СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

География пәнінен сыныптан тыс іс-шара

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың география пәнінен алған білімдерін сынау, топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырып одан әрі білімдерін жетілдіру. 

Просмотр содержимого документа
«География пәнінен сыныптан тыс іс-шара»

География пәнінен сыныптан тыс іс-шара

Тақырыбы: «Не?Қайда?Қашан?»

Мақсаты:

Білімділігі: оқушылардың география пәнінен алған білімдерін сынау, топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырып одан әрі білімдерін жетілдіру

Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін, ғылыми көзқарастарын қалыптастырып, ізденушілікке баулып дүниетанымын дамыту.

Тәрбиелілігі: Қоршаған орта табиғатын аялауға, ұжымшылдыққа және бір – бірін сыйлауға тәрбиелеу.

 Сабақтың көрнекіліктері: Дүние жүзінің саяси картасы, интерактивті тақта, Power Point презентациясы.

Түрі: Сайыс

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, топпен жұмыс, ой қозғау.

Барысы:

I. Сәлемдесу, сайыс тақырыбы, мақсаты.

II. Ұйымдастыру.

1. 1 Қатысатын оқушыларды таныстыру

1. 2. Әділ - қазылар алқасын сайлау.

1. 3 Сайыстың кезеңдерімен және шарттарымен таныстыру

III. Қорытынды.

IV.Марапаттау.

Оқытушы:

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және бүгінгі сайыстың қатысушылары.

  Бүгін біздің «Не?Қайда?Қашан?» атты ойын сайысына қош келдіңіздер! Ойынымызды бастамас бұрын осы география ғылымы туралы айтып өтейік. 

География ғылым ретінде ежелгі Грекияда туған,ұзақ уақыт бойы  география жаңа жерлерді ашып сипаттаумен ғана айналысатын ғылым деп есептелініп келді.

XIX ғ. басында  бүкіл Жер шарында ашылмаған жер қалмаған екен. Осыған орай  географияның міндеттері де өзгерді. Ендігі жерде ол Жер бетіндегі  денелермен құбылыстардың таралуын сипаттап қана қоймай , олардың себебін түсіндіретін ғылымға айналды.

Сондықтан жарысқа түскен  оқушылар  өздерінің  географиялық құбылыстардың себептері мен Жер шарындағы  материктер туралы білімін көрсетеді.

   Бүгінгі ойын сайысқа топ оқушылары қатысады, яғни әрбір топтан намысын қорғауға 5оқушыдан  топ болып шығады. Сонымен бізде 3 топ қатысады.

Бүгінгі сайысымызды бағалайтын және сын беретін әділ - қазылар құрамымен таныстырайын:

Директордың орынбасары: Бисенгалиева Э.К.

Әлеуметтік педагог: Куанаева А.С.

Оқытушы: Мушагалиева К.Е.

Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер.

Білімді деген ақылшың

 Қиындықтан өткізер,–деп сайысымыздың ойын шарттарымен таныстырып өтейін. Сайысымыз 7 кезеңнен тұрады:

Кезеңдері:

1. Таныстыру (топ аты, жетекшісі)

2. Блиц -турнир (сұрақтар).

3. Тамаша тоғыздық.

4. Ойлан, тап.

5. «Интеллектуалды жекпе-жек» капитандар сайысы.

6. Көрермендер сайысы «Ойлы болсаң, тауып көр»

7. Елдерге саяхат.        

Сайысымыздың бірінші кезеңі «Таныстыруға» кезек берейік.

(Топтар өздерін таныстырады) .

І тур: Блиц турнир

Мұнда сұрақ беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. Сайысқа қатысатын топтар кезек кезек жауап береді. Егер жауабы жоқ болса, келесі топ мүшелері жауап беруге мүмкіндік алады.

