СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Құрлықтағы жазықтар және олардың жіктелуі

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімділік: Оқушылардың жазық ұғымдарын қалыптастыру.Жазықтарды биіктігі жағынан және пайда болу жағдайына қарай әртүрлі болатын жайлы түсініктерін қалыптастыру.

Жазықтардың шаруашылықта пайдалану түрлерін білу.

Дамытушылық: Дүние жүзінің және Қазақстанның физикалық картасынан жазықтарды көрсету және сипаттау арқылы икемділіктері мен дағдыларын одан әрі дамыту.

Тәрбиелік: жазықтар туралы оқып қызығушылықтарын тудыру арқылы пәнге деген сүійспеншіліктерін арттыру,картамен жұмыс істеу арқылы географиялық мәдениетке баулу.

Просмотр содержимого документа
«Құрлықтағы жазықтар және олардың жіктелуі»

Сабақтың тақырыбы: Құрлықтағы жазықтар және олардың жіктелуі

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың жазық ұғымдарын қалыптастыру.Жазықтарды биіктігі жағынан және пайда болу жағдайына қарай әртүрлі болатын жайлы түсініктерін қалыптастыру.

Жазықтардың шаруашылықта пайдалану түрлерін білу.

Дамытушылық: Дүние жүзінің және Қазақстанның физикалық картасынан жазықтарды көрсету және сипаттау арқылы икемділіктері мен дағдыларын одан әрі дамыту.

Тәрбиелік: жазықтар туралы оқып қызығушылықтарын тудыру арқылы пәнге деген сүійспеншіліктерін арттыру,картамен жұмыс істеу арқылы географиялық мәдениетке баулу.

Ұйымдастыру кезеңі: Сыныптың сабаққа дайын болуы.

Эмоционалды күйге келтіру

- Қайрлы күн ! Сабаққа барлығың дайын болыңдар ! Өз жұмыс орындарыңды тексеріңдер. Мен сендерді бүгін сабақта көргеніме қуаныштымын. Біздің бірігіп жұмыс істейтініміз тиімді және қызықты болады деп ойлаймын. Психологиялық күйге келтіру : сыныпта қолайлы жағдайда туғызу. Ұнаған сөйлемге шапалақтан тұратын « салют ».

-«Мен мектепте сабақтамын»

- «Мен қазір сабақ оқи бастаймын»

- «Мен барлаушы сияқты барлығын байқап отырамын »

- «Менің есте сақтау қабілетім мықты »

- «Мен сабақта зейінді боламын»

- «Менің көңіл күйім жақсы »

- «Менің оқығым келеді »

- «Мен жұмыс істеуге дайынмын ».





1.Әлемдегі ең биік тау?

2.Ең биік шың?

3.Ең үлкен жанартау?

4.Ең үлкен мұхит?

5.Ең үлкен кіші мұхит?

6.Ең үлкен материк?

7.Ең кіші материк

Жауабы

1.Гимолай

2.Эверест

3.Киламджаро

4.Тынық мұхит

5.Солтүстік мұзды мұхит

6.Еуразия

7.Аустралия

1

2

3

4

5

6

Еуразия

Оңтүстік Америка

Солтүстік Америка

Африка

Антарктида

Аустралия



8848

69601-………………………………………………

5140 6193 5895 2-………………………………………………

2230 3-………………………………………………

4-………………………………………………

5-………………………………………………

6-………………………………………………



Ой шақыру

Менің географиялық зерттеулерім

зерттеулерім









Топтарға тапсырма:

1-топ

Жазықтар деген не?Олардың түрлері?

Олардың түрлері?



2 топ

Жазықтың пайда болуына не әсер етеді?









3-топ

Жазықтарқалайөзгереді?







Жыра,дөң,шағыл,бархандардың түзілу пайда болуын түсіндіріңдер

Құрлықтың көп бөлігін жазықтар алып жатыр.

Жер бетінің аз тілімденген, тегіс немесе белесті болып келген кең алқабын жазық деп атайды. Жазықтың жеке бөліктері биіктігі жөнінен бір-бірінен шамалы айырма жасайды.

Көз алдарыңа бірсыдырғы тегіс, ормансыз, шөп өскен даланы елестетіңдер. Мұндай жазықтарда көкжиек жан-жақтың бәріне бірдей ашық және мүлдем түзу сызықпен шектелген. Бұл – тегіс жазық.суретін көрсетуЖазықтардың екінші түрі – төбелі жазықтар Төбелі жазықтардың жербедерікөбінесекүрделі болады. Онда жеке төбелер мен шоқылар, сай мен ойпаңдар кездеседі.



