «Грамматика әлеміне саяхат» атты факультатив сабағы «Сатылай кешенді талдау» технологиясы бойынша оқу құралы құрылды. Бұл технология дидактиканың мынадай ұстанымдарына сүйенеді: өзін-өзі дамыту, жеке пәндік, сыныптық-сабақтық, топтық, ұжымдық оқыту тәсілі, тұлғаларға бағдарланған, ынтымақтастық педагогикасы, еркін тәрби, дамыта оқыту, ізденушілік, өздігінен дамыта оқыту, шығармашылық, диалогтық, ойындық болып табылады.
1 – сабақ.
Тақырыбы: Дыбыстар әлеміне саяхат.
Мақсаты:Жалпы дыбыстар туралы мағлұмат беру, шартты белгілермен таныстыру.
Дыбыстар
Дауысты Дауыссыз
1
2 (а,ә,е,э,о,ө,ұ,ү,ы,і,и) 24 (б,в,г,ғ,д,ж,з,к,қ,р,л,м,н,ң,п,
Бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ)
шыққан ауа ауыз қуысында ешбір бұл дыбыстарды айтқанда
кедергіге ұшырамай, ауа еркін шығады өкпеден шыққан ауа ауыз
қуысында түрлі кедергіге
ұшырап,ауа қысылып шығады
А) Фонетикалық шартты белгілер:
O – жалпы дыбыс
-
д
ауыссыз дыбыс
-
ж
оқ деген белгі
а
.б. - - ашық буын
т
.б. - - тұйық буын
б
.б. - - бітеу буын
2 – сабақ.
Тақырыбы: Дауысты дыбыстардың жіктелуі.
Мақсаты:Дауысты дыбыстардың тілдің,жақтың ашылу дәрежесіне қарай, ерін мен езудің қатысына қарай жіктелуі туралы түсінік беру.
а) Тілдің қатысына қарай:
1
2 ═
+ и, у
С
ебебі, бұл дыбыстарды айтқанда тілдің ұшы сәл артқа қарай тартылып, үсті сәл дөңестенеді.
Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда тілдің ұшы сәл алға қарай созылып, үсті
сәл төмендейді.
Бұл дыбыстар сөз ішінде келгенде бірде жуан, бірде жіңішке болып келеді.
ә) Жақтың ашылу дәрежесіне қарай:
1
2 ═
Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда жақ кең ашылып, ауа еркін шығады
Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда жақ жартылай ашылып, ауа еркін шығады
Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда жақ тар ашылып ауа қысылып шығады
б) Ерін мен езудін қатысына қарай:
1
2 ═
Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда ерін дөңгеленіп, алға қарай сүйірленеді
Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда ерін жиырылып, езу артқа қарай тартылады
2 – тапсырма. Өлеңді мәнерлеп түсініп оқы.
Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам төрде әлемге таңылды анық.
Шырқадым Әнұранды бар дауыспен
Арманым – Ата Заңым қабылданып
(Қанат Төлеубаев)
Үлгісі:
Берілгені: Әнұранды деген сөзде қанша дыбыс бар, оның нешеуі дауысты нешеуі дауыссыз екенін бізден сұрайды.
О
л былай өрнектеледі:
Б
ерілгені: Әнұранды ═ 0 ═ —— ═ ?
Шешуі: Әнұранды сөзінде сегіз дыбыс бар. Оның төртеуі – олар: ә,ұ,а,ы дауысты дыбыстар.
Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешбір кедергіге ұшырамай ауа еркін шығады. Төртеуі - олар: 2 н, р, д дауыссыз дыбыстар. Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап, ауа қысылып шығады.
Ол былай өрнектеледі:
Шешуі: Әнұранды ═ 8 о ═ ———
а) Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстын біреуі ол: ә тіл алды немесе жіңішке дауысты. Себебі, бұл дыбысты айтқанда тілдің ұшы сәл алға қарай созылып, үсті сәл төмендейді. Үшеуі – олар: ұ,а,ы – тіл арты немесе жуан дауыстылар. Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда тілдің ұшы сәл артқа қарай тартылып, үсті сәл дөнестенеді.
Ол былай өрнектеледі:
4
═ —
ә) Жақтың ашылу дәрежесіне қарай:
Төрт дауысты дыбыстын екеуі – олар: ә,а ашық дауыстылар. Екеуі – олар: ұ,ы қысаң дауыстылар.
Ол былай өрнектеледі:
4
═ —
б) Ерін мен езудін қатысына қарай:
Төрт дауысты дыбыстың үшеуі – олар: а,ы,ә езулік дауыстылар.
Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда ерін жиырылып, езу артқа қарай тартылады. Біреуі – ол: ұ еріндік дауысты дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айтқанда ерін дөңгеленіп, алға қарай сүйірленеді.
Ол былай өрнектеледі:
4
═ —
3 – сабақ.
Тақырыбы: Адасқан дыбыстар.
Мақсаты:Дауысты дыбыстардың жіктелуі туралы берілген тапсырмаларды орындау орындату арқылы ,алған білімдерін пысықтау
-
Күз түсті, тырмалар жылы жаққа ұшты.
Ешкі егіз бақ тапты. Балалар оны күтіп бақты.
Марат мектептен келіп жем алды.
Анасы берген тарақты,
Тойғанынша жеп алды.
-
Мысалдағы қарамен жазылған сөздердегі әріп қателерін тауып, м, р, л, н әріптерінін тиістісін қойып жаз.
-
Асты сызылған сөздегі дауысты дыбысқа мінездеме бер.
Е
-
Б
ұл – дауысты дыбыс. Себебі...
