СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Казак адебиетинен сабак жоспары

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

Казак адебиети. Шакарим такырыбында сабак жоспары

Просмотр содержимого документа
«Казак адебиетинен сабак жоспары»

Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім – философиялық лириканың негізін салушы ақын.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі: Шәкәрімнің шығармашылығындағы философиялық ойлардың дәстүрге негізделуі және философиялық лириканың негізін салушы екендігін ұғындыру.

ә) дамытушылығы: Шығармаларын оқыту арқылы оқушылардың өзіндік ой қорытындысын жасай білуін және шығармашылық қабілетін дамыту.

б) тәрбиелігі: Оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, ішкі рухани тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Шәкәрімнің өлеңдер жинағы, «Аңыз адам» журналы, Шәкәрім туралы мақалалар, слайдтар

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, пікірлесу, топтастыру, талдау, еркін жазу, екі жақты күнделік.

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу

2. Оқушыларды түгендеу

ІІ. Оқушылардан Шәкәрім туралы білетіндерін топтастыру арқылы тақтаға жаздырту. Мұғалім өзі қосымша деректер бере отырып, жаңа сабаққа көшу.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Шәкәрім – философиялық лириканың негізін салушы ақын.

«Шәкәрім – шалқыған ақыл-парасаттың ақыны, пәлсапашыл, ойшыл қаламгер» М.Әлімбаев.

Кіріспе: Кейбір ғалымдардың пікірінше, қазақта философия болмаған, жоқ делініп жүр. Шынында, бұл – қате пікір. Қазақ ақынының көбі философ, ойшыл болған. Қазақ философиясын дамытқан тұлғалардың бірі – Шәкәрім. Ол кісі – діни философ. Философиялық ойларын сопылық дәстүрге негізделген. Оны Шәкәрімнің «Білімділерге бес сауал» деген еңбегіндегі сауалының бірі – «Жақсы адам деп қандай адамды айтамыз» - деп сұрайды да, өзі жауап беріп: «Жақсы адам дегеніміз – мейірімді, ынсапты, ақ ниетті, адал еңбек ететін адам», - дейді. Осы еңбегінің бесінші сауалында: «Заман өткен сайын адамның адамшылығы бұзылып бара ма, әлде түзеліп келе ме?»-дейді. Қандай жауап айтсаңыз да, бұған дәлелмен жауап беріңіз,-дейді Шәкәрім. Өлеңдерінде философиялық ойларын дамыта түседі.

-Сіздерге Шәкәрімнің осы ойлары төңірегінде өз пікірлеріңізді білдіру сұралады. (Ситуациялық сұрақтар тастап, оқушы пікірін білу. Түйінді ойларын қағаз бетіне түсіру).

Пікірталас:

  • Жақсы адам деп қандай адамды айтамыз?

  • Заман өткен сайын адамның адамшылығы бұзылып бара ма, әлде түзеліп келе ме?

Оқушылар пікірлері тыңдалғаннан кейін сабағымыздың негізіне көшу.

Топпен жұмыс

Тапсырмалар:

  • «Екі жақты күнделік» стратегиясы бойынша өлеңдерінен ең маңызды жолдарын тауып, өз көзқарасыңды жеткізе біл.

  • Өлеңдерін қазіргі заманмен байланыстырыңыз.

  • Егер сен ақын болсаң, қандай тақырыпта өлеңдер жазар едің?

    Философиялық, педагогикалық, психологиялық

    Жастық, махаббат

    Лирикаларының

    тақырыбы

    Ағартушылық, гуманистік

    Халық мұңы,

    арманы, заман

    адамы









Оқушыларды 4 топқа бөліп, іздену тапсырмаларын беру.

ІV. Бекіту тапсырмалары:

«Екі жақты күнделік» (Осы өлеңдерден ең маңызды деген жолдарды табу).

«Талап пен ақыл» өлеңі».

Өзіме ұнаған жолдар

Менің түсінігім

Ар демек-адамшылық намыс деген,

Арың кетпес жағыңа қарыс деген,

Теріс ұғып жүрмесін мұны біреу,

Сөз емес күншіл болып алыс деген.

«Жаным-арымның садағасы» деген қазақтың мақалы осы жерден көрінеді. Арың болмаса жер басып жүргенің құрысын. Күншілдік-өте жаман дерт. Сондықтан бұл әдеттерден аулақ болу керек деп ойлаймын.



«Насихат» өлеңі.

Өзіме ұнаған жолдар

Менің түсінігім

Білмегенді үйреніп,білгенді қылса есті сол,

Білмегенді-білмеген, білгенді қылмау -сол жаман.

Кейбір балалар мұғалім бір нәрсені түсіндіргенде тыңдамайды. «Өзің білме, білгеннің тілін алма» деген жаман сөз бар. Не нәрсені айтқанда тыңдап, үйреніп, ниеттену керек. Біліп тұрған нәрсені істемеу де жаман әдет.



«Кісіге адамшылық неге керек?» өлеңі.

Өзіме ұнаған жолдар

Менің түсінігім

Кісіге адамшылық неге керек?

Адамдық-өзге айуаннан артық демек.

Мархаматты теріс деп кім айады,

Адамшылық сол дейді таман зерек.

Жаны ашып, жәрдем қылмай өткен адам-

Өсіп,өшіп құлаған бір бәйтерек.

Адамға қай уақытта да адамшылық яғни адамгершілік қажет. Барлық адамға қолыңнан келгенше жақсылық жасап, құрмет, ізет көрсету-көргенді, инабатты адамның ісі. Кейбіреулер өзін жоғары санап, ешкімді менсінбейді. Менмен, тәкаппар адамды тәңірі де сүймейді деген бар емес пе?

-Шәкәрімнің өнеге, өсиетке толы өлеңдерінен нені ұқтық?

Ақынның өлеңдері қайрат пен жігерге толы, ұлттық намыс пен сана-сезімді оятумен құнды, ол адамдарды адалдыққа, адагершілікке, шыншылдыққа, ізгілікке, имандылыққа тәрбиелейді. Әрбір адам осы қасиеттермен құнды және қадірлі болады.

V. Қорытынды.

-Заманының шындығын жырлаған Шәкәрім Құдайбердіұлының ұрпағына қалдырған мұрасы ұшан-теңіз.

-Өнегелі еңбегі бүгінде зерттеліп,ұрпақ тәрбиесіне мол үлесін қосуда.

-Шығармаларында халық мұңы, арманы, мұраты, өзінің сол халықты бақытқа, жақсылыққа жеткізуге ұмтылысы жырланады.

-Шәкәрім шығармаларын оқи отырып, біз өзімізге қандай тәрбие алдық?

Бойымызға қандай асыл қасиеттер жинақтадық?

Жақсылық

Адалдық

Ақыл-ой

Имандылық

Қайраттылық

Жігерлілік

Адамгершілік

Талаптылық

Шәкәрім шығармаларынан

нені үйрендім?





VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма. «Әркімнің сіңірген еңбегіне қарай сыйла». (Ой толғау жазу)






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!