СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Ғарышкерлер күні"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларды ғарышкерлер күні мерекесінмен таныстыру. Қазақстанның ғарышкерлері туралы мағұлмат беру

 

Просмотр содержимого документа
«"Ғарышкерлер күні"»

Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспек организованной учебной деятельности в старшей группе.


Өткізу күні/Дата проведения:

Тәрбиеші/ Воспитатель: Хамитбекова Н.Б

Білім беру саласы/Образовательная область: Шығармашылық.

Пән/Предмет: Сурет салу.

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Ғарыш айлағы.»

Тақырыбы./Тема: « Ғарыш қонақтары.»

Мақсаттары/. Цели:

1. Тәрбиелік-воспитательная: Балаларға ғарыш әлемі жайлы түсініктер беру.

2. Дамытушылық-развивающая: Балалардың шығармашылық ойлауын, қиялын дамыту.

3. Оқыту-обучающая: Өз еріктерімен ғажайып сурет салғызу.

Педагогикалық технологиялар/пед. технологий: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, презентация, сұрақ – жауап, әңгімелеу

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: зымыран, ғарыш макеттері, түрлі-түсті қарандаштар,

Көптілділік: ғарыш-космос-space. ай-луна-moon, күн-солнце-sun, ауа-воздух-air

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1. Ұйымдастырушылық кезеңі

Мотивациялық қозғаушылық
Балалар, бүгін күн қандай керемет, ерекше күн. Қане барлығымыз бір - бірімізге жылу, көтеріңкі көңіл сыйлай отырып, бір –бірімізбен амандасайық.

-Мынау аспан әлемі. Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар, шоқ жұлдыздар бар.

Аспан әлемінде 9 ғалам бар. Сол ғаламның үшіншісі Жер деп аталады. Ал біздер сол Жер ғаламында өмір сүреміз.

-Балалар сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?

-Иә, ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен. Оны ғарыш кемесі деп те атаймыз. (зымыран суреті мен макетін көрсету). Олар ғарышқа ұшып барып, аспан әлемін зерттейді. Біз бүгін ғарышкер ағалармен, аспан әлемімен танысамыз. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров.

 2.Негізгі бөлімі Ғажайып сәт: Аспан әлемінен қонаққа Жұлдыз келеді. Жұлдыз балаларды аспан әлеміне саяхатқа апарады. Біз, қазір балалар, аспан әлеміне барамыз. Кәне, барлығың еркін отырып, көздеріңді жұмып, көз алдарыңа аспанда ұшып жүргендей болып елестетіңдер (үнтаспадан музыка әуені естіледі). Біз ұшаққа отырып, аспанға көтерілдік. Аспанда күн бізге күлімсіреп қарап сәулесін шашып тұр. Кенет аспан әлемінде ай көрініп, жымыңдап жұлдыздар да көріне бастады. Біз жоғарыға көтерілген сайын суық ауаны сезіне бастадық. Денеміз тоңғандай болды. Біздің қасымыздан қатты жылдамдықпен бір құс ұшқандай болды. Ол құс ғарыш кемесі – зымыран екен. Қайтатын уақытта жақындады. Енді біз Жер планетасына ораламыз (балалар көздерін ашады).

Жұлдыз: -менің де сенімен қоштасатын уақыт болды. Басқа да балаларды аспан әлеміне саяхатқа апарайын. Балалармен қоштасады.

Көптілділік: ғарыш-космос-space. ай-луна-moon, күн-солнце-sun, жұлдыз-звезда-star

Ойын: «Жұлдызды аспан әлемін құрастыру»

Ойын шарты: балалардың алдына аспанда болатын және жерде болатын денелердің арасынан тек аспанда болатын денелерді табу. Мысалы: гүл жерде, ай аспанда т.б.

Үлестірмелі материалмен жұмыс: «Зымыран құрастыру.

Әртүрлі геометриялық фигуралардан зымыран құрастыру. Зымыран туралы әңгімелеу

-Балалар, сендер ғарышкер болғыларың келе ме?

-Балалар, кәне бойымызды жазып ән шырқап алайық.

 Сергіту сәті: «Мен ғарышкер боламын»

Жеке жұмыс: Алсултан, Адель, Мансур.

Жаңылтпаш.

Ғарышкер ұшты ғарышқа,

Ғарышқа ұшты ғарышкер,

Айтшы, ғарыш алыс па?

Ендеше балалар қазір ғарышқа байланысты сурет саламыз. Бірінші өзім суретті салып көрсетемін. Балалар мұқият тыңдайды. Сосын балалар жұмысты бастайды. Әр балаға көңіл аударып, салып жатқан суреттерін қадағалау. Салған суреттерін әңгімелеп, бір-біріне көрсетіп, көрмеге қою.

3.Қорытынды.

Жарайсыңдар, балалар!

Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетін пысықтау.

-Балалар бүгінгі күн қалай аталады?

-Ғарышкер дегенді қалай түсінеміз?

-Біздер қандай ғаламда тұрамыз?

-Ғарышқа сынақ ретінде бірінші болып қай жануар ұшты?

-Қазақ елінен кім ғарышкерлер ғарышқа ұшты?

-Ғарышқа киетін киімді не деп атайды?

-Ненің суретін салдық?


























Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №3 бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад № 3 акимата города Костаная отдела образования акимата города Костаная»



Ғарыш күніне өткізілген сабақтың технологиялық картасы

Ересек топ «Жұлдыз»









Тәрбиеші: Хамитбекова Н.Б

.







Қостанай қ 2017 – 2018 оқу жылы




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!