СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

ХІ-ХҮ ғасырлардағы Испания

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ортағасырлық Испанияның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы арабтар әкелген шығыстық өркениет пен католик шіркеуінің қатыгездік саясатының рөлін ашып көрсету. Католик шіркеуінің ұйымдастыруымен жүргізілген аратар мен еврейлерді қудалау кезеңіне тоқтала отырып, Испания тарихының оқулық мәтінінен тыс мынандай қыр-сырларын жете білген жөн.

Просмотр содержимого документа
«ХІ-ХҮ ғасырлардағы Испания»

Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы 7 – сынып

Тақырыбы: ХІ-ХҮ ғасырлардағы Испания

Білімділік мақсаты; Ортағасырлық Испанияның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы арабтар әкелген шығыстық өркениет пен католик шіркеуінің қатыгездік саясатының рөлін ашып көрсету. Католик шіркеуінің ұйымдастыруымен жүргізілген аратар мен еврейлерді қудалау кезеңіне тоқтала отырып, Испания тарихының оқулық мәтінінен тыс мынандай қыр-сырларын жете білген жөн.

Дамытушылық мақсаты; Оқуға ынталығын, оқулықпен және жекелей жұмыс түрлерін, азаматтық жауапкершілігін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты; Адамгершілікке, ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері;

Ауызша және жазбаша сұрақ-жауап, баяндау, сызба сызу, оқулықпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі:

Карта «Орта ғасырлардағы Испания», кестелер.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа бағыт беру.

ІІ. Өткен тақырыпты еске түсіру, үй тапсырмасын тексеру:

1. ХІ-ХҮ ғасырлардағы Герман жеріндегі саяси даму ерекшеліктері қандай болды?

2. Герман рыцарьларының мақсат-мүддесі нені көздеді? Мақсаттарын жету үшін рыцарьлар не істеді?

3. Германияның орта ғасырлардағы қалалары не үшін күресті?

4. Олардың өзара және шет елдермен байланыстары қандай болды?

5. Шіркеу орталықтарының күшею себептері қандай?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары.

1. Арабтармен күрес.

2. Реконкиста.

3. Испанияның бірігуі.

4. Католик шіркеуі.

5. Инквизиция және күпірлерге қарсы күрес.

ІҮ. Жаңа білімді меңгерту:

Испанияны жаулап алғаннан кейін Шығыстың едәуір дамыған елдерімен байланысын жоғалтпаған арабтар Испания экономикасын жоғары дәрежеге көтерді. Арабтардың тұсында Испанияның қалалары да қарыштап дами түсті. Араб Испаниясының күшті флоты болды. Көптеген араб-испан қалалары теңіз арқылы Африкамен, Италиямен, Византиямен және Левантпен, құрылық арқылы Оңтүстік Франциямен және Ломбардиямен сауда жүргізіп отырды. Ішкі сауда да дамыды.

Араб Испаниясының экономикадағы табыстары оның мәдени өрлеуін де қамтамасыз етті. Араб мемлекетінің астнасы Кордовада үлкен кітапхана мен жоғары мектеп болды. Испаниядағы араб мәдениеті Батыс Еуропаға елеулі ықпал етті. Испаниядан өзге Еуропалық елдерге араб тілінде жазатын ғалымдардың математика, астрономия, физика, алхимия, медицина, философия жөніндегі еңбектері аударма түрінде жетіп отырды. Арабтар билігі кезінде Испанияда құрылыс ісі жоғары даму дәрежесіне жетті.

Испания экономикасының арабтар мен еврейлердің іскерлігі мен білімділігі арқасында осылай гүлдене түсуі өз ықпалы мен иеліктерін кеңейтуді ғана ойлаған керітартпа католик шіркеуіне ұнамады. Ол қалай да Испанияны басқа діндегілерден тазартуды көздеді. Сондықтан да католик шіркеуінің итермелеуімен жергілікті халықтың маврларға қарсы күрестің қанат жайып, ақыры ол жеңіске жетті.

Оқушыларға «Испан мемлекеттерінің экономика жағынан едәуір дамыған Араб мемлекетін жеңіп шығуын немен түсіндіруге болады?» деген сұрақ қоюға болады. Олар мұны ХІ ғасырдың басында араб мемлекетінің бірқатар өзара жауласушы феодалдық кінәздіктерге бөлінуімен түсіндіреді.

Испаниядағы христиан мемлекеттерінің, әсіресе Кастилия мен Арагон арасындағы үздіксіз күреске, феодалдардың бір-бірімен жауласуына қарамастан, испандықтар ортақ жауға қарсы күресте ұйымшылдық танытып отырды. Реконкиста әуел бастан-ақ бұқаралық әскери-отарлау қозғалысы болды. Оған жергілікті халықтың барлық жіктері белсене қатысты.

Реконкиистаға белсене қатысқан, христиан мемлекеттері әскерлерінің негізгі бөлігін құраған, сондықтан да қолдарында қаруы болған шаруалар жаулап алынған аймақтарда жерге ие болумен қатар, жеке бас бостандығын да алды. Сондықтан олар реконкистаға мүдделі болды және соғысқа феодалдармен бірге қатысты, феодалдармен оларды, сондай-ақ тайпа мен діннің ортақтығы да біріктірді.

Келесі мәселе Испанияның бірігуі туралы Пиреней түбегінің барлық корольдіктерінде ХІІ-ХІІІ ғасырларда сословиелік өкілдіктері бар феодалдық монархия қалыптасты. Олар «кортес» деп аталатын жиналыстар өткізіп тұрды. Өзінің құрылымы жағынан кортес Франция Бас штаттарын еске түсіретін. Оларда сословиелер өз алдында жеке жиындар өткізіп отырды.

Католик шіркеуі маврлар мен еврейлерді күштеп христиан дініне кіруге мәжбүр етті.; барлық еврейлер, христиан дініне кіргендерді қоспағанда, барша дүние мүлкі тәркіленіп, 1492 жылы Испаниядан қуылды. Морискілер-шоқынған маврлар мен маррандар деп аталған еврейлер шаруашылыққа жарамсыз жерлерге көшірілді. 1520 жылы Испания королі І Карлос кортестін талабын орындап, басқа ұлт өкілдерін басша қызметтерге тағайындалуына тыйым салды.

Ү. Бекіту: Тақырып соңындағы тапсырмалар мен сұрақтар арқылы.

ҮІ. Бағалау.

ҮІІ. Үй тапсырмасы: Мәтінді оқып, мазмұндарын айту.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!