КҮНДЕЛІКТІ САБАҚ ЖОСПАРЫ №13
Пән аты: Компьютер құрылғыларын жөндеу және техникалық күтімі
Сабақтың тақырыбы: Иілгіш дискілер дисководына күтім жасау. Дискілерді қорғау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ақпаратты жазу мен оқу, иілгіш және компакт дискілер сияқты ақпарат тасуыштар туралы түсінік беру, дискжетек пен CD-ROM жұмыстарымен таныстыру;
Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік білімдерін көтеру;
Тәрбиелілік: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.
Дамытушылық: Оқушының математикалық ойлау және есептеу дағдыларын
жетілдіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, лексия, тест сұрақтары т.б.
Сабақ байланысы: математика, физика
Сабақ әдісі: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Студенттерді түгендеу. Аудитория тазалығын қадағалау.
Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау әдісі.
Айлық жүйені тазалау;
Операциялық жүйенің жүктемелік дискісін құру;
Операциялық жүйені қалай орнатады.
ІІІ. Жаңа сабақ
Дискілермен жұмыс істеу
Дискідегі информация жинақтауыш
Информация жинақтауыштар-кез келген ЭЕМ- нің қажетті бөлігі, оларды көбінесе инмформацияның сыртқы жинақтауыштары немесе компьютердің сыртқы жады дейді. Олар көлемді информацияны ұзаң уақыт сақтау үшін қажет және ондағы мәліметтер ЭЕМ- нің күйіне байланысты болмайды. Сыртқы жатта кез келген программа немесе жай мәліметтер сақтала береді, сол себепті оны әрбір адамның мәліметтерінің кітапханасы деуге болады.
ДЭЕМ- дерде информацияның жинақтауыш ролін магниттік дискілердегі жинақтауыштар атқарады, оларда мәліметтерді тікелей оқуға не жазуға болады. Соңғы кездерде ДЭЕМ- дер үшін магниттік таспадағы жинақтауыштар- стримерлер шықты, бірақ олар өте көлемді мәлімет сақтай алғанмен, оқу жазу жұмыстары бірте- бірте тізбектей іздеу арқылы жай жүргізіледі. Сол себепті стримерлер магниттік дискідегі жинақтауыштарды ауыстыра алмайды, тек толықтырады.
Магниттік дискідегі жинақтауыштар екі турлі болады: иілгіш магниттік дискідегі жинақтауыш және қатқыл магниттік дискідегі жинақтауыш.
Қатты дискідегі мәлімет жинақтауыштар (винчестер)
Информацияны тұрақты сақтауға арналған.
Қатқыл диск орнынан алынбайды, ауа кірмейтіндей жабық корпуска салынып, жүйелік блокта орналасады. Ол екі жағына да мәлімет жазылатын бір дестеге біріктірілген дисктерде тұрады. Дисккетке қарағанда винчестерге өте көп мәлімет көлемі сыйады, сондықтан оны пайдалануға өте ыңғайлы.
Иілгіш дискідегі (дискеттегі) жинақтауыштар бір компьютерден екінші компьютерге мәлімет алмастыру үшін, әзір жұмысқа қажет емес информацияны сақтап қойу үшін, қатқыл дискідегі архифтік көшірмесін алу үшін қажет.
Жұмыс процесінде әр адам өзінің мәліметтері мен программаларының дискіде алатын көтлемін білуі тиіс және дискіде қанша бос орын қалғандығын қадағалап, дискінің көлемін тиімді пайдалануға тырысуы қажет.
Иілгіш диск (дискет)- табақша пішімді, бетінде қабіршық түрінде магнитті қоспа жағылған иілгіш диск. Дискеттін пластмассадан жасалған қабшығында оған мәлімет жаздырмауға болатын кішкене тік төртбұрышты ойық бар және мәлімет жазу- оқу кезінде дискінің бетімен байланыс жасайтын магниттік бастиектің жылжитын орны пластмасса қабшықта ашық болады.
Дискеттің негізгі параматрі - оның диаметрі қазіргі шығарылатын дискеттер үшін екі ғана стандарт бар- олар үш бүтін онан бес және бес бүтін жүзден жиырма бес дюймдік дискеттер, яғни дискеттін диаметрі сексен тоғыз және жүз отыз үш мм болады. ІВМ РС ХТ, АТ компьютерлері үшін негізінен диаметрі бес бүтін жүзден жиырма бес дюймдік, ал қазіргі ДЭЕМ- дер үшін үш бүтін онан бес дюймдік дискілер қолданылады. Мәлімет жазу не оқу үшін жүйелік блоктағы дискжетектің ұясына салынады. ДЭЕМ- де бір немесе екі дискеттер ұясы болуы мүмкін. дискеттер алмалы- салмалы құрал болғандықтан, олар әрі мәліметті сақтау үшін, әрі компьютерлер арасында мәлімет алмастыру үшін де қажет .
3,5 дюймдік дискетте екі түрлі көлемде информация жазылады. Дискеттер қатты пластмасса қорапта орналасады, сол себепті олар әрі ұзақ, әрі сенімді атқарады. Соңғы шығып жатқан ДЭЕМ- дерде 3,5 дюймдік дискеттерде қолданылады.
Дискеттерді мәлімет жазудан сақтау 5,25 дюймдік дискеттерде мәлімет жаздырмау үшін арнайы ойық бар. Егер осы ойықты қағазбен желімдеп жауып қойса, онда оған мәлімет жаза алмайсыз, яғни бұрынғы информация өзгеріссіз сақталады. Ал 3,5 дюймды дискеттерде жанағыдай ойықтын үстінде жылжымалы үлгер бар, оны жоғары- төмен қозғай отырп мәлімет жазуға немесе жаздырмауға болады.
