СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 16.05.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Кітапхана сабағына арналған презентация "Мен болашақ оқырманмын"

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

1 сынып оқушыларына арналған "Мен болашақ оқырманмын" кітапхана сабағына презентация. 

Просмотр содержимого документа
«Кітапхана сабағына арналған презентация "Мен болашақ оқырманмын"»

Кітап – алтың қазына


Мақсаты:

а) Кітап – сарқылмас рухани қазыны – дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.

ә) Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.

б) Кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқулығын күтіп үстауға үйрету.

Көрнекілігі: Ұлы адамдардың кітаптарын, оқу-білім туралы айтылған сөздер жазылған плакат. Кітап көрмесі.

Кітапханашы:

Кітап та алма ағашы,

Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы,

Кітабыңның әр бетін, - деп Мұзафар атамыз жырлағандай әдеби кітаптар және оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде-ақ бүкіл адамзаттың мәдениетпен таныса бастаймыз. Бірақ рухани өмірімізде кітаптың алатын орны осымен тоқтап қалмайды. Алға басқан сайын кітап біздің айнамыс серігіміз болып кала береді. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі өнеге, тәрбиесінен әсер аламыз. Оқыған тоқығаның көп болса, жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. «Батыр бірді жығар, білімді мыңды жығар»,- деген халық даналығы бекер айтылмаған. Ендеше кітап біздің сарқылмас рухани қазынамыз екен.

1-ші оқушы. Мен адамның досымын. Менің атым кітап. Мені жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңіреді. Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Фабрика ол ағашты қағаз қылып шығарады. Содан соң оған авторлар жазады, сурет салады. Баспахана суреттер мен жазуларды басып, кітап етіп шығарады.

2-ші оқушы. Кітап заманымыздың өмірі, ол кәріге де, жасқа да қажет. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Кітап сендердің дүниетанымдарыңды кеңейтіп, рухани жан дүниелеріңізді оятып, ертегі әңгімелермен сыр шерткен, кітап сенің ақылшың.

3-ші оқушы. Адамның досы кітап, өмір кілті,

Тең келмес оған жиған мүлік.

Ақылшы, жанға серік, жол бастаушы,

Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.

Тұрады басын құрап әріп неден,

Басталған білім басы әліппеден.

Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит,

Оқысақ кітап сырын ашып терең.

Ән.

Кітапханашы: Қазақстан азаматтары білімді, мәдениетті өнерлі болуы керек. Ол үшін терең білім, ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды, өнерімізді білу үшін кітапты көп оқу керек. Кітап, қағаз-ағаштан жасалады.Ағаш табиғат байлығы. Кітап жасау үшін көптеген мамандық иелері тынымсыз еңбек етеді.

Біздің елімізде бірде-бір бала тыс қалмайды. Жалпыға бірдей білім беру туралы Мемлекеттік маңызы бар. «Білім туралы Заң» қабылданған.

1-шы оқушы. Алғашқы кітап басып шығару ісі қолмен атқарылған. Адамдар кітап басатын, әріп теретін машиналарды ойлап тапты. Қазіргі кезде кітап басып шығару ісі механикаландырылған.

Елімізде кітап шығаруға, оны безендіруге көп көңіл бөлінеді. Оған қыруар қаржы жұмсалады.

Оқулықты бүктеп, жыртып бүлдіруге болмайды. Өйткені әр кітап- Отан байлығы, аға-апаларымыздың маңдай тері.

оқушы. Саған білім жемісін,

Оқулығын береді.

Талай адам сол үшін,

Маңдай терін төгеді.

оқушы. Орманшының аяла,

Алақаны өсірген.

Сансыз ағаш саяла,

Қағаз үшін кесілген.

оқушы. Ағаш кесіп қанша адам,

Ормандарда жүреді.

Аға қанша шаршаған,

Ағаш тиеп үнемі.

оқушы. Машинист болып жасынан

Дүбірлетіп даланы

Сол ағашты тасыған

Білер ме көп ағаны.

оқушы. Заводтарда күн-түні

Қағаз жасап бағалы

Қанша адам кім үшін

Маңдай тері тамады.

оқушы. Оқулықты баршаға

Талай ғалым қолға алып

Жылдар бойы қаншама

Жазады ұзақ толғанып.

оқушы. Әдемілеп берсем деп

Бояу жағып не түрлі

Суретшілер көркемдеп

Қанша уақыт отырды.

оқушы. Әріп теру үшін де

Талай адам терледі

Баспахана ішінде

Айлап тыным көрмеді.

оқушы. Оқулықты мектебің

Берер саған теп-тегін.

Білмейсің-ау сен бірақ

Қаншама еңбек кеткенін.

оқушы. Оқулығың құралың

Жағар білім шырағын

Баса алмайсың ешқашан

Онсыз алға бір адым.

оқушы. Оқулықты құрметте,

Күтіп ұста кірлетпе

Кішілерге табыс ет

Дақ түсірмей бір бетке.

Кітапханашы: Кітап - адам өмірінде асыл маңызды рөл атқарады. Ол елді, жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап- жаман әдеттерден аулақ болуға үндейді.

Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады. Одан ақыл-кеңес, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алады. Кітап - біздің рухани жан азығымыз.

Өздеріңе белгілі 1997 жылдан бастап төл оқулықтар шыға бастаған. Осындай көптеген еңбекпен келіп түскен оқулықтарды қыркүйек айында сендердің сыныптарыңа таратылды. Қыркүйек айында өзінің әдемі суреттерімен, небір төгілген асыл сөздерімен, қиын да қызықты есептерімен күлімдеп кеткен оқулықтарымыз мамырдың аяғында ренішпен, мұңды болып кітапханаға қайтатын оқулықтарымыз да бар. Енді сол оқулықтардан көріністер көрейік.

ІІ бөліп. «Кітаптар мұңы» .Көрініс.

Беттерін шаң басқан бір топ кітаптар бөлменің бұрышында жатыр. Көзін сығырайта ашып бір кітап жан- жағына қарады. Аздап керіліп, жанындағы кітапқа:

  • Ей, тұрсаңшы! Біз қайда келдік? Тірімісің өзің?

  • Ой, мазамды алмашы. Өйткен тірлігі құрысын! Бұданда парақтарымның жыртылып желге ұшып кеткенім жақсы еді ғой.

  • Не болды соншама? Жалғыз сен деймісің?

Сосын келесі жағына бұрылып

  • Сен кімсің, сыртың бүп-бүтін ғой өзіңнің?

  • Сыртымды қайтесің? Сыртын бүтін болғанымен ішім түтін. «Ана тілімін». Мені басып шығару үшін қаншама адам баласы еңбек етті. Балалар оқысын сауат ашсын, адам болсын деген ниет қой бәрінікі. Мен де өзімнің білімімізді беруге тырыстым.

Бәрімізде сондай ниетте едік. Адырбай деген баланың қолына түстім. Бір жыл болмай осы күйге түстім.

- Мен Сотқарбай деген баланың кітабымын. Ол парақтарымды жыртып алып, кептер жасап ұшырып ойнағанда қой демеді ғой үлкен ағасы.

- Онда мұңдас болдық қой, достым. Біздің Артықбай көзімді бақырайтып қойып, суреттерімді бастырып, бетімді шимайлайды.

