СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Катиондар мен аниондарға сапалық реакция. Иондардың қасиеттері. 9 сынып

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

№ 10 сабақ  Сабақтың тақырыбы: Катиондар мен аниондарға сапалық реакция. Иондардың қасиеттері. Сабақтың мақсаты: иондар туралы оқушылар білімін одан әрі тереңдету, «катиондар, аниондар» ұғымын түсіндіру, электролит ерітінділері қасиеттерінің ондағы иондар қасиетіне байланыстылығының себеп-салдарын ашу. Бейтарап атомдар мен иондардың құрылысы мен қасиеттеріндегі айырмашылықтар. Электр өрісіндегі иондардың қозғалысы. Cl-, SO42-, Ba2+ және т.б. иондарға сапалық реакция. Реактивтер мен құрал-жабдықтар: иондардың электр өрісінде қозғалысын демонстрациялауға арналған құрал (құрылғы), хлоры бар құты, сусыз мыс (II) сульфаты, мыс купоросы, хромат, дихромат, перманганат кристалдары, сілті ерітінділері, натрий металы; эксперимент есептерін шығаруға арналған реактивтер: крахмал, йод және калий йодиді ерітітнділері. Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық.  Сабақты қышқылдардың, негіздердің және тұздардың жалпы қасиеттерін қайталап, диссоциация теңдеулерін жазудан бастаймыз. Диссоциациялану дәрежесі, күшті және әлсіз электролиттер туралы мәліметтерді қайталаймыз. Үш оқушы тақтаға мынадай реакция теңдеулерін жазады:  а)қышқылдардың металмен, негіздік оксидпен, негізбен әрекеттесуі.           ә)сілтілердің қышқылмен, қышқылдық оксидпен әрекеттесуі.          б)қышқылдардың сілтілердің, тұздардағы диссоциациялану теңдеулері. Басқа оқушылар берілген тапсырмалар бойынша топтық жұмыс орындайды. Тапсырмалар. а) мына қышқылдардың диссоциациялану теңдеуін жазыңдар: бромсутек, азот, хлорлы HclO4 және марганец HМnO4 қышқылдары. Диссоциацияланғанда бірдей иондар түзетін электролиттердің астын сызыңдар;  ә)төмендегі тұздардың диссоциация теңдеуін жазыңдар: натрий карбонаты, натрий нитраты, мыс (II) сульфаты, калий сульфаты. Бұл тұздар диссоциацияланғанда қандай иондар түзіледі? б) мына металл гидроксидтерінің иондарға диссоциациялану теңдеуін жазыңдар: калий, кальций, барий, магний, цезий. Бұл электролиттер диссоциацияланғанда түзілетін иондардың астын сызыңдар. II. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Жаңа сабақтың тақырыбын айтып, міндетін түсіндіреміз. Орындалған тапсырмаларды талқылау барысында әртүрлі электролиттерден ерітіндіде түзілетін бірдей иондар бейорганикалық қосылыстардың бір класына жататын заттардың ұқсастығын анықтайтынына назар аударамыз. Иондар мен атомдардың қасиеттеріндегі айырмашылық натрий хлоридінің атомдары мен иондары құрылысының сызбасын қарастырудан басталады. Атомнан, молекуладан және ионнан түзілетін заттардың қасиеттері әртүрлі болатынын көрсету үшін хлоры бар сынауық, металл натрий және натрий хлоридінің ерітіндісі көрнекі көрсетіледі. Бұдан кейін иондардың электр өрісінде қозғалуын катод және анод ұғымдарын талқылаймыз. Осының негізінде оқушылар «катион» және «анион» ұғымына анықтама береді. Мұғалім сусыз мыс (II) сульфатының еруін көрнекі көрсете отырып, кристалдық тордағы иондар мен гидраттанған иондардың әртүрлілігі туралы ұғымды бекітеді. Тапсырма. Мына ерітінділердің сапалық құрамын зерттеп салыстыру жолымен түрлі түсті қай ион беріп тұрғанын анықтаңдар: а) калий хроматы және калий сульфаты; ә) калий сульфаты және калий перманганаты.  Бұдан кейін никель, кобальт тұздарының кристалгидратын және ерітінді түрінде көрсетуге болады. Иондар қасиеттерін оқытуды қорытындылай келе оқушыларға берілген кестені толтыру ұсынылады.

Ерітінділерге түс беретін  Иондар    Ерітіндінің түсін өзгертпейтін  иондар Катиондар: Cu2+ (көк), Fe3+  (сары), Ni2+ (жасыл) Аниондар: MnO4- (күлгін), Cr2O72- (қызыл сары),CrO42- (сары)    Катиондар: K+, H+, Na+, Zn2+, Ca2+, Ba2+, т.б. Аниондар: Cl-, OH-, NO3-,SO42-, CO32-, Br, I-  және т.б.

III. Алған білімді бекіту. Берілген сұрақтарды, жаттығуларды орындау арқылы сабақты бекітуге болады. Үйге тапсырма. §12. 1-5- жаттығулар. Есептер мен жаттығулар жинағы.