Дискетті форматтау - дискетті алғаш рет пайдалану алдында, оны арнайы тәсілмен форматтайды, яғни беттеріне белгі салады. Форматтау опирациялық жүйенің командасымен жургізіледі ДЭЕМ- де олардан басқа лазерлік компак дискі, магниттік оптикалық дискі немесе Бернулли дискілері тәрізді құрғылар болуы мүмкін. Қазіргі ДЭЕМ- дерде көптеген көлемді программалар СD- ROM компак дискілерінде жазылады. CD- ROM дискілерінің мәлімет оқу жылдамдықтары әр түрлі болады, мысалы, жай жылдамдықты, екі еселенген, төрт еселенген, т.с.с. жылдамдықтары болады. Сонғы кездері шыққан 6-8 жылдамдықты компак дискілер қатты магниттік дискімен бірдей жұмыс атқара алады. Қарапайым дискілер көлемі 6OO Мб, яғни аған алты жүз мың символ сиады, бірақ бұдан тек мәлімет оқуға болады, ал жазуға болмайды. Мәлімет жазуға болатын компак дискілер бар, бірақ олар әзірше өте қымбат тұрады. Қазіргі кезде компак дискілерде өте сапалы фотосуреттер жинағы, яғни фильмдер мен бейнеклиптер жазылып таратылады, әртүрлі дыбыстық эффектілермен, музыкамен безендірілген ойындар, компьютерлік энциклопедия- барлығы CD- ROM дискілерінде болады.
Дискі – 1) есептеуіш техникада – жазылған ақпаратты ұзақ уақыт есте сақтай алатын магниттік қабыршақпен қапталған дөңгелек пластина түріндегі дерек жинақтауыш құрылғы.
Ақпарат пластина бетіне шеңбер бойымен жазылған жолсызықтар арасындағы секторлар бетінде сақталады.
Дискінің (ағылшынша dіsk) дискіқозғалтқыш (дискіжетек) құрылғысы болады. Ол дискіні айналдырып, деректі дискіге жазуды, қажет кезінде оны оқуды атқаратын бастиекті керекті сектор маңына жеткізіп тұрады.
Компьютерлер қатты, иілгіш және жинақы (компакт-диск) дискілермен жабдықталады. Қатты дискіде немесе винчестерде магниттік қабықша көлемдірек металл тұғырға жағылып, дискіқозғалтқыш құрылғысымен ауа кірместей етіп, тұмшаланған (герметикалық) бір қорапта орналасады.
Винчестерлік дискілер сыртқы көлеміне (форм-факторына) және сыйымдылығына қарай бөлінеді.
Форм-факторы 3,25 дюйм болып келетін дискілер дербес компьютерлердің көпшілігінде қолданылады.
Биіктігі 1,6 дюйм винчестерлер қуатты компьютерлерде (серверлерде), жұмыс стансаларында пайдаланылады.
Винчестерлік дискілердің сыйымдылығы 5 – 50 Гбайт және одан да жоғары, ал мәліметтерді оқу-жазу жылдамдығы 10 – 20 Мбайт/с.
Иілгіш дискі (флоппи-диск), дискет – компьютерлердің сыртқы жады ретінде пайдаланылатын, магниттік қабықша жалатылған табақша түрінде жасалып, қорапқа салынған алмалы-салмалы шағын есте сақтау құрылғысы.
Негізінен, 3,5 дюймдік (88 мм), сыйымдылығы 1,5 Мбайт (1,5Һ106 таңба) дискеттер кеңінен таралған. Дискет мәлімет жазуға, оқуға арналған ұзынша ойығы бар пластмасса қорапқа салынып, ортасында оны айналдыруға арналған кіндікшемен жабдықталады. Сондай-ақ оның мәлімет жаздыруды болдырмас үшін ашылып-жабылып тұратын қосымша төртбұрышты ойығы болады. Дискет компьютердің негізгі блогындағы дискіжетектің ұясына салынады. Оның кіндікшесіндегі ойыққа айналдыру діңгегі енеді. Дискі қозғалысқа келісімен оқу-жазу ойығына магниттік бастиек жанасады. Дискетке қатты дискідегі ақпараттың архивтік көшірмесін сақтап қояды, сондай-ақ дискетке жазылған деректі, бағдарламаны, суретті, дыбысты, сандарды немесе мәтіндерді басқа компьютерге ауыстыруға болады. Компьютерлер желісі, электрондық пошта кең қолданыс тапқанша, дискет деректерді бір машинадан екінші машинаға ауыстырудың негізгі тәсілі болды. Дерек алмалы-салмалы болып жасалған жинақы дискіге (компакт-дискі) лазерлік сәуленің көмегімен арнаулы жазу құрылғысында бөлек жазылады. Жазылған дерек жинақы дискі оқитын құрылғымен (CD-ROM) жабдықталған кез келген компьютерде оқыла береді. Оған өшірілмейтін көлемді (650 Мбайт) дерек бір-ақ рет жазылып, ұзақ уақыт бойы тек оқу арқылы пайдаланылады. Компакт-дискіге ойындар, әуендер, кино, әр түрлі электрондық оқулықтар жазылып таратылады;
ІҮ. Бекіту.
Сабақты бекіту сұрақтары:
• Компьютер жадысы неше топқа бөлінеді?
• Сыртқы жадыға қандай құрылғылар жатады?
• Иілгіш және қатты дискілердің айырмашылықтары қандай?
• Компакт дискілердің қызметі қандай?
• Дискжетек, СD-RОМ-ның қызметі қандай?
Ү. Бағалау.
Үй тапсырмасына және сабақта белсенді қатысқаны үшін бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма: 2.2. тақырып, 51-56 беттер, сөзжұмбақ, ребус құрастыру
Компьютерді жаңғырту