СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

ҚМЖ 8 сынып. Тақырыбы: Алакөлде болдың ба?

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға Алакөл көлі туралы мағлұмат беру, көлдің экологиялық жағдайына тоқтала отырып, оның проблемасын ашу.

Просмотр содержимого документа
«ҚМЖ 8 сынып. Тақырыбы: Алакөлде болдың ба?»

8 сынып

Күні:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы:

Алакөлде болдың ба?

Мақсаты:

Оқушыларға Алакөл көлі туралы мағлұмат беру,көлдің экологиялық жағдайына тоқтала отырып,оның проблемасын ашу. 
Сұрақ-жауап арқылы оқушылардың тілдерін дамыту, сөйлеу дағдысын жетілдіру. 
Туған жердің табиғатын аялауға үйрету,Отанға деген патриоттық сезімдерін ашу. 

Қолданылатын модульдер:

үлестірме қағаздар, кесте, мәтін,суреттер. 

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. 
а) Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. 
ә) Сабаққа деген дайындығын тексеру. 
б) Сабақтың мақсатымен таныстыру. 
2.Жаңа сабақ. 
Тақтада жаңа сөздер ілулі тұрады: 
амур балығы - амур 
қаяз - усач 
қабан - кабан 
киіктер – сайгаки 
алабұға – окунь 
құяды - впадает шабақ балық – чебак 
ақбалық - жерех 
табан – лещь 
жайын – сом 
бұғаз – пролив 
зардабын тигізу – несет нежелательные последствия 

Мұғалім: 
Бүгінгі біздің сабақ пресс-конференция түрінде өтеді. Пресс-конференцияға қатысатын 8 сынып оқушылары.Олардың ішінде: тілшілер, журналист, экологтар, Алакөлден келген қонақтар. 
Осы кісілердің баяндамаларын тыңдап,журналист,тілшілердің сұрақтарына жауап бере отырып,біз Алакөл көлінің тағдырымен танысамыз.Бұл көлді жете білуге тырысамыз. 
Ал,журналиттер өздерінің жазатын мақаласының тезисін жазуға келген.Ендігі сөз,бізге Алакөлден келген қонақтар не дайындап әкелгенін тыңдап көрейік. 
Алакөлден келген қонақтар баяндамасын оқиды. 1-тапсырма, 4 бет.
Алакөл көлі
1 қонақ: Алакөл — Қазақстандағы Алматы және Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан тұйық көл, Қазақстандағы ең ғажайып көлдердің бірі.
Сонымен қатар аумағы 20 мың гектардан асатын бұл өлкеге денсаулығын түзеткісі келетіндерден басқа, теңдесі жоқ көлде шомылу мен балық аулағанды ұнататындар келеді.

2 қонақ: Орта ғасырларда «Гургенор», кейін «Алактогол», «Алатеңіз», «Алакта» деп те аталған. Алакөл — Жетісудың Балқаштанкейінгі үлкен көлі. Ол Алакөл ауданының солтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр. Көл ағынсыз, солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Теңіз деңгейінен 247,3 м абсолюттік биіктікте орналасқан. Көлдің аралдарымен қоса есептегендегі аумағы 2696 км2, ұзындығы 104 км, ең шығыңқы ені 52 км, жағалауларының ұзындығы 384 км, орташа тереңдігі 22,1 м, ең терең жері 54 м, көлдің су көлемі 58-60 км3. Су жиналатын алабы 47859 км2. Алакөлдің ең ірі шығанағы — Алакөл шығанағы. Ол көлдің оңтүстік-шығысындағы тау аралық ойыста орналасқан.

3 қонақ:

Алакөлге 15-тен аса өзен құяды

Олардың негізгілері:

  • Үржар (Ұрыжар);

  • Қатынсу;

  • Емелқұйса;

  • Жаманөткел;

  • Ырғайлы;

  • Жаманты өзені.

Алакөл жағалауы, негізінен төрттік дәуірдің түрлі тау жыныстарынан (саз балшыққұмды топыраққиыршық тасұсақ құм) тұрады. Көл суының қатуы әрқалай. Тайыз бөлігі қараша айының аяғында, орта тұсы ақпанның басында тегіс қатады. Мұзқұрсау 2 айға дейін созылады. Алакөл суында фтор мен бром көп. Көл жағасында қамыс, қияқ, қоға, шалаң, су қарақұмығы, жебежапыақ, мүйізжапырақ, тағы басқа өседі.

4 қонақ:

Көлден ауланатын балықтар:

  • сазан;

  • көксерке;

  • алабұға;

  • шармай.

Көл маңы құсқа (жылқышы, аққу, шағала, көкқұтан, тағы басқа) бай. Сондай-ақ бұл көлді әлемде сирек кездесетін, «Қызыл кітапқа» енгізілген реликті шағала мекендейді. Аңдардан: ондатра, қамыс мысығы, жабайы шошқа, қамыс түлкісі, су тышқандары бар.
Баяндамадан кейін тілшілер (екі тілші ) қонақтарға сұрақтарын қоя бастайды. 
1 тілші: 
1.Алакөл көлі қайда орналасқан?
2.Көл неше облысты тоғастырып тұр? 
2.Көлдің ұзындығы,ені,тереңдігі қандай?

3.Алакөлдің ерекшілігі қандай?
2 тілші: 
1.Алакөлдің көліне қандй өзендер құяды?
2.Алакөлде табиғаты қандай?

3.Көлде қандай жануарлар мен балықтар бар?
(Журналист осы кезде кластер түрінде тезисін құрай береді.) 
Мұғалім:Сіз мақалаңыздың тезисін жасап жатырсыз. 
Мұғалім:Міне,Алакөлмен танысып жатырмыз.Көлдің қайда орналасқанын, Алакөлдің ғажайып ерекшелігін – шығыс бөлігінің және батыс бөлігінің сулары бөлек екенін.Ал енді,Алакөлдің экологиялық жағдайы қандай екен? Мұғалім:Рахмет баяндамаңызға.Мұнда тілшілер жағынан сұрақтар туындады. 
Тілшілер: 
1.Судың азаюына қандай Қапшағай суқоймасы ықпалы тиді? (Қапшағай суқоймасы) 
2.Су деңгейі қанша метрге төмендеген? (2,5 метрге) 
3.Балықтар неге азайды? (су деңгейі төмендегеннен,су ластанғаннан) 
Мұғалім: Бүгінгі пресс-конференциядағы қонақтардың арқасында біз Алакөлдің тағдырымен таныстық.Ендігі сөз журналистке берейік. 
Журналист: (тақтаға шығып жазады: кластер,оқушылар дәптерлеріне жазып алады). 
Бүгінгі тақырыптың тезисі осындай: «Көл тағдыры – біздің келешегіміздің тағдыры». 
Мұғалім: Баяндамаңызға көп рахмет.Халқымыз жерді аса құрмет тұтып,оған бас иген.Біздің бұл әрекетіміз Қазақстанның кәусары болып саналатын бірегей көлді сақтап қалу.Әрине,біздің де қолымызда болмаса да,басқа да уақытта да табиғатқа қастандық етпеуге тырысайық.Өзіміздің қоршаған ортамызды таза ұстау өз қолымызда. Табиғатты аялайық! 

Рефлексия.

Өз пікірін стикерге жазып ағашқа жапстырады

Үйге тапсырма

5-тапсырма, 6-бетте. Берілген сөздерді сәйкестіріңдер.

Бағалау




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!