 

Просмотр содержимого документа
«Катиондар мен аниондарға сапалық реакция. Иондардың қасиеттері. 9 сынып»

10 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Катиондар мен аниондарға сапалық реакция. Иондардың қасиеттері.

Сабақтың мақсаты: иондар туралы оқушылар білімін одан әрі тереңдету, «катиондар, аниондар» ұғымын түсіндіру, электролит ерітінділері қасиеттерінің ондағы иондар қасиетіне байланыстылығының себеп-салдарын ашу. Бейтарап атомдар мен иондардың құрылысы мен қасиеттеріндегі айырмашылықтар. Электр өрісіндегі иондардың қозғалысы. Cl-, SO42-, Ba2+ және т.б. иондарға сапалық реакция.

Реактивтер мен құрал-жабдықтар: иондардың электр өрісінде қозғалысын демонстрациялауға арналған құрал (құрылғы), хлоры бар құты, сусыз мыс (II) сульфаты, мыс купоросы, хромат, дихромат, перманганат кристалдары, сілті ерітінділері, натрий металы; эксперимент есептерін шығаруға арналған реактивтер: крахмал, йод және калий йодиді ерітітнділері.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Сабақты қышқылдардың, негіздердің және тұздардың жалпы қасиеттерін қайталап, диссоциация теңдеулерін жазудан бастаймыз. Диссоциациялану дәрежесі, күшті және әлсіз электролиттер туралы мәліметтерді қайталаймыз. Үш оқушы тақтаға мынадай реакция теңдеулерін жазады:

а)қышқылдардың металмен, негіздік оксидпен, негізбен әрекеттесуі.

ә)сілтілердің қышқылмен, қышқылдық оксидпен әрекеттесуі.

б)қышқылдардың сілтілердің, тұздардағы диссоциациялану теңдеулері.

Басқа оқушылар берілген тапсырмалар бойынша топтық жұмыс орындайды.

Тапсырмалар. а) мына қышқылдардың диссоциациялану теңдеуін жазыңдар: бромсутек, азот, хлорлы HclO4 және марганец HМnO4 қышқылдары. Диссоциацияланғанда бірдей иондар түзетін электролиттердің астын сызыңдар;

ә)төмендегі тұздардың диссоциация теңдеуін жазыңдар: натрий карбонаты, натрий нитраты, мыс (II) сульфаты, калий сульфаты. Бұл тұздар диссоциацияланғанда қандай иондар түзіледі?

б) мына металл гидроксидтерінің иондарға диссоциациялану теңдеуін жазыңдар: калий, кальций, барий, магний, цезий. Бұл электролиттер диссоциацияланғанда түзілетін иондардың астын сызыңдар.

II. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Жаңа сабақтың тақырыбын айтып, міндетін түсіндіреміз. Орындалған тапсырмаларды талқылау барысында әртүрлі электролиттерден ерітіндіде түзілетін бірдей иондар бейорганикалық қосылыстардың бір класына жататын заттардың ұқсастығын анықтайтынына назар аударамыз.

Иондар мен атомдардың қасиеттеріндегі айырмашылық натрий хлоридінің атомдары мен иондары құрылысының сызбасын қарастырудан басталады. Атомнан, молекуладан және ионнан түзілетін заттардың қасиеттері әртүрлі болатынын көрсету үшін хлоры бар сынауық, металл натрий және натрий хлоридінің ерітіндісі көрнекі көрсетіледі.

Бұдан кейін иондардың электр өрісінде қозғалуын катод және анод ұғымдарын талқылаймыз. Осының негізінде оқушылар «катион» және «анион» ұғымына анықтама береді. Мұғалім сусыз мыс (II) сульфатының еруін көрнекі көрсете отырып, кристалдық тордағы иондар мен гидраттанған иондардың әртүрлілігі туралы ұғымды бекітеді.

Тапсырма. Мына ерітінділердің сапалық құрамын зерттеп салыстыру жолымен түрлі түсті қай ион беріп тұрғанын анықтаңдар: а) калий хроматы және калий сульфаты; ә) калий сульфаты және калий перманганаты.

Бұдан кейін никель, кобальт тұздарының кристалгидратын және ерітінді түрінде көрсетуге болады.

Иондар қасиеттерін оқытуды қорытындылай келе оқушыларға берілген кестені толтыру ұсынылады.


Ерітінділерге түс беретін

Иондар

Ерітіндінің түсін өзгертпейтін

иондар

Катиондар: Cu2+ (көк), Fe3+ (сары), Ni2+ (жасыл)

Аниондар: MnO4- (күлгін), Cr2O72- (қызыл сары),CrO42- (сары)

Катиондар: K+, H+, Na+, Zn2+, Ca2+, Ba2+, т.б.

Аниондар: Cl-, OH-, NO3-,SO42-, CO32-,

Br, I- және т.б.


III. Алған білімді бекіту. Берілген сұрақтарды, жаттығуларды орындау арқылы сабақты бекітуге болады.

Үйге тапсырма. §12. 1-5- жаттығулар. Есептер мен жаттығулар жинағы.






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!