СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Еуразия жер бедері ҚМЖ

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

Еуразияның жер бедері туралы қысқа мерзімді сабақ жоспары.

Просмотр содержимого документа
«Еуразия жер бедері ҚМЖ»




Пәні

География

Класы 7 «а»

Сабақтың тақырыбы

Еуразия жер бедері


Сабақтың мақсаты

Оқушыларды Еуразия материгінің жер бедері: жазықтары, таулары, үстірттерінің географиялық орны, жер бедеріндегі ерекшеліктері, оған әсер етуші күштер туралы білік – дағдыларын қалыптастыру; теориялық білімдерін кескін картамен жұмыс істеу арқылы ой-өрісін дамыту.

Оқушыларды Отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сақтауға үйрету. Өзендердің суын қорғауға, сақтауға өз үлестерін қосуға дағдылау, бағыттау.

Балалардың өзіндік ойлана білуіне, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға, өздерінше іздене білулеріне, т.б. үйрету.

Күтілетін нәтиже

  • Еуразияның жер бедері;жазық,тау,үстірттер туралы біледі

  • Тау, жазық,үстірттерді картадан көрсете алады

  • Топтасып жұмыс жасай алады

  • Өз ойларын еркін,нақты жеткізе алады.

КЕЗЕҢДЕРІ

МҰҒАЛІМ ӘРЕКЕТІ

ОҚУШЫ ӘРЕКЕТІ

БАҒАЛАУ

РЕСУРСТАР


Ұйымдастыру кезеңі (3мин)



1.Оқушыларды түгендеп,назарын сабаққа аудару. 2.Психологиялық тренинг. «Менің мақсатым»

3. Топқа бөледі.


Оқушылар психологиялық тренингке қатысады.

Топқа бөлінеді.





Үлестірмелі парақшалар


Үй тапсырмасы (5мин)


1-топ.“Ең, ең..

2-топ. Ұлы географиялық есімдер.

3-топ.Географиялық терминдер

Оқушылар топ болып тапсырмаларын орындайды

Түстермен бағалау

Оқулық

Қызығушылықты ояту(2 мин)

Видео - фильм «Тянь-Шань тауы, Хантәңірі шыңы»

арқылы сабақтың тақырыбын білу.


Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға ұмтылады.




Мағынаны тану (10мин)



Топтық жұмыс.

1-топ. Еуразия жер бедерінің дамуы мен ерекшеліктері

Еуразияның ең биік нүктесі

Ең төмен нүктесі

Аса биік,күрделі тау жүйелері

Платформалары

2-топ. Жер сілкіну мен жанартаулық аймақтар

- Еуразия материгі арқылы дүние жүзінде қандай сейсмикалық белдеу өтеді?

-Жер сілкіну не себептен болады? -Гейзер деген не?

- Цунами дегеніміз не?

3-топ. Жер бедерінің негізгі түрлері. Еуропа мен Азияның жер бедерінің ұқсастығы мен айырмашығы

Берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды.






Үш шапалақ





Оқулық

Карта








«Картамен және кескін картамен жұмыс»

(10 мин)




Берілген географиялық атауларды физикалық картадағы түстер бойынша таблицаға орналастыр

БАТЫС СІБІР, ТИБЕТ, АЛЬПІ, ТЯНЬ-ШАНЬ, ШЫҒЫС ЕУРОПА, КАСПИЙ МАҢЫ, ГИМАЛАЙ, КАВКАЗ

Жазықтар Таулар


Үш шапалақ

Еуразияның физикалық картасы, кескін карта

« Өзіңді-өзің тексер»

(7 мин)


1 . Ежелгі солтүстік материк :

А) Австрия В) Пангея С) Лавразия Д) Еуразия Е) Гондвана

2 . Төрт мұхитпен ұласып жатқан материк

А) Аустралия В) Оңтүстік Америка С) Солтүстік Америка Д) Еуразия Е) Африка

3 . Дүние жүзіндегі ауданы жөнінен ірі материк

А) Солтүстік Америка В) Оңтүстік Америка

С) Антарктида Д) Еуразия Е) Аустралия

4 . Еуразия материгінің ауданы ( км 2 )

А) 24,2 млн В) 18,3 млн С) 14 млн Д) 7,9 млн Е) 54 млн

5 . Еуразияның және дүние жүзінің теңіз деңгейінен төмен орналасқан нүктесі

А) Ассаль көлі В) Турфан С) Өлі теңіз Д) Қарақия ойысы Е) Эйр көлі

6 . Әлемнің жауын – шашын ең көп түсетін жері

А) Гавай аралдары В) Черапунджи С) Кордильердің батыс бөлігі Д) Ла – Плата Е) Конга алабы

7 . Еуропа мен Азия аралығында орналасқан дүние жүзіндегі ең ірі көл

А) Жоғарғы көл В) Виктория көлі С) Арал теңізі Д) Каспий теңізі Е) Өлі теңізі

8 . Еуропа мен Азия арасындағы шартты түрде өтетін шекара

А) Гиндукуш В) Тибет С) Карпат Д) Орал

Е) Аппалач

9 . Жер шарындағы ең терең көл

А) Байкал көлі В) Балқаш көлі С) Эйр көлі

Д) Жоғарғы көл Е) Виктория көлі

10 . Еуразиядағы және дүние жүзіндегі ең үлкен көл

А) Байқал теңізі В) Каспий теңізі С) Эйр көлі

Д) Жоғарғы көлі Е) Виктория көлі




Екі топ оқушылары картаны пайдалана отырып кескін картадағы бейлеленген теңізді табады



Үш шапалақ

Еуразияның физикалық картасы, кескін карта

Бағалау (5 мин)

Бүгінгі сабақ бойынша жинаған балдарын есептеу

Оқушылар өзін-өзі бағалайды.

Кері байланыс

«Менің мақсатым»

Бағалау парағы

Сабақты қорытындылау (3 мин)

Үйге тапсырма:

  • § 16-17. Еуразияның жер бедері. (Оқу) - «3»

  • Кескін картаға Еуразияның жазық,тауларын

  • түсіру - «4»

  • Еуразияның жер бедері бойынша тест

құрастыру- «5»


Оқушылар үй тапсырмасын жазып алады.






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!