№1 Штат Калифорниядағы губернаторы АҚШ-тың актеры. Оның аты кім? Арнольд Шварцнегер
№2 Ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан тұңғыш мемлекетке айналған қандай ел? Қазақстан
№3 Қай елде орналасқан тарихи-мәдени ғимарат Тәж-махал мавзолейі? Үндістан
№4 Эйфель мұнарасы қай елде орналасқан? Франция
№5 Бір ұлтты-99% . тұрмыстық радиоэлектроника бұйымдарын шығарудан да дүние жүзінде жетекші орын алады.... Жапония
№6 Жер ауданы ең ұлкен мемлекет..... Ресей

№7 Дүние жүзіндегі ең кіші тәуелсіз мемлекет..... Ватикан

№ 8 Дүние жүзіндегі бір материкті түгелімен алып жатқан бірден бір мемлекет.... Аустралия

№9 Халық саны ең көп мемлекет, халық саны ең аз мемлекет (811 адам болды 1996ж)..... Қытай, Ватикан

№10 Адамнан телефоны көп қала..... Вашингтон
№11 Дүниежүзіндегі ең терең көл..... Байкал

№12 Елімізде теңіз деп аталатын қандай екі көлді білесің? Каспий, Арал

№13 Дүниежүзіндегі ең үлкен шөл .... Сахара

№14 Кофенің отаны қай материк ? Африка

№15 Ең кішкентай құс..... Колибри

№16 Бір ғана мемлекеттен тұратын материк..... Аустралия

№17 Ең суық астана..... Улан-Батор

№18 Сіздер бейтаныс жерге кемемен жүзіп келіп, жергілікті адамдармен тіл табыспақшы болып, оларға әртүрлі сұрақтар қоя бастадыңыздар. Ал олар сіздерге «Кенгуру» деген сөзден басқа сөз айтқан жоқ. Сіздер қай жерге келдіңіздер және адамдар не деп жауап берді? (Аустралия материгі. Жергілікте халық тілінде «Кенгуру» сөзі «түсінбедім» деген мағынаны білдіреді.)

№ 19.Футболист Рикардо Исаксонның (немесе жайғана Кака) туған жері Аргентина ма? Ия

№20.Корковаду тауындағы Құтқарушы Христостың мүсіні қай қалада орналасқан? Бразилиа

№21.Жауын-шашын мүлде 400 жылдың ішінде болмаған. Д.ж. ең құрғақ шөл болып есептеледі. Атакама Чили

ІІ тур: Тамаша алтылық

Топтар 2 әріптен таңдайды,таңдаған әріптер бойынша сұрақтарға жауап береді. Жауабы сол  әріптерден ғана  басталады. Дұрыс жауап 1 ұпай.

Кезең шарты түсінікті болса, онда біз бастаймыз. Топтарға сәттілік тілейміз!

«А,С,Б,К,М,Д»

     «А» әрпі

1. Д.ж ең суы мол өзен –Амазанка

2. Жердің ауа қабаты-Атмосфера

3. Д.ж  2 орын алатын материк – Африка

4. Еліміздің басты қақпасы -  Ақтау қаласы

5. Төрт мұхиттың бірі- Атлант

6. Кит тәріздес материк – Антрактида

7. Сырдария өзені құятын теңіз - Арал теңіз

8.  Сеул қаласын корей тілінде аударғанда қандай мағына береді – Астана


«С» әрпі

1.Көлемі жөнінен 3- ші материк –Солтүстік Америка

2. Ең үлкен тропикті шөл- Сахара

3.Македонияның астанасы- Скопье

4.Шөл зонасында ағаш тектес өсімдік атауы- Сексеуіл

5. Макарон фабрикасының атауы- Сұлтан

6. Жер бетінде ең үлкен, әрі ең ұзақ жасайтын өсімдік- Секвоя 7.Қазақстандағы ең лайлы өзен- Сырдария

8. Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,

Оны айтуға табиғаттың үні жоқ- Су

  «Б» әрпі

1. Жер шарындағы тірі ағзалар таралған аймақ – Биосфера

2. Солт Америка мен Евразияны бөліп тұрған бұғаз- Беринг

3. 1992 жылы 2 наурызда  Қазақстан қандай ұйымға мүше боп  кірді- БҰҰ

4. Еліміздегі ірі СЭС – Бұқтырма

5. Д.ж халық өте  тығыз орналасқан  мемлекет- Бангладеш

6. Аргентина астанасы- Буэнес – Айрес

7. Қазақстандағы  ғарыш айлағы- Байқоңыр

8. Әлемдік діндердің бірі- Буддизм

«М»әрпі

1 . Жер бетіндегі қашықтықтың неше есе кішірейтілгенін көрсететін өлшем- Масштаб

2. Африкадағы аралдық мемлекет-  Мадагаскар

3. Елдің басқару түрі- Монархия

4. Адамның қандай да бір аумақтың шекарасына өтіп, ұзақ уақытқа қоныс аудару процесі-  Миграция

5. Қазақстанмен шектеспейтін ел- Монғолия

6. Беларусь астанасы- Минск

7. Адамның әр түрлі нәсілдер өкілдерінің  некелесуінен пайда болған ұрпақтар- Метистер

8. Ауа райын зерттейтін ғылым- Метеорология.

«Д» әрпі

1. .Индонезияның астанасы- Джакарта

2.29%  алып жатқан зона – Дала

3 ең биік шың атауы- Джомолунгма

4.АҚШ- ғы автомобиль астанасы – Дейтройт

5.Африка жеріндегі ең ыстық жер – Дакар + 57 0С

6.Еуропаның басты өзені- Дунай

7.Еуропаның сүт фермасы қай мемлекетте – Дания

8.Халық санын,табиғи өсуі,жасы мен жынысын зерттейтін ғылым- Демография

« К»әрпі

1. 4 жылда бір рет қайталанып отыратын жыл- Кібісе

2. Жер бетінің кішірейтілген  жазықтықтағы  шартты белгілермен кескінделген сызба- Карта

3. Аустралия Одағының мемлекеттік  елтаңбасында бейнеленген жануар-  Кенгуру

4. Бурабай курорттық зонасы орналасқан аймақ- Көкшетау

 5. «Оттава» қандай  мемлекеттің астанасы-  Канада

6. Қытай халқының ұстанатын діні- Конфуций

7. Эскаватор зауыты Қазақстанда қай қалада орналасқан- Кентау

8. Бағалы метал- Күміс

ІІІ тур: "Ойлан, тап"

2 көмек болады, әрбір көмек алған сайын 1 ұпай шегеріліп отырады. Ойлануға 1 минут, дұрыс жауап 10 ұпай.

«І тобы»

 Бұл өсімдікті орта ғасырларда ежелгі гректер жыланның шаққан жеріне бірден-бір ем ретінде қолданған. Сондықтан оны "жылан өсімдігі" деп атаған. Ал ежелгі Мысырда оны пирамида құрылысы кезінде мыңдаған құлдарға күн сайын беріп тұрған.

Бірінші көмек:Францияда шілдеден қаңтарға дейін әр бейсенбіде бұл өсімдіктің ғажайып жәрмеңкесі өткізіліп тұрады.

Екінші көмек: Исі өткір, ащы, тамаққа пайдаланамыз.

Жауап: САРЫМСАҚ.

«ІІ  тобы»

  Ең алғаш бұл сусын XVIII ғасырда голландықтар дастарханында пайда болған. Ресейге бұл сусын тосыннан келген. 1638 жылы Москвадан Монғол ханына сыйлық келеді. Риза болған хан жауап ретінде өз сыйын жібереді. Орыс елшілері бұл сыйды көріп, жарамсыз зат ретінде қабылдап, өз елдерін төмендету деп есептейді. Дегенмен сыйлық Ресейге жетеді, патша оны ұнатады. Басында оны дәрі ретінде пайдаланады, ал XIX ғасырдан бастап оны өте көп мөлшерде пайдалана бастады.

Бірінші көмек: Отаны - Қытай

Екінші көмек: Бұл сусынды ішпесе қазақтардың басы аурады.

