СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Гауһар тас» бағдарламасы арқылы "Мәңгілік ел" идеясының өміршеңдігін қалыптастыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Авторлық бағдарлама. «Гауһар тас» бағдарламасы арқылы "Мәңгілік ел" идеясының өміршеңдігін қалыптастыру

Просмотр содержимого документа
««Гауһар тас» бағдарламасы арқылы "Мәңгілік ел" идеясының өміршеңдігін қалыптастыру»


Томан бастауыш мектебі

Темирова Бекзада Амангелдиевна

«Гауһар тас» бағдарламасы арқылы мәңгілік ел идеясының өміршеңдігін қалыптастыру


Қазан 2017


«Қазақстан - 2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, қадірлі халқым!

(Нұрсұлтан Назарбаев)

«Мәңгілік ел» қандай қастерлі ұғым. Бабалар ізімен келген арманымыз мәңілік жасасын! Ал оның өміршеңдігіне Сіз, Біз, барлығымыз жауаптымыз!

Ендігі ұрпақ – Мәңгілік қазақ елінің перзенті. «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыратын және одан әрі дамытатын Біз – зиялы қауым және алдымыздағы ұрпақ. Осы идеяны жүзеге асыруда өз Отанын сүйетін ұлтжанды, патриот ұрпақ тәрбиелеуде - бізге жүктелген міндет аса зор.

Осы міндетті жүзеге асырудың алғашқы сатысы 2016-2017 оқу жылында ақысыз би үйірмесін ұйымдастырумен басталды. Би үйірмесі арқылы қазақ халқының өнеріне, туған жеріне, әуеніне махабатты, сұлулықты, көркемдікті сездіртіп үйрету, әуенді қойып қана қоймай, өз бойына сіңіре білуді әдет - дағдыларына айналдыруға, баланың тыңдай білу қабілетін арттыруға септігін тигізді. Оқушыларды әртүрлі би қимылдарына үйрете отырып, оларды би арқылы өздерінің болмысын, мүмкіндігін ашуды мақсат қылдым. Топ болып билеу арқылы ғана әдемі хореграфиялық көрсетілім болатынын түсінген бала, ауызбіршілік, сыпайылық пен сыйластық қасиеттері қалыптасты. Бұл қасиеттерді сіңірген баладан өскенде ізетті адам болатыны хақ. Көпшілік алдында өнер көрсетуде өзін еркін ұстай білген баладан, қоғамда көзі ашық, өз ойын ашық жеткізе білетін жеке тұлға қалыптаспай ма?!

Бұл терапия әдістерін пайдаланып мынадай нәтижеге қол жеткіздім:

  • Әуенмен қозғалу арқылы ептілік, иілгіштік, шапшаңдық қасиеттері жақсы дамыды.

  • Ауызбіршілік, сыйластық қасиеттері қалыптасты

  • Тұйық оқушылар ортаға бейімделе бастады.

  • Өз идеясын айтып, ұсыныстар айтуға үйренді.

  • Жасқаншақ қасиеттерінен арылды, өз-өзіне сенімділік қасиеті қалыптаса бастады

  • Баланың рухани және дене мүмкіндіктері дамыды.





Жасалған жұмыстардың оң нәтижесін көрген соң, бұл әдісті бағдарламаға айналдыруды көздедім. Осылай «Гауһар тас» бағдарламасы дүниеге келді.

Ұрпақтың жұлдызын жағып, мәртебесін биіктететін де, тағылымын қалыптастырып, танымын кеңейтетін де - білім және өнер. Ендігі міндет осы екеуін шеберлікпен ұштастырып, сабақта, сыныптан тыс уақытта, ақысыз үйірмелерде жүзеге асыру керек.

Бұл бағдарлама арқылы бала шығармашылығын дамыту көзделіп отыр. Бала шығармашылығы ол оның шынайы өмірінің көрінісі. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында бар. Менің міндетім – баланың бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін аша отырып, оны тиімді пайдалану.


Осы басымдықдықтарды негізге ала отырып, алдыма мынадай міндеттер қойып отырмын. Бағдарлама арқылы:

  • «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру

  • Ел басымыздың «Рухани жаңғыру» мақаласындағы басымдықтарды негізге алу

  • «Үш тұғырлы тіл» саясатын қалыптастыруға өз үлесімді қосу

  • Жоғарыда аталған мақсат-міндеттерді орындауда ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдану.


