СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Қызықты география әлемінде» (сыныптан тыс жұмыс)

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: «Қызықты география әлемінде»

Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ойын арқылы арттыру. Шапшаңдық, ойлау, тапқырлық қасиеттерін дамыту. Ұжымшылдыққа, ұқыптылыққа, ойын айта білуге үйрету.

Сабақтың типі: Сыныптан тыс сабақ  Сабақтың түрі: Танымдық ойын - сайыс сабағы  Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, жұмбақ шешу, картамен жұмыс,. т.б.  Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, кеспе қағаздар, карта, атлас, кескін карта.  

Просмотр содержимого документа
««Қызықты география әлемінде» (сыныптан тыс жұмыс)»







«Қызықты география әлемінде»
(
сыныптан тыс жұмыс)









Өткізген: Наурзбекова С.А.





















Тақырыбы: «Қызықты география әлемінде»

Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ойын арқылы арттыру. Шапшаңдық, ойлау, тапқырлық қасиеттерін дамыту. Ұжымшылдыққа, ұқыптылыққа, ойын айта білуге үйрету.

Сабақтың типі: Сыныптан тыс сабақ 
Сабақтың түрі: Танымдық ойын - сайыс сабағы 
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, жұмбақ шешу, картамен жұмыс,. т.б. 
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, кеспе қағаздар, карта, атлас, кескін карта.
Барысы:

География пәні-өзіндік ерекшелігі бар пән. Ол жалпы құрлық-жер бетін, планетамызды, табиғатты, ондағы тіршілік ететін өсімдік, жануарлар дүниесін, жер бедерін, байлығын және өмір сүріп отырған бірнеше мыңдаған ұлттар мен ұлыстардың тіршілігін зерттеп үйрететін ғылым. География пәнінің және бір ерекшелігі-оқушылар өздігінен ізденіп, білім дағдысын толықтыруға әртүрлі суреттер, сызбанұсқалар, карталармен көп жұмыстар жүргізуге ерекше назар аударылады. Олай болса, осы мектептің 7, 8,9, сынып оқушылары арасында «Қызықты география әлемінде» айдарымен ұйымдастырылған географиялық интеллектуальды сайысымызды бастаймыз.

І. Ұйымдастыру кезеңі. 
Ойын шарттарымен таныстыру. 
Әділқазылар алқасын сайлау. 
Ойынға 2 топ қатысады

Мұғалімнің кіріспе сөзі. . 
Көңілді тапқырлар, алғырлар, 
Бар өнерін алдарыңа салады. 
Кім білімді,көп оқыған болса егер, 
Бүгінгі күн жеңімпазы болады. 
Болсын дейміз жарысымыз жемісті, 
Озып шықсын: кім білімді, кім күшті. 
Жеңіп шығар әділдікпен жемісті, 

Дейміз де, сайысымызды бастаймыз.- дей отырып, бүгінгі 7,8,9 сыныптар арасында болатын «География әлеміне саяхат»  атты топтық интеллектуалдық ойын -сайысымызды бастаймыз.Бүгінгі сайыс барысында сендер 7,8,9 сынып материалдары бойынша алған білімдеріңді, ой- өрістеріңді, ақылдарың мен ептіліктеріңді ортаға салатын боласыңдар. 

Сайысымыз мынадай айналымдардан тұрады:
І айналым «Жүйрік атқа жел қамшы.»
ІІ айналым «“Ең... Ең... Ең...”»

ІІІ айналым «Мозайка»

ІV айналым « Сұрақтар бәйтерегі»

V айналым «Білгір болсан, тауып көр»

VІ айналым «Білімді мыңды жығар»

І айналым «Жүйрік атқа жел қамшы.» 
Мұнда әр топқа 5 сұрақтан беріледі, топтар жылдам жауап беруі керек. Әр сұрақ 1 балмен бағаланады.

1 топ:

1.Қазақстан тәуелсіздік алған жылы: (16.12.1991 ж.)

2. Тянь-Шань тауларын зерттеген ғалым: П.П.Семенов-Тян-Шанский

3. Дүние жүзіндегі ең жылы ағыс?(Гольфстрим)
4. Мұғалжар тауының биік нүктесі?(Үлкен Боқтыбай657 м)

5. Африканың Үнді мұхитындағы аралы (Мадагаскар)

2 топ.

1.Қазақстанның БҰҰ-на мүше болған уақыты: (02.03.1992 ж.)