-
Тілдің қатысына қарай –
3.Жақтың ашылу дәрежесіне қарай –
4.Ерін мен езудін қатысына қарай –
-Мысалдағы төрт буынды сөзді тап, буынға бөліп дауысты дыбыстардың астын сыз.
-
Сөз моншақты жалғастыр:
ү
н
к
2) Дауысты дыбыстардан басталған сөздерді теріп жаз.
4 – сабақ.
Тақырыбы: Жуан буынды сөздер
Мақсаты Жуан буынды сөздерге математикалық тәсілмен дыбыстық талдау жасау.
:
1.Жұмбақты оқып, шешуін тап:
Қумайды көбелек
Тауды шарлап жебелеп
Аралайды орманды,
Ұста құсап керемет
Күні бойы тынбайды
Әр ағашқа шегелеп.
(...)
-Жұмбақтың шешуіндегі сөз қалай айтылады?
-Сөздегі дауысты дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме бер:
Б
ерілгені: Тоқылдақ ═ о — ═ ?
Шешуі:
а) Тілдің қатысына қарай:
ә) Жақтың ашылу дәрежесіне қарай:
б) Ерін мен езудін қатысына қарай:
2. «та» буынына аяқталған екі буынды сөздерді тап:
-
Берілген сөздердің бірінші дыбысын өзгерту арқылы жаңа сөз жаса:
Бала - Құлақ - Тау -
Сөз - Шатыр - Тас –
5 – сабақ.
Тақырыбы: Жіңішке буынды сөздер
Мақсаты :Жіңішке буынды сөздерге дыбыстық талдау жасау.
:
1.Суретті сөзге айналдырып, мәтінді оқы. Мәтінге ат қой.
дегеніміз – жұлдыз. Балқып қызған, үлкен газды шар. Ол өте ауыр.
ү
1. Бұл – дауысты дыбыс. Себебі...
2. Тілдің қатысына қарай –
3. Жақтың ашылу дәрежесіне қарай –
4.Ерін мен езудін қатысына қарай –
2. а) Мақалдарды жалғастырып жаз:
ә) Мақалдардағы жіңішке айтылатын сөздерді буынға бөліп жаз.
6 – сабақ.
Тақырыбы: Білімінді ұштай түс.
Мақсаты: Сөздерді дұрыс тасымалдауға үйрету,тапсырмалар орындау барысында алған білімдерін ұштай түсу
Тасымал.
Жолға сыймай қалған сөздiң бөлiгiн келесi жолға көшiрудi тасымал дейдi. Сөздер тек буын жiгiмен тасымалданады.
Мысалы: Ке-ре-ге, кере-ге.
Тасымалдауға болмайтын жағдайлар.
-
Бiр дауысты дыбыстан тұрған ашық буынды тасымалдауға немесе жолда қалдырып кетуге болмайды (ә-ке , а-та)
-
Бiр буыннан тұратын сөздердi тасымалдауға болмайды (қант, төрт, бұлт)
3.Қысқарған сөздердi тасымалдауға болады ( Қ.Р)
4.Адам атының қысқартылып алынған әрпiн фамилиясынан айырып екiншi
жолға көшiруге болмайды (А. Құнанбаев. О. Әуезов.)
5 Сандарды өлшем бiрлiктерiнен айырып тасымалдауға болмайды ( 15см.,
20см., 100 ға.)
-
Сөздерді буынға бөліп дауысты дыбыстардың астын сыз:
Апа, әже, қала, қауын, дауыл, қияр, ою, қоңырау, желтоқсан, бауырмал.
Б
ерілгені: Желтоқсан ═ — ═ ?
Шешуі:
а) Тілдің қатысына қарай:
ә) Жақтың ашылу дәрежесіне қарай:
б) Ерін мен езудін қатысына қарай:
2. Сөздердің тасымалдану түрлерін жалғастыр:
О – қу – шы - лар Те - ле – ди - дар
-
Оқу – шылар Те – ледидар
-
...
-
...
-
Тасымалдауға болмайтын сөздерді ойлап жаз.
-
Қағида оленді түсініп оқы, жаттап ал.
Бес бақыт
-
Астыңдағы атың жүрдек болса,
Жалғанның пырағы.
-
Алған жарың жақсы болса,
Үй - ішің мен достарыңың тұрағы.
-
Әке асқар тау.
-
Шешең қайнар бұлақ.
-
Балаң жақсы болса,
Екі көзіңнің шырағы.
7 – сабақ.
Тақырыбы: Фонетика жыр жолдарында.
Мақсаты: Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқуға қалыптастыру, тасымалданбайтын сөздерді анықтау
-
Өлеңді түсініп оқы, мазмұнын өз сөзіммен баянда.
Гүл қадірін біл, балам,
Гүл – көктемнің, гүл – әннің,
Гүл – үкілі бұлағын.
Гүл – мәңгілік жүздесем,
Гүлді, балам, үзбе сен.
Гүл қадірін білмесең,
Жер қадірін білмес ең.
М.Хакімжанова.
- Тасымалданбайтын сөздердің астын сыз.
- Жыл мезгілін білдіретін сөздегі дауысты дыбыстарға математикалық мінездеме бер.
Берілгені:
Шешуі:
а) Тілдің қатысына қарай:
ә) Жақтың ашылу дәрежесіне қарай:
б) Ерін мен езудін қатысына қарай:
2. «Ұйқасын тап» ойыны.
Ой маржанын тере білген
Әр жазушың, әр ақынның
Әр сөзіңді емемін мен
Ана сүті – (...) (Ана тілім)
Тіл ырысың, өрісің де,
Тіл көктегеі ғажап күнің.
Ғажап күнсің
Мен үшін де,
Бабам тілі ... (Қазақ тілім)
3.Ребус. Қоямыз.
8 – сабақ.
Тақырыбы: Ой жинақта, талдаумен.
