СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Kjjhgbklkjhugvtrc7r6t

Нажмите, чтобы узнать подробности

dfgfhgjhklioiuytrerghjhgfdcvbnbvcxzawertyjbvcxzxcvb

Просмотр содержимого документа
«Kjjhgbklkjhugvtrc7r6t»

Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 55 «Қыран» балабақшасы

мемлекеттік - жекеменшік серіктестігі













Әңгіме:

Тақырыбы: «Отбасы шағын мемлекет»















Дайындаған: №1 ІІ кіші топ тәрбиешісі

Қарабалаева А.А













Ақтау қаласы

2018-2019 оқу жылы

Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 55 «Қыран» балабақшасы

мемлекеттік - жекеменшік серіктестігі













Әңгіме:

Тақырыбы: «Аялы алақан өсиет әңгіме»















Дайындаған: №1 ІІ кіші топ тәрбиешісі

Қарабалаева А.А













Ақтау қаласы

2018-2019 оқу жылы

Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 55 «Қыран» балабақшасы

мемлекеттік - жекеменшік серіктестігі













Кеңес:

Тақырыбы: «Балаңыз балабақшаға барса»















Дайындаған: №1 ІІ кіші топ тәрбиешісі

Қарабалаева А.А













Ақтау қаласы

2018-2019 оқу жылы

Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 55 «Қыран» балабақшасы

мемлекеттік - жекеменшік серіктестігі













Кеңес:

Тақырыбы: «Ата-анаға психологиялық кеңес»















Дайындаған: №1 ІІ кіші топ тәрбиешісі

Қарабалаева А.А













Ақтау қаласы

2018-2019 оқу жылы

«Отбасышағын мемлекет»

Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» – деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып түр емес пе? Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар. Атақты қазақтың ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде: Отбасы – шағын мемлекет, Мен – президент, сен – премьер, дегені бар. Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс-шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері, т.б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс-тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. «Отан отбасынан басталады» деген сөздің мәнісі де осында.

Ата-ана өз отбасын нығайта отырып, сонымен бірге оның балағатқа толған мүшелерін үй болуға, өз шаңырағын көтеруге әзірлеуі басты әрі өте жауапты міндет болып саналады. Жас отаудың түтіні түзу шығып, махаббат пен тату-тәттілік, береке-бірлік орын тепкен жылы ұяға айналуы, босағасы берік, болашағы нұрлы болуы көбіне-көп жас жұбайлардың үлкен үйде алған тәрбиесі, көрген өнегесіне байланысты. «Әрбір баланың мінез құлқы ата - анасының жағымды іс - әрекетінің үлгі алуы барысында қалыптасады.» деп Павлов айтпақшы баланың мінез - құлқы өскен ортасына, көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Ата - ана бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адамы, өзін көретін айнасы. «Ұяда не көрсең, ұшқанда, соны ілерсің», «Анасына қарап, қызын ал», - деп, халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендіктен айтқан. «Ата – ананың ақылы – қазулы қара жолмен тең» деп Дулат Бабатайұлы айтпақшы ата – ана баласының түйсігіне қандай іс салса, бала сол жолмен жүре беретіні белгілі. Хан ордасы, салтанатты сарайларда талай күн аунап-қунап жатып, өзінің шұрқ тесік құрым киіз лашығына қайтып оралғанда Жиренше шешен: «Айхай, менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім», - деп, жаны жай тапқан екен. Бұл аңызда үлкен шындық, терең мән бар. Әркімге, оның ішінде балаға өз үйінен ыстық, өз үйіненкең де керемет мекен жер жүзінде жоқ. Кавказ халықтарында «Нағыз жайлы орын: қылышқа – қынабы, отқа – ошағы, ер жігітке - өз үйі» – деген тамаша нақыл бар.
Адалдықпен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас-пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді. Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері – баланың «әдепті бала» болып өсуі. Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген. Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған. «Бала тәрбиесі-бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек»,- деп қазақтың ұлы ақыны,ағартушысы Мағжан Жұмабаев дәл тауып айтқан. Отбасы –адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болып ұшу үшін, оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған. Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі: - бала тәрбиесінде отбасы ықпалы басқа тәрбиелік ықпалдарға қарағанда ең басым болып келуі; - өркениетті, зайырлы, құқықты қоғамныњ азаматын тәрбиелеуде отбасы мемлекеттің негізгі буыны; - отбасы – болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын қоғамның ажырамайтын басты тірек – арқауы; - отбасы – жеке тұлғаны әлеуметтендіру міндетін жүзеге асырушы. Ол болашақ жас азаматтың дене жетілуіне, шынығуына, рухани және адами дамуына, ең құнды жалпы адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты бағалауға, еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал жасаушы; - отбасы бала тәрбиесінде адамзат қоғамының тарихындағы ғасырлар сынынан мүдірмей өткен ұлттық дәстүрді жалғастырушы; - отбасының әлеуметтік міндеттерінің өзегі тәуелсіздікке ие болған Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңдарын құрметтеп, елжанды азамат тәрбиелеу; - отбасы баланың мамандықты еркін және саналы таңдауына ықпал жасаушы; - отбасы өзінің ұрпағын болашақ отбасылық өмірге дайындаушы. Ата-аналарға балаларының тамағының тоқтығы мен көңілінің көктігіне қарайтын, құр асыраушысы рөлінен шығып, ендігі жерде, сіздің алдыңызда балаңыздың білім алу жолындағы серіктесі болу міндеті тұрғандығын еске салдым.
Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен алған үлгі- өнеге жиынтығының жемісі. «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған – туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады » деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтпақшы, еліміздің болашағы бүгінгі балалардың дұрыс азамат болып қалыптасуы отбасындағы тәрбиеге байланысты. Балалардың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы, ата – аналар , сіздерге байланысты. Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ сондықтан балаларыңыз елін,Отанын сүйетін азамат болып өсіп, сіздерді бақытқа кенелтсін десеңіздер бала тәрбиелеудегі қателіктерге жол бермейік,! Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті.

Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі білсем екен демекілік. Не көрсе соған талпынып, “ол немене?”, “бұл немене?” деп, “ол неге үйтеді?”, “бұл неге бүйтеді?” деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені. (А.Құнанбаевтың жетінші қара сөзі)

Баланың алғашқы тәрбие алатын орны – отбасы. Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет дағдысы қалыптасады. Еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру – біздің негізгі мақсатымыз.Тәрбие – күрделі үдеріс. «Тәрбие отбасынан басталады» деп халық даналығы бекер айтпаған. Саналы да, білімді болашағын қалыптастыру әрбір ата-ананың мерейлі міндеті, парасатты парызы. Еліміздің болашағының тізгінін ұстар тұлғаның бойына білімнің нәрін, тәрбиенің иісін сіңіруміз қажет. Ата-бабамыздан қалған ұлттық тәрбиемізге дақ түсірмеу үшін барлық қажетті жауапкершілікті ата-ана өзіне алғаны жөн, себебі бала ата-ананың өмірінің жалғасы. «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деп өткен ғасырдың ұлы тұлғасы А.Байтұрсынұлы айтқандай, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса елдің болашағы зор болмақ. Ата-аналардың оқу мен тәрбие үдерісіндегі ынтымақтастық пен бірлескен жұмысы жан-жақты болса жемісті болады.Ұрпақ тәрбиесі ұлағатты болу үшін, отбасындағы ата-ана берген тәрбие мектепте жалғасын тауып, кішкентай бүлдіршін сапалы азамат болып қалыптасу үшін мектеп, мұғалім және тәрбиеші жауапты зор міндетті атқарады. Ең бастысы – бала ата-ананың оның оқудағы жетістіктеріне қызығушылығын сезінуі керек. Кез келген бала үлгілі немесе үлгермейтін болсын, шапшаң немесе сылбыр болсын, ол өзін жақсы көру мен сыйлауды қалайды.

Естеріңізде ұстаңыз: баланы әлсіз деп бағаламай, оның жақсылық жағын да көру керек. Жылы сөзді аямаңыз. Бір нәрсені орындағанда мақтап, орындамағанда сынаңыз. Мақтағанда жеке түрде мақтап, сынағанда елеусіздеу сынауға тырысыңыз. Олардың алдына орындалатын міндеттерді қойыңыз. Бұйырудың орнына өзіңе тең адамша кеңес, көмек сұрауға тырысыңыз. Мүмкіндігіне қарай бір қателік үшін екі рет жазалауға тырыспаңыз. Бала өзін не үшін жазалағанын түсінуі тиіс. Көп жағдайларда баланы мазалау, шектен тыс талап қою нәтиже бермейді. Ата-ана мен бала үйлесімділігіОтбасы тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани үндестік пен үйлесімділікке ұмтылу, ата-баба мұрасын сақтауға ұмтылу, ата-баба мұрасын сақтауға көңіл бөлу, халықтың тәлімдік мұрасын сақтауға көңіл бөлу, халықтың тәлімдік мұрасын бүгінгі күнмен сабақтастыру болып табылады. Осыған орай, отбасында еңбексүйгіштікке, баланың жасына сай еңбек түрлеріне және қоғамдық – пайдалы еңбекке баулуды іске асыру қажет. Жасөспірімнің «жауына» айналмас үшін онымен қарым-қатынасыңыз қандай болу керек? Жасөспірім қарым-қатынасында ең маңыздысы – «ойнамау», жағдай мен көңіл-күйге байланысты өзгеруге икемділігіңізді көрсетуіңіз керек, баланың пікіріне құлақ асу, оның тұлғасын құрметтеу керек. Ата-аналардың бұйрық беріп, жетекшілік жасау уақыты әлдеқашан өтіп кетті. Сондықтан балаңызға айғайлап ұрысқаннан еш нәтиже шықпайды. Сіз жеңіліске ұшырайсыз. Оның орнына өзіңізді ұстамды, дәрежелі көрсетіп, нақты ісіңізбен ғана қарым-қатынасты орната аласыз. Жасөспірімдік жастың бір ерекшелігі – өз ісінің дұрыстығын дәлелдеу болып табылады. Оны түсіну қиын, алайда балаңызбен бірге тәуекелге бел байлауға тура келеді. Осылайша оған біршама жақын болып, өзіңіздің тапқырлығыңызды көрсетесіз. Әзіл мен оптимистік сезімді ұмытпаған дұрыс. Жасөспірім басынан өткен оқиғаның бәрінде трагедияның үлесі бар деп ойлайды. Сондықтан бұл жерде сіздің тарапыңыздан әзілдеу көмекке келеді. Алайда баланың сезіміне күлудің еш қажеті жоқ, әзіл сол қалыптасқан жағдайдың өзіне бағытталуы керек. 

Ата- ана қадірін білмеген – халық қадірін білмес (Ғ.Мұстафин) 

Ата- бабасын сыйламау – азғындықтың белгісі. (Ғ.Мұстафин) 

Баланың жақсысы - әке мен шешенің ары, ата- ананың абыройы ; жаманы- қайғысы,азап- соры.( В.А.Сухомлинский) 

Балаға берілетін бірінші тәрбие ата- анасын ,туған- туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады. Себебі ата-анасын сыйламаған бала жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды.(Ы.Алтынсарин.) 







«Аялы алақан өсиет әңгіме»

Мақсаты:
- отбасы құндылықтарын, дәстүрлерін жаңарту;
- ата - ана мен бала арасындағы және отбасы мүшелерінің бірі - біріне жақсы қарым - қатынастарын орнату;
- қамқоршыларға құрмет әрі қолдау көрсету.
Күтілетін нәтиже:
өз ұлтының әдет - ғұрыптарын, салт - дәстүрлерін қастерлейтін;
өз ойын ашық жеткізетін, көпшілік алдында сөйлей білетін білімді, саналы;
ата - ананы, отбасын, өмір құндылықтарын құрметтейтін тұлға қалыптастыру.

«Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда да ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысуы керек»
Мағжан Жұмабаев

Жағдайлы бір отбасы баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайын 
жасайды. Қазіргі заманның озық технологиясымен жасалынған ойыншықтар, 
компьютер, тіпті қымбат телефонды да алып береді. Бірақ баласы осының 
бәріне қанағаттанбай, күнде ата­анасыныңжұмысқа кетпеуін өтінеді. Ата­анасы
жұмысқа бармаса болмайтынын, ақша табатынын баласына түсіндіреді.
Ал, баласы осы сәтте ата­анасының күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі.
Бала сол күннен бастап ата­анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын 
жұмсамай жинай бастайды.Жинаған ақшасы ата­анасының бір күндік табысына 
жеткен күні бала ата­анасына өтініш жасайды.
— Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы.
Бір күнгі табыстарыңызды мен төлейін депті. (қалай ойлайсыздар бала неге өтінді?)
Міне, ата­ананың аялы алақанының әсері балаға күн сәулесімен бірдей,
мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыру мүмкін емес.

Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат — әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан — жақты дамуына ата — ана, мектеп жағдай жасауы керек. Сондықтан сіздерге балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып өзін — өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет.
Бізде көптеген ата — аналар баланың кемшілігін балабақшадағы тәрбиешілерден көреді. Отбасында мұғалімдер туралы жақсы пікір айтылса, алдымен ата — ананың мектеп, ұстаз туралы жақсы ниеті балаға жақсы әсер етеді. Ондай балалардың оқуға, білімге, мектепке құштарлығы артады. Ұстазды, адамды сыйлауы өзгеше болады. Мектеп, ұстаз туралы басқаша пікірде көңілі толмаған ойлардың жетегінде баласының алдында ғайбаттау сөздер сөйленетін болса, ол баланың мектеп, мұғалімге көзқарасы өзгереді. Оқу — үлгеріміне әсер етеді. Немқұрайлы қарап, үлгерімі нашарлайды. Ата — ана өз баласының ынтасын үйдегі тәрбие арқылы өзі жойып отырғанын білмейді. Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Сонымен әрбір ата — ана өз баласының тәрбиелі де, саналы, мәдениетті, жүрген ортасында сүйкімді болу үшін алдымен тәрбиені өзінен бастағаны жөн, яғни оғаш қылықтармен баласына үлгі — өнеге көрсетпеуге тырысқаны жөн. Жас кезінде баласына дұрыс тәрбие бере алмаған ата — ана кейін бармағын тістеп өкініп қалады. Қалай қисайтсаң солай өседі. Оның түзу жолмен жүріп білімді де саналы азамат болып өсуі біздің, яғни әрбір ата — ананың қолында.

























«Балаңыз балабақшаға барса»

Баланың әлеуметтенуі қашан қайда басталады? Әрине бірінші отбасында және балабақшаға келгенде. Балабақшада таныс емес үлкен адамдармен, балалармен танысады,мінез құлық ережелері мен нормаларын меңгереді. Жаңа жағдайға бала қалай үйренеді? Өкінішке орай балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді. Бала тамақ ішпейді, ұйықтамайды,балалармен және үлкен адамдармен араласудан бас тартады да, қоршаған ортаға деген қызығушылығы төмендейді, ойыншықтарды ойынға қатыстырмайды. 

Баланың балабақшаға қиын бейімделу себептері:

- Басқа  адамдармен бұрын қалып көрмегендіктен,

- Дәретке өзі отырып үйренбегендіктен.

- Кейбір  тағамдарды жеу дағдысы жоқ, мысалы қызылша, орамжапырақ, қатты тамақты шайнап үйренбеген (картоп, нан).

- Балабақшаға келген алғашқы күндері бала 2 сағатқа қалу керек. Көбінесе ата-аналар жұмыс тәртібін айтып, баланы күні бойы балабақшада қалдырады. Осының нәтижесінде күрделі және созылмалы мәселелер пайда болады.

- Балаңызбен үйде сөйлесесіз бе, оны мақтайсыз ба, оны жақсы көретіңіз туралы айттыңыз ба? 

Ата-аналардың балаға эмоцияналдық әсері көбінесе жағдайды қиындатады.

Әр отбасында бейімделудің үш түрі бар

-  жеңіл түрі- баланың мінез- құлығы 10-15 күнде қалпына келеді;

- орташа ауырлық бейімделу- 1 айдың ішінде;

-  ауыр бейімделу- 2 айдан 6 айға дейін өтеді. 

 Қобалжулары қатты ата-аналардың балалары да балабақшаға қиын  бейімделеді, өткені ата-анасының қобалжуын көріп, баланың қорқынышы   ұлғая бастайды.  Осы кезде ата-аналар балаға көмек беруі керек.

  Ертеңгілік қоштасуды жеңілдету тәсілдері:

-Баламен тез қоштасып үйреніңіз. Қоштасуды созбаңыз.

 Бала сіздің қобалжығаныңызды көріп, тыныштануы ұзаққа созылады.

-Балаңыз сізге сенсін десеңіз, балабақшаға әкеліп, көрінбей қашып кетпеңіз.

-Балаңызға ұнайтын қоштасу рәсімін ойлап табыңыз және соны қатал  ұстаныңыз.

 Балабақшаға барғаны үшін жаңа ойыншық сатып алып, балаңызды алдарқатпаңыз.

-Балаға анық түсінік беру керек.

Бір рет болсын баланың дегенін істесеңіз әрі қарай баланы көндіру өте қиынға түседі.

2 -3 жастағы балалар үшін балабақшаға бейімделу күрделі құбылыс. Бейімделу уақытында баланың эмоциялық жағдайы көп өзгеріске түседі. 

Сондықтан кеңес береміз:

-  Үйдегі жағдайды балаңыз келетін топтың күн режимімен бірдей етіп ұйымдастыруға жұмыстаныңыз.

- Балабақшаның тамақтану ас мәзірімен танысып баланың үйдегі тамақтануына балабақшада ішетін тамақтар түрін қосыңыз

- Үйдегі жағдайда баланың өзіне - өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.

- Баланың «социалдық көкжиегін» кеңейтіңіз, ауладағы өзімен құрдас балалармен көбірек ойнатыңыз, жолдастарына қонаққа барсын, әжесінде қонуға қалсын т.с.с. Осындай тәжірибе жинақтаған бала өз құрдастары мен үлкендер арасында тез үйренісіп, тіл табысатын болады.

- Баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата – ана жағынан болуы қажет, балабақша туралы, оның өзіне  керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз  мейіріміңізді көрсетіңіз. Есіңізде болсын Сіз көбірек осындай жылылық білдірсеңіз Сіздің балаңыз балабақшаға тез бейімделеді. Балаңыздың көзінше балабақша туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.

- Бірінші күні балабақшаға серуенге келген дұрыс, тәрбиешімен танысып, балаңызға жаңа достар табуға. Сондай – ақ  балаңыздың сүйікті ойыншығын балабақшаға беріп жібергеніңіз абзал.

-  Жоспарлаңыз, балабақшаға бірінші келген мезгілінде балаңызды бірінші күні – ақ күн ұзағына қалдырмауды. Балабақшаға жаңадан келген балалар алғашқы аптада 3 – 4 сағат, одан әрі түске дейін, айдың аяғына таман егер тәрбиеші кеңес берсе күні бойына қалдырылады.

- Кейбір балалар үшін аптаның ортасында жүйкесін тоздырмау үшін «демалыс» алуға болады.

- Бейімделу мерзімінде үйде демалыс кезінде баламен көп шұғылдануды қажет етеді, серуен жасау, күн режимін сақтау, эмоциялық жүктемесін түсіру қажет.

- Бала балабақшаға тек ауырмай келуі қажет. ОРЗ, ОРВИ сақтану үшін түрлі витаминдер пайдалану қажет, мұрын қуыстарын оксолин мазмен сылап тұру қажет.

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса балабақшаға келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.













