СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Гидравликалык машиналар

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл Гидравликалық машиналар тақырыбындағы сабақ жоспары. Жоспар 7 сыныпқа арналған.

Просмотр содержимого документа
«Гидравликалык машиналар»

§ 35 Гидравликалық машиналар.


Сабақ жоспары

Пән: Физика

Мұғалім: Айтқалиев Ерлан Құрманғазыұлы

Сынып:

Сабақтың тақырыбы: Гидравликалық машиналар.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: оқушыларға гидравликалық машиналар жайлы түсінік беру, гидравликалық машиналардың жұмыс істеу принципін тәжірибе жүзінде көрсетіп, оның табиғаттағы пайдасы туралы түсінік беру, білім дағдыларын қалыптастыру;

  2. Дамытушылық мақсаты: гидравликалық машиналардың жұмыс істеу принципін формула жүзінде жазып, формуласын практикада қолдана білуді үйрету, сабақты өмірмен байланыстыра отырып, шығармашылыққа баулу, есептер шығарту арқылы ойлау қабілетін қалыптастыру, оқушылардың ой-өрісін дамытуға, өз бетімен ізденуге, қорытынды жасауға, өзін-өзі бағалап, сын көзбен қарауға машықтандыру;

  3. Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын тәрбиелеу.

Сабақтың формасы: аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс: математика, информатика, еңбек.

Көрнекіліктері: оқулық, интербелсенді тақта, слайд.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу. Тізім бойынша оқушыларды түгендеу.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІI. Өткен тақырыпты қайталау: Тапсырмалары бар қағаздарды тарату.

ІV. Жаңа сабақ:

1. Гидравликалық машиналар.

Техникада іс-әрекеті сұйықтардың тепе-теңдігі мен қозғалыс заңдарына негізделген машиналардың алуан түрі пайдаланылады. Бұлар гидравликалық машиналар (грекше гидор – су, аулос – түтік) деп аталады. Мысалы, мақтаны, қағазды, ағаш жаңқасын престеу үшін қолданылатын гидравликалық престер; автомобильдер, жүк машиналары мен автобустардағы гидравликалық тежегіштер; тракторлардағы ауыр жүкті көтеруге арналған гидравликалық көтергіштер; гидравликалық түрде көтерілетін орындықтар және тағы да басқа қарапайым түрдегі тетіктер гидравликалық машиналар болып табылады. Өйткені, бұлардың барлығында да сұйықтардың қысым күші пайдаланылады.

Қарапайым гидравликалық машинаға көлденең қимасының ауданы әр түрлі болып келген екі жылжымалы поршеньдер орналастырылады. Бір-бірімен жалғастырылған цилиндрлерге сұйық (май) толтырылады. Мұнда кіші поршеньнің көлденең қимасының ауданы S1, ал үлкен поршеньдікі S2 болсын. Егер кіші цилиндрдегі поршеньге F1 күш әрекет етсе, онда сұйыққа қысым түсіріледі. Паскаль заңы бойынша сұйық бұл қысымды үлкен поршеньге береді. Сол себепті үлкен поршеньге Ғ2 күш әсер етеді.

Формуланың пайда болуын түсіндіру.

Гидравликалық машинаны пайдаланып, күштен ұтуға болады. Сол себепті де олар техниканың көптеген салаларында кеңінен қолданылуда.

Қазіргі қуатты гидравликалық престер 700 000 кН-ға дейін күш өндіруге мүмкіндік береді. Мұндай престер зауыттарда метал бұйымдарға қажетті пішім мен өлшем беру үшін қолданылады.

Алайда престің көмегімен күштен ұтыс алсақ та, арақашықтықтан ұту мүмкін емес.

Формуланы түсіндіру.

Біз күштен қанша есе ұтсақ, арақашықтықтан сонша есе ұтыламыз. Бірақ престің пайдасы, адам өзінің күші жеткіліксіз бола тұрса да, көптеген нәрселерге ол арқылы үлкен қысым түсіре алады.


Есеп шығару мысалы:

Ауданы 25 см2 гидравликалық машинаның кіші поршеніне 300 Н күш әрекет етеді. Үлкен поршеньнің ауданы 100 см2 болса, оған қандай күш әрекет етеді?

Берілгені:

S1 = 25 см2

F1 = 300 Н

S2 = 100 см2

ХБЖ

0,25 м2


1 м2

Формула:

Шешуі:




Жауабы: 1200 Н

Т/к

F2 = ?


V. Есептер шығару:

1. Гидравликалық машинаның кіші поршенінің диаметрі 4 см-ге тең, ал үлкенінікі 50 см. Бұл машина күштен қандай ұтыс береді? (156 есе)

2. Гидравликалық пресс 2,7*105 Н күш өндіруі керек. Кіші поршеньнің диаметрі 3 см, ал үлкенінікі – 90 см. Кіші поршеньге қандай күш түсіру керек? (300 Н)

VІ. Рефлексия:

  1. Қарапайым гидравликалық машинаның құрылысы қандай?

  2. Гидравликалық машиналар не үшін қолданылады?

  3. Гидравликалық машиналар құрылысында қандай заң қолданылады?

VІІ. Үйге тапсырма: §35 Гидравликалық машиналар. 16-жаттығу №3.

VІІІ. Бағалау: Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.


Бүгінгі сабағымыз аяқталды, сау болыңыздар!


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!