Мақсаты: Дауысты дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру
-
«Бұл қай әріп» ойыны.
Көлденең таяғы бар (А)
Әлде шеңбер ме,
Мұны соққан ұста ма,
Әлде зергер ме? (О)
Ж
А
ұмбақтың шешуіндегі дауысты дыбыстарға дыбыстық мінездеме бер.
1. Бұл – дауысты дыбыс. Себебі...
2. Тілдің қатысына қарай –
3. Жақтың ашылу дәрежесіне қарай –
4.Ерін мен езудін қатысына қарай –
2. Жұмбақтарды шеш:
Аузы мұрны жоқ отау.
(...)
Қараңғыдан қорқады.
(...)
Жұмбақтардың шешуіндегі сөздердің тасымалдану түрлерін көрсет.
- -
1) ... -
2) ... -
3) ... –
9 – сабақ.
Тақырыбы: Дауыссыз дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру.
Мақсаты:Дауыссыз дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру
-
д
ауыссыз дыбыстар
а) Үн мен салдырдын қатысына қарай:
2
4 ═ ?
-
Себебі, бұл дыбыстар тек салдырдан тұр
-
Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда үннен гөрі салдыр басым
-
Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда салдырдан гөрі үн басым
ә) Айтылу (жасалу) тәсіліне қарай:
2
4 ═ ?
-
Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда дыбыстау мүшелері бір-біріне қатты соқтығысып, ауа кілт үзіліп, шұғыл шығады.
-
Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда дыбыстау мүшелері бір-біріне жуысып, ауа сүзіліп шығады.
-
Себебі, бұл дыбысты айтқанда дыбыстау мүшелері бір-біріне соқтығысып, ауа дірілдеп шығады.
-
Себебі, бұл дыбысты айтқанда ауа ауыз арқылы шығады.
-
Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда ауа мұрын арқылы шығады.
б) Жасалу орнымен дыбыстау мүшелерінің қатысына қарай:
24 ═ 3 (б,п,м) ерін + 4 (з,с,ж,ц) тіс + 2 (в,ф) ерін мен тіс + 6
(л,н,р,ш,щ.ч) тіл алды + 2 (к,г) тіл ортасы +
4 (қ,ғ,ң,х) тіл арты
+
2 (т,д) тіл мен тіс + 1 (һ) көмей .
10 – сабақ.
Тақырыбы: Сөз сиқырын ұға біл
Мақсаты:Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту,дауыссыз дыбыстарға талдау жасау
1.Шарадалар.
Оңға қарай
Оқысан да – бір халық.
Солға қарай ,
Оқысан да – бір халық.
Бір буыным – құс
Бір буыным – түс. (Қазақ, қаз, ақ)
Екі жағым «Н» болса,
Қасиетті тамағыңмын
Екі жағым «А» болса,
Ең қадірлі адамыңмын. (Нан - ана)
ә) Қазақ сөзіндегі дауыссыз дыбыстарға мінездеме бер.
Б
ерілгені: Қазақ ═ о ═ — ═ ?
Шешуі: 5 о ═ ——
а) Үн мен салдырдың қатысына қарай: үш дауыссыз дыбыстың екеуі – олар: 2 қ қатаң дауыссыздар. Себебі, бұл дыбыстар тек салдырдан тұр; біреуі – ол з ұяң дауыссыз дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айтқанда үннен гөрі салдыр басым.
Ол былай өрнектеледі:
3
═
ә) Айтылу, жасалу тәсіліне қарай үш дауыссыз дыбыстын екеуі – олар 2 қ шұғыл дауыссыздар. Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда дыбыстау мүшелері бір-біріне қатты соқтығысып, ауа кілт үзіліп, шұғыл шығады. Біреуі ол – з ызың дауыссыз. Себебі, бұл дыбысты айтқанда дыбыстау мүшелері бір-біріне жуысып, ауа сүзіліп шығады.
Ол былай өрнектеледі:
3
═
б) Жасалу орнымен дыбыстау мүшелерінің қатысына қарай:
3
дыбыстың екеуі – олар 2 қ – тіл арты дауыссызы, біреуі – ол з тіс дауыссызы.
11 – сабақ.
Тақырыбы: Ұшқыр ой алға жетелейді.
Мақсаты:Оқушылардың дыбыстардың жіктелуі туралы алған білімдерін пысықтау,шапшаң, тез ойлауға қалыптастыру
-
Дауыссыз дыбыстарға дыбыстық мінездеме беру.
Д,С,Н
-
Бұл - дауыссыз дыбыс. Себебі, ...
-
Үн мен салдырдың қатысына қарай - ...
-
Айтылу, жасалу тәсіліне қарай - ...
-
Жасалу орны мен дыбыстау мүшелерінің қатысына қарай - ...
2.Сөзжұмбақты шеш. Көп нүктенін орнына тиісті дауыссыз дыбыстарды қойып жаз.
Ас атасы - ... а ...,
1,2,3,4,5 - ... а ... .
Адамда бар екі ... о ... .
Өзен емес - ... ө ... .
Көлік жүретін ... о ...
Буыннан құраймыз ... ө ... .
3.?
12 – сабақ.
Тақырыбы: «Кім көп біледі» ойыны (топтық жұмыс).
Мақсаты: оқушылармен топтық жұмыс жасау барысында достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
(Оқушыларды екі топқа бөліп, топтың атын қойғызу).
1 - топ.
Сүттт
2 – топ.
Жүн
Қорытынды: Екі көп ұпай жинаған топты мадақтау.
13 – сабақ.
Тақырыбы: «Ойлан, орнына қой» (адасқан сөздер) ойыны.
