СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Физика 10 сынып?а арнал?ан ?ыс?а мерзім жоспар

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Физика п?нінен 10 маьтематика-жаратылыстану ба?ытында?ы сынып?а арнал?ан ?ыс?а мерзім жоспары. Та?ырыбы: Электрлену. Электр зарядыны? са?талу за?ы. кулон за?ы. Жоспар жа? ?лгідегі Кембридж ба?дарламасы бойынша жасал?ан.

Просмотр содержимого документа
«Физика 10 сынып?а арнал?ан ?ыс?а мерзім жоспар»

Қысқа мерзім жоспар


Тақырып:Электр заряды. Электрлену. Электр зарядының сақталу заңы.Кулон заңы

Мектебі: Қарақия ауданы Жетібай селосы №8 орта мектебі

Мерзімі: 20/01/2015 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Юсупов Рустем Орынбаевич

Сыныбы: 10 «А» сыныбы

Оқушы саны: 16

Қатыспағандар саны: -

Күтілетін нәтижелер

  • Электростатика тарихын біледі;

  • Электр заряды, электрлену, зарядтың сақталу заңын, Кулон заңын біледі;

  • Зарядтардың өзара әсерлесу түрлерін анықтай алады, электрлену себебін біледі;

  • Зарядтың сақталу заңын, Кулон заңдарын пайдаланып есептер шығара алады;


Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

Заряд түсінігін береді, зарядтардың тартылу және тебілуін бақылап, нәтиже шығарады. Электрленуді тәжірибелер жасау арқылы түсінеді (үйкеліс арқылы, денелерді түйістіру арқылы). Зарядтардың әсерлесу заңын және сақталу заңдарын меңгереді, қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар заряд, аттас, әраттас зарядтар, нейтрал, элементар заряд, нүктелік заряд, электрлену, тұйық жүйе, Кулон (Кл), диэлектрлік өтімділік, суперпозиция терминдерімен танысады, заряды бар немесе заряды жоқ денені ажырата алады, электрленген денені анықтап ажырата аладаы.



Пәндік лексика және терминология:

Зарядталған- заряды бар, бейтарап (нейтрал)-зарядсыз, аттас зарядты-бірдей таңбалы зарядты, әр аттас- әртүрлі таңбалы зарядтар, элементар заряд-ең кішкене заряд шамасы, электрлену-дененің электр зарядын алуы/беруі, диэлектрлік өтімділік-заттың электрлік қасиетін, ортадағы әрекеттесу күшінің шамасын көресетеді, супрепозиция принципі (күш)- үстемелеу қасиеті, нүктелік заряд- өлшемін елемеуге болатын заряд



Пайдалы сөйлемдер:

Бұл зарядталмаған дене.

Егер зарядталған денеге……..онда ол дене зарядталады.

Зарядқа дискреттік қасиет тән, яғни ол белгілі шектік мәнге дейін бөліне алады. Дененің зарадталғанын……. Көмегімен анықтауға болады. Тұйық жүйе деп……..арқылы зат өте алмайтын жүйені атайды.



«Электрлену»дегеніміз ...,...

«Бірдей зарядталған денелер бір -бірін ...,ал әртүрлі зарядталған денелер бір-біріне ...


Алдыңғы білімдері

Оқушылар электрлену мысалдарын, зарядтардың таңбаларын, дененің электрленгендігін электроскоп көмегімен анықтай алуы керек.

Сабақ барысы

Сабақ басқыштарын жоспарлау

Сабақта орындауға жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Басы


0-2мин







3-6





7-9







9-10



Қажетті құралдарды, көрнекіліктерді дайындау, ұйымдастыру, электр туралы білетін түсініктері мен терминдері туралы сұрап, «электр», «заряд», топтарына бөлу.





Зарядталған және зарадталмаған денелерді қолданып олардың өзара әсерлесуін көрсету, дененің зарядының мөлшерін электроскоппен өлшеу, қорытындыларын тыңдау.



Оқушыларға денені зарядтап бөлуді, яғни басқа денеге беру, электрометрмен заряд мөлшерін анықтап, оның кемуін дәлелдеуді тапсыру (І топ), зарядтың сақталу заңын түсіндіру (кез келген әдіс арқылы) ІІ топ.



Кулон заңы туралы презентациямен таныстыру. Кулон заңының ашылу тарихы, нүктелік заряд ұғымы, диэлектрлік тұрақты, «к» пропорционалдық коэффициенті, «Заряд бірлігі», диэлектрлік тұрақты, күштің суперпозиция принципін көрсету, негізгі терминдерді, формулаларды, тұрақтыларды есте сақтауға назар аудару



Кез келген денелер, электроскоп, плакаттар, тері, мата, жүн, султан, электостатика құралдар жиынтығы



Кез келген денелер, мысалы эбонит, шыны таяқшалар, ручка т.б,электроскоп



Эбонит таяқшалар, оқулық









Презентация «Power Point»

Ортасы

11-24



24-29



30-34


34-35



Мәтіндік есептер: 3.1; 3.2 І топ, 3.3;3.4 ІІ топ

Есеп: 3.6 І топ, 3.7 ІІ топ



Постер қорғау «Электрлену себебі..І топ

«Күнделікті өмірден мысалдар» ІІ топ

Заңдарды қайталау (Кулон заңы, сақталу заңы, суперпозиция принципі).

Электрленудің пайдасы мен зияны туралы пікірлерін айту

Негізгі тұжырымдар жасау



Есептер жинағы 102 бет (С Тұяқбаев)



Интернет, оқулық, күнделікті өмір тәжірибесінен


Соңы

35-40

Өтілген тақырып бойынша негізгі тұжырымдар жасау





Қосымша мәлімет

Дифференциация – қосымша көмекті қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар жоспарлайсыз?

Бағалау –оқушылардың

білімін бағалауды қалай жүзеге асырасыз

Пәнаралық байланыс.

Денсаулық және қауіпсіздік. АКТ-ны қолдану.


Барлық оқушылар: Заряд ұғымын біледі, екі тегін біледі, әсерлесуін біледі, электрленуге мысалдар келтіре алады, мәтін есепке жауап бере алады.

Оқушылардың көпшілігі: Формулаларды түрлендіре алады, жадқа біледі, мағынасын түсінеді, А, В деңгей есептерін шығара алады.

Оқушылардың кейбірі: Күрделі есептерді шығара алады.

1.

формативті бағалау, суммативті бағалау, қолдау, мадақтау.

2. Жеке бағалау, бір-бірін бағалау, топты бағалау

Биология, математика, информатика

Электр қауіпсіздік ережелерін сақтау, жауапкершілікке, бір-бірін сыйлауға үйрету, АКТ-мен жұмыс істеуді және қауіпсіздік шараларын сақтауды ескеру.






Рефлексия

3 мин


Сабақ мақсаттары орындалды ма?

Оқушылар бүгін не үйренді?

Сыныпта қандай күй орнады? Сабақ жүйлі өтті ма?

Уақытты дұрыс пайдалана алдым ба? Жоспардан қандай ауытқулар болды? Себебі неде?

Сұрақтарға жауап


Жалпы баға

Жалпы бағалау:

Сабақтың қай екі кезеңі сәтті өтті?

1:

2:

Қандай екі жағдай сабақты жақсартар еді?

1:

2:

Келесі сабаққа дайындық үшін сыныпты және жекелеген оқушыларды қаншалықты тани алдым?

Үйге тапсырма 2 мин



§8,1.8,2. 15 ж (1-3), есептер жинағы №3.5, 3.10







Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!