2.Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауын зерттеген ғалым:Ш. Уәлиханов

3.Дүние жүзіндегі ең суық ағыс? (Батыс желдер ағысы)

4. Алтай тауының биік нүктесі?(Мұзтау-Белуха 4506м).
5. Дүние жүзіндегі ең үлкен шөл (Сахара)

ІІ айналым.
Ең, Ең, Ең, ...
Бұл айналымда сұрақтар ауызша оқылады.
2 Минутта көп сұраққа жауап беру тексеріледі
1-топ.
1. Әлемдегі ең ірі материк-Еуразия (54 млн км²)

2. Әлемдегі ең үлкен жылан (Анаконда)
3. Әлемдегі ең ірі дүние бөлік-Азия (44 млн км²)
4. Әлемдегі халық ең тығыз қоныстанған континент-Еуропа (700 млн)
5. Әлемдегі ең суық жер-Антарктида (83°С)
6. Әлемдегі ең биік тау-Гималай (Джомолунга, 8848 м)
7. Әлемдегі ең ұзын тау-Анд (9000 км)
8. Әлемдегі ең үлкен көл-Каспий (390 мың км²)
9. Әлемдегі ең үлкен түбек-Арабия (3 млн км²)
10. Әлемдегі ең терең көл-Байкал (1620 м)
11. Әлемдегі ең үлкен арал-Гренландия (2 млн 176 мың км²)

12. Әлемдегі ең ұзын жер асты үңгірі–Флинт-Мамонт (500 км)
13. Әлемдегі ең биік ағаш-Секвойя (100 м)
14. Әлемдегі ең суы мол өзен-Амазонка (6400 км)
15. . Әлемдегі ең биік сарқырама-Анхель (1054 м)

2-топ:
1. Жер шарындағы ең жоғарғы температура-Африкада тіркелген (+58°C)
2. . Құрлықтағы ең ірі жануар-Африка пілі (7,5 тонна)
3. . Африкадағы ең ірі көл-Виктория (68 мың км²)
4. . Африкадағы ең терең көл-Танганьика (1470 м)
5. . Әлемдегі ең аласа материк-Аустралия (биіктігі 215 м)
6. . Әлемдегі ең құрғақ материк-Аустралия (2/3 бөлігі шөлден тұрады)
7. . Аустралияның теңіз деңгеңінен ең биік орналасқан нүктесі-Косцюшко (2228 м)
8. . Әлемдегі ең терең мұхит-Тынық мұхиты (11022 м)
9. . Әлемдегі ең ірі мұхит-Тынық мұхиты (179 млн км²)
10. Әлемдегі ең кішкентай құс-Колибри (5 см)
11. Әлемдегі ең ірі жапырақ-Рафия пальмасы (20 м)
12. . Әлемдегі ең ірі тұқым-Кокос пальмасы (20 кг)
13. Әлемдегі ең биік сүтқоректі-Керік (6 м)
14. Құрлықтағы ең жылдам жануар-Қабылан (100 км/сағ)
15.Әлемдегі ең ұзын бұғаз-Мозамбик (1670 км)

ІІІ айналым « Мозайка»

(Ойыншыларға карта беріледі. Бірақ ол карта сан бөлікке бөлінген. Ойыншылар оны құрастыра отырып, қандай карта екенін анықтайды) 2 ұпаймен бағаланады.

Африканың физикалық картасы

Оңтүстік Американың физикалық картасы
IV айналым «Сұрақтар бәйтерегі»

Ұяшықтармен жұмыс. Әр топ тақырып таңдайды.Берілген сұрақтарға жауап береді.

Vайналым «Алғыр болсаң шешіп көр.» 
Бұл бөлімде екі топқа бір-бірден географиялық есеп беріледі, соны топ болып шешуі керек. Тақтада есеп жазылған 2 қағаз теріс қарап, ілінген, топ басшылары келіп алады.  Жауабы дұрыс болса 5 ұпай.

айналым «Білімді мыңды жығар» (топ басшылар сайысы)

Әр топ басшыға 5 мемлекеттен айтылады, олардың астаналарын айту керек.1 дұрыс жауап 1 ұпай.

Мемлекет-Астанасы

1.Нидерланд- Амстердам

2.Норвегия-Осла

3.Латвия-Рига

4.Греция-Афины

5.Монголия-Улан –Батыр

6.Қытай-Пекин

7.Германия-Берлин

8.Франция-Париж

9.Ватикан-Ватикан

10.Алжир-Алжир

Сайыс міндеті – жеңу,
Оқу міндеті –білу.
Кім жеткенін мәреге,
Қалды бізге білу. – олай болса турнир қортындысын төрешілерден білейік.Турнир қортындысы бойынша жеңімпаз команда марапатталып, географиялық кеш қортындыланады.








Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Похожие файлы

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!