СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Қызықты грамматика" вариативті курс

Нажмите, чтобы узнать подробности

(1-сынып оқушыларына арналған вариативтік курс)

ISBN-

 

Просмотр содержимого документа
«"Қызықты грамматика" вариативті курс»

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №9 орта мектебі» ММ








(1-сынып оқушыларына арналған вариативтік курс)






Авторы: Орынбаева Гаухар Тортаевна

Койшыбаева Элия Жакуповна










Қостанай-2013 жыл

Мазмұны




Түсінік хат


Оқу – тақырыптық жоспар


Бағдарлама мазмұны


Сабақ жоспарларының жинағы


Жұмыс дәптері


1-сыныптар арналған диктанттар топтамасы


Қолданылған әдебиеттер тізімі































Түсінік хат


Әрбір адамның ана тілі – оның өмірлік қажетін өтейтін қатынас құралы. Сондықтан мектепте ана тілін арнаулы әрі негізгі пән ретінде оқытуға ерекше мән беріледі.

Бастауыш мектепте балаға сурет салдырудан,есеп үйретуден,табиғатты танытудан гөрі күнделікті өмірде өзі сөйлеп жүрген ана тілін оқыту әлдеқайда қиын. Себебі тілден алатын білім көбінесе абстракциялы ережелер мен тілдік заңдарға негізделген материалдарға сүйенеді.Олардың көлемі,балаға берілетін білім мөлшері оқушының жас ерекшелігіне,материалды қабылдай алу мүмкіндігіне байланысты. Осы тұрғыдан келгенде, жаңа бағдарламаға лайықтап жазылған оқулық бойынша оқушыларға тиянақты білім беруді іске асыру үшін, орфографиялық және тіл дамыту материалдарын меңгертудің дұрыс әдіс – тәсілдерін табу қажет.

Тіл дамыту дегеніміз – оқушылардың сөз байлығын молайту,байланыстырып сөйлеуге үйрету. Ол қазақ тілі сабағындағы әрбір тақырыппен тығыз байланыста жүргізіледі.Тіл дамыту жұмысының нәтижесінде оқушылардың сөз байлығы молайып,олар дұрыс сөйлеп үйренеді.Осы жұмыс нәтижелі болу үшін, «Қызықты грамматика» таңдаулы сабағын жүргіземіз.

Бастауыш сынып оқушылары мектеп табалдырығын аттағаннан бастап,сөйлеу мәдениетін игере бастайды.Сөздерді дұрыс айтып,дұрыс жаза білу- тіл мәдениетінің басты талаптарының бірі болғандықтан бұл пәнге арналып жасалған жұмыс аптасына 2 сағаттан жылына 66 сағатты құрайды. Бағдарлама мазмұнында әрбір тақырыпқа қысқаша түсінік беріліп, сабақтар жинағында түрлендірілген, қызықты, дәстүрлі, шығармашылық сабақ түрлері берілсе, жұмыс дәптерінде оқушының өздігінен жұмыс жасап, суреттер топтамасы арқылы оқушының ой-өрісін, сөйлеу жүйесін дамытуға арналған жаттығулар арқылы одан әрі алған білімдерін бекіте, молайта түседі.


Курстың мақсат-міндеттері:


  • Оқушының жүйелі, көркем сөйлеу білуіне дағдыландыру.

  • Қазақ тілі грамматикасы мен емлесі туралы оқушыларға түсінік беру.

  • Оқушылардың алдағы уақытта жоғары сыныптарда оқуына, жүйелі білім алуына дайындық жасау.

  • Оқушылардың жазба сауаттылығын арттыру жолдарын қарастыру.

  • Оқушылар грамматикалық емле ережелерін меңгере бастауына жол ашу.

  • Оқушы бойына әр түрлі тапсырмалар арқылы Отанның патриоты етіп тәрбиелеуге, еңбек сүйгіштікке, мәдениеттілікке, достыққа тағы басқа да өнегелі игі қасиеттерін бойына сіңіру.






Оқушының білім көрсеткішіне қойылатын талаптар:

Білім берудің жаңа моделіне ауысу жағдайында тұлғаны қалыптастыру үрдісі саналатын тәрбие берудің рөлі елеулі арта түседі.

Осы заманғы педагогика үрдісінің мазмұны индивидке қоғам құндылықтарының белгілі бір жүйесімен детерминделген әлеуметтік қызметтерді орындау үшін қажетті білім мен сипаты, іскерліктері мен дағдылары, әдеттері,тұлғалық қасиеттері тұрғысынан белгіленеді.

