СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

“Furniture ” ҰОҚ технологиялық картасы (2 кіші топ)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жиһаздардың ағылшын тілінде атауды үйрету; Ұқыптылыққа тәрбиелеу; Тілге деген қызығушылықтарын арттыру.

Просмотр содержимого документа
«“Furniture ” ҰОҚ технологиялық картасы (2 кіші топ)»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Топ: 2 кіші топ

Күні:

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімдер: Ағылшын тілі

Тақырыбы: “Furniture ”

Мақсаты:

  • Жиһаздардың ағылшын тілінде атауды үйрету;

  • Ұқыптылыққа тәрбиелеу;

  • Тілге деген қызығушылықтарын арттыру.

Қолданылатын құралдар: тақырыптық суреттер мен жиһаз суреттері

Сөздік жұмыс: chair – орындық - стул, sofa – диван, table – үстел - стол, bed – кереует - кровать

Оқу қызметінің кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Good morning! How are you?

Аюдың жылап отырған дауысы естіледі.

Мұғалім аюдан таң болады.

-What is it? Who is crying?

-Жан-жағына қарайды, Теддиді балаларға алып көрсетеді.

-Why do you cry?

-Барлығымыз онымен амандасайықшы. Не болды саған Тедди, неге жылайсын?

Балалар мұғаліммен амандасады.


Теддимен амандасады

Ұйымдастыру - іздестіру

-Балалар, Тедди өзіне жаңадан үй салып алыпты. Бірақ оның ішінде ештеңе жоқ екен. Үйдің ішінде не болу керектігін де білмейді? Сендер білесіңдер ме?

Балаларға сұраулы түрмен қарап:

-Балалар, Тедди сендердің не айтқандарынды түсінбейді ғой. Оған ағылшынша айтайықшы. Мүмкін түсінетін шығар.

Бөлме жиһаздарының суреттерін көрсетемін.

-Кім оған төсектің суреттерін көрсетеді?

-It is a bed. [b] Bed – кереует

-It is a sofa. [s] Sofa – диван

-It is a table. [t] Table – үстел

-It is a chair. [tʃ] Chair – орындық


-Балалар, бірге үйде қандай жануар тұрады?

Very good! Дұрыс ол мысық. Мысық - cat

Теддиге мысық туралы жаңылпашты айтып берейікші (суретте семіз мысық қалпақтын үстінде отыр)

A fat cat

Sat on a hat


Сергіту сәті

Teddy Bear, Teddy Bear,
Look around.
Teddy Bear, Teddy Bear,
Touch the ground.
Teddy Bear, Teddy Bear,
Switch off the light.
Teddy Bear, Teddy Bear,  
Say “Good night”.

-Енді Тедди сендемен ойнағысы келіп тұр? Ойнаймыз ба?

Тақтада іліп тұрған «Жаңа үйдің жиһаздары» суретіне назар аударамын.


«What has it?» дидактикалық ойыны

-Балалар, қандай аңдарды көріп тұрсындар? Оларды ағылшынша қалай айтатынын ұмытып қалған жоқсындар ма? Олар Теддиге қонаққа келе жетқан сияқты. Қолдарына қарайықшы?

-What has a hare?

-What has a wolf?

Суреттегі барлық аңдардың қолында не барын сұрап шығамын.

Excellent! You are very clever children!


Үйдегі жиһаздардың атауларын айтып береді.





Суретте не барын көрсетіп, айтады.


Қайталайды.



Қайталайды




Мұғалімнен кейін 2 рет қайталайды.





Қимыл-қозғалыстарды жасайды, сөздерді айтады.



Келіседі


Суретке назар аударады.


Суретте бейнеленген аңдардың атауын естеріне түсіреді, айтады.

Аталған аңдардың қолында қандай жиһаз барын айтады.


Рефлексивті - түзетушілік

-Балалар, сендер Теддиге не үйретіндер? Оған достары қандай жиһаздар алып келе жатыр?

-Сендер Теддидің тағы да келгенің қалайсындар ма?

-Тедди сендерге сондай риза болды! Енді міне, оған достары де келе жатыр. Онымен қоштасайық.

Good bye, Teddy!

Good bye!

Сұрақтарға жауап береді. Барлығымен қоштасады.

Күтілетін нәтиже

Нені білу керек

жабайы аңдардың ағылшынша атауы

Нені игереді

Жиһаздарды ағылшын тілінде атауды

Нені біледі

Дыбыстарды, сөздерді анық айтуды



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!