Бағдарламаның мақсаты:

1) Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу

2) Адами құндылықтарды бойларына дарыту

3) Бәсекеге қабілетті, барлық дағды бойында қалыптасқан тұлға тәрбиелеу

Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін Арт – терапия әдістерін негізге алып отырмын. Арт-терапия элементтерін дамытушы-түзетуші тренингтер кешенімен бірге байланыстыра отырып, оқу-тәрбие процесінде жүйелі түрде ұйымдастырып қолданып отырса, жеке тұлғаны дамытуда үлкен жетістікке жетуге болады.












Соның ішінде мынадай бағыттар бойынша жұмыс жасауды көздеп отырмын:





Томан бастауыш мектебі

2017 – 2018 оқу жылына арналған «Гауһар тас» бағдарламасының жоспары

Атқарылатын іс-шараның атауы

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Әдісі

Мерзімі

Қатысатын тұлғалар

І. Ұйымдастыру кезеңі

1

Бағдарламаға қатысатын тұлғалар туралы ақпарат жинақтау

Ақпарат жинақтау

Деректер базасы жинақталады.


Жинақтау


Қыркүйек

Әлеуметтік педагог

Психолог

Тәлімгер

2

«Менің қызығушылығым», «нені өзгертер едің?» тақырыбында сауалнама

Оқушылардың қызығушылықтарын анықтау

Оқушылардың қызығушылықтары анықталады



Сауалнама


Қыркүйек

Сынып жетекшілері

Әлеуметтік педагог

Тәлімгер

3

Оқушылардың мүмкіндіктері, қызығушылықтарына қарай жоспар жасақтау

Әр оқушының басым мүмкіндіктеріне қарай, 5 бағыт бйынша жоспар жасақтау

Әр оқушының мүмкіндік, қызығушылықтарына қарай сұрыпталып, жоспар құрылады.


Жоспар құру



Қыркүйек

Сынып жетекшілері

Әлеуметтік педагог

Тәлімгер

4

Бағдарламаны жүзеге асыруға қатысушылар тарту

Құрылған жоспар бойынша ерікті түрде көмекші тұлғалар тарту

Бағдарламаны жүзеге асыруда көмектесетін еріктілер тобы құрылады


Әңгіме


Қыркүйек

Мұғалімдер, психолог, ата-ана, әл.педагог

ІІ. Атқарылатын іс - шара

1

Зияткерлік бағытындағы ойындар ұйымдастыру







«Болашақ – білімдінің қолында»


«Полиглот»


«Тәуелсіз ел Жас Қыраны»


«Мен және Менің Елім»


Менің жерім – мақтанышым


Салт – дәстүді білеміз


Бата айту жарысы


«Жыл бойына үйрендік»

«Мәңгілік Ел», идеясын , «Рухани жаңғыру» мақаласын, «Үш тұғырлы тіл» саясатын жүзеге асыру. Алған білімін шыңдау, жаңашылдыққа үйрету, көшбасшылық қасиеттерін шыңдау, сыни ойлауға үйрету.

Білімі, пайдалану аясы кеңейеді, көшбасшылық қасиеттері қалыптасады. Сыни ойлайтын шығармашыл тұлға қалыптасады.

Интел ойын, эссе, танымдық шаралар




Интелл ойын


Жүйріктер сайысы

Көшбасшылар сайысы


Сыныптық сайыс


Эссе байқауы


Қойылым



Бата айту


Жаңа формат. рефлексия

қыркүйек – мамыр






Қыркүйек


Қараша


Желтоқсан



Қаңтар



Ақпан


Наурыз



Сәуір


Мамыр

Мұғалімдер, психолог, ата-ана, әл.педагог





Б.Темирова



Б. Темирова


Б. Темирова, А. Жекшимова



Б. Темирова, А. Жекшимова


Н. Габбасова


А. Сейтказиева


Г. Какиева


Р. Султангубиева

2

Ақысыз би үйірмесін ұйымдастыру


Қазағымның қара жорғасы


«Қамажай»


«Садақ биі»


«Мерген биі»


«Сары жайлау»

«Үкілі кәмшат»


«Бес қыз»


«Тәуелсіз Ел перзенті»







Көркем – эстетикалық тәрбие беріледі, дене мүмкіндіктері дамиды. Адамгершілік құндылықтар қалыптастыру. «Мәңгілік Ел», идеясын , «Рухани жаңғыру» мақаласын, «Үш тұғырлы тіл» саясатын жүзеге асыру








Әдемілікке үйренеді, иілгіштік қасиеті қалыптасады, сыйластық, ауызбіршілік, достық құндылықтары дариды.

