СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Қазақстан. Салт-дәстүр"

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

этот материал предназначен для детей дошкольного возраста 6-7 лет. Ознакомить детей с традициями и обычиями казахского народа.

Просмотр содержимого документа
«"Қазақстан. Салт-дәстүр"»


Тақырыбы: Қазақстан, Отбасы мерекесі «Бесікке салу»,«Тұсау кесу»

Мақсаты: Қазақтың салт - дәстүрімен таныстыру.
Міндеттері: Қазақстан туралы айту. Балалардың сөздік қорын, есте сақтау, танымдық қабілеттерін дамыту. Өз ойларын толық айтып жеткізуге жаттықтыру. Үлкендерді құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Рәміздер, екі - үш түсті тұсау кесер жібі, қайшы, ақ мата, слайд, фотосуреттер
Тұсау тойына қатысушылар:
Ұлттық киімдегі балалар, тұсау кесілетін бала, баланың анасы, бесікке салушы әже, тұсау кесуші, тойға шақырылғандар.
Сөздік: Қазақстан, отбасы, бесікке салу, тұсау кесу, той, салт - дәстүр.

Сабақтың барысы:
Тәрбиеші:
Сәлеметсіздер ме балалар, құрметті қонақтар! 7 топ балаларымен дайындаған, біздің Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған мерекемізге қош келдіңіздер!

- Балалар, біз сабағымызды «Ән ұранымызбен» ашамыз.

Балалар: «Ән ұран»

Тәрбиеші: Олай болса балалар қонақтармен амандасайық

ІІ. Сәлемдесу. Хош келіпсіз біздерге
Сәлем бердік сіздерге.

(Балалар орындарымызға жайғасайық)

Тәрбиеші: Балалар біз өткен тақырыбымызды еске түсірейікші.

-Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?

-Қазақстанда тұрамыз

-Мында кімнің суреті бейнеленген?

-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Біздің президентіміз.

-Мынау ненің суреті?

-Көк туымыздың суреті. Туымызда қыран құс пен күн бейнеленген

-Жарайсыңдар балалар!

- Олай болса, Қазақстан туралы үш тілде балалар тақпақтарын айтады

Тәрбиеші: Отан деген не?

Шыңғыс:

Бабамның да арманы,

Осы еді ғой аңсаған.

Тәуелсіздік таңдары,

Бақ береді баршаға.

Көк туымды қолыма,

Бүгін берік ұстадым.

Түсті бақыт жолына

Менің Қазақстаным!

Фатима:

За богатство народа люблю,

За его доброту, чистоту.

За единство и дружбу людей,

За их честность и мудрость идеи.

За богатство прошлого люблю,

За батыров, погибших в бою!

Муса:

Mother land is the gold lullaby

We were born in Kazakstan

That is why, we are so friendly!

Тәрбиеші:
- Балалар, алда қандай мереке келе жатыр?
- Тұңғыш Президент күні, Тәуелсіздік мерекесі

- Тағы қандай мерекелерді білесіңдер?

- Жаңа жыл, наурыз мерекелері, .....
- Наурыз, кімнің мерекесі?
- Әжелердің, аналардың, қыздардың мерекесі.
- Мерекені қандай көңілмен қарсы аламыз?
- Қуанышты, жақсы
- Балалар қазақ халқы өз салт - дәстүрлерімен бай. Біз бүгін қазақтың салт - дәстүрімен танысамыз.
Тәрбиеші:

Ол үшін ата мен әженің аулына қонаққа барамыз. Ата мен әженің ауылы алыста. Сондықтан біз отарбаға мініп барамыз.

Ата мен әженің аулына да келіп жеттік.

Балалар: Әжемен амандасады.
Әже: Осы отаудың қуанышына кішкентай баламыздың тойына келіпсіңдер, қадамдарыңызға гүл бітсін:

Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуынжол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады. Ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді. Осыдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салған әйелдерге көйлекжаулық сияқты сый тартылады. Үлкендер батасын беріп, баланың ер жетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі болуына тілектестік білдіреді және  Бесік жыры айтылады:

Әлди-әлди ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін.
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін.

