СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Қайың шырынының емдік қасиеті"

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Призентация научного  проекта ученицы   класса.Тема "Қайың шырынының емдік қасиеті" Полезные лечебные свойства березового сока.

Просмотр содержимого документа
«"Қайың шырынының емдік қасиеті"»

Ақмола облысы

Ақкөл ауданы

3 Ақкөл орта мектебі









Тақырыбы:

«Қайың шырынының емдік қасиеті»



Бағыты: Биология



Орындаған: Жамаханова Аружан Данияровна

4 «Ә» сынып оқушысы

Жетекшісі:Ашкенова А.И.-бастауыш сынып мұғалімі



















Ақкөл қаласы 2017 жыл


МАЗМҰНЫ.


I Кіріспе:

1.1.Қайың ағашына жалпы сипаттама.


ІІ Негізгі бөлім:

2.1. Қайың ағашының ерекшеліктері және пайдасы.

2.2. Халықтық медицинада қайыңды пайдалану жолдары.

2.3. Қайың шырынының емдік қасиеті


ІІІ Қорытынды:

3.1. Қайың шырынының емдік қасиетін зерттеу нәтижесі.

3.2.Ақкөл қаласында қайың шырынын өндіретін зауыт ашу.

ІV Пайдаланған әдебиеттер.













ЗЕРТТЕУДІҢ МАҚСАТЫ:

Қайыңның ерекшеліктерін анықтау.

Қайың ағашының пайдасын зерделеу.Тұрмыстық жағдайда қайыңнан емдік дәрілер алу тәжірибесін жасау.Қайың шырынын ағзаға қажеттілігін ескере отырып,өндіретін жолдар қарастыру.

Салауатты өмір салтын сақтауға бағыттау.Экологиялық таза өнімдерді тиімді қолдануды үйрету.

МІНДЕТТЕРІ:

Қайыңның емдік қасиетін халықтық медицинада қолданғаны туралы мағлұматтармен танысу.Зерттеудің маңызды қорытындысын жасау.















І.Кіріспе

1.1. Қайың ағашына жалпы сипаттама.

Қайың деген сөзді естіген кезде көз алдымызға ақ қабығы діңін қаптаған, тіп-тік өскен әрі «мың бұрала билеген» ақ қайыңдар бейнесі елестейді. Неге халық арасында «мың бұрала билеген» деген теңеу бар? Себебі ақ қайыңның самал желмен әдемі тербелгені биші ару қызды көз алдымызға елестетеді. Жаздың ыстық күнінде қайың ағашының саясында көлеңкеде, таза ауада демалған қандай жақсы! Таза ауа-денсаулық кепілі деген рас қой. Бұл ақын, сазгерлердің әнге қосқан ағашы. Әр түрлі құстардың паналайтын мекені, табиғаттың сәні.

Қайың сәуірдің аяғы мен мамыр айының басында, яғни жаңғақ ағашы мен талдан кейін гүлдейді. Оның гүлдері қарапайым сырға тәріздес болып келеді. Ал қайыңның жапырағы сарғая бастаған кезде қыркүйек айы да туады. Қайыңның тұқымы сырғагүл деп аталады, желмен тозаңданады, жел соқса болды, ұша жөнеліп, 1-2 километрге дейін жетеді. Діңі түзу, бұтақтары жіңішке әрі төмен қарай иіліп тұрады, жарық сүйгіш өсімдік. Қабығы өте жұқа, тез сылынады. Ғалымдардың болжауынша қайың ұзақ тіршілік ететін ағаш. 120-800 жылға дейін өсе береді.

Негізінен Солтүстік жарты шардың қоңыржай және салқын өңірінде өсетін 6 туысы, 200 - ге жуық түрі белгілі. Ал, Қазақстанда 3 туысы 17 түрі бар. Олардың биіктігі 15 кейде 25 - 30 м-дей болады.





Қайыңның тамыры берік, жер бетіне жақын орналасады. Жапырақтары кезектесіп орналасқан үшбұрышты немесе ромб тәрізді тез өсетін ағаш. Көптеген бағалы қасиеттері бар. Діңі өте қатты, суда да жақсы сақталады, сондықтан шахталарды бекіту үшін және құдықтарда тіреуіш ретінде пайдаланылады.






Парфюмерия кәсібінде де қайыңның сөлінен лосьон,

сондай - ақ түрлі косметикалық заттар жасайды.



Тамақ өнеркәсібінде одан кондитерлік бұйымдар үшін қамыр дайындайды. Қайыңның сөлінің осыншалық көп қасиетке ие болуы - қазіргі кезде оған деген сұранысты барған сайын арттырып отыр.
