Мақсаты:Оқушылардың сөздерді дұрыс қолдана білу қабілеттерін дамыту,сөздерден сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру
1.Орын ауысқан сөздерден сөйлемдер құрау.
-
Бойына, ағаштар, көше, отырғызылған.
-
Әуежай, сыртында, орналасқан, қаланың.
-
Саябақ, бар, мектептің, қасында.
-
Үйлер, жаңа, саябақ, салынған, қасынан.
2.Жұмбақты оқы. Шешуін тап.
Ақ лағым арық еді
Кеше ғана сымпиған.
Әжем бір күн бағып еді,
Семіз болды бұлтиған
(...)
-Жұмбақтың шешуіндегі сөздің дауысты және дауыссыз дыбыстарына математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме бер.
Б
ерілгені: о — ═ ?
Шешуі:
а) Тілдің қатысына қарай:
ә) Жақтың ашылу дәрежесіне қарай:
б) Ерін мен езудін қатысына қарай:
а)Үн мен салдырдын қатысына қарай
ә)Айтылу, жасалу тәсіліне қарай
б)Жасалу орны мен дыбыстау мүшелерінің қатысына қарай.
14 – сабақ.
Тақырыбы: Білгенге маржан!
Мақсаты:Оқушыларға өз бетінше жұмыс жасату арқылы теориялық ойлау қабілеті мен сөйлеу тілін дамыту
1.Қайсысына не керек?
Қыранға ... тау керек.
Бұлбұлға ... бау керек.
Балыққа ... көл керек.
Батырға ... ел керек.
Осыны білген қор болмас,
Осыны білген ел зерек!
Керекті сөздер: туған, мөлдір, қия, жасыл.
2.«Жеті қазынаны» есіңе сақта.
1.Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ақыл, білім. 4. Жүйрік ат. 5. Қыран бүркіт. 6. Берен мылтық. 7. Жүйрік тазы.
-Асты сызылған сөзге математикалық тәсілмен мінездеме бер.
3.Ребусты шеш.
15 – сабақ.
Тақырыбы: Практикалық жұмыс.
Мақсаты: Оқушылардың жалпы дыбыстарға дыбыстық мінездеме беруден алған білімдерін қорытындылау
Метеграммалар
А) «Теңізде» жоқ «Өмірде» жоқ, «Тауда» жоқ,
«Балықта» бар «Өңірде» бар. «Таста» бар.
«Семізде» жоқ, «Ауырда» жоқ, «Жауда» жоқ
«Арықта» бар. «Жеңілде» бар. «Доста» бар.
Шешуі: А,Ы,Қ,ң,І,С.
Тандаған дыбыстарға дыбыстық талдау жаса.
1 1
2 2
3 3
-
4
2.«Өрмекші торына ілініп қалған әріптерді орнына қой» ойына.
ы, і, ү, ұ
...рімшік т...лкі б...ркіт сег...з
б...тақ м...с...қ б...лақ өр...к
т...йме си...р ж...зім ш...н
-
«А» дыбысынан басталатын қала аттарын жаз
16 – сабақ.
Тақырыбы: Сөзсазындық талдау.
Мақсаты:Сөзге сөз сазындық (фонологиялық) талдау жасауды үйрету
1.Айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай:
жуан, жіңішке, аралас буынды сөздер.
2.Буын:
Сөз
а) ашық (а,б). Дауыссыздан басталып дауыстыға аяқталады
ә) тұйық (т,б). Дауысты дыбыстан басталып дауыссыз дыбысқа бітеді.
б) бітеу (б,б). Дауыссыздан басталып дауыссызға аяқталады.
3.Тасымал
4.Буын үндестігі
5.Дыбыс үндестігі.
1.«Батыр» сөзіне сөзсазындық талдау жасау.
БАТЫР
1.Бұл сөз айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай жуан буынды сөз.
Себебі, сөздің құрамындағы дауысты дыбыстар жуан дауыстылар.
2.Бұл сөз: ба – тыр болып екі буынға бөлінеді. Себебі, сөздің құрамында екі дауысты дыбыс бар. –ба- буыны ашық буын. Себебі, буын дауыссыз дыбыстан басталып дауысты дыбысқа аяқталып тұр. –тыр- буыны бітеу буын. Себебі, буын дауыссыз дыбыстан басталып дауыссыз дыбысқа аяқталып тұр.
3. Бұл сөз:
Ба - болып бір жағдайда тасымалданады. Себебі, сөз екі буыннан тұр немесе сөз буын
жігіне сәйкес тасымалданған.
тыр
Жолға сыймай қалған сөздің бөлігін жолға көшіруді тасымал дейді. Сөздер тек буын жігінен тасымалданады.
4. Бұл сөзде буын үндестігі жоқ. Себебі, бұл түбір сөз.
5. Сөзде дыбыс үндестігі де жоқ. Себебі, түбір сөз жоқ.
2. Кестені толтыр.
| Мысалдар | Үндестiк заңына бағынбайтын косымша | Буын үндестiгi | Дыбыс үндестiгi |
| | А | Ә | Б |
1 | Өнерпаз | + | | |
2 | Әжелер | | | |
3 | Есептер | | | |
4 | Баламен | | | |
17 – сабақ.
Тақырыбы: қызықты ребустар ойыны.
Мақсаты:Оқушыларға ребустар шешкізу, сөздерге сөзсазындық талдау жасату
-Ребустың шешуіндегі аралас буынды сөзге сөзсазындық талдау жаса.
Ақбөкен
1.Бұл сөз айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай - ...
Себебі: ...
2.Бұл сөз: ақ-бө-кен болып ...
Себебі: ...
3.Бұл сөз: ақ болып ...
бө
кен
Себебі: ...
