СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Интернетпен жұмыс жасау барысында қандай қауіп бар?

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

  • Интернет ұғымына түсініктеме беріп, ақпарат ала  алады;

интернетте жұмыс жасау барысында қауіпін түсінеді

Просмотр содержимого документа
«Интернетпен жұмыс жасау барысында қандай қауіп бар?»

Ұзақ мерзімді жоспарлау бөлімі:

5.1.В

Интернеттегі қауіпсіздік

Мектеп: №7 мектеп-гимназия


Күні:

Мұғалім: Хасенова Н.Қ.

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Интернетпен жұмыс жасау барысында қандай қауіп бар?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.4.2.1- біреудің жұмысын көшіріп алудың заңсыздығын талқылау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Интернет ұғымына түсініктеме беріп, ақпарат ала алады;

  • интернетте жұмыс жасау барысында қауіпін түсінеді

Оқушылардың басым бөлігі:

  • браузерлер түрлерін ажырата алады;

  • Интернеттің зияны мен пайдасын салыстыра алады.

Кейбір оқушылар:

  • электрондық поштамен жұмыс жасай алады.

  • бөгде жұмыстың көшірмесін алу заңды емес екенін талқылай алады;

Бағалау критерийлері

-Заңсыз көшірудің салдарын бағалайды

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты лексика және терминология:

WWW- /Word Wide Web/ - бүкіләлемдік өрмек.

Internet /International Network/ - бүкіләлемдік желі.

Arpanet /Advanced Research Projects Agency/ - ақпараттың берілуін зерттеу агентігі.

Provider – жеткізуші.

browser- парақтау, қарастыру.

Плагиат – өзгенің туындысын рұқсатсыз иемденіп кету.

Домен- сайттың интернеттегі адресі .

Диалогтар мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

-Интернет мүмкіндіктері

-Интернетті кім басқарады деп ойлайсыңдар?

-Интернеттің зияны, пайдасы тақырыбында пікір таласқа түсе алады

Құндылықтарға баулу

Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге қатысу. Интернетпен жұмыс жасау барысында ақпараттық қауіпсіздік шараларын сақтау

Пәнаралық байланыс

Тарих, ағылшын

АКТ қолдану дағдылары


интербелсенді тақта, video scribe бағдарламасында бейнежазба, интернет

Алдыңғы білім

Компьютерде қандай маңызды құрылғылар бар? Компьютердің маңызды құрылғыларын біле отырып оқушылар интернетте жұмыс жасау барысында ақпараттық қауіпсіздік шараларын сақтайды және одан келетін қауіпті бағалай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

1 мин







5 мин















2 мин





















5 мин

Білу

Психологиялық ахуал «Басқа ұлт өкілдерінің амандасуы.»

1.Мұсылмандарша «Төс қағыстырып»

2.Үндістандқтар – қолдарын иектеріне қойып, иіліп.

3. Жапондықтар – жартылай иліліп

4.Папуастар – мұрындарын түйістіріп

5. Европалықтар – қол алысып

Оқушылар: Әр ұлттың амандасу түрі бойынша бір-бірімен амандасады

«Велосипед » әдісі арқылы

Оқушылар өткен тақырып бойынша үйден дайындап келген сұрақтарын бір – біріне қояды, кезектесіп жауап береді, мұғалімнің нұсқаумен сағат тілімен ауысып отырады.

Болжау сұрақтары

1.Компьютер құрамына енетін негізгі құрылғыларды атаңдар.

2.Процессор мен қатқыл диск дегеніміз не?

3.Монитордың қандай түрлерін білесіңдер?

4.Компьютердің қосымша құрылғыларын атаңдар?

5.Пернетақта қандай қызмет атқарушы топтардан тұрады?


Оқушыларға осы тақырып бойынша бұрыннан белгілі мәселелерді анықтау мақсатында қағаз қиындылары арқылы топтастыру. Оқушы қағаз қиындысындағы ақпаратқа сүйене отырып, өз тобымен топтасады.

1.топ: «Интернеттің пайдасы»

- алысты жақындату

-қашықтықта оқу

-ақпарат алу

-интернет арқылы тапсырыс жасау немесе сату

-қызмет көрсету салаларын пайдалану

-бүкіләлемдік жаңалықтармен танысып отыру

2.топ: «Интернеттің зияны»

- жүйке ауруларына шалдығу

- компьютерге зақым келтіру

- уақытыңды тиімсіз пайдалану

-денсаулыққа зиян

- тәуелділіктің пайда болуы

-өзің туралы нақты мағлұматтар қалдыру.

Оқушыларға жұмыс істеу бағыты мен нысанын белгілеу мақсатында VideoScribe – программасы арқылы жасалған бейнежазбада:

  • Интернет дегеніміз не?

  • Интернетке қалай қосыламыз?

  • Интернетке қоылу үшін қандай құрылғылар керек?

  • Интернеттің атқаратын қызметі қандай?

  • Интернеттің мүмкіндіктері қандай?