Жауабы: ШАЙ.

«ІІІ тобы»

 Грек мифологиясында Аполлон бұл өсімдік жапырағынан гүлдесте жасап басына және өзінің саз аспабына әдемілік ретінде тағып жүрген. Содан бері күні бүгінге дейін бұл гүлдесте" даңқ символы" ретінде халықаралық түрлі сайыстағы жеңімпаздардың мойындарына тағылып жүр.

Бірінші көмек: Бұл өсімдік Греция мемлекетінің елтаңбасында бейнеленген.

Екінші көмек: Бұл өсімдік жапырағын дәмдеуіш ретінде тамаққа да пайдаланады.
Жауабы: ЛАВР ЖАПЫРАҒЫ

IY тур. «Интеллектуалды жекпе-жек» капитандар сайысы.

12 сұрақ қойылады, 3 топ капитандары қатар шығып тұрады да, кезек-кезек жауап береді. Біреуінің жауап бере алмағанына екіншісі жауап беріп ұпайын алуға болады. Тез - тез жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай.

1. Ең ұзын өзен? Ніл
2. Ең жүйрік аң? Гепард
3. Ең алып құс? Африка түйеқұсы
4. Ең суыққа төзімді құс? Пингвин
5. Ең үлкен мұхит? Тынық мұхиты
6. Ең үлкен арал? Гренландия
7. Ең терең көл? Байкал
8. Ең биік шың? Эверест
9. Ең биік сарқырама? Анхель
10. Ең биік мұз сырғанақ- Медеу
11. Ең құрғақ жер? Атакама шөлі
12. Ең төмен теңіз? Өлі теңіз

V тур. Көрермендер сайысы «Ойлы болсаң, тауып көр»

 Әр бір дұрыс тапқан сұрақ жауабына 5 ұпай.(қызықты сұрақтар)

1. Шаян тектес жануардың атын жазбақ еді, орнына Солтүстік Африка халқының аты шықты (краб-Араб)

2. Әрі суық, әрі тәтті дәм еді, болып қалды солтүстіктің тұрғыны (эскимо-эскимос)

3. Ең ашулы қандай қала? (Грозный)

4. Бір әрпін жоғалтса қандай арал геометриялық фигура болады (Куба)

5. Қандай мемлекетті басқа киюге болады? (Панама)

6. Қандай жер ешқашан қартаймайды? (Жаңа жер)

VIтур. Бой сергіту. Жұмбақ сауалнама.
1.Бір ұлт, бөлінген екі елге,

Халық бар азиялық шетелде.(Солтүстік, Оңтүстік Корея)

2. Жер бетінде халқы көп,
     Кім айтады елді дөп. (Қытай)

3. Шығыс Азиялық мемлекет,
    Тұрады 5 мың аралдан.
    Әлі күнге пират көп,
    Қажетін тонап таба алған.(Индонезия)

4. Өзі - қала, ел - өзі, дамыған үлгі үрдісі.
    Азиялық болса да, Еуропалық тұрмысы.(Жапония)

 5. Мұсылман үшін қасиетті, дінінің туған жері еді.
     Мұнайда қалқып байыған, бұл арабтың қай елі. (Сауд Арабия)

VІІ. Елдерге саяхат «Елді танимын»

Әр бір дұрыс тапқан сұрақ жауабына 2 ұпай. Слайдтарда қай елдер көрсетілген?

VІІІ. Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау

 Оқытушы: Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
  Сөз кезегін қазыларға берейік
  Арамызда тапқыш достар көп екен,
  Солардың біз нәтижесін көрейік,- дей келе ендігі қорытынды сөз кезегін қазыларға береміз.

  Ғылымның сырын ұғына,

  Шығыңдар білімнің шыңына.

  Дарындылық пен тапқырлық,

  Жеткізеді сіздерді,

  География сырына,- дей отырып сайысымызды аяқтаймыз.

Барлығыңызға рахмет.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!