СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ішкі тарату құрылғылары

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тарату құрылғыларының электр жабдықтарын эксплуатациялау. Тарату құрылғыларын эксплуатациялаудың негізгі міндеті – барлық құрылғыныңнемесе оныңжекелеген элементтерінің қажетті жұмыс қабілетін, динамикалық және термиялық төзімділігін қамтамасыз ету, яғни тарату құрылғыларыныңсенімді және тиімді жұмысын қамтамасыз ету.

Просмотр содержимого документа
«Ішкі тарату құрылғылары»

СМЖ.08.ӘН.03

4 қосымша


МКҚК «ЖОҒАРЫ АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»

Оқу сабағының жоспары

теориялық оқыту

Сабақ тақырыбы: Ішкі тарату құрылғылары

Модуль /пән атауы Электротехника және электр жабдықтары

Педагог Хайруллин Бейбит Маликович дайындады

20_ жылғы «___»

  1. Жалпы мәліметтер

Курс, топ: ҚТ-141.1

Сабақтың түрі: теоия

  1. Мақсаты, міндеттері

Оқыту мақсаттары: Электротехниканың негізгі заңдылықтарымен танысу, және ғимараттар мен құрылымдарда қолданылатын негізгі электржабдықтарының жұмыс принциптерімен танысу

Сабақ мақсаты:

білім алушылардың электр техникасының теориялық негіздері туралы ұғым қалыптастыру, ойлау қабілеттерін дамыту, топтасып шешім қабылдауға дағдылау

Оқушыларды зейіндерін, ой-өрісін ,танымдық деңгейлерін дамыту арқылы қазіргі заманғы әлемнің физикалық бейнесін және ғылыми көзқарастарын дамыту;

Электр тогы және оның тасушылары туралы түсініктерін кеңейту,

Негізгі физикалық заңдылықтарды, олардың табиғатта байқалуын және техникада қолдана білуге үйрету.


  1. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі

Бағалау өлшемдері: ұғымдарды, шамаларды, заңдарды біледі, құбылыстарды топтастыра алады

  1. Қажетті ресурстар

  2. Сабақтың барысы

І. Сабақтың басы: (10мин)

1.1 Ұйымдастыру бөлімі

Аудиторияның дайындығын, білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру. (3 мин)


1.2 Рефлексия: Қысқа тұйықталу, ток әсерінен өрттің пайда болуы туралы әңгіме құру

(5мин)


ІІ. Сабақтың ортасы (20 мин)


2.1 Сабақтың мақсатымен танысу, жаңа тақырыпқа кіріспе


Станцияларда өңдірілген электр энергиясы тұтыну аймағына өзара байланысқан беріліс, тарату

және түрлендіруші электр қондырғылар жүйесі арқылы жеткізіледі.

Электр энергиясын беру бірнеше жүз вольттан мыңдаған вольт кернеуде әуе электр беріліс

желілері арқылы жүзеге асырылады. Жүйелік әуе тораптары арқылы электр энергиясы

35,110,150,220 кВ және одан жоғары номинал кернеу шкаласындағы кернеулермен жеткізіледі.

Электр энергияны қабылдау және тарату қондырғылары Тарату құрылғылары (РУ) деп аталады.

Олар коммутациялық аппараттардан, құрама және жалғанатын шиналардан, көмекші

құрылғылардан (компрессорлы, аккумуляторлы және т.б.), сонымен қатар сақтандырғыш

құрылғылардан, автоматикадан және өлшеуіш аспаптардан тұрады.

Тарату құрылғысына (РУ) қоректендіру орталығы (ЦП), тарату пунктері (РП), тарату желілері

(РЛ) жатады.

Қоректендіру орталығы деп электр станцияның генератор кернеулерін тарату құрылғылары РУ

немесе энергетикалық жүйенің реттеуші жүйесі бар, берілген нақты ауданның тарату желісі

қосылған,төмендеткіш қосалқы станцияның екінші ретті кернеуін тарату құрылғысы РУ аталады.

Тарату пунктері деп электр энергияны бір ғана кернеуде (түрлендірусіз) қабылдап, тарата алатын

өндірістік кешендер немесе қалалық электр желілерінің қосалқы станциялары аталады.

Таратушы деп қоректендіру орталықтары (ЦП) мен тарату пунктерінен (РП), сонымен қатар

ауқымды электр қондырғыларынан қоректенетін бірнеше трансформаторлы қосалқы станция

желілерін атайды.

Тарату құрылғыларының электр жабдықтарын эксплуатациялау. Тарату құрылғыларын эксплуатациялаудың негізгі міндеті – барлық құрылғыныңнемесе оныңжекелеген элементтерінің қажетті жұмыс қабілетін, динамикалық және термиялық төзімділігін қамтамасыз ету, яғни тарату құрылғыларыныңсенімді және тиімді жұмысын қамтамасыз ету.