Қазіргі кезде елімізде білім беруде жаңа үлгіге көшу жүріп жатыр,оған білім беру парадигмасының ауысуы себепші болып отыр: өзге мазмұн, өзге тәсілдер, өзге қарым- қатынас, мұғалім мен оқушы қызметіндегі өзге ұстанымдар, өзге педагогикалық менталитет алға тартылады.

Сонымен,қазіргі білім беру ісінде қандай өзгерістер байқалып отыр?

  1. Бүгінгі таңда білім мазмұны жаңа тұрпатты біліммен ғана емес,жаңа икемділіктермен де байи түсуде.

  2. Ақпараттың дәстүрлі тәсілдері ( ауызша және жазбаша сөйлеу тілі,теле және радио байланысы) компьютермен оқыту құралдарына, жаһандық ауқымдағы телекоммуникациялық желілерді пайдалануға ілесе алмай жатады.

  3. Мұғалімнің тұлғаға бағдарланған оқушымен арадағы өзара іс- әрекеті білім беру ісінің маңызды құрамдас бөлігі болып қалыптасып келеді.

  4. Рухани-адамгершілік тәрбие беру және тұлға ретінде қалыптасудың рөлі артып отыр.

  5. Мектеп,отбасы,макро- және микросоциум секілді білім беру факторларын алдағы уақытта шоғырландыру көзделуде.

  6. Қоғамдық білім деңгейіне барабар педагогикалық технологиялар құрудағы ғылымның ролі артып келеді.

Жеке тұлғаның рухани- адамгершілік қасиеттерінің дамуы оның өміріндегі ең ірі өзгеріске кездесетін сәті- мектеп табалдырығын аттауынан бастап,оқу –тәрбие процесінде жалғасады.Өйткені бастауыш буында баланың негізгі іс- әрекеті оқу болып есептеледі.Мектеп оқушысы оқу процесінде табиғат әлемімен және адамдардың өмірімен,оның бүгінгі күнімен және өткенімен танысуын жалғастыра береді.

Бұл жөнінде белгілі психолог Б.Г.Ананьев «Оқу іс-әрекетінде оқушы хайуанаттар мен өсімдіктер әлемі өмірінің заңдарын,тіл және мөлшер,кеңістік және уақыт заңдарын танып біледі,басқа адамдарды,олардың еңбегі мен күресін,еңбек пен танымның субьектісі ретінде өзін танып біледі»,- деген болатын.Осы процестердің толық жүзеге асырылуы жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерінің дамуымен,қалыптасуымен тікелей байланысты.

Шындығында, оқушының білім алу процесінде жеке тұлға ретінде дамуы, қалыптасуы оқу мен тәрбиенің ұштасып,біртұтас процеске айналған жағдайында жүзеге асады.




Күтілетін нәтиже:

Мұғалім мен оқушы арасындағы өзара түсіністік,сыйластық қатынас жеке тұлғаның рухани дамуына ықпал ететін жағымды эмоцияның орнауына жол ашады.Сабақ барысында жағымды эмоция құру шығармашылық жұмыстардың нәтижесінде жүзеге асады.Жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқытуда жағымды қарым-қатынас орната отырып,оның ішкі сезімдерін қозғап, рухани дүниесіне жол табу оқушы бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың дамуына ықпал етеді.

Шығармашылықпен жұмыс істей алатын оқушы өз бетінше ізденеді,талаптанады,ынталанады,көп оқиды.Нәтижесінде ол өз ана тілінде еркін,дұрыс сөйлей білуге дағдыланады.

Пәнаралық байланыс:

Қызықты грамматика сабағын ана тілі, қазақ тілі,дүниетану, музыка, тарих пәндерімен және халық ауыз әдебиет үлгілерін байланыстыра отырып, өткізуге болады. Бұл пәндер арқылы оқушылар өз елінің тарихымен, әдет – ғұрыпымен, салт-дәстүрімен,халық әндерімен, ұлттық ойындарымен танысады.Бұл жеке тұлғаның танымдық қабілетін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар оның өз елінің нағыз ұлтжанды азаматы болуына өз септігін тигізеді. Әр сабақты түрлендіре отырып өткізсе, бұл нұр үстіне нұр болар еді.


Әдістемелік нұсқау:

Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқау «Қызықты грамматика» оқулығына енген материалдарды оқыту жөнінде мұғалімдерге бағыт беру ғана деп түсіну қажет.Себебі әрбір материалды оқытуда, тіпті сабақты жоспарлаудың өзі әр мұғалімнің білімі мен тәжірибесіне,дағдысы мен шеберлігіне,ой елегінен өткізіп,творчестволықпен әрекет етуіне байланысты.




