Жазықтардың беті әдетте бір жағына қарай еңіс болып келеді. Өзендердің ағу бағыты да осы еңіске сәйкес келеді. Жазықтың еңістігі картадан айқын көрінеді.Жазықтар адамның шаруашылық әрекетіне қолайлы. Елді мекендердің көбі жазықтарда орналасқан. Тегіс жерлер егін егуге, тас жолдар мен темір жолдарды, өнеркәсіп құрылыстарын салуға қолайлы. Сондықтан адамдар жазықтарды ежелден бері жан-жақты пайдаланып келеді. Қазіргі кезде Жер шарындағы халықтың басым көпшілігі жазықтарда қоныстанған..

Абсолют биіктігіне қарай жазықтарды негізгі үш түрге ажыратады . Теңіз деңгейінен есептегенде биіктігі 200 м-ден төмен жазық ойпат деп есептелінеді. Ойпат физикалық картада жасыл бояумен белгіленеді. Ойпаттың теңіз жағасындағы бөлігі кейде теңіз деңгейінен төмен жатады. Оған біздің еліміздің батысындағы Каспий маңы ойпаты мысал бола алады. Жер шарындағы ең үлкен ойпат – Оңтүстік Америкадағы Амазонка ойпаты.Абсолют биіктігі 200 м-ден 500м-ге дейінгі жазықтар қырат жазықтар деп аталады (мысалы, Каспий теңізі мен Арал теңізінің арасындағы Үстірт). Қырат жазықтар физикалық карталарда сарғыш бояумен белгіленеді.500 м-ден астам биіктіктегі жазықтар таулы үстірттерге жатады. Таулы үстірттер картада қоңырқай сарғыш түспен белгіленеді. Еуразияның солтүстігінде Енисей мен Лена өзендерінің аралығын кең-байтақ Орта Сібір таулы үстірті алып жатыр. Африканың да көп жері таулы үстірт болып келеді.3. Жазықтардың пайда болуы. Жазықтар шығу тегіне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Бұрын теңіз түбі болып, кейін көтерілудің нәтижесінде пайда болған жазықтарды алғашқы жазықтар деп атайды. Осындай жазыққа Каспий маңы ойпаты жатады.Жер шарында өзендердің тосқындары мен шөгінділерінен пайда болған жазықтар да бар. Мұндай жазықтарды құрайтын қиыршық, құм, саздардан тұратын шөгінді жыныстардың қалыңдығы кейде бірнеше жүз метрге жетеді. Осындай жазықтарға Ұлы Қытай жазығы, Оңтүстік Америкадағы Парана өзенінің бойындағы Ла-Плата, Азиядағы Месопотамия ойпаты жатады.Сонымен бірге таулардың ұзақ бұзылу үрдісінің нәтижесінде пайда болған жазықтар да кездеседі. Мұндай жазықтар қатпарлануға ұшыраған қатты тау жыныстары қабатынан тұрады.Сондықтан олар төбелі болып келеді. Төбелі жазықтардың мысалына Шығыс Еуропа мен Сарыарқаның жазықтары жатады.Кейбір жазықтар лава тасқындарының жер бетіне шығып, жайылып, оның кедір-бұдыр жерлері тегістелуден пайда болады. Осындай жазықтарға Орта Сібір, Батыс Аустралия, Декан үстірттері жатады.