2.Артық болмас білгенің. Мәтінді оқып, есіңе сақта.
Ақбөкен.
Ақбөкен – шөлге өте төзімді, әрі жүйрік, ақылды жануар. Тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, басы үлкен, күйіс қайыратын түз жануары. Ақбөкендер сағатына алпыс – жетпіс шақырым жылдамдықта ұзақ жүгіре алады.
18 – сабақ.
Тақырыбы: «Сөзден сөз шығар» ойыны.
Мақсаты: тапсырма орындау барысында оқушының ой-өрісін дамыту, шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ету
1. а) Өлеңді мәнерлеп оқы.
Балаға да,
Ағаға да –
Пайдасы мол аңдағанға
Қызықты бұл ойын түрі
Қызықтайық біз де мұны.
Бұрын ойнап көріп пе едің?
Жеке бір сөз әріптерін
Алды – артына таратамыз,
Жаңа сөзге жаратамыз.
«Балмұздақтан» пәлен сөзді
«Тоқылдақтан» түген сөзді
«Оспақшылдан» он бес сөзді
«Жүзтаныстан» жүз бес сөзді
Құрастырып тіл ұштаймыз
Сөз ойынын қызықтаймыз.
(Ермек Өтетілеуов)
ә) Балмұздақ сөзінен жаңа сөздер құрастыр.
б) Өзің қалаған бір сөзге сөзсазындық талдау жаса.
1.Бұл сөз айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай - ...
Себебі: ...
2.Бұл сөз: ... болып ...
Себебі: ...
3.Бұл сөз: ...болып ...
Себебі: ..
2. Білгенге маржан
Үш дана: Абай, Шоқан, Ыбырай (туралы өз білгеніңді ортаға сал).
19 – сабақ.
Тақырыбы: Жаңылтпаш кімді жаңылтпас!
Мақсаты: жаңылтпаштар айтқызу арқылы сөздерді дұрыс айтуға үйрету, сөздік қорын молайту
1. Жаңылтпашты оқы, жаттап ал.
Ара, ара, аралар
Орманның бойын аралар.
Гүлдерден сорып бал алар,
Алысқа ұшып бара алар.
Бал тәтті ғой балалар.
-Асты сызылған сөзге сөзсазындық талдау жаса.
Балалар
1.Бұл сөз айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай - ...
Себебі: ...
2.Бұл сөз: ... болып ...
Себебі: ...
3.Бұл сөз: ...болып ...
Себебі: ..
4.Бұл сөзде түбір мен қосымшаның арасында буын үндестігі бар.
Себебі: ...
2. а) Әр қатардағы берілген буындардан сөз құрастырып жазындар.
жа, паш, ңылт, -
әң, ме, гі, -
бақ, жұм, -
лең, ө, -
ә) Қалаған сөзіңе математикалық тәсілмен дыбыстық талдау жаса.
1 1
2 2
3 3
4 4
20 – сабақ.
Тақырыбы: Білім деңгейін анықтау.
Мұғалімге
1. а) Аралас буынды сөз
ә) Жіңішке буынды сөз
б) Жуан буынды сөз
2. а) Екі буынды сөз
ә) Үш буынды сөз
б) Төрт буынды сөз
3. а) Үш ашық буын, бір бітеу буын
ә) Бір тұйық, екі бітеу буын
б) Екі ашық буын, бір бітеу буын
4. а) Екі жағдайда тасымалданады
ә) Үш жағдайда тасымалданады
б) Төрт жағдайда тасымалданады
5. Сөздегі дыбыстың саны
а) 7
ә) 8
б) 9
6. Дауысты дыбыстар:
а) 3
ә) 4
б) 5
7. Жуан дауысты
а) 4
ә) 3
б) 1
8. Жіңішке дауысты:
а) 2
ә) 3
б) 1
9. Жартылай ашық:
а) 1
ә) 2
б) 3
10. Еріндік дауыстылар:
а) 1
ә) 2
б) 3
11. Езулік дауыстылар
а) 3
ә) 2
б) 1
21 – сабақ.
Тақырыбы: Сөз құрамына талдай біл.
Мақсаты: Оқушыларға сөз құрамы туралы түсінік беру
1. Негізгі түбір сөздерді сатылай кешенді талдау үлгісі:
Сөз
1. Құрамына қарай: бір, екі, үш ... құрамды
2. Тұлғасына қарай: негізгі, туынды
2.1. Негізгі түбір
2.2. Туынды түбірдің жасалу жолдары:
а) негізгі түбірге сөз тудырушы жұрнақ жалғану арқылы
ә) туынды түбірге сөз тудырушы жұрнақ жалғану арқылы.
3. Құрылысына қарай:
а) дара ә) күрделі
2. Практикалық жұмыс.
Күн
1. Бұл сөз бір құрамнан тұр: күн
2. Тұлғасына қарай – күн – негізгі түбір
Себебі: сөздің әрі қарай бөлшектенбейтін мағына беретін негізгі бөлігі.
3. Құрылысына қарай – дара. Себебі бір ғана негізгі түбірден тұр.
4. Күн – не? Деген сұраққа жауап береді. Ендеше бұл – зат есім. Зат есім дегеніміз – кім? Не? Кімдер? Нелер? Деген сұрақтарға жауап беріп, заттың нәрсенің, құбылыстың атауын білдіретін сөз табы.
5. Мағынасына қарай жалпы есім. Себебі біркелкі ұғымның жалпылай атауы.
3. Сәйкестендір.
Бағдар арқылы жүйесіз орналасқан сөздерді сәйкестендір.
а
уру келбет
алыс дәу
үлкен нән
ажар шалғай
тамақ ауқат
кесел науқас
?
22 – сабақ.