- Адам өз мүлкіне ұқыпты болса ғой. Әдепті балалар көп. Мысалы, менің бір досым бар. Ол екеуміз парталас болдық. Соның иесін айт, оқушы деп! Бүлдірмек түгелі, шаң мен кір жуытпайды.

- Ендігі алдағы күніміз не болар екен? Мүмкін бәрімізді жинап, отқа жағар?! Кітап шығару үшін көп қаржы керек. Жанашыр балалар бізді түптеп, қажетке жаратар.

- Бәріміздің де арманымыз сол.. Білімге қызығатын ұқыпты балалардың қолына түссек екен.

- Иә, достар, кітап қадірін білетін жақсы балалар көбейе берсін!

Мұғалім. Міне балалар, арамызда кітапты ұқыпты, таза ұстайтын және кітапқа ұқыпсыз қарайтын балалар да кездеседі.

Кітапты ұстау ережесі.

  1. Кітап адам өмірінің таусылмас қазынасы мен дүниенің айнасы, ғылым- білімнің көзі, өнер мен тәрбие құралы, өмір күресінің ең мықты қаруы болатын ақылшы екенін түсіну керек.

  2. Кітапты күнделікті үзбей оқып дағдыға айландыр. Ол үшін күніне кітап оқуға 3-4 сағат бөлуді жоспарла.

  3. Кітапты қалай болса солай оқымай, оларды белгілі мақсат пен жоспар бойынша оқуға дағдылан.

  4. Барлық кітапты үнемі бірдей тәсілмен, бірыңғай жолмен оқуға болмайды.

  5. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітап оқуды үлкен ой еңбегімен оқу керек.

  6. Кітапты оқығанда ойға сақтауға, керектерін жатқа айта білуге, керекті сөздерді жазып алып, өмірде пайдалануға әдеттен.

  7. Кітапты көп оқысаң, сөз байлығың молайып, сөйлемдерің мәнді де өткір, ойлау қабілетің терең болады.

  8. Кітаптағы түсініксіз жерлерді қайта-қайта бірнеше рет ойланып, талдау жасап оқып, оның қиындығын жеңетін бол.

  9. Кітаппен қоса Ұлан, Ақ желкен, Бала би, Балдырған газет- журналдарына да жазылып біліміңді көтер.

ІІІ бөлім. Кітап емханасы.

Мұғалім. Біз кітаптан бар жақсылықты аламыз. Оған бізде көмектуіміз керек.

Дәрігер. Құралдар: қайшы, желім, қағаздар, ине, жіп, мата.

Кітапханашы келеді (қолындағы кітаптары, кітаптың ауруын анықтап беруді сұрайды).

Дәрігер. Балалар, адамдар, жан-жануарлар, өсімдіктердің ауыратыны сияқты, кітаптар да ауырады. Кітаптарда мынандай ауру түрлері болады.

  1. Туғаннан пайда болатын аурулар (баспадан дұрыс басылмаған)

  2. Қартайғаннан болатын аурулар (көп жыл ұсталған)

  3. Жұқпалы аурулар (жыртылып, сия, төгіліп немесе май қолмен ұстау т.б)

  4. Дұрыс жағдай болмағандықтан болатын (терезенің алдында күнде көп тұруы немесе ылғал, дымқыл жерде сақталуы)

  5. Бақытсыздықтан (кездейсоқ) болатын аурулар (жығылып батпаққа былғануы жыртылуы т.б)

Дәрігер кітаптың ауруын анықтау үшін тексеруден өткізеді.

а) кітапты шешіндіру

ә) сыртқы қабын шешіндіреді

б) форзацты қарайды

в) рентгенге түсіреді

Осылар арқылы ауру кітаптың диагнозын қояды.

  1. Судың әсерінен ішкі беттерінің былғануы парақтарының бүктелуі - бұл жеңіл емделете аурулар.

  2. Насекомдарды зияны әсерінен, сыртқы қабының бүлінуі, форзацтың жыртылуы, түбінің ажырауы, парақтарының босап қалуы - бұл ауруларды дәрігер мен кітап емшілері операция жасау арқылы емдейді (Көрсету)

Қорытынды бөлім.

Кітап туралы нақыл сөздер, мақал - мәтелдер, жұмбақ- жаңылтпаштар айтқызамын.

Ән.

Біздің Қазақстанда Ұлттық Мемлекеттік кітапхана, яғни бас кітапхана жұмыс істейді. Ал өзіміздің облыс орталығы Қостанай қаласында Л.Н Толстой атындағы кітапхана жұмыс істейді және қалалық Н.Островский кітапханасы бар. Әрбір мектепте балалар кітапханасының оқушыларға білім негіздерін сапалы меңгеруде, жан-жақты тәрбие беруде әр түрлі әдеби шығармалар мен таныстыруда атқаратын маңызы бар.


































Мектеп оқушыларын кітаппен жұмыс істеуге үйрету


Мектептегі оқу үрдісі бастауыш сынып оқушыларынан оқудағы дербестікті талап етеді.Осыған орай, оқу еңбегінің барысында олардың ең алдымен кітаппен жұмыс істеуге үйретуден бастаған жөн. Көптеген бастауыш сынып оқушылары кітап оқуды ұнатады. Бірақ, олар кітапты таңдай білмейді. Сондықтан да, балалардың оқуы үшін кітап таңдап алуын үлкендер қадағалап отыруы тиіс. Ата-аналардың көбісі кез-келген кітапты оқу пайдалы, көп білгеннің зияны жоқ немесе балалардың кітап оқуын мұғалім мен кітапханашы ғана қадағалауы қажет деп ойлайды, бұл – қате пікір. Болашаққа жаңа ғана қадам басқан баланың оқуына ата-ана мен мұғалім бірлесе отырып басшылық жасап, бағыт беріп отыруы - әлеуметтік педагогикалық мәнді проблемалардың бірі.

Балалар өздерінің үй кітапханасын жинай бастайды, бір-біріне өздері оқыған кітаптар жайлы әңгімелейді.Балалардың өздері ұнатқан кейіпкерлерге ұқсағысы да келіп тұрады.

Міне, сондықтан балалардың қолына олардың жасына сәйкес дұрыс тәрбие беретін кітаптарды таңдауын қадағалау қажет. Балалардың кітап оқуын қадағалағанда, олар оқитын кітаптардың міндетті түрде әртүрлі тақырыптарда болуын олардың ішінде тақырыптарда болуын олардың ішінде ертегілер, жануарлар мен өсімдіктер туралы әңгімелер, шытырман оқиғалы туындылар, музыка, өнер туралы әңгімелердің болуын ескеру қажет.

Кіші мектеп жасындағы балаларға кітапты көбіне ата-ана таңдайды.Сондықтан кітап таңдағанда балалардың жеке басының ынта-ықыласы мен қызығуларын ескеру керек. Балалардың шытырман оқиғаларға, өткір және бірден баурап алатын сюжеттерге ынтық болуы – табиғи жай.Бірақ мұны дұрыс арнаға салып отыру қажет. Баланың қызығушылығын, ынтасын анықтап, арттыруда кітапханадағы кітап көрмелері үлкен рөл атқарады. Әсем суреттерімен оқиға желісін сипаттайтын түрлі қызықты тақырыптарға арналған кітаптар баланы бірден өзіне баурап алады.