Тәрбиеші: Отбасының үлкен қуанышының бірі – сәби. Сәби аяғын алғаш рет басқанда тұсау кесу рәсімі өткізіледі. Тұсау кесу рәсімін – бала тез жүріп кетсін деп өткізеді.
Мына кішкентай ұрпағы өмірге қадам басқалы отыр.

Бала бесіктен белі шығып, еңбектеуден өткен соң аяғын қаз‑қаз баса бастайды. Өз аяғымен туған жеріні топырағын басып, із түсіріп, өз көзімен алдына қарап таң‑тамаша болады. Бұл баланың ең алғашқы талпынысы, тіршілігі. Мұны ежелден түсінетін қазақ баласының келешегіне ақ жол тілеп, тұсау кесер жасайды. Бұған да мал сойып, жұрт жияды. Баланың анасы ала‑құла шуда жіптен екі‑үш қарыс дайындап, оны ауылдағы бір желаяқ пысық әйелге «ал сен кес, өзіндей пысық болсын» деп ұсынады. Ол кісі ала жіпті баланың екі аяғына тұсауша байлап, сонан соң ортасынан кеседі. Бала анадайдағы апасына қарай тәлтіректеп жөнеледі.

Міне, осыдан бастап кішкене қазақтың өмір жолының алғышқы ізі жер бетін шимақтайды. Тұсау кесу қазақтың өмір сапарының сәтті болуы үшінақ ниетпен жасаған ырымы, құдайға деген құлшылығы.

Осы арада «баланың аяғына не себепті ала жіп байланады, қара, қызыл, көк жіп неге байланбайды?» деген сұрақ туу мүмкін.

Бұның мәні мынада: қазақ баласының сөзді естіп ұға алатын, айтқанды ептен істейтін кезінен – осы тұсауы кесілгенннен бастап ұрлыққа, зорлыққа, жырындылыққа барма, жолама деп баулиды. Біреудің ала жібін аттама, бүлінгеннен бүлдіргі алма дегенді әу бастан‑ақ құлағына сіңісті етеді. Аяқтағы жіптің ала болуы да, оның кесілуі де жоғарыдағылаға жолма, ондайдың жолын қолыңнан келсе кес, дүниенің азы біреудің бір құлаш жібіне ең құрығанда бұзауға бас жіп болар деп қызықпа, тұсауындағы жіпті кескендей ондай арам кезіксе кесіп‑құртуға тырыс дегені. Бұл – екінші себебі. Біріншісі – баста айтқанымыздай баланың келешегіне жол ашу, ақ жол тілеу.

Әже:

Осы ауылдың оқымысты, ақылды, әдемі қызына тұсау кестіргелі отырмыз.

Топқа қыз, анасы мен бала кіреді.

Әже сізден бата сұраймыз.

Әже бата береді: Ей, жаратқан, тілегімізді қабыл ала ғой!
Жас ұрпақ, ғұмырлы болсын,
Қуанышты, көңілді болсын, 
Ақылды, зерделі болсын, 
Абыройлы, беделді болсын, 
Халқының қалаулысы болсын.
Елінің қамқоры болсын
Мәртебесі биік болсын,
Не тілесе, тілегі қабыл болсын!
Осы тілекке жететіндей
Әр бір қадамы сәтті болсын
Әумин!
Бәрі: Әумин деп беттерін сипайды.
Қыз: Баланың тұсауын кесер тойына әдейі тілек етіп, мына жіптерді дайындадым.
Ала жіп қостым – адалдыққа апарсын деп
Жасыл жіп қостым – ғұмырлы, көсегесі көгерсін деп
Қызыл жіп қостым – несібесі көп болсын деп.
(Ақ жол дайындау. Әуен.)
Тәрбиеші: Ендеше, адалдығымен де, ақылы парасатымен де, білгірлігімен де көзге түскен ауыл азаматшасы баламыздың тұсауын кесіп беруді өтінеміз.
Тұсау кесетін қыз:
А, Бисмилла ир - рахман - ир – рахим
Тәй –тәй балам, тәй балам,

Қадам бассаң мәз болам.

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін.