Тақырыбы: Негізгі түбір сөздер
Мақсаты: Негізгі түбір сөздерді сатылай кешенді талдауды түсіндіру.
1. Практикалық жұмыс.
тұз
1. Бұл сөз бір құрамнан тұр: күн
2. Тұлғасына қарай – күн – негізгі түбір
Себебі: сөздің әрі қарай бөлшектенбейтін мағына беретін негізгі бөлігі.
3. Құрылысына қарай – дара. Себебі бір ғана негізгі түбірден тұр.
4. Тұз– не? Деген сұраққа жауап береді. Ендеше бұл – зат есім. Зат есім дегеніміз – кім? Не? Кімдер? Нелер? Деген сұрақтарға жауап беріп, заттың нәрсенің, құбылыстың атауын білдіретін сөз табы.
5. Мағынасына қарай жалпы есім. Себебі біркелкі ұғымның жалпылай атауы.
3. Сәйкестендір.
Бағдар арқылы жүйесіз орналасқан сөздерді сәйкестендір.
а
уру келбет
алыс дәу
үлкен нән
ажар шалғай
тамақ ауқат
кесел науқас
2. Сұрақтардың орнына тиісті сөздерді қойып жазу. Өзің қалаған негізгі түбір сөзге сатылай кешенді талдау жаса.
(Кім?) балаларды оқытады. (Не?) жапалақтап жауады? (Кім?) сурет салады?
Үйді (кімдер?) салады? (Кім ?) балаларды емдейді?
3. Өлең сөздерін буынға бөліп жаз.
Елім менің жерге бай,
Айдынды шалқар көлге бай.
Жамбыл.
23 – сабақ.
Тақырыбы: Туынды сөздер
Мақсаты Туынды сөздерді сатылай кешенді талдауға үйрету
Еңбекқор
1. Бұл сөз екі құрамнан тұр: еңбек + қор
2. Тұлғасына қарай:
а) еңбек – негізгі түбір. Себебі, сөздің әрі қарай бөлшектенбейтін мағына беретін негізгі бөлігі.
Ә) Еңбекқор – туынды түбір. Себебі, негізгі түбірге сөз тудырушы – (қор) жұрнағынын жалғануы арқылы жасалған туынды түбір.
3. Құрылысына қарай – дара. Себебі, бір ғана туынды түбірден тұр.
4. Еңбекқор – қандай? деген сұраққа жауап береді. Ендеше бұл – сын есім. Сын есім дегеніміз қандай? Қай? деген сұрақтарға жауап беріп, заттың сынын, сапасын, түр – түсін білдіретін сөз табы.
2. Сөздерді оқы. Сөздердің түбірі мен қосымшасын тауып, тиісті белгімен көрсет.
Кезекші, сызғыш, үйректер, оқыды, биле, үйі, көкшіл, ақта, ойыншық, өнерпаз.
- Өзің қалаған үш сөзді қатыстырып сөйлемдер құрап жаз.
- Бір туынды сөзге сатылай кешенді талдау жаса.
?
24 – сабақ.
Тақырыбы: Практикалық жұмыс. Білім деңгейін анықтау.
Жазушы
1. Сөз неше құрамнан тұр?
а) 1 ә) 2 б) 3
2. Тұлғасына қарай:
а) негізгі түбір ә) туынды түбір б) дұрыс жауап жоқ
3. Құрамына қарай:
а) күрделі ә) негізгі түбір б) дұрыс жауап жоқ
4. Сұрағы:
а) Кім? Кімдер? ә) Не? б) Кім?
5. Мағынасына қарай:
А) жалпы есім Ә) жалқы есім Б) дұрыс жауап жоқ
6. а) Аралас буынды
ә) Жуан буынды
б) жіңішке буынды
7. а) Үш буынды сөз
ә) Төрт буынды сөз
б) Екі буынды сөз
8. а) Екі ашық буын, бір бітеу буынды
ә) Үш ашық буынды
б) Бір ашық, екі бітеу буынды
9. а) Екі жағдайда тасымалданады
ә) Үш жағдайда тасымалданады
б) Бір жағдайда тасымалданады
10. Сөздегі дыбыс саны:
а) 8 ә) 7 б) 6
11. Дауысты дыбыстар:
а) 3 ә) 2 б) 4
12. Дауыссыз дыбыстар:
а) 5 ә) 4 б) 3
25 – сабақ.
Тақырыбы: Зат есімді сатылай кешенді талдау
Мақсаты: Зат есімді сатылай кешенді талдауды түсіндіру,сызбасымен таныстыру
Кітаптар
1. Бұл сөз екі құрамнан тұр: кітап + тар
2. Тұлғасына қарай – кітап – негізгі түбір. Себебі, сөздің әрі қарай бөлшектенбейтін мағына беретін негізгі бөлігі.
3. Құрылысына қарай – дара. Себебі, бір ғана негізгі түбірден тұр.
4. (-тар) көптік жалғауы.
5. Кітаптар – нелер? деген сұраққа жауап береді. Ендеше, бұл – зат есім. Зат есім дегеніміз – кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтарға жауап беріп заттың, нәрсенің, құбылыстың ұғымдарының атауын білдіретін сөз табы.
6. Мағынасына қарай: жалпы есім. Себебі, біркелкі деректі ұғымның жалпылай атауы.
1. Ана сөзіне сатылай кешенді талдау жаса.
Ана
1. Құрамына қарай.
2. Тұлғасына қарай.
3. Құрылысына қарай.
4. Сұрағы.
5. Мағынасына қарай.
2. Есіңе сақта. Жаттап ал.