Бірінші сынып оқушыларынан алғашқы кезде мектепте саған бәрінен де көбірек ұнағаны не? – деп сұрасақ, олардың көбісі ойланбастан, маған бәрінен де сынып көбірек ұнады және оқулықтар ұнады.Олар әдемі жасалған, ішінде көп суреттері бар, - деп жауап берер еді. Балалармен өткізілетін танымдық, оқу формалары, мәселен, дидактикалық ойындар, қызықты жаттығулар, тәжірибелік тапсырмалар, оқу, саяхаттар жасау, кино, деректі фильмдер көру балалардың ой-өрісін кеңейтеді, олардың жалпы дамуына көмектеседі. Сол секілді кітапханаларға барып оқу да, олардың өздеріне деген сенімдерін, оқуға деген ынтасын арттырады.

Бастауыш сынып оқушыларының оқу мәдениетін, оның ішінде кітаппен жұмыс істеуге баулуда оларға тікелей мұғалімнің оқушылармен жеке-жеке әңгімелесуі, әр оқушының кітапханадағы карточкасын тексеру, оқыған кітабының тізімін жасауды талап етулері керек.

Осыған орай, сыныпта кім көп оқыды, қызықты кітаптар туралы әңгімелер өткізіліп отыруға болады. Мұнда балаларды тек басқа балалардан қаншалықты түсініп оқығаны жайлы да сұрақ қойып отыру орынды. Сонда ғана бала саналы түрде түсініп оқиды, кітап оны алға жетелейді.

Әр баланың өзіне ғана тән талғамы, қызығушылығы бар, бұл жерде балаға көп көмек көрсететін кітапханашы болып табылады.Кітапханашы олармен әңгімелесіп, оны жалықтырмайтын, кітапқа деген ынтасын арттыратын кітаптарды ұсынған жөн. Егер баланы өсімдіктердің немесе жан-жануарлардың өмірі, саяхаттар қызықтыратын болса, кітапханашы олардың оқу пәндерін меңгеруіне көмектесетін әдебиеттерді де таңдауды үнемі есіне салып отыруы қажет.

Сонымен қатар, балаларға арналған газет-журналдарды жаздырып алып, өз беттерінше жариялаған материалдарды талдауды да естен шығармауды ескерту керек. Егер ондай мүмкіндік болмаса, кітапхананың қорын пайдалануды ұсынған жөн.

Бастауыш сынып жасындағы балаларды кітап оқу еңбегіне тәрбиелеуде баланың өзінің жеке кітапханасының болуы, жолдастарымен кітап алмастыруына рұқсат ету баланың кітапқа деген ынтасын арттырады.

Мұғалім баланың кітапты қалай оқу керек екенін түсіндіріп айтып отыруы керек. Балаларды кітап оқуда кітаптың авторы мен аты, баспасы және шыққан жылынан бастап оқуға үйрету керек. Әдетте, балалар онда жазылғандарға назар аудармай, оларды есте сақтауға тырыспайды. Мұндай жағдай баланың өзі оқыған кітабы туралы басқаларға әңгімелей беруіне кедергі жасайды.

Кейбір ата-аналар кітапты бастан-аяқ өздері оқып беріп отырады. Кейін біртіндеп өзі оқып кетеді,-деп ойлайды. Бұдан бала өздігінен еңбек етуге талпынбайды, бәрін ата-ана немесе басқалар жасап бергенге әбден үйреніп кетеді.

Үлкендер балалардан кітаптың авторы мен суретшісінің аты-жөні туралы, кітаптың атын есте сақтап қалуды шыдамдылықпен және тұрақты түрде талап етіп отыруы тиіс. Кітапты оқи бастаған кезде баладан, бұдан бұрын бұл жазушының қандай кітаптарын оқығанын және ол жазушы туралы не білетінін сұрап отырған пайдалы.

Бастауыш сынып жасындағы балалар үшін кітаптағы суреттердің тәрбиелік мәні зор. Олар баланың оқығандарын түсінуіне, есте сақтауына көмектеседі. Көптеген суреттер бала тікелей көре алмайтын оқиғалар мен заттар жөнінде мағлұматтар береді. Суреттер арқылы алыс елдерде, космоста, мұхиттарда болып қайтқандай әсерлерде болады. Сондықтанда да балаларды кітап суреттеріне мән берудің маңызы зор екендігін естен шығармау керек. Көп ретте балалар суреттерді қарағанымен, ондағы оқиғаларды көре білмейді. Сондықтан үлкендер оларға: мына суретте нелер бейнеленген? Суреттегі адамдардың аттары қалай? Олар не істеп жатыр? Олардың

әрекеттері дұрыс па?- деген секілді, сұрақтар қойып, олардың жауабына дұрыс баға беріп отырған жөн.

Балалардың өз беттерімен оқуға үйрету үшін мұғалімдер мынадай тәсілді жиі қолданады. Балаға дұрыстап кітап оқып береді де, ең қызықты деген жерге келгенде оны оқуға балаға тапсырады. Кітаптағы оқиғаға еліктеп, кейіпкерлердің одан әрі не істегенін білуге ынтыққан бала көбіне кітапты қызығып оқып кетеді. Әрине бұдан кейін оданоқыған кітабы туралы сұрап, өзі оқығаны үшін мадақтау, мұнан кейін баланың кітапты өзі оқи алатындығына сенімі артып, оқуға құштарлық, тұрақты мінез қалыптасады.

Бірте-бірте балалар дауыстап және өздігінен оқып та үйренеді. Оқығандары туралы тұжырымдап айтып, сипаттама бере алады және осы мүмкіндіктерді пайдаланып, үлкендер балалармен әңгімелескенде кітаптағы ең басты нәрсені анықтауға тырысады, олардың басты кейіпкер туралы ойлары, өздерін солардың орнында елестетсе қандай шешім қабылдар еді деген секілді сұрақтарға жауап алуға тырысқан жөн.

2-3 сынып оқушыларын көбінесе кітапханаға жазылуға ата-аналар ертіп әкеледі, бұл кітапханашыға ата-аналарымен танысып, бірлесіп жұмыс істеуіне, баланың мінезі мен әдетін біліп, онымен жақынырақ танысуға жағдай туғызады.

Кітапты ұстау мәдениеті де, міне, осы кезден бастап қолға алынады. Біріншіден, балаларды кітапты күтіп ұстауға үйрету керек. Оларға кітапты кез-келген жерде тастай салуға, жыртуға, оған сурет салуға, беттерін бүктеуге, суреттерімен беттерін жыртып алуға болмайтынын ескертіп отыру керек.Әсіресе, кітапханадан алған кітапты мұқият күтіп ұстап ұстап, оны мерзімді уақытында қайта тапсыру әдетін қалыптасады.

Балаларды кітап оқу гигиенасының негізгі ережелерін сақтауға үйрету қажет. Кітап оқыған кезде бөлменің ауасы тазартылып, жарықтың мол және жеткілікті болуы қажет. Әлсіз жарық кезде кітап оқуға болмайды. Кітап жатқан үстел беті мен шырақтың ара қашықтығы 1 метрден, кітап пен көздің ара қашықтығы 35-40 сантиметрден кем болмауы керек. Оқу кезінде әрбір 45-50 минуттан соң дем алдырып отырған дұрыс.