АТА-АНАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС


Бала тәрбиелеудің он ережесі. 

1.Балаңды сүй! Яғни оның қасында барына қуан, ол өзі қандай болса, солай қабылда, оны қорлама, оны жәбірлеме, оны өзіне деген сенімділігінен айырма, оны нақақтан жазалама, оны өзіңнің сеніміңнен мақұрым етпе, сені жақсы көруіне жағдай тудыр. 

2.Балаңды қорға!Яғни оны жаны мен тәніне қауіпті нәрселерден сақта, тіпті-егер қажет болса-жеке мүдделерінді құрбан етіп, басынды қатерге байлай отырып қорға. 

3.Балаңа жақсы үлгі бол!Оның бойына дәстүрлі құндылықтарға деген құрмет сезімін дарыт, өзің де сол құндылықтарға сәйкес өмір сүр, балаға жауапкершілік сезіммен қара. Балаға үй іші тату, қарттарын құрметтеп, жақсы көретін, барлық туған-туысқандармен және досжарандармен етене жақын әрі шынайы байланыста болатын отбасы, ошақ қасы керек. Бала адалдық, кішіпейілділік, жарастық ұялаған отбасында өмір сүруге тиіс. Ата-ананың ерлі-зайыптылық адалдықты бұзуы, көре алмаушылық, арсыздық жолмен баю, балаға принципсіз байланыстар арқылы қандай да болсын пайда келтіру және т.б.-осының бәрі елдің ертеңгі азаматының моральдық бейнесіне мейлінше ұнамсыз әсер ететін «үлгі» құрайды. 

4.Балаңмен ойна!Яғни балаңа қажет уақыт ажырат, оған қалай сөйлеп, қалай ойнау ұнаса, солай сөйлеп, солай ойна, оның ойындарына шындап ден қой, оның ұғым-түсініктер әлеміне бейімдел. 

5.Балаңмен бірге еңбектен!Балаң жұмысқа қатысқысы келгенде, оны демеп жібер (үйде, бақта, бақшада). Балаң өсіңкірегенде шаруашылыққа қажетті барлық жұмыстарға қатыстырып үйрет. Қолы бос кездері мен каникул уақытында ол мектеп ұйымдастырған іс-қызмет түрлеріне қатысуға тиіс. 

6.Баланың оңай болмаса да, өз бетімен өмірлік тәжірибе алуына жол қой! Бала өз басынан өткерген тәжірибені ғана мойындайды. Сенің жеке тәжірибелігің балаң үшін көп жағдайда құнсыз болып шығады. Оған өзінің жеке тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік бер, тіпті бұл белгілі бір тәуекелмен байланысты болған күнде де солай істе. Шамадан тыс қорғаштаған, қауіптің қай-қайсысынан да «қамсыздандырылған» бала көп жағдайда әлеуметтік мүгедекке айналады. 

7.Балаға адамдық бостандықтың мүмкіндіктері мен шектерін көрсет!Ата-анасы баланың алдымен әрқайсысының дарындары мен ерекшеліктеріне сәйкес адамның жеке басының дамуы мен тұлғалануының тамаша мүмкіндіктерін ашуға тиіс. Сонымен бірге оған кез-келген адам отбасында ...,ұжымда...және жалпы қоғамда өзінің іс-әрекеттерінің белгілі бір шектерін мойындауы және сақтауы тиіс екенін көрсету қажет (заңды ұстану және өмір салты ережелерін сақтау). 

8.Баланы тіл алғыш етіп үйрет!Ата-анасы баланың мінез-құлқын қадағалап отыруға және оның іс-қылықтарын оның өзіне де, басқаларға да нұқсан келтірмейтіндей етіп бағыттап отыруға міндетті. Баланы белгіленген ережелерді сақтағаны үшін қолпаштап отырған жөн! Алайда қажет болған жағдайда жаза арқылы ережелерді құрметтетіп отыру керек. 

9.Баладан пісіп–жетілу сатысына және өзіндік тәжірибесіне сәйкес шама-шарқы жететін пікірлер мен бағаларды ғана күт! Бала осынау соншама күрделі дүниеде бағдар жасап үйренгенше, оған ұзақ уақыт қажет. Оған қолыңнан келгенше көмектес, және де жинақтаған тәжірибесі мен өзінің пісіп-жетілу сатысына сәйкес өзіндік пікірін немесе қорытындысын айта алатын кезде ғана баладан оларды талап ет. 

10.Балаға еске түсіруге болатын құндылыққа ие әсерлерді басынан кешіруге мүмкіндік бер! Бала да, үлкендер сияқты, әсерлермен «қоректенеді», олар балаға басқа адамдардың өмір-тіршілігімен және айналадағы дүниемен танысуға мүмкіндік береді.

АТА-АНАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС


1. Балаларыңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз. 
2. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз, басқа балалармен оны салыстырмаңыз. 
3. Баланың сұрақтарына жауап берген кезде шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз. 
4. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз. 
5. Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіңіз. 
6. Баланың әрір жетістігі үшін мақтап отырыңыз. 
7. Балаға баға бермеңіз, оның іс-әрекетін бағалаңыз. 
8. Табысқа күшпен жетуге болмайды, сондықтан балаңызға күш көрсетіп, тапсырманы орында деп талап етпеңіз. 
9. Баланың қателік жіберуге құқығы бар екенін айтыңыз. 
10.Баланың «бақытты кездер банкісі» туралы ойлаңдар. 
11.Үлкендер балаға қалай қараса, бала да өзіне солай қарайды. 
12.Жалпы, өзіңізді баланың орнына қойып отырыңыз. 

АТА-АНАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС


1. Баланың берген жауабына шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз. 
2. Балаңыздың жеке бөлмесі не бір бұрышы болуына жағдай жасаңыз. 
3. Балаңыздың шашылып жатқан үстеліне ұрыспаңыз, егер ол шығармашылық іс - әрекетпен айналысып отырса. 
4. Шешім қабылдауда өзіндік жеке жоспар құруына көмек көрсету. 
5. Балаңыздың кемістіктерін бетіне басып, басқа балалармен оны салыстырмаңыз. 
6. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз. 
7. Отбасымен шешетін мәселелерге балаңызды қатыстырып, оның жеке басының ой-пікірімен санасыңыз. 
8. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз. 
9. Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз. 
10. Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынам жасауға үйретіңіз. 
11. Қиын нәрселерді тауып және оны өз бетімен, жауапкершілікпен шешуге балаңызға көмек көрсетіңіз. 
12. Балаңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз. 
13. Балаңызбен бірге әңгімелер, ертегілер, фантастикалық оқиғалар құрастырып, баланың шығармашылық қабілетінің дамуына жағдай жасаңыз. 
14. Балаңыздың сүйікті ісіне керек кітап, ойын, т.б. құралдармен қамтамасыз етіңіз. 
15. Балаңыздың алған негізгі ісінің ойдағыдай орындалуына сеніміңіз болмаса да, сол істі өзі аяқталуына жағдай жасаңыз. 
16. Бала өз жұмысын көрсете алатын стенд жасап қойыңыз. 
17. Істеген жұмысының нәтижелі болуына көмектесіңіз. 
18. Баланың қойған талабына ерекше көңілмен қараңыз. 
19. Балаңыздың өткір ойлығына сеніп, әрдайым сенім артыңыз.

Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 55 «Қыран» балабақшасы

мемлекеттік - жекеменшік серіктестігі













Әңгіме:

Тақырыбы: «Кіші жастағы балалардың сенсорлық дамуы»















Дайындаған: №1 ІІ кіші топ тәрбиешісі

Қарабалаева А.А













Ақтау қаласы

2018-2019 оқу жылы

Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 55 «Қыран» балабақшасы

мемлекеттік - жекеменшік серіктестігі













Әңгіме:

Тақырыбы: «Балабақшадағы шынығу»















Дайындаған: №1 ІІ кіші топ тәрбиешісі

Қарабалаева А.А













Ақтау қаласы

2018-2019 оқу жылы

Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 55 «Қыран» балабақшасы

мемлекеттік - жекеменшік серіктестігі













Кеңес:

Тақырыбы: «Агрессивті бала»















Дайындаған: №1 ІІ кіші топ тәрбиешісі

Қарабалаева А.А













Ақтау қаласы

2018-2019 оқу жылы

Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 55 «Қыран» балабақшасы

мемлекеттік - жекеменшік серіктестігі













Кеңес:

Тақырыбы: «Ата-аналарға балалардың балабақшаға бейімделуі туралы кеңес»















Дайындаған: №1 ІІ кіші топ тәрбиешісі

Қарабалаева А.А













Ақтау қаласы

2018-2019 оқу жылы

«Кіші жастағы балалардың сенсорлық дамуы»

Мақсаты: ата-аналардың үй жағдайында көп күш пен уақыт жұмсамай кіші жас балаларының ұсақ қол моторикасы мен сенсорлық дамуын қалыптастыруға көмектесу.

Міндеттері:

  1. Ата-аналарды сенсорлық тәрбие ұғымымен таныстыру;

  2. Үй жағдайында ұйымдастыруға болатын сенсорлық қалыптасу мен ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған ойындар және жаттығулармен таныстыру;

  3. Отбасы мен мектепке дейінгі мекеме арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға жағдай жасау және ата-аналар мен балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сенсорлық даму - балалардың кіші жастағы жалпы дамуының негізін құрайтын басты бөлігі болып табылады.

Баланың бойына ақыл-ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл-ой, еңбек мәдениетін дамыту ең алдымен балаға сенсорлық тәрбие беруден бастау алады. Сенсорлық тәрбие арқылы бала айналадағы заттардың жеке қасиеттерін, яғни көлемі, түсі, кеңістіктегі орны, дәмі, иісі және т.с.с. таниды.

Сенсорика баланың даму үдерісінде сыртқы ортаны қабылдап және айналадағы болып жатқан заттарды, қоршаған ортадағы өзгерістерді көз алдына елестетіп, сезінуіне бағытталған.

Сенсорлық тәрбиенің маңыздылығы мынада:

  • Интеллектуалды дамудың негізі болып табылады;

  • Баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасы кезінде алынған түсініксіздіктерді ретке келтіру;

  • Байқағыштықтарын дамыту;

  • Шынайы өмірге дайындайды;

  • Эстетикалық сезіміне белсенді түрде әсер етеді;

  • Қиялдың дамуна негіз болып табылады;

  • Зейінін дамытады;

  • Балаға жаңа пән-танымдылық қызмет тәсілдерін игеруге мүмкіндік береді;

  • Сенсорлық үлгі-өнегені игеруді қамтамасыз етеді;

  • Оқу қызметінің дағдыларын қамтамасыз етеді;

  • Баланың сөздік қорының ұлғаюына әсер етеді;

  • Көру, есту, бейнелі және т.б. есте сақтау түрлерінің дамуына әсер етеді.

Әр жастың сенсорлық тәрбие алдында өзіндік міндеттері бар.Ерте жастан-ақ түс, пішін, мөлшер туралы ой елестері көбейе түседі. Осы ой елестерінің әртүрлі болуы маңызды. Бұл баланы түрлі сапалы түс спектрларымен, геометриялық пішіндермен, шеңбер, сопақ, шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек, текше, кірпіштермен таныстыру керектігін түсіндірелі.Танымдық және сөздік шеберлігін дамыту, көру, сезу, қозғалу, салыстыру арқылы түсті, пішінді, өлшемді анықтау. Түсіну және де сөйлегенде көлем мен пішін атауларын қолдану.

Баланың ең сүйікті ісі не? Әрине, ойын! Балалар үйде, аулада, балабақшада, қонақта да ойнайды. Ойын арқылы қоршаған ортаны, өзінің ішкі әлемін танып біледі.Кіші жаста ойын арқылы сәбидің сезім мүшелері дамиды. Оның есту, көру, дәм сезу әсерлері күшее түседі. Бұл кезеңде зерттеу әрекеті мен қозғалыс белсенділігінің негізі қаланады. Сәби заттардың қасиеттерін бар мүмкіншілігін пайдалана отырып, аса белсенділікпен зерттейді. Затты қозғап, ұстап көреді, аузына салып, дәмін көреді.

Құрметті ата-аналар, мен бүгін сіздердің назарларыңызға өте қарапайым, сонымен қатар өте қызықты ойындар ұсынамын. Бұл ойындарды сәбилеріңізбен тура ас бөлмесінде ұйымдастыра аласыздар. Негізгісі бұл ойындар аса дайындықты талап етпейді. Ойын құралдары ретінде әр үйден табылатын заттар қолданылады.



  1. «Жас суретші» ойыны. Әдемі ашық түстен тұратын тәйпақ тәрелке немесе поднос алыңыз. Тәрелкенің түбіне жұқалап кез-келген жарманы шашыңыз. Баланың саусағымен жармадан сызып өтіңіз. Әдемі сызықша пайда болды. Бөбегіңіздің өз бетімен сызықшалар жасауына мүмкіндік беріңіз. Кейін бірге түрлі бейнелер жасаңыздар(шарбақ, жаңбыр тамшылары, толқындар, әріптер т.б). Бұндай жаттығулар сәбиіңіздің ұсақ қол моторикасын ғана дамытып қоймайды, сонымен қатар саусақтарына массаж жасайды. Оған қоса қиялы мен шығармашылығын дамытады.

