СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қазақтардың 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы.

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға қазақтардың Ресейдің 1812 жылғы Отан соғысына қатысуы туралы айта келіп, ХІХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ жүздерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын түсіндіру, адамдардың соғысқа көзқарасы, соғыстың салдары мен маңызы жөнінде толыққанды мәлімет беру;

Просмотр содержимого документа
«Қазақтардың 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы.»

Тақырыбы:

Қазақтардың 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы.

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға қазақтардың Ресейдің 1812 жылғы Отан соғысына қатысуы туралы айта келіп, ХІХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ жүздерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын түсіндіру, адамдардың соғысқа көзқарасы, соғыстың салдары мен маңызы жөнінде толыққанды мәлімет беру;

Дамытушылығы: Оқушылардың қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу машығын, өз бетінше ой қорытып, оны жеткізе білуге дағдыландыру, логикалық ойлау жүйесін дамыту, қосымша деректі материалдармен және  тарихи терминдермен жұмыс жасай білуді үйрету;

Тәрбиелігі: Оқушыларды патриоттық, ержүректік, интернационалдық, отансүйгіштік рухта тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.

Көрнекілік: карта

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Оқу құралын тексеріп, класты түгелдеу

Оқушы зейінін сабаққа аудару

Үй жұмысын сұрау:

Жаңа тақырыпты меңгерту  жоспары:

1.  Орынбор және Орал шептерінде қазақтардың жағдайы.

2.  Қазақтардың Отан соғысына қатысуы.

3.  Оның тарихи маңызы.

      Оқушыларға алғашынды 1800-1812 ж. аралығындағы кезеңде Қазақстанда болған оқиғалар жөнінде айта келіп, ХІХ ғасырдың бас кезіндегі шекаралас аудандардағы қазақ-орыс қатынастарын, сауданың дамығанын, қазақтар мен орыстар арасында «тамырлық» байланыстар орнағанын, жайылымдық жерлердің  таралуы мен жұт жылдары Кіші жүз қазақтарының жағдайларының нашарлағаны жөнінде әңгімелеу. Патша үкіметінің қазақтарды шекараның ішкі бөліктеріне көшіруі жөнінде айту.

  1812 жылы шілденің 6-сы күні Ресей мемлекетіне соғыс қаупі төніп келе жатқандығы туралы I Александр (тақтада суреті) патшаның арнайы манифест -  үндеуі қабылданды. Орынбор губернаторы Г.С. Волоконскийдің Ресей мен Франция (императоры Напалеон Бонопарт суреті) арасында соғыс басталғандығы туралы хабары ауылдарға 1812 жылғы қазан – қараша айларында жетті. Елтон тұз өндіру орны батыс майданға бір миллион пұт тұз жөнелтті.Тұз өндіруші қазақтар орыс әскерінің пайдасына 22000 сом ақша жинады. Қазақтар әскерді арзан да сапалы етпен, көлікпен, әскери аттармен, садақтармен, тағы да басқа соғысқа қажетті құралдармен қамтамасыз етуге ат салысты.

Қазақстанмен іргелес бір әкімшілік – аумақтық бөлігі Орынбор губерниясында құрылған әскери құрама:

 

Дүниежүзі тарихы мен орыс әдебиеті пәндерінен бұл тақырып оқушыларға жақсы таныс, сондықтан бұл сабақ ерліктің , Отанға деген сүйіспеншіліктің , халықтар достығының, өзара түсіністік пен бірін-бірі қолдаудың  мысалдарына толы, ерлік сабағы ретінде өткізіледі.

   

 

1812 жылғы соғысқа қатысқан қазақ жауынгерлері туралы кесте:  

            Шайқасқа

        қатысушының

            аты-жөні

 

  Қатысқан шайқастары

 

    Жауынгерлердің

       марапатталуы

 

1. Майлыбайұлы

2. Қ. Зындағұлұлы

 

3. С. Хамитұлы

 

4. Н. Жанжігітұлы

5. Ә.Байбатырұлы

 

6. М.Құлшоранұлы

7. Е. Азаматұлы

 

8. Б.Шуашбайұлы,

9. Ы.Әубәкірұлы

10. Я.Беляков

 

Бородино

Бородино

 

Вязьма

 

Глогау, Лейпциг,

Веймар, Ганау, Майндағы Франкфурт

Малаево Болото,

Левия

 

Рамоново

 

Лейпциг, Веймар, Ганау, Мезьере, Ла Ротьере

 

Күміс медалмен

Көгілдір ленталы    медалмен

« Қасиетті Анна »  ордені

« Георгий » ордені

 

 

Хорунжий (орыс атты әскеріндегі алғашқы офицерлік шен)

 

Қорытынды: Сабақты төмендегі сұрақтар қою арқылы қорытады:

1.1812 жылғы соғыстың басталуы туралы хабар қазақтарға қай кезде жетті және бұл соғысты олар  қалай қабылдады?

2.Қазақтар Отан соғысы кезінде орыстарға қандай көмек көрсетті?

3.Қазақтардың бұл соғысқа қатысуы екі халықтың достық қарым – қатынасының  дамуына қалай әсер етті?

 

Үйге тапсырма: Қазақтардың 1812 жылғы Отан соғысына қатысуы. Тақырыпқа байланысты 20 сұрақтан тұратын тест құрастыру.

 


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!