Бастауыш сынып оқушыларын кітаппен жұмыс істеуге баулу ата-аналар мен ұстаздар қауымы, кітапханашылар бірлесіп атқаратын жауапты іс. Еліміздің болашағы, жас бүлдіршіндеріміздің саналы да білімді, тәрбиелі азамат болып өсуі осындай еңбектердің жемісі екендігін мұғалімдер қауымының дұрыс түсінгені орынды.

Педагогика классигі Я.А.Коменскийдің атап көрсеткендей: «жеке балалардың ісін байқап, жолға салып отыратын негізгі бақылаушы мұғалімнің өзі болуы тиіс».



























Құрметтейік кітапты


Мақсаты: 1) Оқушыларды оқулықты құрметтей білуге, кітап ұстауға баулу.

  1. Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілігі: «Кітаптар көрмесі», «Ана тілі», «Қазақ тілі», «Матиматика» оқулықтарының нұсқалары, кітап туралы жазылған 2 плакат, тәрбие сағатының тақырыбы жазылған плакат, «Қожанасыр» қоржыны, тәтті нан.

І. Тәрбие сағатының жүрісі:

а) ұйымдастыру;

ә) еліміздің Әнұранын хормен 1 шумағын айту.

ІІ. Кітап қалай жасалады?

Бастаушы: Мен адамның досымын. Менің атым – кітап. Мені жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңіреді. Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Фабрика ол ағаштан қағаз жасап шығарады. Содан соң оған авторлар жазады, суреттер салады. Баспахана жазулар мен суреттерді басып, кітап етіп шығарады. Жұмысшылар машина мен поездарға тиеп ауыл-ауылға, қала-қалаға таратады. Міне, мен, енді сенің қасыңда тұрмын. Мені күтіп, жыртпай ұста. Мен сенімді досыңмын!

1-ші бала: Адамның досы кітап, өмір кілті,

Тек келмес оған жиған мүлік.

Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,

Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.

Тұрады басын құрап әріп неден,

Басталған білім басы әліппеден.

Қарасақ шалқар теңіз түпсіз мұхит,

Оқысақ кітап сырын ашып терең.

2-ші бала: Кітапты оқымайды сыйламаған,

Білімге жанын жанып қинамаған.

Өсірген кімнің болсын ой-өрісін,

Сол кітап тек ақылшы күнде маған.

Түлекті тәрбиелер кітап-мектеп,

Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.

Молайтып ақылыңды сан еселеп,

Береді білім нәрін кітап көптеп.

3-ші бала: Кітаптар бейне жапырақ,

Жырлайтын сырын өмірдің.

Оқисың кейде жаттап,

Көтеріп күйін көңілдің.

Айдын шалқар кейде бір,

Кітапты тұнған көл дерсің.

Ауадай қажет бейне бір,

Таппасаң нәрін шөлдерсің.

ІІІ. «Қожанасырдың» қоржынын келтіру:

(сырттан қолында қоржыны бар бір оқушы сыныпқа кіреді).

4-ші бала: - Апай! Қожанасыр атай менен қоржынын беріп жіберді, ішінде тапсырмалары бар. Қазір өзі де келеді.Мені күтпей, қоржындағы тапсырмаларды орындай берсін деді.

Қоржында ұлы адамдардың пікірлері жазылған карточкалар болады. Мұғалім дауыстап оқиды.(оқушылар қайталап, жатқа оқиды).

5-ші бала: - Білім біздің шамшырағымыз, кітап біздің ұстазымыз.

6-ші бала: - Кітап-ақылды қуаттандыратын құрал.

7-ші бала: - Өмірде ең жақсы кеңесші-кітап.

8-ші бала: - Кітапсыз үй-жансыз дене.

9-ші бала: - Кітап асып-таспайтын адал досымыз.

10-ші бала: - Кітап ғажап дос. Өмірдің қиын сәттерінде сенімді сырласың болады. Ешқашан өкіндірмейді.

11-ші бала: - Кітап дегеніміз қоғам. Жақсы кітап, жақсы қоғам тәрізді. Сезім мен санаңды нұрландырады, көркейтеді.

ІV. Көрініс.

Оқушы: Асыл ойдың иесі, ғылымның жүйесі,

Қуанышты көңілдің, баспалдағы өмірдің.

Жан азығы серігім, ардақтамас сені кім?

Кітап: Күнде өсіп көңілім, көріктеніп келемін,

Көптің тауып керегін, кезінде айтып беремін,

Бірақ білмес парқымды, байқап жүрмін әркімді.

Оқушы: Әсерлемей, асырмай, айтып берші жасырмай,

Жан азығым, серігім, ренжіткен сені кім?

Кітап: Кейбіреулер ерігіп, бос жүруден зерігіп,

Бетімді менің ашады, әңгімеге басады.

Жолдарымды сызады, шырқымды да бұзады.

Онымен іс бітпейді, беттерімді бүктейді.

Көп жерімді жазады, қайшыменен қияды,

Налымайын негемен, бұл секілді пендеге.

Оқушы: Сені сүймес адам аз,

Ақылды көп, надан аз.

Ондайлардан түңілме,

Сені сыйлар түбінде.

V. Көрініс

Математика: Ей тұрсаңшы! Қайда келдік? Тірімісің өзің?

Ана тілі: Ой, мазамды алма, бүйткен тірлігің құрсын. Мұнан да парақтарым дал-дұл болып желмен бірге ұшып, не өртеніп кеткенім жақсы еді.

Математика: Не болып қалды? Жалғыз сенің басыңа келді деймісің бұл қасірет. Біздің де көрген қорлығымыз аз емес. Биылғы оқу жылын зорға аяқтап шықтық. Басыңды көтер жөн сұрайық. Кімсің өзің? Сыртың бүп-бүтін ғой.

Ана тілі: Сыртымды қайтесін? Сыртым бүтін, ішім түтін. Ана тілі оқулығын. Мен үшін авторлар түн ұйқысын төрт бөліп, қанша қызмет етті десеңші. Сонда кім үшін? Балалар оқысын, сауатын ашсын, адам болсын деген ізгі ниет еді ғой бәрінікі. Мен де қолымнан келгенше өз бойымдағы білімімді беріп, балаларды адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеуге тырыстым. Сонымен күнім не болды? Сорыма қарай Адырбай деген баланың қолына түсіп, бір жыл бойы осындай күйге ұшырадым. Қайтейін, өткен күнім есіме түссе, сай сүйегім сырқырайды.

Қазақ тілі: Тұрыңдар достар! Мені ұстаған Дәуренбек деген бала бар. Сол сендерді бүтіндей, құдайым Адырбай мен Сотқарбай сияқтылардан сақтасын. Келесі оқу жылында Дәуренбек сияқты балаға тап болғайсыңдар.

VI. «Кітап» сөзін 5 оқушы құрастырып тұрып, хормен айтады.

Оқы талмай, түй санаңа жас бөбек,

Сыр құямын, жыр құямын бойыңа.

Таза ұстап, оқы мені, қастерле,

Бар білімді мен егемін санаңа.

VII. Тәрбие сағатын Қорытындылау.

Бәрін, бәрін білесің, оқи берсең кітапты! Дендей көп оқысаң, көп білесің....

Өзім пісірген «тәтті» нанымды үлестіріп, тәтті нанның дәмі, сендердің кітапқа деген құштарлықтарын да арттырсын деген ниетімді білдіремін.

Тәрбие сағаты аяқталды.



































