СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қаражанбас мұнай кен орнының топырағы

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Маңғыстау облысындағы ірі компаниялар:

  • Каспий Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация
  • Маңғыстаумұнайгаз
  • Өзенмұнайгаз
  • ПМК
  • Ақтау порты
  • Казмортрансфлот
  • Қаражанбасмұнайгаз
  • Қарақұдықмұнай
  • Бозачи
  • Каспий меруерті оперейтинг
  • Н оперейтинг
  • Құрманғазы Петролеум
  • Хазар
  • Ерсай
  • МАЭК
  • КазАзот
  • Keppel Kazakhstan
  • Теңіз сервис

 

Просмотр содержимого документа
«Қаражанбас мұнай кен орнының топырағы»

Маңғыстау облысындағы ірі компаниялар:

  • Каспий Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация

  • Маңғыстаумұнайгаз

  • Өзенмұнайгаз

  • ПМК

  • Ақтау порты

  • Казмортрансфлот

  • Қаражанбасмұнайгаз

  • Қарақұдықмұнай

  • Бозачи

  • Каспий меруерті оперейтинг

  • Н оперейтинг

  • Құрманғазы Петролеум

  • Хазар

  • Ерсай

  • МАЭК

  • КазАзот

  • Keppel Kazakhstan

  • Теңіз сервис


ҚАРАЖАНБАС МҰНАЙ КЕН ОРНЫНЫҢ ТОПЫРАҒЫ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ

Қазақстан Республикасы минералды шикізаттарға өте бай мемлекет. Соның ішінде, мұнай өндіру жылдан жылға артуда. Батыс Қазақстан аймағындағы кен орындарында мұнай-газ өндіру нәтижесінде ауыл шаруашылығына жарамды жерлер мұнай және мұнай өнімдерімен ластануда. Атап айтқанда, мұнай өндіру нәтижесінде топырақтың беткі құнарлы қабаты бүлініп, ауыр техника және көліктің салмағымен тапталып, бұзылып, мұнай, битум және басқа қалдықтармен ластанады.

Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты Қаражанбас мұнай кен орнындағы мұнай және мұнай өнімдері әсерінен болатын топырақтың ластану дәрежесін,  ластанған топырақтың химиялық және биологиялық құрамын анықтау.

Зерттелу аймағы ашық қоңыр топырақты болып, шығыстан батысқа дейін 150 км қашықтықта облыс аумағының барлық жер бедеріне созылып жатыр.

Қаражанбас кен орнының топырақ жамылғысына тоқталатын болсақ, негізгі топырақ жамылғысы ашық-қоңыр топырақ түрі болып табылады. Бұл кен орыны – Маңғыстау облысында, Қаламқас мұнай кәсіпшілігінен оңтүстік батыста 40 км жерде орналасқан. Кенорын 1974 ж. ашылды. Кенорын ендікке жуық бағытта созылған амплитудасы 100 м, қалпы өзгерген брахиантиклин қатпардан орын алған.

Кен орынның топырақ жамылғысының құнарлы қабаты мүлде жойылып кеткен. Кен орнының мұнайы ауыр, қоймалжың және тотыққан асфальтенді құрамды, ластанған кезде топырақ бетінде битум қабатын құрайды.

Ластанудың негізгі себебі мұнай-газ құбырларының жарылуы, ұңғымалардың техникалық ақау нәтижесінде істен шығу жағдайлары, сонымен бірге сақтау, тасымалдау кезінде технологиялардың дұрыс орындалмауы және т.б.

Сынама Ақтау қаласынан 230 шақырым жердегі Бозашы түбегінде орналасқан Қаражанбас кен орнының аумағында №1000 ұңғыма маңынан ﴾1-сынама﴿, осы ұңғымадан 100 м қашықтықтан ﴾2-сынама﴿, 1000 м қашықтықтан ﴾3-сынама﴿ және осы ұңғымаға жақын орналасқан маңынан    ﴾4-сынама﴿ алынды. Зерттеуге алынған сынамаларда гравиметрия әдісі арқылы мұнай және мұнай өнімдерінің мөлшерін анықтау жұмыстары жүргізілді. Алынған нәтижелерден төмендегідей қорытынды жасауға болады ﴾1-кесте﴿. 1-сынаманың, яғни ұңғыма маңынан алынған топырақтың мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы басқа сынамаларға қарағанда жоғары. Ондағы мұнай және мұнай өнімінің мөлшері  23 г ⁄кг құрайды. Ал ұңғымадан алыстаған сайын олардың мөлшері кеміп, ең алыс жерден алынған сынама құрамында мүлдем болмағанын байқаймыз. Топырақтың рН ортасы сілтілік және 1-сынамадан 4-сынамаға қарай бірқалыпты өскен.

