СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Ешкі сүтінің шипасы мен пайдасы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл  ғылыми  зерттеу жұмысында  ешкі сүтінің   түрлі  аурулардан  шипа  екені айтылады.

Тақырыбы: Ешкі сүтінің  шипасы  мен пайдасы

Бағыты : этнография

Авторы :   Серикказыев  Дәурен, 9 жаста

«Қостанай  қаласы әкімдігінің білім  бөлімінің  № 5 А мектеп-гимназиясы»  ММ

Просмотр содержимого документа
«"Ешкі сүтінің шипасы мен пайдасы"»

ы: Ешкі сүтінің шипасы мен пайдасы

Бағыты : этнография

Авторы : Серикказыев Дәурен, 9 жаста

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 5 А мектеп-гимназиясы» ММ

[email protected]

Қостанай облысы , Қостанай қаласы







































Мазмұны



I .Кіріспе 3 бет


II. Негізгі бөлім 4-5 бет

А) Тастан-тасқа секірген ешкі жайлы...

Ә) Сүті қандай уызынан жарытқан...


III.Қорытынды 6 бет


IY.Библиографиялық тізім 7 бет


































Кіріспе

Ежелгі аңызға сенсек, найзағаймен алысқан Зевстің өзі Амалтея – тәңірлік керемет ешкісінің сүтін мүйізінен ішкен. Әл-Фараби ешкі сүті туралы: «ең тұрақты», - деп жазған. Емдік қасиеттерін күшейту үшін оны түрлі қоспалармен: көз бұршағының бұлыңғыр тартуына қарсы – күнжітпен, іш өтуге қарсы – теңіз тастарымен, арпа жармасымен қайнатқан. Авиценна жерлестеріне кәрі жасқа жеткенде ешкі сүтін ұдайы пайдалануды ұсынған.

XIX ғасырдың аяғынан бастап ешкі сүті үшін өрлеу кезеңі бас­талды. Осы кезде медицина ма­мандары ол жайлы әйелдердің ем­шек сүтін алмастыруға бас­қалардан қолайлы екендігін айтты. Ешкі туберкулезбен, бруцеллезбен, сиыр ауыратын басқа да ауру­лармен ауырмайды.

Ғылыми жұмыстың өзектілігі: Ешкінің сүтінің ауруға қаншалықты ем болатынын, қалай пайдалану керектігін үйреніп, іс жүзінде пайдалануға

болатынын меңгеру.

Зерттеудің мақсаты: Оқушыларға ата –бабамыз ешкі өсірумен ертеден –ақ айналысқанын және ешкі сүтінің адам ағзасына пайдасын түсіндіру.

Зерттеудің міндеті: ешкі сүтінің емдік қасиетін пайдалану арқылы әр түрлі аурудан аман алып қалудың жолын қарастыру .

Зерттелетін объект және зат : ешкі, ешкі сүті

Зерттеу әдісі: теориялық және қолданбалы зерттеулер

Қысқаша зерттеу мінездемесі: Ешкі сүтінің пайдасын теориялық және қолданбалы әдістерді пайдалану арқылы жүзеге асырдым. Теориялық әдіс қосымша пайдаланған әдебиеттер арқылы ,ал қолданбалы әдіс Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік Университетінің “Ветеринария” факультетіндегі зертханада зерттеу жасау арқылы жүргізілді. Зерттеу барысынды ешкі сүтінің құрамында денсаулыққа өте қажетті дәрумендер көп екені дәлелденді. Атап айтқанда, асқазан-ішек жолдарының аурулары, сусамыр ауруларына қарсы тигізетін әсері мол. Сондай-ақ, ағзаның қорғаныстық қасиеттерін арттыра түседі. Ешкі сүті адам ағзасында тез қорытылады. Тіпті ол жас балаларға арнайы тағам есебінде пайдаланылады.
















Негізгі бөлім

А) Тастан-тасқа секірген ешкі жайлы...