  2. «Мозайка» ойыны. Түстері әртүрлі және түрлі көлемді түймелерді таңдап алыңыз. Пластикалық бөтелкелердің тығындарын да қолдануға болады. Алдымен өзіңіз сурет құрастырып көріңіз, кейін сәбиіңізді өз бетінше дәл сондай сурет құрастыруын өтініңіз. Балаңыз сіздің көмегіңізсіз сурет салып үйренгеннен кейін одан басқа суреттер ойлап табуды өтініңіз.Түйме мозайкасынан құламайтын қуыршақ, көбелек, аққала, доп, моншақ және т.б. құрастыруға болады. Бұл ойын арқылы баланың түс пен пішінді қабылдауы бекітіледі.

  3. «Шаңғышылар жарысы» ойыны. Пластикалық бөтелкелердің тығындарын алысқа жинаудың қажеті жоқ. Олар ұсақ қол моторикасы мен саусақ бұлшықеттерінің дамуына көмегі тиеді. Екі тығынды бұрандасымен жоғары қойыңыз. Бұл - «шаңғылар». Сұқ және ортаңғы саусақтармен олардың ішіне аяқ сияқты тұрамыз. «Шаңғылармен» алға жылжимыз.

  4. Саусақ жаттығулары. Саусақтарымыз мұндай жүрістен шаршады ма?! Олар да дем алулары керек қой. Мен сіздерге сәбилеріңіз сүйіп орындайтын саусақ жаттығуын жасауды ұсынамын. Ол үшін бізге кәдімгі кірқыстырғыштар қажет болады. Кірқыстырғыштармен ( олар қатты болмауы тиіс, өздеріңіздің саусақтарыңызға тексеріп алыңыздар) бас бармақтан бастап шынашаққа дейін және кейін кезекпен тырнақтың үстінен «тістелейміз».

Марғау- аңқау білмейді,

Тышқан деп ойлап саусақты

Қатты келіп тістейді.

Қолды ауыстырады. Егер картон шеңбер алып оған кірқыстырғыштарды қыстырып шықса не шығады? – Күн! Ал күн қандай? – дөңгелек! Ал түсі қандай? – сары!

Бар қиялыңызды оятып түрлі пішіндерден кірқыстырғыштарды қыстыра отырып нелер жасауға болатынын ойлап табыңыз.




  1. Жармалармен ойындар. Балалар жармалармен ойнағанды жақсы көреді. Бұл әрине тек қызықты ойын және өзіндік массаж ғана емес, сонымен қатар аздап көңіл көтеру. Біз ұсақ жармалармен жұмыс істегеннен кейін техника қауіпсіздігін де ұмытпаған жөн. Ойын барысында сәбилер ештеңені ауыздарына салмауын қадағалау керек. Сондықтан мен өз жұмысымда көбіне үрмебұршағын қолдануға тырысамын.

Сонымен аздап ойнап алайық. Шұңғыл ыдысқа үрмебұршағын саламыз да нан илегендей кейіп танытамыз. Ал егер екі түсті үрмебұршағын салсақ, екеуін айырып алуды ұсынамыз. Бұл әрине тағы да- сенсорика.

Мен алдында атап өткендей сенсорлық даму мен ұсақ қол моторикасының дамуы бір-бірімен тығыз байланысты. Қазір бір үрмебұршағын алып алдымен бас бармақ пен сұқ саусақ, сосын бас бармақ пен ортан саусақ, сосын бас бармақ пен аты жоқ саусақпен алып көріңіз...қалай? ал балаларға оны жасау тіпті қиын. Үйде осындай жаттығулар жасасаңыздар сіздің сәбиіңіздің ұсақ қол моторикасы әлде қалай қарқынды дамитын болады. Ал егер ойын соңында балаңыз «тосын сый»(кішкентай ойыншық немесе кәмпит) тауып алса, бала қуанышында шық болмасына сенемін.

Мен бүгін сіздерді балаңыздың бос уақытын пайдалы етудің аз ғана мөлшерімен таныстырдым. Өздеріңіздің бар мүмкіншіліктеріңіз бен шығармашылығыңызды пайдаланыңыз және ең негізгісі,балаңызбен әрдайым сөйлесіп, табиғат құбылысын, түстер мен пішіндерді, өзіңіздің бар әрекетіңізді атымен атаңыз. Бала әрдайым түрлі ақпарат алып отырсын, шаршап қалады деп қобалжымаңыз. Оқыту неғұрлым еркін болса, соғұрлым оңай, әрі жеңіл өтеді. Сәбиіңізбен дамытушы және көңілді ойындар ойнаңыз. Ойын барысына қатысып отырыңыз. Бұл балаңыз бен сіздің араңыздағы байланысты күшейте түседі.































«Балабақшадағы шынығу»


Шынығу – бала ағзасының ауа температурасының өзгерісіне қарсылығын арттырудың өте ықпалды әдісі. Балалардың жазғы демалысы мен сауықтыру жөнінде ұмытпаған жөн. Негізінен сыртқы ортаның факторлары: ауа, су, күн пайдаланылады. Бала ағзасына жаттығу факторлары біртіндеп әсер етеді, күші мен ұзақтығы бойынша үдемелі ықпалдарға төзімділігі қалыптасады. Орнықты нәтижеге жету үшін шынығу процедуралары жүйелі сипат алуға тиіс. Олар жүйесіз жүргізілсе, ағза қажетті реакцияларды қалыптастыра алмайды. Егер қыс басталғанда ағзаны шынықтыру тоқтатылса, ондағы суыққа төзімділік жоғалады. Сондықтан тіпті жағдайдың маусымдық өзгеруі кезінде де шынығу процедураларын тоқтатпаған жөн, тек аздап өзгертуге болады. Ағзаның өзгерген жағдайларға жақсы бейімделуі үшін тітіркендіргіш әсердің күшін бірте-бірте ұлғайтуда сақтаған маңызды. Бұл ерте жаста, кіші жастағы балалардың ағзасы суық факторларына тез ден қоюға қабілетсіз кезде керек. Сондай-ақ баланың жеке ерекшелігі туралы, қолданылатын тітіркендіргіштерге оның реакциясы болуы мүмкін екендігін де ұмытпаған жөн.