  Кесте 1- Химиялық және ферменттік анализдер  қорытындысы

Сы-

нама

рН

НСО3

Каталаза

белсенділігі,

1 мин ішінде

О2 см³/г

Дегидрогеназа 24 сағ.

ішінде 1 г-ға

ТТХ, мг

Уреаза

24сағ. ішінде

5г-ға NH3, мг

Мұнай өнімдері-нің

мөлшері,

г/кг

1

7,15

0,02

3,06±0,24

0,078±0,003

0,026±0,003

23,00

2

7,45

4,56

4,26±0,12

0,033±0,009

0,047±0,002

10,00

3

7,89

15,7

4,93±0,09

0,039±0,002

0,067±0,003

2,00

4

8,13

6,09

4,26±0,12

0,008±0,004

0,043±0,0005

0

Ферменттік белсенділікті анықтау топырақты бағалауда үлкен қызмет атқарады. Топырақтағы барлық биохимиялық энергия алмасу үрдістері биокатализатор-ферменттер арқылы жүреді. Ферменттердің белсенділігі топырақтағы микроағзалар санына, олардың әр түрлілігіне және биологиялық процестердің қарқындылығына байланысты. Микробтық ценоздың құрылысына әсер ете отырып мұнаймен ластануы топырақтағы көптеген биохимиялық үрдістердің қарқындылығына ықпалын тигізеді. Топырақтың ферменттік белсенділігі тек қана микроағзалардың әр түрлі мөлшерде болуына ғана емес, сонымен қатар олардың әр түрлілігіне және физикалық белсенділігіне де байланысты. Сондықтан, ластанған  топырақтың микробтық ценозында болған өзгерістер олардың белсенділігінің әр уақытта да дұрыс сипаттамасы бола алмайды. Бірақ, каталаза топырақтағы аэробты үрдістердің өсу көрсеткіші болып табылғандықтан, ластанған топырақтағы оның белсенділігі кері пропорционалды өзгереді, яғни топырақ ластанған сайын оның каталаза белсенділігі төмендейді. Уреаза ферменті азотты органикалық қалдықтардың гидролизіне қатысады және азоттық айналымда үлкен қызмет атқарады. Дегидрогеназа тотықтырғыш органикалық заттардан сутегінің аралық тасымалдаушысы қызметін атқарады.

Алынған сынамалардан осы ең негізгі ферменттер мөлшерін анықтаған кезде төмендегідей нәтижелер алынды﴾1-кесте﴿:

  • 1-сынама топырағының каталаза белсенділігі 3,06  1 мин О  см³ ⁄ г;

  • 3-сынама топырағының каталаза белсенділігі 4,93  1 мин О  см³⁄ г. Уреаза белсенділігіне келетін болсақ, 1-сынамадағы уреаза белсенділігі 0,026 мг, 4-сынамада 0,043. Яғни, каталаза және уреаза ферменттерінің белсенділіктері ұңғымаға жақындай түскен сайын кемігені байқалады;

  • 1-сынама топырағы 3,4-сынамаларға қарағанда біршама ластанғанын байқаймыз.

Микроағзалар қоршаған ортаның сезімтал индикаторлары екені белгілі. Олардың мөлшерін анықтау Кох әдіс арқылы жүргізілді. Зерттеуге алынған сынамалар топырақтарында жалпы микробтар, спора түзгіш бактериялар, актиномицеттер, саңырауқұлақтар және көмірсутекті тотықтырғыш микроағзалар ﴾КТМ﴿ саны анықталды. Микроағзалардың негізгі физиологиялық топтарының мөлшері туралы мәліметтер 2-кестеде келтірілген.