Бисмилляһи – ир – рахман – ир - рахмин – деп тұсау кеседі.
Балалар:

қаз - қаз, балам, қаз балам,
қадамыңды жаз балам.

Әже: Қонақ қызға арнап қойған сый-сияпатын береді.

Тәрбиеші: Әже біз де сіздің ауылға құр алақан келген жоқпыз. Өзіміздің өнерімізді ала келдік. Қазақтың қара киелі де домбырасымен Жанат атты қызыңыз терме айтып береді.
Тәрбиеші:

-Балалар біздер кімнің ауылына қонаққа бардық?

-Әженің ауылына қонаққа бардық

- Бүгін қандай дәстүрмен таныстық?
- Бесікке салу.Тұсау кесу.
- Тұсау кесу дәстүрін не үшін өткізеді?
- Бала тез жүріп кетсін деп.
- Қандай түсті жіптермен қолдандық?
- Қызыл, жасыл, ала.
- Тұсауын кім кесті?
- Ақылды, әдемі, оқымысты Ұлболсын апа кесті.
Әже: Өркендерің өсіп, қарақтарым. Менің балам да сендердің орталарыңда дені сау болып өсіп, ел тілегін өтей алатындай дәрежеге жетсін.

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар мен балалар, бүгінгі мерекеміз осымен аяқталды. Назар қойып көргендеріңізге көп-көп рахмет!
Шашу шашылады.
Қоштасу.














Тұсау кесу


Бала бесіктен белі шығып, еңбектеуден өткен соң аяғын қаз‑қаз баса бастайды. Өз аяғымен туған жеріні топырағын басып, із түсіріп, өз көзімен алдына қарап таң‑тамаша болады. Бұл баланың ең алғашқы талпынысы, тіршілігі. Мұны ежелден түсінетін қазақ баласының келешегіне ақ жол тілеп, тұсау кесер жасайды. Бұған да мал сойып, жұрт жияды. Баланың анасы ала‑құла шуда жіптен екі‑үш қарыс дайындап, оны ауылдағы бір желаяқ пысық әйелге «ал сен кес, өзіндей пысық болсын» деп ұсынады. Ол кісі ала жіпті баланың екі аяғына тұсауша байлап, сонан соң ортасынан кеседі. Бала анадайдағы апасына қарай тәлтіректеп жөнеледі.

Міне, осыдан бастап кішкене қазақтың өмір жолының алғышқы ізі жер бетін шимақтайды. Тұсау кесу қазақтың өмір сапарының сәтті болуы үшінақ ниетпен жасаған ырымы, құдайға деген құлшылығы.

Осы арада «баланың аяғына не себепті ала жіп байланады, қара, қызыл, көк жіп неге байланбайды?» деген сұрақ туу мүмкін.

Бұның мәні мынада: қазақ баласының сөзді естіп ұға алатын, айтқанды ептен істейтін кезінен – осы тұсауы кесілгенннен бастап ұрлыққа, зорлыққа, жырындылыққа барма, жолама деп баулиды. Біреудің ала жібін аттама, бүлінгеннен бүлдіргі алма дегенді әу бастан‑ақ құлағына сіңісті етеді. Аяқтағы жіптің ала болуы да, оның кесілуі де жоғарыдағылаға жолма, ондайдың жолын қолыңнан келсе кес, дүниенің азы біреудің бір құлаш жібіне ең құрығанда бұзауға бас жіп болар деп қызықпа, тұсауындағы жіпті кескендей ондай арам кезіксе кесіп‑құртуға тырыс дегені. Бұл – екінші себебі. Біріншісі – баста айтқанымыздай баланың келешегіне жол ашу, ақ жол тілеу.



Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуынжол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады. Ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді. Осыдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салған әйелдерге көйлекжаулық сияқты сый тартылады. Үлкендер батасын беріп, баланың ер жетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі болуына тілектестік білдіреді және  Бесік жыры айтылады:


Айыр қалпақ киісіп,
Ақырып жауға тиісіп,
Батыр болар ма екенсің?
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Шебер болар ма екенсің?
Таңдайларың тақылдап,
Сөзіңді жұрт мақұлдап,
Шешен болар ма екенсің?


Әлди-әлди ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін.
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!