Шынықтыруды тек баланың осы процедураға жақсы қараған жағдайында ғана өткізу керек. Әлсіз және жиі ауыратын балаларды шынықтыру барынша абайлап жүргізіледі. Шынықтыру процедураларын өткізу әдістемесі Ауа Ауамен шынығу үй-жайды желдетуден басталады. Бөлмедегі ауа температурасы 1 °С-дан көбірек төмендетілуге тиіс. Үй-жайды жылдың суық уақытында күніне бірнеше рет, ал жылы кезде үнемі желдетеді. Ауа ванналары жеңіл шынығу процедурасына жатады. Алдымен тәрбиеленушінің тек қол-аяғы жалаңаштанады (мәселен, таңғы гимнастика кезінде). Кейінірек баланың бүкіл денесі жалаңаштанғанда жалпы ауа ванналары қолданылады. Ауа ваннасының ұзақтығы біртіндеп ұлғайтылып, 5–8 минутқа жетеді. Үй-жайдағы ауа температурасын 2–3 күн сайын 1–2 °С-қа біртіндеп азайтқан жақсы. Ауа температурасы +21…+22 °С болған кезден бастаған дұрыс. Ақырғы ауа температурасы +16…+18 °С-ты құрауға тиіс. Бұл ретте тәрбиеші міндетті түрде балалардағы тоңазу белгілерін, яғни құс терісінің пайда болған-болмағанын қадағалауы керек. Аллергиялық реакциясы бар балалардың ағзасы тез салқындайды. Су Сумен шынығуды ең әлсіз әсерден бастап, көп ұзамай жалпы процедуралармен алмастырады. Бұл – ылғалмен ысқылау, бұдан кейін бала терісін жұмсақ құрғақ орамалмен сүрту керек. Алдымен қолы мен аяғын, содан соң бүкіл денесін сүртеді. Жазда балабақшаларда аяққа су құйып жаттығады. Алайда оны топтағы ауа температурасы +20 °С-тан төмен болмаса ғана жүргізеді. Жай ғана жіліншіктің төменгі жартысын және табанды дымқылдауға болады. Қол мен аяққа арналған жергілікті ванналар да қолданылады. Оларды сумен ойнау кезінде өткізуге болады. Аяқ ванналары сол жерге ғана емес, бүкіл бала ағзасына әсер етеді. Балаларға бір жарым жастан бастап жүргізіледі. Алдымен бөбектің аяғын жылы сумен, содан соң одан гөрі салқындау сумен жуады (температураны 4–5 күннен кейін 1 °С-қа төмендетеді және +22 °С-қа жеткізеді, ересек балаларға – +18 °С-қа дейін). Аяқ ваннасының ұзақтығы – 1 минуттан 3 минутқа дейін. Бұл ретте аяқ жылы болуға тиіс. Суық судың әсері қан тамырлары тарапынан сәйкес реакция тудырады. Суық аяққа су құйғанда немесе жуғанда мұндай реакция болмайды. Сондықтан аяққа су құю күндізгі ұйқыдан кейін жүргізіледі. Душ – су құюға қарағанда барынша күшті шынығу. Судың қатты ағындары бала терісіне қатты әсер етеді. Күн Күнмен шынығу күн шығып тұрған ауа райында тәуліктің әдеттегі уақытында жүргізіледі. Ұзақтығы 2–3 минуттан 10 минутқа дейін созылады. Тәрбиеші тым қыздырынуға жол бермеуі керек. Үй-жайдағы таза ауа өтпелі желдетумен қамтамасыз етіледі. Бұл қысқа мерзім ішінде қайта-қайта ауа алмастыру мүмкіндігін туғызады. Өтпелі желдетудің уақыты қысқа, 5–7 минут қана. Өтпелі желдетуді балалар келер алдында; сабақ басталар алдында; балалар серуеннен қайтар алдында; күндізгі ұйқы кезінде (топта), ұйқыдан кейін (жатын бөлмеде); бесіндіктен кейін; балалар үйге кеткеннен кейін жасау керек. Топтағы ауа температурасы 20 минуттан соң қалпына келтіріледі. Әр топта уақыты көрсетілген өтпелі желдету кестесі болуға тиіс. Дәретхана мен жуынатын бөлмеде балалар бар кезде ешқандай өтпелі және біржақты желдету болмауы керек. Сондай-ақ тәрбиеші балалардың қолы суланбауын бақылауға тиіс, өйткені ылғал киім тез салқындау туғызады және соңынан суық тиіп ауыруы мүмкін.



Жалаңаяқ жүру

Бұл – шынығудың ескі тәсілі. Таңертең және кешке бөлмеде 15 минуттан 30 минутқа дейін жалаңаяқ жүру керек. Күн сайын бұл уақыт 10 минутқа ұзартылып, бір сағатқа дейін жеткізіледі. Әсіресе қатты топырақ немесе ұсақ қиыршық таспен жүру жақсы әсер етеді. Табандағы күстенген тері ауру сезімін болғызбайды және суықты сезінуді басады. ЛОР-ауруларының алдын алу үшін күн сайын таңертең және кешке тамақты суық сумен шаю ұсынылады. Судың бастапқы температурасы +23…+28 °С болуға тиіс. Содан соң әр аптада оны біртіндеп құбыр кранындағы су температурасына жеткізе отырып, 1–2 °С-қа төмендетеді. Егер баланың дені сау болса, шаюды +25 °С-тан бастап, 2–3 күн сайын біртіндеп төмендету керек. Бір айдан кейін шөп қайнатпасымен, жай ғана крандағы сумен, теңіз тұзының ерітіндісімен шаюға көшу керек.


Шынығу процедураларын өткізу қағидаттары

Жүйелілік. Шынығу процедураларын кей-кезде емес, жүйелі түрде өткізу керек. Тұрақтылық пен күнделікті шынығу ғана жүйке жүйесінің сыртқы ортаның құбылмалы жағдайына бейімделуіне мүмкіндік береді. Егер салқындауды күнара 10 минуттан емес, күн сайын 5 минуттан өткізсе, ағза суыққа тез үйренеді. Ұзақ үзілістер өшуге, тіпті игерілген қорғаныш реакцияларының толықтай жоғалуына алып келеді. Шынығуды тоқтатқаннан кейін жарты айдан кейін ағза суыққа төзімділігін жоғалтады. Егер қайткенде де үзіліс қажет болса, шынығуды жеңіл түрде жаңғырту қажет.

Бірте-бірте іске асыру.