  • Интернетті кім басқарады деп ойлайсыңдар?

  • Интернеттің пайдасы мен зияны туралы ақпарат беріледі

Қолдың суреттер, әуен.



































Сандықшаның ішінен қағаз қиындыларын алып, қағазда берілген ақпаратқа байланысты өз тобына отырады.










Сабақтың ортасы

7 мин

Түсіну








15 мин

Қолдану





















Жинақтау

2 мин








Бағалау

5 мин

Топтық жұмыс

«Тұжырымдамалық карта» әдісі

ТЖ. Жаңа тақырып бойынша бейнежазбада көрген және ресурсқа сүйене отырып тұжырымдамалық карта жасау. Картаға сурет, кесте, ойдың түйінді идеясы, график салуға не дайын материалды жапсыруға болады./ постер қорғайды/

Дескриптор

  • Интернеттің ашылу тарихын түсінеді;

  • интернеттің қызметін анықтайды;

  • интернет мүмкіндіктерін атап көрсетеді

  • браузер, электрондық пошта, домен, плагиат сөзіне анықтама береді.

ҚБ « Шаршылар» әдісі /өзара бағалау/

Практикалық жұмыс

Компьютерде орындаңдар:

А-деңгейі

1.Интернеттен Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін тауып жүктеңдер

В-деңгейі

1.Компьютердегі браузерді пайдаланып, өздеріңе электрондық пошта жәшігін ашыңдар

С-деңгейі

1.Интернеттен тапқан материалдарыңды авторлық құқықта сақтай отырып, электрондық поштамен сыныптағы достарыңа жіберіңдер

Критерийлер Дескрипторлар

1.Интернеттен Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін тауып жүкте

1.Браузер ашады

2. Абайдың «Ғылым таппай мақтанба өлеңін» табады

3.Өлеңді жүктейді

2. Компьютердегі браузерді пайдаланып, электрондық пошта жәшігін аш


1.Компьютерде бар браузерді ашады

2.Өз атына электрондық пошта жәшігін ашады.

3.Интернеттен тапқан материалдарыңды авторлық құқықта сақтай отырып, электрондық поштамен сыныптағы достарыңа жібер

1.Интернеттен белгілі бір тақырыпта материал жүктейді.

2. Авторлық құқығын сақтайды

3.Электрондық пошта арқылы жүктеген материалды бір сыныптасына жібереді.

Өзін-өзі бағалау.

LearningApps.org бағдарламасында берілген тапсырма:

Браузерлердің шартты белгілері мен атауларын сәйкестендір

Өзін-өзі бағалау.

Тапсырма

1. Жағдаят берілген.

«Өмірді өзгерткен жаңалық» тақырыбындағы жобалар

Байқауы жарияланды. Байқау шарты бойынша үлкен 3 жаңалық туралы жоба дайындау қажет. Азамат интернеттен екі жаңалық туралы ақпарат алып, өз жобасына қосты. Ал тағы бір жаңалық туралы

ақпаратты рұқсат сұрамай-ақ сыныптасынан алып, оны да өз жобасына қосты. Дайын жобаны Азамат әділқазылар алқасына жіберді. Азаматтың әрекетінің заңдылығын анықтаңыз.

Азамат______________________________, себебі______

Дескриптор

Білім алушы

- көшірудің заңсыздығын анықтайды;

- көшірудің заңсыздығына қорытынды жасайды.

ҚБ « Бутерброд» әдісі

5 сынып оқулық

«Арман ПВ» баспасы

22-28 бет.


Флипчарт, маркер,

түрлі-түсті қағаздар.



Түрлі-түсті шаршылар қиындысы.

5 сынып оқулық

«Арман ПВ» баспасы

22-27 бет.

Үлестірме материал.

Компьютер.

























http://LearningApps.org/display?v=p3kovfdc517.

Интербелсенді тақта







Үлестірме қағаздар.













Сабақтың соңы

Талдау

1 мин







Кері байланыс

2 мин


Үйге тапсырма: «4 неліктен» әдісі?

1.Құпия сөз орнатылған ақпараттарды ешқашан бұзуға әрекет жасамаңдар! НЕ СЕБЕПТІ?

2.Интернеттегі мәліметтердің бәрі бірдей ақиқат емес.Сондықтан бүкіл сайттағы ақпараттардың барлығын дұрыс деп есептеуге болмайды. НЕЛІКТЕН?

3.Әлеуметтік желіні пайдаланғанда қолданушылармен сыпайы қарым-қатынаста болыңдар. НЕ ҮШІН?

4.Интернтте жарияланған әрбір ақпарат үшін жауапты екендеріңді ұмытпаңдар! НЕГЕ?











Кеменің суреті

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Деңгейлік тапсырма, жағдаяттан шығу



Әр тапсырмадан кейн ҚБ арқылы

Интернетте жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік шаралары

Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?





Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: Практикалық жұмыс

2: Жағдаяттан шығу

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!