Құймақұлақ қарттардан ешкі жайында есті әңгімелері өте көп. Сексек ата тұқымының адам өмірінде пайдасы зор екен. Ата-бабаларымыз ешқандай ғылымға сүйене қойған жоқ. Дертіне дауа іздегенде ешкінің сүтін ішті. Денсаулыққа жұғымды ас есебінде ешкі етінен де тартына қоймады. Оның терісі мен түбітін де қажетіне жаратты. Десе де, ешкіні түліктің түріне неге жатқыза қоймағаны түсініксіз. Қазекемнің көшпелі тіршілігінде басты мәнге ие болған төрт түліктің қатарында ешкі малы жоқ. Оны қой малымен қосарлап айтады.Сол көзқарас әлі де сейіле қойған жоқ. Біздің елімізде ешкі шаруашылығына дұрыс көңіл бөлінбей келеді. Жалпы, жұмыр жер¬де ешкі Азия және Африка құрлығында көп кездеседі. Дегенмен Еуропада аталмыш шаруашылықты дамытуға ерекше мән беріліп отыр. Әсіресе Голландия мен Франциядағы шаруа қауымының ешкі өсірумен-ақ шекесі шылқып отыр. Әлемнің көптеген еліндегі дүкен сөрелерінде француз шаруаларының өнімін кездестіруге болады. Барлығының орайын келтірген. Жағдайлары жаман емес. Қаншама қаржы қалтаға құйылып жатыр. Бұл елдерде ешкі жайылымға сыймай жатқан жоқ. Әрбір ісіне есеппен қарап үйренген еуропалықтар мол өнімге қол жеткізу мақсатында асыл тұқымды ешкі малын өсіреді.

Ешкі малы 100 жыл бұрын қолға үйретілген,өсімқор, 9-10 жыл тіршілік етеді,20-28 кг ет,4-5 кг май береді,еті,терісі,түбіті,сүті үшін өсіріледі.

Ә) Сүті қандай уызынан жарытқан...

Дәрігерлер ешкі сүтінің пайдалы екенін жоққа шығармайды. Оның құрамында денсаулыққа өте қажетті дәрумендер көп көрінеді. Атап айтқанда, асқазан-ішек жолдарының аурулары, сусамыр ауруларына қарсы тигізетін әсері мол. Сондай-ақ ағзаның қорғаныстық қасиеттерін арттыра түседі. Ешкі сүтінің құрамындағы қанықпаған май қышқылдары да деннің саулығына оң әсерін тигізеді. Аталмыш қышқылдар несеп айдау жолдарына таптырмас ем екен. Ешкі сүті адам ағзасында тез қорытылады. Тіпті ол жас балаларға арнайы тағам есебінде пайдаланылады. Көнекөз қариялар «ешкі сүті құрамы жағынан ана сүтімен пара-пар» дегенді бекер айтпаған болар…