Кітап-білім бұлағы.


Кітапхана іші кең. Жинақы. Еітаптар кітап сөрелеріне тақырыптар бойынша жинақталып қойылған. Оқушылардың керекті кітаптарын өздері таңдап алуларына оңай.

  • Оқулық кітаптар әдетте төрт жыл сайын жаңарып шығарып, ауыстырып отырады. Оған дейін бір кітапты төрт жылда төрт оқушы оқып шығады. Яғни кітаптарды әр оқушының беттерін бүктемей, шимайламай, кірлетпей, түптерін сетінетпей ұқыптап пайдаланғаны жөн,-(дейді Орынша апайларың).

Жаңа оқу жылы басталғанда, қай-қайсыңның да беттері шимайланбаған, таза кітап алғыларың келеді ғой. Ал қолдарыңа түптері сетінеп кеткен, беттері шимайдан көрінбейтін кітаптар тисе, ренжіп қаласыңдар ғой. Солай емес пе? Ендеше, сендер де өздеріңнен кейінгі ізбасарларыңның қамын ойлап, кітапты жазғы демалысқа шығарда кітапханаға таза күйінде тапсыруларың керек екен.

Бүгінде еліміздің әл-ауқаты жылдам артып, тыныс-тіршілігі, ғылым, ұлттық санамыз жылдам өзгеріп жатыр емес пе. Соған байланысты кітаптар кейде төрт жыл өтуін күтпей-ақ, жаңа өзгерістермен ерте шығып қалатын жағдайлар да кездеседі екен. Керісінше 1-сыныптың кітаптары сияқты 7 жылдан бері жаңармай отырған кітаптар да бар көрінеді.

  • Кейбір оқушылардың ұқыпсыздығынан кейбір кітаптар тез тозып, ұстауға жарамай қалмай ма? Ондайда кітап біраз оқушыға жетпей қалып жүрмей ме?-деп сұрағанымызда,..(Орынша апайларың)

  • Жетеді.Тұрмыс жағдайлары жақсы, ауқатты отбасылар балаларына үнемі базардан жаңа кітаптар сатып әпереді. Соның есебінен толығып отырады,-деп жауап берді.

Барлық кітабын базардан сатып алатын 1-сынып оқушыларының ата-анасы 2000 теңгедей, ал 7-сыныптың ата-анасы 12000 теңгедей ақша жұмсайды екен.

  • 5 сыныпқа дейінгі оқушылардың ішінде кітапқұмарлар көп,-дейді апайларың.

Бір жақсысы-кітапхананың бір өзіне ғана жуырда 7 компьютер қойылыпты. Мұның кітапты тез тауып алуға, реферат жазу үшін әр түрлі мәліметтер алуға иайдасы зор екен.

«Кітап-білім бұлағы» дейміз. Ендеше, бүгін заман талабына сай білімді азамат болып өсу үшін сол бұлақтан қапысыз қанып ішіп жүрген жөн-ау!
















«Кітап-сарқылмас рухани әлем»

1-кітапханашы:

  • Кітап заманымыздың өмірі, ол кәріге де, жасқа да қажет. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Кітап сендердің дүниетанымдарыңды кеңейтіп, рухани жан-дүниелеріңді оятып, ертегі-әңгімелерімен сыр шерткен,кітап сенің ақылшың.

«Кітап та алма ағашы,

Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы

Кітабының әр бетін »,-деп Мұстафа Әлімбаев жырлағандай әдеби кітаптар және оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына.

2-кітапханашы:

- Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде-ақ бүкіл адамзаттық мәдениетпен таныса бастаймыз.Бірақ, рухани өмірімізде кітаптың алатын орны осымен тоқтап қалмайды.Алға басқан сайын, өскен сайын кітап біздің айнымас серігіміз болып қала береді. Кітап-жанның емшісі, молайтады, кітаптан көп үлгі-өнеге, тәрбиелік әсер аламыз. Оқыған-тоқыған көп болса, жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. «Батыр бірді жығар, білімді мыңды жығар»-деген халық даналығы бекер айтылмаған.

Кітап ханшасы:

  • Франкофония-бұл сөз француз тілінен аударғанда «Кітап мейрамы» деген сөз. Бұл мейрам Франция мемлекетінде жылына бір рет тойланады. Мұның мақсаты:

«Кітап деген білім мұхиты барын» оқырмандарға білдіру, жас ұрпақтың есіне салу. Қандай ақылды ел десеңізші. Сөйтіп сонау Франциядағы жақсы дәстүр ең алғаш рет өзіміздің Республикалық балалар кітапханасында бастау алды. Соның жалғасы ретінде біздің мектебімізде де «Кітап мейрамы» аталып өтуде.

Қымбатты оқырман, «Кітап мейрамы» құтты болсын! Мектебімізде «Кітап мейрамы» жылда жалғасын таба берсін...

1-кітапханашы:

- Кітаптың даму тарихы жазу өнерінің шығуымен және қажетті материалдардың табылуымен тығыз байланысты.

Кітапты ежелгі заманда Мысырда, Шығыс елдерінде, Грецияда, Римде қыш текшелеріне, тақта тастарға сына жазумен жазатын болған.

Ежелгі Мысырда қыш текшелердің орнына қамыс (папирус) қолданыла бастады. Қамысқа басылған кітаптар оқтауша түрінде шиыршықталып оралған. Мысыр Фараондары (патшалары) қамысты өңдейтін, кітаптарды көптеп көшіретін шеберханалар ашқан, қамыстан жасалған оқтаушы кітаптар онша төзімді болмады.Біздің заманымыздан бұрын ІІ ғасырда қамыстың орнына тері жаңғақ(пергамент) қолдана басталды. Біздің заманымыздың І ғасырынан бастап түптелген парақты бүктеме кітап дүниеге келді.

2-кітапханашы:

- 105-жылы, яғни біздің заманымыздың ІІ ғасырында қарапайым Қытай шебері Цой Лунь қағазды ойлап тапты. Ескі шүберектен жасалған Самарқанның сарғыш қағазы әлемге әйгілі болды.ХІІІ ғасырда қағаз жасау өнері Шығыстан Батысқа қарай тарады.

Баспа кітап өнерінің тууы, кітаптың дамуына кең жол ашты. Алғашқы ағаш баспа (ксилография) қалыбы ХІ ғасырда пайда болды.1045 жылы Чин өнерпазы Би-Шен құймалы әріптерді (литер) жасап шығарды.

Қазақ жерінде кітаптың шығуы Қазақстанның Россиямен қосылуымен байланысты.Бұған дейін қазақ халқының кітаптары көбінесе арап әрпімен жазылып, қолжазба түрінде тарады.

1800 жылы патша үкіметі Россия халықтарының тілдерінде кітап шығаруға рұқсат етті. Осыған орай Қазан, Уфа, Орынбор, Ташкент, Семей, Омбы қалаларында кітаптар шыға бастады.

Кітап ханшасы:

  • Ал, балалар біз кітаптың шығу тарихына қанық болдық. Енді осы кітапты қалай ұқыпты ұстап, қалай оқу керек, кітапты оқу мәдениеті дегенді қалай түсінуге болады, осы жайлы біраз тыңдап көрелікші.