Оқу тақырыптық жоспар

Мазмұны

Сағат саны

Мерзімі

1-2

Ойлаңыздар

2


3-4

Шахмат атының жүрісімен

2


5-6

Сөзжұмбақ шешу

2


7-8

Жасырылған мақалды табыңыз

2


9-10

Жаңылмай жазу жарысы

2


11-12

Жетілік ұғым

2


13-14

Ақсақалдың ақ батасы

2


15-16

Сөйлем құрастырыңыздар

2


17-18

Нақыл сөзді табыңыз

2


19-20

Асыл сөздерді жаттайық

2


21-22

Көркем жазу жарысы

2


23-24

Домбыра-күй атасы

2


25-26

Құрылыс заттары

2


27-28

Үйдегі жиһаздар

2


29-30

Жазу жазамыз жарысып

2


31-32

Астана-Бәйтерек

2


33-34

Менің күн тәртібім

2


35-36

Киіз үй құрылысы

2


37-38

Киіз үй жиһазы

2


39-40

Қаламыздың көрікті жерлері

2


41-42

Метаграмманы шеш

2


43-44

Жеті қазына

2


45-46

Шарадалар

2


47-48

Өз орныңды тап

2


49-50

Ойлаңыздар

2


51-52

Модуль сөздер

2


53-54

Тастағы бабалар

2


55-56

Туыстық атаулар

2


57-58

Кітапхана

2


59-60

Менің сүйікті кітабым

2


61-62

Елім деген-Елбасы

2


63

Ойлан, тап

1


64-65

Білгенге маржан

2


66

Қорытынды, қайталау

1



Барлығы

66 сағат











Бағдарлама мазмұны

  1. Ойлаңыздар - қазақ тілінің әлемдегі орны туралы оқушыларға қызықты деректер беру. Олардың ойларын ауызша сұрау.

  2. Шахмат атының жүрісімен - Қазақ әліпбиіндегі әрбір әріпке сөздер айтқызып, сөз тіркестерін құрату.

  3. Сөзжұмбақ шешу - суреттер топтамасымен жұмыс жасай отырып, оқушыларға олардың атына құрылған сөзжұмбақты шешкізу.

  4. Жасырылған мақалды табыңыз - халқымыздың рухани қазынасы болып табылатын мақал-мәтелдермен оқушыларды таныстыра отырып, олардың бөліктерін тапқызу.

  5. Жаңылмай жазу жарысы - сөздік диктантын жазғызу арқылы оқу-құралдарына қажетті жаңа сөздермен оқушыларды таныстыру.

  6. Жетілім ұғым - қасиетті жеті санының ұлттық құндылықтарын түсіндіру. Жеті қазына, жеті ата, жеті күн, жеті ғалам, жеті жоқ, жеті жетекші т.б. ұғымдарме таныстыру.

  7. Ақсақалдың ақ батасы – жақсы тілек, адал ниет, жақсылықты білдірудің ұлттық дәстүрімен оқушыларды таныстыру. Оның түрлеріне шолк жасау.

  8. Сөйлем құрастырыңыздар - бүгінгі қазақ еліне қатысты сөздер легіне сөйлемдер құрастыру арқылы, патриоттық толғаныстырын білдіруге жол ашу.

  9. Нағыз сөзді табыңыз – достарын, жақындарын ренжіткенде, кешірім сұрағанда, өз сезімдерін білдіргенде қолданылатын сөздер тобын оқушылардың өздерніе тест тапсырмасы арқылы тапқызып, оны жазғызу.

  10. Асыл сөздерді жаттайық - қазақ ұлыларының, би-шешендерінің сөздерінен үзінділермен таныстырып, жаттатқызу.

  11. Көркем жазу жарысы – алдын-ала дайындалған 2-3 сөйлемнен тұратын мәтіндерді жұппен жұмыс арқылы жазғызып, тексерту.

  12. Домбыра-күй атасы - -қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Домбыраның қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап екенін түсіндіріп, қазіргі оқушылардың домбыра туралы білетіндерін айқындау.

  13. Құрылыс заттары- жаңа сөздермен таныстырып, үйлерді, ғимараттарды салу мен жөндеуде пайдаланылатын табиғи және жасанды заттар мен бұйымдардың суреттерін көрсетіп, негізгі құрылыс материалдарының түрлерімен таныстыру.