ІІ.Негізгі бөлім

2.2. Халықтық медицинада қайыңды пайдалану жолдары.

Соңғы жылдары ғалымдар қайыңның қабығын кәдеге асыру жолдарын да қарастырып, битулин дәрісін жеңіл жолмен алу әдісін ойлап тапты. Одан вирустық және склероз ауруларына және өте қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы қолданылатын дәрілер жасауға болатынын анықтады.

Қайың қабығынан қарамай (деготь) алу ежелден белгілі, онымен дөңгелектерді, аяқ киімді майлаған. Ал, қайың тозынан әсем қорапшалар, сөмкелер тоқылады.



ІҮ Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Р. Әлімқұлова, Р. Сәтімбеков. Қызықты биология. Өсімдіктер әлемі. Жүйелік топтары. "Таймас" 2011, 60 бет.

  2. Cужикова А.У,Лекерова Ф.С,Солтанғазина М.Қ

Менің алғашқы энциклопедиям бет 117

  1. Қ.А.Аймағамбетова, З.Ф.Олейник, Г.М.Жүнісова, С.Ж. Базарбаева. Дүниетану хрестоматиясы. 2-сынып. «Атамұра» 1998, 41-бет

  2. Интернетматериалдары:w.w.w.bilimdi.kz,Twig-bilim.kz,  http://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/27705/ т.б. сайттары



















Аңдатпа

Бұл жоба қайың шырынының емдік қасиеттерін көрсетіп,оның медициналық тұрғыдағы өз бағасын беру мақсатында негізделген.

Мақсаты:Қайың щырынының емдік қасиеттерін пайдалана отырып,Ақкөл қаласында шырын өндіру зауытын салу.

Жобаның міндеттері:

1 Қайың ағашы туралы мағлұматпен бөлісу.

2 Қайың шырынының емдік қасиеттерін кеңінен қолдануына көз жеткізу.

3 Халыққа тиімді қайың шырынын өндіру зауытын ашу.

4 Салуатты өмір салтына жетелеу.

Бұл жоба қайың шырынын медицинаға тигізер пайдасы негізінде жасалынды.Қайың шырыны бұрыннан медицина қолданысында жұмсалды.Химиялық дәрілерге қарағанда экологиялық таза шырынды емге қолданған жөн. Халықтық медицина қайың сөлін ағзаны нығайтқыш, зәр айдағыш дәрі ретінде қолданады. Сонымен бірге қышыма, теміреткі немесе безеу пайда болғанда теріге жағады. Қайың шырыны шаштың түсуін тоқтатады. Сусын өкпе, бүйрек, ревматизм ауруларына да ем бола алады. Сол мақсатта, осы қайың шырынының емдік қасиетін қолдана отырып Ақкөл қаласында қайың шырынын өндіретін зауыт ашу маңызды мәселе болып табылады.







Ақмола облысы,Ақкөл қаласы,№3 Ақкөл орта мектебінің 4 «Ә» сынып оқушысы Жамаханова Аружанның «Қайың ағашының ерекшелігі мен пайдасы» тақырыбында жазған ізденіс жұмысына

ПІКІР

Жамаханова Аружан бұл жобаны биылғы оқу жылы таңдап бастады. Тақырып бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді.Тақырыпты ашатын тиісті әдебиеттерді қолданды.Көздеген зерттеу жұмыстарын жүргізе бастады. Тақырыпта адам денсаулығына пайдалы,қолжетімді,экологиялық таза өнімді зерттеп,қолдану жолдарын қарастырды.Адам ағзасына өсімдіктің маңызды болып табылатынына көз жеткізіп, дәлелдеді.Зерттеу жұмысының барысында Аружан қызығушылық,ізденімпаздық танытты. Жауапкершілікпен атқарған істері нәтижелі болып,жүзеге асатынына сенемін.Еңбегі жемісті болып,адамдарға жанашырлық көзқарасы үстем бола тұра жүлделі орындарға ие болатынына сенемін.

Жетекшісі: Ашкенова А.И.

















Аннотация.

Данный проект о лечебных свойствах березового сока,с целью обеспечения его в ценности в медицине.

Назначение:используя лечебные свойства березового сока построить завод в городе Акколь.

Цели проекта:

  1. Обобщение о березе.

  2. Свойства и применение березового сока в медицине.

  3. Строительство завода по переработке березового сока в г.Акколь.

  4. Значение завода.

Этот проект создан на основе медицинской пользы березового сока.Березовый сок широко используется в медицине с давнего времени.