1-кітапханашы:

- Оқырмандардың кітап оқу мәдениетінің негізгі ережелерін білгені жөн. Кітап оқыған кезде бөлменің ауасын тазартып, жарықтың жеткілікті болуын қадағалау керек.Кітап жатқан үстел беті мен жарықтың ара-қашықтығы 1 метрден кем болмауы керек. Кітап пен көздің ара-қашықтығы 35-40см, және әрбір 45-50 минуттан соң оқудан үзіліс жасап отыру керек. Кітап оқу мен мәдениетіндегі бір сала, әр бала өзіне кітап таңдай білуі керек.Жақсы кітаптың нәтижесі-жақсы тәрбие болмақ. Ал тәрбие негізі-балалық шақта беріледі.Балалық шақ бағалы, бал тілді әдебиетке бай болса, тәрбиенің мақсат-мұраты тәжірибелі болады.

2-кітапханашы:

- Адамзаттың ақыл-ойы, ойлап тапқан керемет дүниелері көп. Сол көп кереметтердің ішіндегі ең ғажайып кереметі-кітап. Кітап болмаса ешқандай білім де, ғалым да болмас еді.Сондықтан осы кітапты біз қалай күтіп ұстауымыз керек, соған тоқталайықшы.

Сенің қолыңдағы оқулық кітаптарды жалғыз сен пайдаланбайсың, келешекте сенен кіші іні-қарындастарың ұстайды. Сондықтан кітапты жыртпай, түбін түсірмей, таза ұстаған жөн.Суретті беттерін жыртуға болмайды,кітапты кез-келген жерге тастай салмай, сөрелерге жинап қойған оңды. Кітап бетіне сурет салып, шимайлауға болмайды. Кітапханадан алған кітапты мұқият ұстап,оны мерзімді уақытында қайта тапсыру керек.

Кітап ханшасы:

- Иә, халық даналығында «Ұяттан Алладан қорыққандай қорық», деген нақыл сөз бар. Оқырмандарда ұят болса, ұят болған жерде халық мүлкі, халық қазынасы тозбай, береке-құты қашпай, келешекке сақталады.Кітапхана оқырмандарына ар тазалығы жарасады. Ұстаған кітапты таза, бүктемей, жыртпай ұстау, яғни оқырман мәдениеті жоғары деген сөз.

Көрініс. «Кітаптар мұңы»

Кітап ханшасы:

  • Міне, балалар, сендер мына көріністен көргендей, кітаптан да мұң шығады, кітаптарды да емдеуге болады екен. «Кітап-біздің рухани азығымыз»-дейміз кітаптарды неге біз мұнша аздырып-тоздырамыз. Оқулықтар тегін берілді екен деп, оны жыртып, бүктеп, бүлдіруге болмайтынын бәрімізде есте сақтағанымыз жөн болар деп ойлаймын.Келісесіңдер ме, балалар. Бұдан былай кітаптарымызды таза ұстап, жыртпаймыз деп уәде етесіңдер ме?

Балалар: Уәде етеміз!

Кітап ханшасы:

  • Жақсы, балалар, мен бұған сенемін.

Көрініс. «Кітап емханасы».

1-кітапханашы:

- «Күш- білімде,білім-кітапта» десек, енді кітап, білім, оқу туралы ғұлама, ұлы адамдар не айтқанын тыңдап көрейік.

Балалар Ұлы адамдар сөзін айтады.

2-кітапханашы:

- Балалар! Сендерге кітаптар үйі, яғни кітапхана туралы біраз мағлұмат беруді жөн көрдік.

Кітапхана дегеніміз-баспасөз шығармаларын жинау, сақтау кітаптарды пайдалану ісін ұйымдастыратын және оқырмандарға насихаттайтын хабарлама, библиографиялық жұмыстармен шұғылданатын ғылыми көмекші мекеме.Міндетіне, кітап қорының құрамына қарай кітапхана 2 түрге бөлінеді.Көпшілік кітапхана және ғылыми кітапхана. Ғылыми кітапханаларға, мемлекттік, академиялық, университеттік, арнаулы техникалық кітапханалар жатады.

1-кітапханашы:

Біздің Қазақстан Ұлттық Мемлекттік кітапхана, яғни бас кітапхана жұмыс істейді.Ал, өзіміздің аймағымызда облыс орталығы-Қостанай қаласында –Л.Н Толстой атындағы облыстық кітапхана бар.Ал Қостанай қаласында- Н.Островский атындағы қалалық кітапхана жұмыс істейді.Әрбір мектепте балалар кітапханасының оқушыларға білім негіздерін сапалы меңгертуде, жан-жақты тәрбие беруде, лоарды көркем-әдеби шығармалармен таныстыруда атқаратын маңызы зор. Мектеп кітапханасының есігі оқырмандар үшін айқара ашылып,кітаптың құдіретті күшін оқушыларға жеткізуде кітапханашы сан-салалы жұмыс жүргізеді.

Кітап ханшасы:

  • Сонымен оқулықтар мен көркем әдебиеттерді таратып, оқырман қаумға жеткізуде, тәлім-тәрбие беруде кітапхана мен кітапханашының алатын орны ерекше. Кітапханашы тек кітап үлестіруші емес.Ол-әрі ұстаз,әрі тәрбиеші, ақылшы. Ғұлама ғалым Әбу нәсір Әл-Фараби айтқан екен. «Тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» деп, сондықтан,балалар, біз кітапты сүю-өзіңді сүю екенін, әдебиетті ең жақын ақылшым, серігім деп түсінуіміз керек деп ойлаймын.

2-кітапханашы: - Кітап әлемі бүкіл жан-дүниені билеп, еш уақытта көзге көрінбейтін сезім арқылы ақыл иесі-адамды өз ырқына жетелеп әкететін киелі дүние екеніне көз жеткізесің.

1-кітапханашы:- Кітап әлемі адамды арман биігіне самғатады, ақыл, ой, сұлулық әлемін шарлатады, білім-ғылым жолына жетелейді.

Кітап ханшасы:- Иә, балалар, кітап әлемі бір ғажайып дүние екеніне таласымыз жоқ. Енді осы кітап қалай шығады, кімдер тер төгеді, соған бір сәт зер салайықшы.

1-оқушы. Саған білім жемісін,

Оқулығын береді.

Талай адам сол үшін,

Маңдай терін төгеді.

Орманшының аяла,

Алақанын өсірген.

Сансыз ағаш саялы,

Қағаз үшін кесілген.

2-оқушы. Ағаш кесіп қанша адам

Ормандарда жүреді.

Аға қанша шаршаған ,

Ағаш тиеп үнемі.

Машинист болып жасынан,

Дүбірлетіп даланы.

Сол ағашты тасыған,

Білер ме ең көп ағаны?

3-оқушы. Завоттарда күні-түн,

Қағаз жасап бағалы,

Қанша адамның кім үшін

Маңдай тері тамады?

Оқулықты баршаға,

Талай ғалым қолға алып.

Жылдар бойы қаншама,

Жазады ұзақ толғанып.

4-оқушы. Әдемілеп берсем деп.

Бояу жағып не түрлі

Суретшілер көркемдеп,

Қаншама уақыт отырды.

Әріп теру үшін де,

Талай адам терледі.

Баспахана ішінде,

Айлап тыным көрмеді.

5-оқушы. Оқулықты мектебің,

Берер саған теп-тегін.

Білмейсің-ау сен бірақ,

Қаншама еңбек кеткенін.