Кесте 2 - Микроағзалардың негізгі топтарының сандық көрсеткіші ﴾1 г топыраққа ТКБ/г- түзілген колония бірлігі﴿

Сынамa

Жалпы микробтар саны

Спора түзетін бактериялар

Актиноми- цеттер

Мицелиальлы саңырауқұлақтар

Көмірсутекті тотықтыратын микроағзалар

1

(1,25±0,13)×106

(7,05±1,04)×103

(1,02±0,12)×104

(2,57±0,6)×103

(1,78±0,16)×105

2

(2,70±0,71)×105

(2,40±0,55)×104

(5,04±0,89)×103

(1,34±0,54)×103

(1,57±0,15)×105

3

(6,5±0,99)×105

(3,73±0,8)×104

(5,34±0,92)×103

(3,20±0,91)×103

(1,65±0,15)×104

4

(1,73±0,49)×105

(1,50±0,64)×104

(2,70±0,68)×103

(2,80±0,38)×106

(1,73±0,15)×104

Алынған сынамалар ішінен жалпы микробтар саны 1-сынамада басқа сынамаларға қарағанда бір дәрежеге жоғары мән көрсетті. 4-сынамадан 1-сынамаға қарай спора түзуші бактериялардың бір дәрежеге кемуі байқалады. Актиномицеттер органикалық заттардың ыдырауының соңғы сатысына қатысушы микроағзалар қатарына жатады. Бұлар жай өсетін ағзалар және олардың субстратта көп болуы мұнай өнімдерінің болуына байланысты. Мұнайдың кейбір компоненттері актиномицеттердің қарқынды өсуіне жағдай жасайды. Мысалы, 1-сынамада актиномицеттер саны 1,02∙104, ал 2-сынамада 5,04∙10³ ТКБ/г, яғни актиномицеттердің мөлшерінің өсуі ұңғыма маңынан алынған топырақ пен 100 м қашықтықтан алынған топырақ арасындағы мұнай және мұнай өнімдерімен ластану айырмашылығын көрсетеді. Ал 1-сынамадағы мицелиальды саңырауқұлақтар мөлшері 2,57∙10³ ТКБ/г шамасында. Саңырауқұлақтардың әртүрлі мән көрсетуі топырақтың ластану дәрежесіне тура тәуелді емес. Қазіргі кезде мицелиальды саңырауқұлақтың 500-ге астам түрі мұнайдың көмірсутектеріне бейімделгені дәлелденді. Негізінен көмірсутектердің ыдырауына саңырауқұлақтардан гөрі бактериалды микрофлора маңызды роль атқарады. Көмірсутегін тотықтырғыш микроағзалар эколого-трофикалық микроағзалар топтарының ішіндегі ең маңыздыларының бірі, себебі әртүрлі биотоптарда толық тотықсызданған көмірсутегі молекулаларын зат алмасу үрдісіне қатыстырады. Дәлірек айтқанда, олардың мұнай және мұнай өнімдерін ыдыратуында маңызды роль атқарады. Сондықтан, КТМ функционалды белсенділігінің қарқындылығы биотоптарда маңызды практикалық мәнге ие және мұнай және мұнай өнімдерімен ластанған топырақтың қайта қалпына келуі КТМ-мен тікелей байланысты. Кейбір микробиологиялық зерттеулердегі мәліметтер бойынша КТ бактериялар ластанған топырақта бірінші жарты жылдық ішінде максималды мәнге дейін жетеді. Зерттеу кезінде 24 және 10 г/кг мұнай өнімімен ластанған топырақта КТМ-нің мөлшерінің басқа сынамаларға қарағанда бір дәрежеге жоғарылағанын көреміз.

Жүргізілген химиялық, микробиологиялық зерттеулер нәтижесінен Маңғыстау облысының Қаражанбас мұнай кен орнының топырақ жамылғысы мұнай және мұнай өнімдерімен ластанған деген қорытынды шығады. Топырақтың химиялық ластануы топырақ кескінінің техногенді бұзылуына әкеледі. Ал қайта қалпына келу үшін мыңдаған жылдарды қажет етеді.





















Қолданылған әдебиеттер

 

1.Асанбаев И.К.Антропогенные изменения почвы и их экологические последствия. – Алматы: 1995. - С.57

2.Хазиев Ф.Х.Методы почвенной энзимологии. -М.׃ Наука, 2005. – С. 27-219

3.Орлов Д. С., Амосова Я.М.Методы оценки нефтезагрязненных почв// Биотехнологические методы охраны окружающей среды. Тезисы докладов. – Самарканд, 1988.

4. Практикум по микробиологии // Под ред. Н.С. Егорова - М.:, 2005.-С. 50-105.







































Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Биология және биотехнология факультеті

Биотехнология кафедрасы

Тақырыбы:Маңғыстау облысының мұнай-кен орындарының микрофлорасы



















Тексерген:Қайырманова Г.Қ.

Орындаған: Молдабай Дана (БТ-13-15гр.)





Алматы қаласы 2015 жыл, маусым


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!