  14. Үйдегі жиһаздар - Пайдаланылу мақсатына қарай ол қонақ бөлме, жатын бөлме, ас ішетін бөлме, жұмыс істейтін бөлме, сондай-ақ балалар бөлмесі, ас үй, ауыз үй, жуынатын бөлмеге арналып жасалатыны туралы түсінік беру. Жаңа сөздермен таныстыру.

  15. Жазу жазамыз жарысып – оқушыларды хат жазу үлгілерімен таныстырып алыстагы туыстарына хат жазу жолдарын үйрету.

  16. Астана-Бәйтерек - Бәйтерек монументі туралы мәлімет беру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, сөздік қорын молайту.

  17. Менің күн тәртібім - дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібінің баланың өсуі мен денсаулығын нығайтуда маңызы зор. Сонымен қатар, ол бала бойында жақсы әдеттерді қалыптастыруға, ерік-жігерін нығайтуға, ұстамдылық, ұқыптылық сияқты басқа да маңызды қасиеттерді жетілдіруге көмектеседі.Оқушыға өз күн тәртібі туралы мағлұмат бергізу.

  18. Киіз үй құрылысы - көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі. Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылысы. Қазақ үшін киіз үйдің орны зор екенін түсіндіру.

  19. Киіз үй құрылысы- жасалу жолдары, түрлері, қажетті құралдары туралы түсінік беріп, сурттерін көрсете отырып сәулет өнерінің бір түрі екенін дәлелдеу.

  20. Киіз үй жиһазы - үй тұрмысында қолданылатын жабдықтар, халық арасында олардың алуан түрлері бар. Кейбір түрлері қазіргі заманға дейін өз мәнін жоғалпай, қазақ үшін қымбат екенін түсіндіру.

  21. Қаламыздың көрікті жерлері - қаламыздың тарихымен таныстырып, көрікті жерлеріне саяхат жасатып, көрген-білгендерін шағын шығарма жазғызу арқылы тексеру. Сөздік қорларын молайту.

  22. Жеті қазына – жеті қазынамен таныстырып, олардың не үшін қасиетті саналатынын түсіндіру, ата-әжелерімен сұхбаттасу.

  23. Шарадалар- қызықты шарадалар арқылы үй жануарлары, үй құстарының, аңдардың аттарын дұрыс айтып, дұрыс жазуын бақылау.

  24. Өз орныңды тап – жаңылтпаш, жұмбақ, анаграммалар арқылы ойындар жүргізу, сөздік қорларын молайту.

  25. Модуль сөздер – сөздерді жазғызып, оқушыларды сөйлем құрауда оларды орынды қолдана білудің тиімді жолдарын үйрету.

  26. Тастағы бабалар - тасқа басылған тарихтың жарқын тұстарымен оқушыларды таныстырып туған елдері, туған жерлері туарлы мәтіндер құрату.

  27. Туыстық атаулар-қазақтың туыстық атауларымен таныстырып, оларды қатесіз жаза білуге мәндерін түсінуге арналған жұмыстар жүргізу.

  28. Кітапхана - мектеп кітапханасына апарып кітаптың сан алуан түрлеірмен таныстырып, кітапты ұқыпты ұстау жайлы кітапханашы апайдан кеңестер алу.

  29. Менің сүйікті кітабым – өздерінің сүікті кітаптарынан үзінді мәтіндер алып жазғызып, мағынасы түсініксіз сөздермен жұмыс істеу.

  30. Елім деген-Елбасы - Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру, елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге баулу.

  31. Ойлан, тап- сөзжұмбақтар шешу, суреттер топтамасымен жұмыс арқылы сөздік қорларын молайту, сөздердің дұрыс жазылу емлелерімен таныстыру.

  32. Білгенге маржан – оқушыларға қазақ тілі туралы қызықты деректер ұсына отырып, жыл бойы оқып білгендерімен бір-бірімен бөлісу жұмыстарын жүргізу.

33.Қорытынды, қайталау - жыл бойы өткенді қайталау, бекіту.






























Қолданылған әдебиеттер:

  1. «Қызықты грамматика»-Рахмет.З. Тайтуғанова Г.

  2. «Қазақ тілі» оқулығына әдістемелік нұсқау - Балақаев М. Уәйсова Г.

  3. «Жеті қазына» – Кенжеахметұлы С.

  4. «Қазақ халқының ойындары» - Өтетілеу Е.

  5. «Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту методикасы»
    Алматы «Мектеп» 1987ж.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!