Оқулығың-құралың,

Жағар білім шырағын.

Баса алмайсын ешқашан,

Онсыз алға бір адым.

Оқулықты құрметте,

Күтіп ұста, кірлетпе.

Кішілерге табс ет,

Дақ түсірме бір бетке.

Кітап ханшасы:

  • Біз күнделікті көріп, оқып жүрген кітаптардан басқа да әртүрлі кітаптар бар екен. Мысалы: Оңтүстік Қазақстан облысында табылған көне құпиясы мол құран кітабы.Құран кітаптың салмағы 40 кг, бет саны 496 бет, ені 53см де ұзындығы 84см, қалыңдығы 13см, екен. Кітаптың мұқабасы қалың теріден тігіліп, сыртқы жағы қызғылтым түспен боялған.Құран кітаптың қағаздары ертеректе Самарқаннан немесе Жапон елінен шыққан қағазға ұқсайды деген болжам бар. Полиграфия мен кітап шығару ісіндегі ғылыми жетістіктердің көкжиегі арта түсуде. Мысалы: Жапон баспагерлері әзірлеп шығарған кітаптың ішіндегі жазуларын оқу тұрмақ, оның өзін жай көзбен тамашалау мүмкін емес. Өлеңмен өрілген нақылдар жинақталған бүкіл кітаптың көлемі 2.1мм. Небәрі 50 данамен жарық көрген бұл кітаптың сөздерін лупаиен ғана оқи аламыз. Ал, ағылшын елінің бір баспаханасы жарыққа шығарған Библия кітабының жалпы пішіні сіріңке қорабындай, салмағы 20грамм тартатын бұл кітап 878 беттен тұрады.

Американдық ағаш ұстасы дүние жүзіндегі ең үлкен Библия кітабын жасап шығарады. Таңқаларлығы сол, тек ағаштан жасалған туындыны қозғалта алмайсың. Өйткені, алып кітаптың салмағы бір жарым тонна болса, көлемі 1х2,5 метр екен. Бұл ағаш кітаптың сөздері гавюр тәсілімен,8084 беті тұтастай өте жұқа фанерден жасалған. Көлемі жағынан сіріңкенің қорабындай 7,6х9,5см,9х11см, 7,5х10см әлемдегі ең кішкентай газеттер бар екен.

Әлемде талай қызық бар не кітартар әлемі де талай қызыққа толы.Мысалы, сіз жейтін кітаптар туралы естідіңіз бе? Иә, жейтін кітаптар! Жапон елінің бір кітап баспасы ерекше кітаптың алғашқы серияларын шығарды. Күріш ұнынан иленген қамыр түрінде тәтті пісірілген бұл «кітапқа» шытырман оқиғалы детективтер басылған. Қызық хикаяны оқып алған соң, оны жеп қоясың. Алғашқы жарық көрген кітап нандар, тез сатылып кетіпті.Оқырмандардың сұранысы бойынша баспагерлер жейтін кітаптардың кезекті тобын әзірлеуде.





























Кітап біздің досымыз.

Бұл тәрбие сағатында оқушыларды білімге жетелеп, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсаты көзделеді.Кітап туралы мақал-мәтелдер,жұмбақтар, нақыл сөздер жазылған плакаттар көрнекілік қызыметін атқарады.

Барысы:

1-жүргізуші: Армысыздар ұстаздар, оқушылар!Тәрбие сағатын А.Байтұрсыновтың мына өлеңімен бастағанды жөн көріп тұрмын:

Балалар, бұл жол басы жаңалыққа,

Келіңдер, оқып, байқап қаралық та.

Соларды көре тұра қалалық па?

Даналық-өшпес жарық, кетпес байлық,

Жүріңіздер, іздеп, тауып алалық та.

Осы кезде үлкен макетін ұстаған оқушы кіреді:

  • Балалар мен сәл кешігіп қалдым-ау,деймін, кешіріңдер!Сендермен дос болып қайтатыныма сенімдімін.

2-жүргізуші: Қош келдіңіз, қымбатты досымыз Кітап,жоғары шығыңыз.

1-жүргізуші: Ендеше балалар, бүгінгі мерекемізді жұмбақ айтудан бастайық.

1.Көп әңгімеме, өлеңім,

Күнде ақыл беремін.

Жақсы көрсе мені кім,

Мен оны жақсы көремін.

2. Тілі бар, үні жоқ,

Өзін адам түсінген.

Жүрегі бар,қаны жоқ,

Сөйлеп тұрған ішінен.

3. Қабат-қабат қаптама,

Қаптамадан аттама.

Ақылын оның ала бер,

Айтқан сөзін жатта да.

(Оқушылар жұмбақты шешеді).

2-жүргізуші: Тәрбие сағатын жұмбақпен тегіннен-тегін бастап тұрған жоқпын. Бүгінгі әңгімеміз кітап жайлы болмақ. «Кітап» деген сөз қайдан шыққан, қандай мағына береді, кім айтады?

Кітап: Мен өзім жауап берейін бе?

1-жүргізуші: Жоқ, балалардың өздері жауап берсін.

1-оқушы: Кітап-арабша «жазба», ал түрікше «дәптер»-«мерзімді баспасөз басылымы» дегенді білдіреді.Кітап-рухани қазына, байлық, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу тәрбие құралы.Алғашқы кітап жазу құпиясын тек дінбасылар мен монахтар білген. Сондықтан дүние жүзіндегі тұңғыш кітаптар еврей тілінде «Таурат» (б.з.д. 26ғ.), чин қытай тілінде «Конфуция» (б.з.д. 25ғ.), парсы тіліндегі «Авеста», грекше «Юнан», «Құран» (б.з.д. 7ғ.) шыққан.

2-оқушы:Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. Ксилография қалыбы 11 ғасырда пайда болды. 1045 жылы Чин өнерпазы Би Шен құймалы әріптерді (литер) жасап шығарды.Еуропадағы тұңғыш рет 15 ғасырда неміс өнертапқышы И.Гутенберг баспа станогын жасады. Русьте тұңғышбаспаны 1564 жылы, Мәскеуде Иван Федоров пен Петр Мепшаловец басып шығарды.

3-оқушы: Қазақ кітап баспасы 1800 жылы тұңғыш қазақша кітаптар шығара бастады.

Кітап: Ой, бәрекелді! Өздерің менің тарихымды жақсы біледі екенсіңдер. Міне, мен осылайша дүниеге келгем.Атыма сай ішкі мәтінім де өзгеріп отырады.Сендермен бірге қуанып, бірге күлемін, бірге қиналамын. Сенбесеңдер менімен бірге бол (кітаптың 1-бетін ашады).Ертегі суреті.

1-бет.Ертегіден көрініс.

2-бет. Мақал-мәтел айтысу.

Музыкалық үзіліс.

3-бет. Жыр беті. Оқушылар шығармашылығы.

4-бет. Жас өнерпаздар беті.

5-бет. Имандылық беті.

Діни кітаптар көрмесі.

Музыкалық үзіліс.

6-бет. Спорт беті.

7-бет. Әлемде талай қызық бар. Алматы кітап мұражайындағы ең кішкене кітап өлшемі 1х2см болатын «Құран» кітабы бар екен.

Музыкалық үзіліс.