Тарату құрылғыларын байқаудың мерзімділігі. Тарату құрылғыларын байқаудың аралық мерзімі олардың түріне, қызметіне және қабылданҒан қызмет көрсету формасына байланысты алынады. Қосалқы стансалардың кезекшілері тарату құрылғыларын кҮнде бақылауы керек. Ауа райы нашарлаҒан кезде (қар, жаңбыр, түман, мүздың т.с.с), қысқа тұйықталу сияқты апаттық режимнен кейін, жермен тұйықталу белгісінен кейін қосымша байқау жүргізіледі. Аптасына бір рет тҮнгі байқау жүргізіледі.

Кернеуі 35 кВ-тан жоғары қосалқы стансалардың тұрақты кезекшілері болмаса, оларды байқау кестесі, түріне (ашық, жабық), мақсатына қарай жасалынады. Бұл жағдайда айына бір рет байқауды топ басшысы немесе шебер жүргізеді.

Кернеуі 10 кВ-тен төмен қосалқы стансалардың тарату құрылғыларын алты айда бір рет бағылап тұру керек.

Кезектен тыс бақылау нұсқауларға сәйкес, қысқа тұйықталу қуатына байланысты және жабдықтардың жағдайына қарай жүргізіледі.

Ажыратқыштардың автоматты қайта қосылуы (АПВ) нәтижесіз болғаннан кейін, міндетті түрде кезектен тыс байқау жүргізіледі. Байқау кезінде анықталған барлық кемшіліктер эксплуатациялау журналына тіркеледі де, тиісті шара қолданылады.

Сақтықтағы тарату құрылғылары (трансформаторлар, ажыратқыштар, шиналар т.с.с.) тиісті нұсқауларда көрсетілген мерзімде кернеу беріліп, тексеріліп тұрады. Сақтықтағы тарату құрылғылары кез-келген уақытта іске қосылуға даяр болуы керек. Жергілікті жағдайға сәйкес ластанудан, шаҢнан уақытылы тазартылып тұрады.

Тарату қораптарында орналастырылған манометрлердің көмегімен ажыратқыштардың ыдыстарындағы ауаныңқысымын тексереді. АПВ-мен қосыла істейтін ажыратқыштардағы қысым 1,9…2,1 МПа, АПВ-сыз ажыратқыштарда 1,6…2,1 МПа болуы керек. Ажыратқыштардың басқару сұлбасында ауаныңқысымы шамадан тыс төмендеген жағдайда жалған жұмыс істеуден сақтандыру қарастырылған. Сонымен қатар, тексерген кезде, көрсеткіш аспаптардың дұрыс жұмыс істеуін, ажыратқыштың қосылған немесе ажыраан жағдайынан белгі беретін құрылғыныңдұрыс көрсетуін тексеру керек. Ауа ажыратқыштарды эксплуатациялау кезінде айына 1…2 рет ыдыстарға жиналған ылғалды сүртіп тұрады. Жаңбырдан соң жақсылап желдетіледі, ал температура -5 ℃-ден төмендеген кезде, тарату мен басқару жабдықтарын электрмен қыздыру көзделген. Ажыратқыштардың қосылып, ажырау ғалпы жылына екі рет тексерілуі керек.

Тарату құрылғыларыныңжинағтарын (ТСЖ) эксплуатациялау. Тарату құрылғыларын эксплуатациялаудың, орналастырылған үяларыныңтұрықтық өлшемдерінің кішілігіне байланысты, өзіндік ерекшеліктері бар. Сызмет көрсететін мамандарды байқаусызда тоқға түсуден сақтандыру Үшін тарату құрылғыларыныңжиынтықында (ТСЖ) арнайы біріктіру қарастырылҒан. Станционарлық ТСЖ-ларда тордан жасалған есігі жабылады, яғни Бұл есік тек ғана ажырытғышты және айырғышты өшіргенде Ғана ашылады. Жылжымалы ТСЖ-ларда автоматты перде қарастырылҒан. Бұл перде маманды жылжымайтын айырғышға тиіп кетуден сағтандырады. Сонымен қатар, маман қателескен жағдайда сағтандыратын жедел біріктірме қарастырылған. Мысалы жылжымалы ТСЖ-ны қозғалту алдымен ажыратқышты өшіргеннен кейін ғана мүмкін болады.

таратушы деп аталады.

Қазіргі тарату құрылғыларының (РУ) жалғану схемалары әр түрлі. 1-суретте қысқартылған

(қорғаныс пен өлшеу аспаптарының суретінсіз) принципиалды схемаларына таратушы және

шығарылатын желінің шықпалары Тарату құрылғысының негізгі шинасына жалғанған


ІІІ. Сабақтың соңы (15 мин)

3.1 Қорытындылау: Виртуалды лабораториялық бағдарламасы арқылы сұлбаны жинау


3.2 Үй тапсырмасы


1. Конспект толтыру

2. Кестені толтыру


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!