Жеті жетекші
1. Адамның басшысы – ақыл
2. Жетекшісі – талап
3. Жолаушысы – ой
4. Жолдасы – кәсіп
5. Қорғаныс – сабыр
6. Қорғаушысы – мінез
7. Сынаушысы – халық
(Саққұлақ би)
Нақыл сөздегі зат есімдердің астын сыз.
26 – сабақ.
Тақырыбы: Бұл не? Ойыны.
Мақсаты:Зат есімдерге сатылай кешенді талдау жасату арқылы, оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру
1. Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап ал.
Көктем жыры.
Көлде аққу, көкте қаз
Орманда бұлбұл сайраған.
Көптен күткен көктем кеп
Құлпырып дала жайнаған.
(К.Әзірбаев)
- Қатаң дауыссыздан басталып, ұяң дауыссызға аяқталған зат есімге сатылай кешенді талдау жаса.
1. Құрамына қарай.
2. Тұлғасына қарай.
3. Құрылысына қарай.
4. Сұрағы.
5. Мағынасына қарай.
2. Берілген дыбыстарға тиісті дауысты дыбыстар қосып, сөз жаса.
А) қ р н д ш Ә) м ғ л м Б) м к т п В) к ш
- Сөздерді буынға бөліп, буын түрін анықта.
3. Берілген басқы және соңғы дыбыстарды пайдаланып,төмендегі торкөзге лайықты сөздерді жазыңдар. Олар неше буынды сөздер.
к | | | | к |
к | | | | к |
к | | | | к |
қ | | | | қ |
қ | | | | қ |
қ | | | | қ |
қ | | | | қ |
27 – сабақ.
Тақырыбы: Етістікті сатылай кешенді талдау сызбасы.
Мақсаты :Оқушыларға етістікті сатылай кешенді талдауды түсіндіру,
тапсырмалар орындату арқылы білімдерін кеңейту
Етістік
1. Құрамына қарай: бір, екі, үш ...
2. Тұлғасына қарай: а)негізгі
ә)туынды
3. Құрылысына қарай – а)дара
ә)күрделі
4. Сұрағы.
5. Мағынасына қарай: а)болымды
ә)болымсыз
1.Келді сөзіне сатылай кешенді талдау жасау.
Келді
1. Бұл сөз екі құрамнан тұр: кел +ді
2. Тұлғасына қарай: -кел-, негізгі түбір. Себебі, сөздің одан әрі бөлшектенбейтін мағына беретін негізгі бөлігі.
3. Құрылысына қарай – дара. Себебі, бір ғана негізгі түбірден түр
4. Келді – қайтті? деген сұраққа жауап береді. Ендеше, бұл – етістік. Етістік дегеніміз – заттың қимылы мен іс-әрекетін білдіретін, не істеді? қайтті? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы.
5. Мағынасына қарай: - болымды етістік.
2. Мына қимылдарға лайықты заттың атауын тап.
шықты қатты
батты ... еріді
... жылынды жарылды
суытты
28 – сабақ.
Тақырыбы: Өзіндік жұмыс
Мақсаты: Шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін дамыту.Сөздік қорын
молайту.
1. Жануарлар қалай дыбыстайды? Әр жануарға тән дыбысын тауып жаз.
Жылқы –
Сиыр –
Қой, ешкі –
Түйе –
Есек –
Мысық –
Әтеш -
2. Алдыңғы тапсырмадан қалаған етістікке сатылай кешенді талдау жаса.
1. Бұл сөз екі құрамнан тұр: ...
2. Тұлғасына қарай: ... негізгі түбір. Себебі, сөздің одан әрі бөлшектенбейтін мағына беретін негізгі бөлігі.
3. Құрылысына қарай – ... . Себебі, бір ғана негізгі түбірден түр.
4. ... деген сұраққа жауап береді. Ендеше, бұл – етістік. Етістік дегеніміз – заттың қимылы мен іс-әрекетін білдіретін, не істеді? қайтті? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы.
5. Мағынасына қарай: -...
3. Қалай оқысаң да, бірдей мағына беретін сөздер:
- Көп нүктенін орнына тиісті әріпті қойып жаз.
е...е н...н
к...к с...с
қ...қ т...т
29 – сабақ.
Тақырыбы: Практикалық жұмыс.
1. Жұмбақты оқы, шешуіндегі сөзге сатылай кешенді талдау жаса.
Аузымен сурет салады,
Демімен ағаш жарады.
(Аяз)
Көзге ... (көрінбейді)
Қолға ... (ілінбейді).
(Жел).
1. Құрамына қарай.
2. Тұлғасына қарай.
3. Құрылысына қарай.
4. Сұрағы.
5. Мағынасына қарай.
2. Ребусты шешіп, өзің білетін тыйым сөздерді жаз. Өзің қалаған етістікке сатылай кешенді талдау жаса.
1. Құрамына қарай.
2. Тұлғасына қарай.
3. Құрылысына қарай.
4. Сұрағы.
5. Мағынасына қарай.
3. Туынды етістіктің түбірін тап.
.
.. ...
... ла ... дас
ле ...
...
30 – сабақ.
Тақырыбы: Сын есімді сатылай кешенді талдау.
Мақсаты:Оқушыларға сын есімді сатылай кешенді талдауды тсіндіру, меңгерту
1. Өлеңді оқып, әр түрлі түспен жазылған сөздерге сұрақ қой. Бұл сөздер қай сөз табынан?
Қызыл, жасыл. Сары
Ақ, көгілдір әуе шары
Желмен ойнап таласады,
Ақ бұлттармен жанасады.
(М.Әлімбаев)
- Асты сызылған сын есімге сатылай кешенді талдау жасау үлгісі:
қызыл
1. Бұл сөз бір құрамнан тұр: қызыл
2. Тұлғасына қарай – қызыл- негізгі түбір. Себебі, сөздің әрі қарай бөлшектенбейтін мағына беретін негізгі бөлігі.