Ешкі сүтінің майлық құрамбөліктерінің сипаты да сиыр сүтіне қарағанда оңтайлы. Мысалы, ешкі сүтінің май домалақтарының көлемі кішірек келеді. Бұл майлардың жақсы сіңірілуі үшін ешкі сүтінде орта тізбектік үш глицеридтердің болуы ықпал етеді. Олар — лимфалық қылтамырларды айналып өтіп, бірден веналық жүйеге енетін, ішекте өтсіз сіңетін ерекше қабілеті бар майлар. Ешкі мен сиыр сүті минералдық тұздардың, микроэлементтер мен дәрумендердің үйлесімі жағынан әйелдердің емшек сүтіне жете бермейді. Бірақ ғалымдардың дәйектері бойынша, ешкі сүтінің құрамында темір аз болуына қарамастан, ол баланың ішегінде сиыр сүтіндегі темірге қарағанда тиімдірек сіңеді. Ал ешкі сүтіндегі В12 дәруменінің жеткіліксіздігі бұл сүтпен қоректендендірілген сәбиде мегалобласты анемия туындауының себебі болуы мүмкін. Бұл дімкәстің себебі — азықта В12 дәрумені мен фолий қышқылының тапшылығы болуынан, соңғысының мөлшері ешкі сүтінде де аз болады. Сонымен қатар, микроэлементтер:кальций,магний,фосфор,марганец,мыс,дәрумендер: А,В1,С,Д,аскорбин қышқылы ,ақуыздар : май 4,4%,белок3,6% лактоза4,9% АҚШ мамандарының пікірінше, ешкі сүті сиыр сүтіне қарағанда адам¬ның физиологиялық қажеттіліктерін оңтайлы қанағаттандырады. Олардың деректеріне сай, сиыр сүтіне аллергиясы бар адамдардың көпшілігі ешкі сүтін жеңіл көтереді. Бұл пікірді итальяндық медицина қызметкерлері жоққа шығаруда. Олардың зерттеулері керісінше нәтиже берген: сиыр сүтін көтере алмайтын балалар ешкі сүтін де бірдей әсермен қабылдаған. Канадалық дәрігерлердің айтуынша, ешкі сүті тері мен буын ауруына шалдыққан адамдардың денсаулығына жақсы әсер етеді, әрі өт-тас ауруларын емдеуде, фибромиома мен балалар эпилепсиясын емдеуде аса пайдалы. Жалпы, ешкі сүтінің ерекше және сиқырлық қасиеттері жайлы пікірлерді салмақтай отырып, мамандар оның бойында бірқатар пайдалы ерекшеліктері бар екенін және сиыр сүтін көтере алмайтын және оның нәруыздарына аллегиясы бар балаларды тамақтандыруда тиімді колдануға болатынын айтады.

























Қорытынды

Қазақ жерінде ешкі малын өсіруге мол мүмкіндік бар. Елімізде табиғи жайылым көлемі жетеді. Дерекке көз салсақ, Қазақстанда 180 млн гектарға жуық табиғи жайылым бар екен. Одан қалды, ешкі бағуға өте қолайлы 7,2 млн гектар шамасында таулы өңір орналасқан. Сондай-ақ 20 млн гектар шамасында тасты аймақтар бар. Тастан-тасқа секіріп үйренген ешкі малы үшін жайылым бізде молынан жетіп жатыр. Өкініштісі, бізде оған деген дұрыс көзқарас жеткіліксіз. Өзіміз баққаннан гөрі, сырттан сатып алғанды оңай санаймыз. Елімізде мал шаруашылығын дамыту бағытында төрт түлік қатарынан «құрметті» орын ала алмай қалса да, ешкі малын өсіруге көңіл бөлгеніміз өте орынды болар еді. Әрине, бүгінгі заманда өткеннің өлшемі жүре қоймасы анық. «Айдағаның – бес ешкі, ысқырығың жер жарады» деуге болмас.Есебін білгенге ешкі өсіру өте тиімді кәсіптің көзі екені көрініп тұр. Дегенмен әлі күнге дейін ешкі малына дұрыс назар аударылмай келеді.


Ақылбек Шаяхметов атамның мына өлеңі еріксіз ойыма келіп тұр:

Десе біреу: «ешкі менен қой тең бе?!»
Дер едім мен: «тектен текке сүйкенбе!»
Ешкі мен қой тең болмайды ешқашан,
Тұлғасы бір көрінсе де сырт елге.
Табанынан өтіп жатсын сыз, мейлі,
Тулағы мен төсенішін іздейді.
Көп ешкіден көргендей-ақ қорлықты,
«Қайда жүрмес ешкі менен қыз» - дейді.
Ешкі майын таңдайына қатырған
Талай ерлер ұйқысыз таң атырған.
Қой аз болса, ешкі санын көбейтіп,
Баққан малын талғажау қып отырған.
Сүті қандай уызынан жарытқан,
Түбіт қандай қалған барлық халық таң?!
Ешкіні апа, жезде деген текені
Қазағыма қасиетін танытқан.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Похожие файлы

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!