Березовый сок используют при таких заболеваниях, как гастрит и язва желудка, радикулит и ревматизм, артрит, бронхит, туберкулез, цинга и другие.
Взяв за основу лечебные свойства березового сока необходимо построить завод по переработке ценного напитка.










Annotation.

This project is about the medicinal properties of birch sap, in order to ensure its value in medicine. Purpose: using the medicinal properties of birch sap to build a factory in the city of Akkol.

Objectives of the project:

1) Generalization of the birch tree.

2) Properties and application of birch sap in medicine.

3) Construction of a plant for the processing of birch sap in the city of Akkol.

4) The value of the plant. This project is based on the medical benefits of birch sap. Birch sap is widely used in medicine since a long time. Birch juice is used for such diseases as gastritis and stomach ulcer, sciatica and rheumatism, arthritis, bronchitis, tuberculosis, scurvy and others.

  Taking as a basis the medicinal properties of birch sap, it is necessary to build a plant for processing a valuable beverage.














ІІ. Негізгі бөлім

2.3. Қайың шырынының емдік қасиеті


Қайың шырыны – керемет күш-қуат беріп, әртүрлі аурудың алдын алатын ерекше сусын.

  • Қайың шырынының күніне 1-2 стақанын аш қарынға ішсеңіз, бүйрек ауруларынан аман қаласыз. 

  • Теріңіздің тартымды болғанын қаласаңыз, күн сайын 4 стақаннан кем ішпеңіз. Емделу курсы – 1 ай. 

  • Тамағыңыз ауырса, бұл сусынды кішкентай жұтымдармен ішіңіз. 

  • Қаназдыққа қарсы да күніне 1-2 стақаннан 2-3 рет ішсеңіз болады. 

  • Шашыңыздың тез әрі жұмсақ болып өскенін қалап, қайызғақтан құтылғыңыз келсе, аптасына 2 рет қайың шырынымен жуыңыз.

  • Көктемгі авитаминоз кезінде қайың шырыны өте пайдалы. Тамақ ішер алдында жарты сағат бұрын ішсеңіз болды. 

  • Сонымен қатар балалардың иммунитетін көтеру үшін бұл шырынды күніне 3-4 рет беру қажет.




Облыстық ғылыми жұмыстар мен шығармашылық жобалар байқауына

өтінім

1

Тегі

Жамаханова

2

Аты

Аружан

3

Туған жылы,айы,күні

24.07.07

4

Облыс, қала, ауыл

Ақмола облысы, Ақкөл қаласы

5

Мектеп

№ 3Ақкөл орта мектебі

6

Оқитын тілі

қазақ

7

Телефон

8 705 658 65 72

8

e-mail

[email protected]

9

Секциясы

биология

10

Жұмыстың атауы

Қайың ағашының ерекшелігі мен пайдасы

11

Жетекшінің аты-жөні, лауазымы, жұмыс орны

Ашкенова Анар Ислямовна,, № 3 Ақкөл орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі

12

Осыған дейін байқауларға қатысуы

Қатысқан жоқ

13

Байқау ұйымдастырушыларына ұсыныс

Қатысушыларды сертификаттпен марапаттау

14

Тұратын орнының қажеттілігі

қажет

15

Жұмыстың орындалу ережесі мен байқау тәртібімен таныстым

таныстым



Мектеп директоры: Айтикеева А.А.









ІІІ Қорытынды:

3.1. Қайың шырынының емдік қасиетін зерттеу нәтижесі.


Қаназдықты қайың шырынымен емдеу.

Адам ағзасындағы қаназдықты қайың шырынымен емдеу- тиімді тәсілінің бірі.Осыған көз жеткізу үшін мен қан анализын тапсырып,құрамындағы гемоглабин 114 екенін білдім.Осы күннен бастап,күніне 1 станқаннан 2-3 рет қайың шырынын ішетін болдым.10 күннен кейін қанның анализын қайра тапсырып нәтижесін салыстырам.Қанның гемоглабины жоғары болса,шырынның пайдасы жүзеге асқаны,емдік қасиеті бар болғанына көз жеткіземін.


ІІІ Қорытынды:

3.2.Ақкөл қаласында қайың шырынын өндіретін зауыт ашу.

Ақкөл қаласында қайың шырынынын өндіретін зауыт ашуға жоспарладым.Балалар экологиялық таза,өз жерінің шырынын сүйсіне іше отырып,иммунитеттері жоғары болады,қаназдықтан айырылады.Ауратын адам саны төмендейді.Салауатты өмір салты сақталады.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Похожие файлы

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!