Үйірме, би қойылымы




Қазан – мамыр


Қазан


Қараша


Желтоқсан


Қаңтар


Ақпан

Наурыз


Сәуір


Мамыр

Мұғалімдер, психолог, ата-ана, әл.педагог











А. Жекшимова





3

«Он саусағынан өнер тамған» шебер сыныбына оқушылардың қатысуын ұйымдастыру






«Менің хоббиім»


«Тәуелсіздік бейнесі»


«Қазақтың оюлары»


«Наурыз – жыл басы» ұлттық бұйым жасау


«Бейбітшілік бейнесі»

Әр түрлі қажет емес материалдарды пайдалану арқылы бұйым жасау. Саусақ моторикасын дамыту көзделеді. «Мәңгілік Ел», идеясын , «Рухани жаңғыру» мақаласын, «Үш тұғырлы тіл» саясатын жүзеге асыру

«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асады. Шыдамдылық, ысырапсыздау қасиеттері қалыптасады. Әр түрлі қолөнер буйымдарын жасайды. Өз – өзін бағалауы артады.










Қолөнер дайындау

Қыркүйек , қараша, қаңтар, наурыз, мамыр





Қыркүйек


Қараша


Қаңтар


Наурыз



Мамыр

Мұғалімдер, психолог, ата-ана, әл.педагог






А. Қилымбай


Сынып жетекшілері

4

«Мен және ойын» тақырыбындағы жоспарды жүзеге асыру


«Асық ату»


«Find and touch»


«Арқан тартыс»


«Пойми меня»


«Listen and do»


«Сақина салу»


«Волшебный сундучок»


«Who’s this?»


«Тымпи»


«Какая сказка?»


«Тоғыз құмалақ»

«Frog jump»

Сабақта және сабақтан тыс уақытта әр түрлі ойын түрлерін ойнау арқылы оқушының қызығушылығын ояту, оның есте сақтау, ойлау, тілдік 4 дағдыны қалыптастырады, дене қозғалысы дамиды. «Мәңгілік Ел», идеясын , «Рухани жаңғыру» мақаласын, «Үш тұғырлы тіл» саясатын жүзеге асыру

Үштілділік саясаты жүзеге асады. Оқушының қызығушылығы оянады.

Ойын

Қазан - мамыр

Мұғалімдер, психолог, ата-ана, әл.педагог


Сынып жетекшілер:


Р. Султангубиева


Г. Какиева


А. Сейтказиева


Н. Габбасова


Тәрбиешілер:


Н. Сабиева


А. Қилымбай


Әл.педагог:

Б. Темирова

5

«Қылқалам шебері» жоспарын жүзеге асыру




«Менің ауылым»


«Төл теңгенің кейіпкері»


«Тәуелсіз ел - нышандары»


«Қазақтың әшекей бұйымдары»


«Менің батырым»


«Қызыл кітапқа енген Қазақстандық жануар»


«Қазағымның ұлттық киімі»

«Ұлы жеңіс бейнесі»

«Мәңгілік Ел», «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру. Шығармашылық қабілетін дамыту, әсемдікке баулу.

«Мәңгілік Ел», «Рухани жаңғыру» бағдарламасы орындалады. Сурет туындылары дүниеге келеді. Оқушының қиялы дамиды












Сурет салу


Қазан - мамыр



Қазан


Қараша


Желтоқсан



Қаңтар



Ақпан


Наурыз



Сәуір


Мамыр

Мұғалімдер, психолог, ата-ана, әл.педагог










Н. Сабиева



А. Жекшимова


Осы жоспарланған жұмыстар өз нәтижесін беретініне күмәнім жоқ. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, оның туған жеріне, еліне, өнеріне, салт-дәстүріне, тарихына үңіле отырып, «Мәңгілік Ел» идеясының өміршеңдігін қалыптастыруға болады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. «Мәңгілік ел» болу жолындағы игі істеріміз жалғасын тауып арта берсін дегім келеді.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!