4. Жазықтардың өзгеруі. Жазықтарда ішкі күштердің әсерінен баяу тербеліс қозғалыстары байқалады.Жазықтар сыртқы күштердің әсерінен әр түрлі өзгерістерге ұшырайды.Физикалық картаға қарасаңдар, өзендер мен олардың салалары жер бетін тілімдеп ағып жатқанын байқайсыңдар. Өзен суы табанын және жағаларын шайып, аңғар жасайды. Жазықтық өзендері жан-жағына бұралаңдап ағатындықтан аса кең аңғарлар түзеді. Неғұрлым еңістігі үлкен болса, соғұрлым өзен жер бетін көбірек жырымдап, өзгертеді.Жазықтарды көктемде еріген қар суы мен нөсер жаңбырдан пайда болған беткі ағыстар қатты тілімдейді. Уақытша ағыстардың әрекетінің нәтижесінде жыралар мен сайлар түзіледі. Жыра әдетте өсімдігінен айрылған жалаңаш беткейлерді судың жыруынан пайда болады. Жыраның беткейлері тік жарлы, бас жағы тарамдалып келеді. Егер уақытында шара қолданбаса, жыра әрі қарай тарамдалып ұлғая береді де, шаруашылыққа пайдаланатын жерлерді, яғни егістіктің, бау-бақшаның орнын, жолды тілімдеп бүлдіреді, түрлі құрылыстарға залал келтіреді. Оның ұлғаюын тоқтату үшін бас жағына көң, қиыршық тас төгеді, түбіне және беткейлеріне шым төсеп, өсімдік өсуіне жағдай жасайды.Сай да – жыра сияқты ұзынша ойыс. Оның жырадан айырмасы беткейлері түйетайлы, табаны мен беткейлері шымды келеді де, шөп және бұта өсімдіктерінің өсуіне қолайлы болады.Жазықтар жел әрекетінен де көп өзгереді. Жел қатты жыныстарды бөлшектеп, үгінділерін ұшырып әкетіп отырады. Шөлдерде, далаларда, жыртылған жерлерде, теңіз жағаларында желдің әрекеті күшті жүреді,Теңіздің немесе үлкен көлдің жайдақ жағалауына барып қарасаңдар, толқын айдап шығарып тастаған құм шөгінділердің үйіліп жатқанын көресіңдер. Су айдынынан соққан жел құрғақ құмды оңай ұшырып алып кетеді. Құм түйіршіктері алдынан кедергі (бұта, тас, т. с. с.) кездескенге дейін желге ілесіп сырғи береді. Кедергіге жиналған құм бірте-бірте жел жақ беткейі түйетайлы, ық жақ беткейі тік, ұзынша жал тәріздес төбеге айналады. Төбенің төменгі екі жақ шеті ыққа қарай созылып, айшық тәріздес пішінге ие болады. Мұндай құм төбелер шағыл деп аталады.Шағылдың биіктігі жағаға жиналған құмның молдығына және желдің күшіне байланысты 20 – 30 м-ден 50 – 100м-ге дейін барады, кейде одан да асып кетеді.Жел шағылдың жел жақ беткейіндегі құм түйіршіктерін ұшырып, ық жағына түсіре береді. Соның нәтижесінде шағыл үнемі алға қарай жылжып отырады.Үлкен шағылдар жылына 1 метрден 20 метрге дейін сырғып, орнын ауыстырады, ал шағын шағылдар қатты дауылдарда тәулігіне 2 – 3м-ге дейін сырғиды. Жылжыған шағылдар орманды, егістікті, бақтарды, елді мекендерді басып қалады.Құмды шөлдерде желдің әрекетінен үйілген, шағылға ұқсас құм төбелерді барқан дейді. Шағылдар теңіз, көл немесе өзен суы әкеліп үйген құмнан түзілсе, барқандар шөлдегі жергілікті тау жыныстарының үгілуінен үйілген құмнан түзіледі. Біздің елімізде барқандар Солтүстік Арал маңында, Қызылқұмда, Каспий маңы ойпатында, Оңтүстік Балқаш маңында таралған. Барқандардың биіктігі әдетте 15 – 20м-дей болады, Жер шарындағы аса ірі құмды шөлдерде, мысалы, Сахарада, Орталық Азияда, Аустралияда оның биіктігі 100 – 120м-ге дейін барады.Шағыл сияқты барқандар да желдің әсерінен жылжып, көшіп отырады. Шағын барқандар жылына 100 – 200м-ге, ал ірілері 30 – 40м-ге жылжиды. Құмның көшуіне көп жағдайда адамның өзі себепкер болады. Өсіп тұрған бұталарды отынға кесу салдарынан, малды көп жайып, жайылымды тоздырудан өсімдігі жойылған құм төбешіктері көшпелі құмға айналып кетеді.Шағыл мен барқанның көшуін тоқтату үшін олардың жел жағындағы түйетайлы беткейлеріне шөлге төзімді бұта және шөп өсімдіктері егіледі. Төбелердің араларындағы қазаншұңқырларға ағаш отырғызылады.

Сай, шағыл, жыра, құм шығал туралы оқушылардың ойларын, көргендерін әңгімелету.













Жазықтар









Беткі бедеріне қарай

Биіктігіне қарай





..................................-...........................500 м-ге дейін

......................................дейін төмен

...........................................500 м-ден жоғары



Абсалюттік биіктігіне қарай жазықтарды атап жазып, олардың биіктігіне көрсетіңдер.Сызбаны сәйкес әріптермен толтырыңдар.

А-....................................................................................................................;

Б-....................................................................................................................;

В-................................................................................



500



200

0







1.Қандай жер бедерін байқадыңдар?

2.Қандай төбелерді кездестірдіңдер? Олар қай жерде?

3.Қандай жазықтар кездесті?

1.Төбе,жазық және таулардың айырмашылығы қандай?

2.Қандай жазық түрлері бар

1. Жазық деген не?

2. Ол нешеге бөлінеді?

3. Абсалюттік биіктігіне қарай нешеге бөлінеді?

4. Жазықтар қалай пайда болады?

5. Жазықтар қалай өзгереді?

6. Барқан деген не?

Шығармашылық тапсырма

(кестені толтыру):

Жазықтар мен таулар

Орналасқан материгі

1

Месопотомия


2

Ұлы Қытай


3

Декан үстірті


4

Каспий маңы ойпаты


5

Амазонка ойпаты


6

Батыс Аустралия үстірті




Сандар да сөйлейді

200 м дейін


200-500м


500м асатын










Географиялық блокнот



















Үйге тапсырма «Жазықтар» §24 кескін картамен жұмыс

Бағалау.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!