2-жүргізуші: Міне, көрдіңдер ме, кітаппен достассаң осының бәрін білесің.Білім нәріне кенелесің. Бірде ұялтса, бірде мақтайды, бірде бүкіл әлем сырын алдыңа жайып салады. «Кітапсыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген осы.

Кітап: Міне балалар мені оқысаңдар қызыққа кенелесіңдер, тауды бұзып, тасты жарасыңдар, бүкіл әлемге саяхат жасайсыңдар. Мен осындаймын.

1-жүргізуші: Кітаптың ұлы қасиетін бағалап, алдында бас иіп, көптеген ақын-жазушы ағаларың да жазған екен. Енді соны тыңдайық.

1-оқушы:

Кітаптар бейне жапырақ,

Жырлайтын сырын өмірдің.

Оқисың кейде жатып ап

Көтеріп күшін көңілдің.

2-оқушы:

Айдыны шалқар кейде бір,

Кітапты тұнған көл дерсің.

Ауадай қажет бейне бұл

Татпасаң нәрін шөлдерсің.

3-оқушы:

Кітап та алма ағашы,

Жемісін бізге беретін.

Тәтті алмаға балашы

Кітабыңның әр бетін.

4-оқушы:

Пайда ойла, ар ойла,

Талап қыл артық білуге.

Артық ғылым кітапта

Ерінбе оқып көруге.

Музыкалық үзіліс.

2-жүргізуші: Иә, балалар, сендер үшін тыным таппай кітапхана сөрелерін жаңа кітаптармен толтырып жүрген кітапханашы апайларыңа сөз берелік.(Кітапханашы сөйлейді).

Музыкалық үзіліс.

1-жүргізуші:

Кітабың-сенің құралың,

Жағар білім шырағын.

Баса алмайсың ешқашан

Онсыз алға бір адым.

2-жүргізуші:

Кітабыңды құрметте,

Күтіп ұста кірлетпе.

Кішілерге табыс ет

Дақ түсірмей бір бетке,-

деп ақын ағаларымыз айтқандай, кітапты көп оқуға, сүюге шақырамын.


































Мұқаба аралығындағы кішкентай құпиялар.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың кітап оқу мәдениетін дамыту.

  2. Өздігінен кітап таңдап білуге және кітапты құрметтеуге баулу.

Сабақтың әдісі: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Кітап-сенің досың» конкурсы.

Сабақтың көрнекілігі: Кітаптың құрылысы жасалған плакаттар. Сұрақ-жауап карточкалары. Халық даналығы жазылған сөздер:

  1. «Кітап-білім бұлағы, Білім-өмір шырағы».

  2. «Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады!»

  3. «Кітапты аялайық, құрметтейік, кітапқа адал болайық!»

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Жаңа сабақ.

Компьютер, теледидар және ұялы телефон ғасырында кітап бұрынғысынша әрқайсымыздың ең сенімді өмір серігіміз болып қала береді. Өйткені кітап-сарқылмас рухани байлық. Кітап адамзат баласына білім сыйлайды.Кітап беттерінде адамзат тіршілігінің сан қилы құпия сырлары сақталған.Кітап біздің алға жылжуымызға, адамгершіліктің биік шыңына көтерілуімізге өлшеусіз ақыл қосады. Кітап-ең сабырлы ұстаз.

Еліміздің баспаларынан күн сайын бірнеше миллиондаған кітаптар басылып шығады. Осы кітаптар не туралы, көп кітаптың ішінен өзіңе керек кітапты қалай табуға болады? Білгір оқырман болу үшін, кітаптың мұқабасы аралығындағы біраз құпияларды білу қажет және біраз нәрселерге көңіл аудару керек.

Әр кітап-өзінше бір құпия. Оны бірден парақтап оқи жөнелмей, алдымен «аударып-төңкеріп» қарап, кілтін табуға тырысайық...Бұл үшін кітаптың өзіндегі мәліметтердің құпиясын білу қажет.

Мұқаба - Кітаптың сырты, ол қалың қағаздан жасалып безендірілген, кітапқа әдемі көрік беріп тұрады. Мұқабадан кітаптың авторын, атауын білуге болады.Кейде бірнеше авторлар болуы мүмкін.Мұқабадағы суреттеріне қарап, кітаптың не туралы жазылғанын аңғаруға болады.

Алғашқы бет - кітаптың ең бірінші беті, мұнда мұқабадағы мәліметтер толықтырылып жазылған.Кітап суреттермен безендірілген болса, суретшінің аты-жөні көрсетіледі.Ал кітап басқа тілден аударылған болса, қай тілден аударылғаны көрсетіледі.Мысалы: «ағылшын тілінен аударылған..»-деп аудармашының аты-жөні жазылады.Ал алғашқы беттің төменгі жағында кітаптың қай қаладан, қай баспадан және өзі айтып береді.

Мазмұны - кітаптың бірінші немесе соңғы бетінде болады.Мазмұны арқылы көп нәрсені білесің: көп кітаптар бірнеше өлеңдер,әңгімелерден және ертегілерден құралған. Керек өлең немесе әңгімені табуға кітаптың «мазмұны» көмектеседі.Бұл жерде кітапқа кірген барлық тақырыптар қамтылып,оларды керек беттен тауып аласың.

Осы айтылған «кілттердің» барлығы кітапты оқымай тұрып-ақ, оның ішкі мазмұнымен бірнеше құнды деректер берумен қатар,оны дұрыс пайдалана білу үшін қажетті дүниелерді түсінуге көмектеседі.

Кітап-рухани байлық қана емес,мәдени ескерткіш.Өзінің биік, таза, рухани қасиетімен ол-мәдениет пен руханиятты қорғауда теңдесі жоқ дүние болып табылады.Өткен ғасырлар ғана емес, болашаққа бастар келер күннің мәдени асыл мұрасы. Сондықтан кітапты қадірлеп,оны ұқыпты сақтап, келер ұрпаққа мұра етіп қалдыруымыз қажет.

Сабақты бекіту:

  1. Мұқабадан қандай құпиялар білдік?

  2. Алғашқы беттің мұқабадан қандай ерекшеліктері бар?

  3. Аннотация нені үйретеді?

  4. Мазмұны деген не?

Сабақты қорыту. «Кітап-сенің досың» конкурсы. Оқушылар екі топқа бөлінеді.

1-топ «Ізденімпаздар»

2-топ «Білімпаздар»

Екі топтың жауабын бақылау мақсатында және әділ бағасын беру үшін әділқазылар алқасы сайланады.Бағасы 5 балдық жүйеде белгіленеді.

Конкурс 2 кезеңнен тұрады.

1.Менің сүйікті ақын-жазушым

2.Жарнама

Балалар, біздің әрқайсымыздың ең сүйікті ақын-жазушыларымыз бар. Мысалы мен Ы.Алтынсарин атамыздың өлеңдері мен әңгімелерін оқып өстім.Ал сендердің ең сүйікті ақын-жазушыларың бар ма?

Конкурстың бірінші кезеңі бойынша әр топ өзінің сүйікті ақындарының өлеңінен үзінді оқиды. Ең көп оқыған топ жоғары бағаланады.

«Жарнама» кезеңінде оқушылар кітапханаға жаңадан түскен кітаптарға шолу жасап, таныстырады. Қазылар алқасы екі топтан жеңімпаз топты анықтап марапаттайды.







Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!

Закрыть через 4 секунд
Комплекты для работы учителя