СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау бжб қазақ тілі 

Просмотр содержимого документа
««Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау»

1бжб

10 ә сынып оқушысы

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Оқу мақсаты 10.1.3.1 Мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық-саяси) талдай отырып, негізгі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен байланыстыру 10.4.2.1 Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану

Бағалау критерийі Білім алушы

Көтерілген мәселенің (қоғамдық-саяси) негізгі ойын ақытап, ғаламдық мәселелермен байланыстырады

Интонация: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану

Орындау уақыты 15-20 минут

Тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз.

Біз әлем елдерінің сенімі мен құрметіне бөленіп, брендке айналған тәуелсіз Қазақстанды құрдық.

2017 жылы біздің ел БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болды.

2018 жылдың қаңтар айында оған төрағалық етудеміз.

Біз дүниежүзілік ЭКСПО мамандандырылған көрмесін өткізу үшін әлемдік қоғамдастық таңдап алған ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасындағы бірінші мемлекет болдық.

Қазақстанда табысты жұмыс істеп келе жатқан нарықтық экономика моделі қалыптасты.

2017 жылы еліміз әлемдік дағдарыстың қолайсыз салдарын еңсеріп, сенімді өсу жолына қайта түсті.

Жыл қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнімнің өсуі 4 процент болып, ал өнеркәсіптік өнімнің өсуі 7 проценттен асты.

Бұл орайда, өнеркәсіптің жалпы көлемінде өңдеуші сектордың үлесі 40 проценттен асып түсті.

Қазақстанның қолайлы дамуы орта таптың қалыптасуына мүмкіндік берді.

Кедейшілік 13 есе қысқарып, жұмыссыздық деңгейі 4,9 процентке дейін төмендеді.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық табыстарының негізі – біздің басты құндылықтарымыз ретінде қала беретін азаматтық бейбітшілік, ұлтаралық және конфессияаралық келісім.

Дегенмен, Қазақстанның жетістіктері сенімді тірек саналады, бірақ ол ертеңгі табыстарымыздың кепілі емес екенін жақсы сезінуіміз керек.

«Көл-көсір мұнайдың» дәуірі аяқталып келеді. Елімізге дамудың жаңа сапасы қажет.

Жаһандық трендтер көрсетіп отырғандай, ол, бірінші кезекте, Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін кеңінен енгізуге негізделуі тиіс.

Мұның өзіндік сын-қатерлері де, мүмкіндіктері де бар.

Жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін Қазақстанда қажетті нәрсенің бәрі бар екеніне сенімдімін.

  1. Қазақстанның дамуына тірек болатын 4 негізгі жетістікті тауып жаз









  1. Мәтіннің негізгі идеясын білдіретін тірек сөздерді сызба түрінде құрылымдап көрсетіңіз.





























Елбасымыз өз Жолдауында «Жаңғыру – жазудан басталады» деген Елбасының латын әліпбиіне көшудегі осы қағидасымен келісесіз бе? Ойыңызды жазбаша 3-4 сөйлеммен білдіріңіз. ______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

4.«Өркениет өмірге келмес бұрын ең бірінші мәдениетттің басын жалмайды» (Хантингтон). .

« Мәдениет пен Өркениет бір, олар синонимдер (И.Гердер, Э.Тайлор);

Өркениет – мәдениеттің ақыры, оның “кәрілік” шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж. Руссо, Ш.Фурье, О.Шпенглер);

Өркениет – мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Вольтер, Д.Белл);

Қай пікірмен келісесіз? Өз пікіріңізді білдіріңіз. Сөйлеу барысында интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданыңыз.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________







Төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салтына бір сәт үңіліп көрсек, шынайы прагматизмнің талай жарқын үлгілерін табуға болады.

Халқымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді, әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанып келді.

Тек өткен ғасырдың ортасында, небәрі бірнеше жыл ішінде миллиондаған гектар даламыз аяусыз жыртылды. Ықылым замандардан бері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келген ұлттық прагматизм санаулы жылда адам танымастай өзгеріп, ас та төк ысырапшылдыққа ұласты. Соның кесірінен, Жер-Ана жаратылғаннан бері шөбінің басы тұлпарлардың тұяғымен ғана тапталған даланың барлық құнары құрдымға кетті. Түгін тартсаң майы шығатын мыңдаған гектар миялы жерлеріміз экологиялық апат аймақтарына, Арал теңізі аңқасы кепкен қу медиен шөлге айналды.

Осының бәрі - жерге аса немқұрайлы қараудың ащы мысалы.

Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек.

Прагматизм - өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі - орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді.

Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану - мінез-құлықтың прагматизмі деген осы.

Бұл - заманауи әлемдегі бірден-бір табысты үлгі. Ұлт немесе жеке адам нақты бір межеге бет түзеп, соған мақсатты түрде ұмтылмаса, ертең іске аспақ түгілі, елді құрдымға бастайтын популистік идеологиялар пайда болады.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!