3. Құрылысына қарай – дара. Себебі, бір ғана негізгі түбірден тұр.
4. Қызыл – қандай?деген сұраққа жауап береді. Ендеше бұл сын есім. Сын есім дегеніміз заттың түр-түсін, сапасын білдіріп, қанда?қай?деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы.
2. Сын есімдерді зат есімдермен байланыстырып жаз.
Жуас, таза, бейік, сұйық, жүйрік, ұзын.
- Қалаған сөз тіркестерімен сөйлемдер құра.
3. «Мен қандаймын?» Ойынның шарты: Сыныптағы әр оқушы өзінің аты қандай әріптен басталса, оған сол әріптен басталатын сын есім қосып айтады: Мысалы: Нұрсұлтан- намысшыл Нұрсұлтан, Алуа - ақылды Алуа т.б.
31-сабақ
Тақырыбы: Оқы да біл, ойла да біл.
Мақсаты: Оқушылардың ізденушілік қабілеттерін жетілдіру сөздерді сатылай кешенді талдауға үйрету.
-
Өлеңді мәнерлеп оқы
«Сөз құдіреті»
Балқаймақтай тәтті сөз,
Қара тастай қатты сөз.
Абай айтқан ақын сөз,
Бауыржандай батыл сөз.
Боксёр қолды шымыр сөз,
Есек мінез қыңыр сөз.
Саршұнақтай шаһар сөз,
Қарақшыдай қатал сөз.
Өз анаңдай жұмсақ сөз,
Тыным таппас бір сәт сөз.
Сөз – ой пікір шалқары,
Сөзде адамға тартады.
Қандай болса өздері,
Сондай болар сөздері.
(М. Әлімбаев)
-
Өлеңдегі асты сызылған сөздерге сатылай кешенді талдау жаса.
Шымыр
Жұмсақ
-
Бұл сөз ...
2.Тұлғасына қарай
3.Құрылысына қарай:
4.Сұрағы
5.Мағынасына қарай
3.Суреттегі заттарды салыстыр, сипатта:
32-сабақ
Тақырыбы: Сан есімді сатылай кешенді талдау
Мақсаты: Сан есімді сатылай кешенді талдауды үйрету.
-
Мысалдарды оқы, мәнін түсіндір, сан есімдерді сөзге айналдырып жаз.
1-і ұйқы, 1-і күлкі
-
Жеті сөзін сатылай кешенді талдау
Жеті
1.Бұл сөз бір құрамнан тұр
2.Тұлғасына қарай жеті- негізгі түбір. Себебі сөздің ары қарай
бөлшектенбейтін мағына беретін негізгі бөлігі
3.Құрылысына қарай дара. Себебі бір ғана негізі түбірден тұр
4.Жеті қанша? деген сұраққа жауап береді. Ендеше бұл сан есім. Сан есім дегеніміз- заттын санын, мөлшерін ретін білдіріп, қанша? Неше? Нешінші? Нешеу? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы
-
Мағынасына қарай - есептік сан есім. Себебі заттың санын білдіріп қанша? Неше? Деген сұраққа жауап береді.
-
Жеті санына байланысты халықтық тағылымдарды есіңе түсір
7
-
Жеті қазынаны жаз: 1. Ер жігіт, 2. Сұлу әйел. 3. Ақыл, білім. 4. Жүйрік ат. 5. Қыран бүркіт. 6. Берен мылтық. 7. Жүйрік тазы
33-сабақ
Практикалық жұмыс
-
Ребусты шеш:
(Жаздың бір күні,қыстың мың күнің асырайды)
Ребустағы сан есімдердің біреуіне сатылай кешенді талдау жаса
1 Құрамына қарай
2.Тұлғасына қарай
3.Құрылысына қарай
4.Сұрағы
-
Мағынасына қарай:
А)есептік
Ә) реттік
-
Кемпірқосақта неше түс болады?
Кемпірқосақтың бір түсіне сатылай кешенді талдау жаса
1 Құрамына қарай
2.Тұлғасына қарай
3.Құрылысына қарай
4.Сұрағы
-
Мағынасына қарай:
А) сапалық
Ә) қатыстық
3.Қарсы мағыналы сын есімдерді тауып жаз:
Үлкен-.... Қысқа-....
Жаңа-.... Ірі-....
Жіңішке-.... күшті-....
34-сабақ
Не үйрендік, не білдік?
Сынып оқушыларын 4 топқа бөлу(гүлдердің аттары арқылы, әр топ өзінің мүшелерін жинақтап алады) Топ басшысын сайлайды.
Тапсырма түрлері:
-Дауысты дыбыстарға мінездеме
-Дауыссыз дыбыстарға мінездеме
-Сөзге сатылай кешенді талдау
-Сөз таптарына сатылай кешенді талдау
Осы тапсырмаларды орындау барысында алған білімдері бағаланады.
-
Бөлім.Сиқырлы сандықшадан әр топ тапсырма алады
Тапсырма түрлері:
-Жуан дауысты дыбысқа мінездеме
-Жіңішке дауысты дыбысқа мінездеме
-Дауыссыз дыбыстарға мінездеме
-Сөздерге математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру
-
Сөз таптарына сатылай кешенді талдау
-
Менің шығармашылығым.
Сөзжұмбақ, өлең, ребус, эссе құрастыру (жекелей, топтық)
-
Қорытынды:
Топтардың жұмыстары бағаланады. Әр топ марапатталады.
-
Белсенді топ.
-
Білімді топ.
-
Зерек топ.
-
Алғыр топ.
Әр топтың мүшелері де белсенділігіне байланысты мараатталады.