Шынығуда процедура ықпалын күшейтуді бірте-бірте іске асырған өте маңызды. Тек әрекеттер жүйелілігі, шағын мөлшерден үлкенге көшу, үдемелі күшею ғана қалаған нәтижеге жеткізеді. Балаларды шынықтырудың дәстүрлі түрлері Таза ауадағы таңғы қабылдау, дене шынықтыру сабақтар, гимнастика. Сауықтыру серуені. Ауа ванналары. Жаттығулар жасалатын ауа ванналары. Таза ауадағы ұйқы. Бір күн ішінде салқын сумен жуыну. Ауызды салқын сумен шаю. Күндізгі ұйқыға дейін және одан кейін жалаңаяқ жүру. «Денсаулық соқпағымен» жалаңаяқ жүру. Күндізгі ұйқыдан кейінгі массаж кілемшелері. Күн ванналары. 2 жастан 7 жасқа дейінгі балаларды шынықтырудың үлгілік схемасы Бала орналасқан үй-жайдағы ауа температурасы кемінде +18 °С болуға және +20 °С-тан аспауға тиіс. Ауа ваннасын қабылдаудың оңтайлы ұзақтығы – 10–15 минут. Ішкиім мен қысқа жеңді майка киген бала қозғалады, жүгіреді, жалаң аяғына тәпішке немесе қысқа шұлық киеді. Сумен жуынуды +28 °С температурадан бастау керек, содан соң біртіндеп жыл аяғына қарай шынығуды жазда +18 °С-қа дейін төмендету, қыста +20 °С-қа дейін төмендету керек. 2 жастан асқан балалар қолын, мойнын, содан соң қолын шынтағына дейін жуады, 3 жастан асқан балалар кеудесінің жоғарғы жағы мен қолдарын шынтақтан жоғары қарай жуады. 3 жастан асқан балалар үшін де бастапқы ауа температурасы +28 °С болуға тиіс, жазда ең төменгісі +16 °С-ты, қыста +18 °С-ты құрайды. Қысқы ұйқыны мүмкіндігінше жазда – таза ауада, қыста жақсы желдетілген бөлмеде +15…+16 °С температурада ұйымдастыру керек. Шынығу мақсатында балалар жыл бойы майкасыз ұйықтауға тиіс. Қандай да бір себеппен температура төмендеген жағдайда аяққа жылы шұлық киіп, екінші жамылғымен қымтау керек. Бұл ретте жатын бөлмесінің температурасы +14 °С-тан төмен болмауға тиіс. –15 °С-қа дейінгі төменгі температурада аязды күні серуен күніне 2 рет өткізіліп, ұзақтығы 40 минуттан екі сағатқа дейін созылады. Жаз мезгілінде күн ванналарының ұзақтығы орта есеппен 5–6 минуттан 8–10 минутқа дейін күніне 2–3 ретті құрайды; таза ауада және көлеңкеде болуға шек қойылмаған.

«Агрессивті бала»


Балалардың жоғары агрессивтілігі дәрігерлер, педагогтер мен психологтар үшін ғана емес, сонымен бірге тұтас қоғам үшін де негізгі пробремалардың бірі болып отыр. Агрессивтілік (лат. «шабуылдау, қауіп тудыру») – агрессивті мінез-құлыққа апарар ниет, жағдай. Ал агрессиялық әрекеттің өзі – баланың өзгелерге залал келтіруге бағытталған мінез-құлқы. Агрессивті жағдай ашу, жаулық, жеккөрушілік, т.б. эмоциялар арқылы көрініс табады. Әрекет міндетті түрде өзге адамға залала келтіру: балағаттау, қорлау, төбелесі, ұрып-соғу, т.б. түрінде көрініс береді. Осындай мінез-құлықты балалар саны тез артып келе жатқандықтан, тақырып өзектігі күмән келтірмейді.

Бұл көптеген жағымсыз факторлар: балалардың әлеуметтік тұрмыс жағдайы нашарлауынан; отбасылық тәрбие дағдарысынан; мектептің балалардың жүйке-психикалық жағдайына көңіл аудармауынан; баланың миына зақым келу түрінде салдары болатын патологиялық босану үлесінің артуынан орын алып отыр.

Зорлық–зомбылықты үздіксіз насихаттаумен айналысатын жалпы ақпарат құралдарды, кино және бейнеиндустрия да өз үлесін қосып отыр. Соңғы жылдары балалар агрессиясы проблемаларына ғылыми мүдделілік те артып отыр, бірақ, өкінішке орай, шынайы түзету мен емшара тәжірибесіне негізделген зерттеулер салыстырмалы түрде аз.

Ең алдымен балалар агрессиясының себептеріне талдау жасап көрелік. Мұның үш негізгі көзі болуы мүмкін.

Біріншіден, бала өсіп келе жатқан отбасының өзі агрессивті мінез-құлыққа бейім болуы және осындай көріністі бала санасында берік орнықтыруы мүмкін. Кейбір ата-аналар екіжүзділікке бейім болады, сөз жүзінде олар балаларында агрессияның байқалуына қарсы, оларды қайырымды әрі жуас етіп тәрбиелегісі келеді, сонымен бірге олар төбелеске қорықпай кірісіп кету немесе басқа да жымысқы жолдармен мәжбүрлеу арқылы құрдастарымен арасындағы проблемасын өзі шешуге тырысқан балаларына сүйсініс танытады.

Екіншіден, балалар агрессияшыл мінез-құлыққа құрдастарымен қарым-қатынасы барысында үйренуі мүмкін.Мектепке дейінгі жастағы балалардың көпшілігі үшін күш басымдығына табыну үлкен орын алады, әсіресе ұлдар балалар қоғамдастығынгда демократиялық деп атауға келмейтін қасиетке ие болуды армандайды. Демек, кім күшті болса, ол бәрін де жасай алады – балабақша сәбилерін бақылағанда көруге болатын принцип осындай.

Үшіншіден, агрессиялылыққа үйрететін үлгі шынайы адамдар емес, шығармашылық туындылары да болуы мүмкін. Теледидар, монитор экрандары мен кітап беттеріндегі агрессия мен зорлық – зомбылық кішкентай көрермендерді кез келген уақытта құрылымсыз, қатал, бірақ жанжалды шешудің өте тиімді тәсіліне бой ұруға жетелейтіні күмәнсіз нәрсе. Сондықтан да балаңыздың не көріп, не оқып, қалай ойнайтынына назар аударған артық болмайды.

Агрессиялықтың сыртқы қабығын қарастырып болғаннан кейін, енді оның ішкі себептеріне тоқтала кеткен жөн. Бұл жерде бастысы өте қарапайым ой, егер адамда бәрі жақсы болса, ол агрессивті болмас еді. Яғни, агрессияшылдық – ең алдымен ішкі қолайсыздықтың сыртқы көрінісі. Әдетте агрессивті балаларға жоғары мазасыздық, өзін ешкімге керексіз сезіну, айнадағыларды әділетсіз санау және өзін тең санамау (көбіне кем санау) тән болады. Кішкентай «агрессордың» айғай-шу ашу шығару арқылы қарсылық көрсету реакциясы оның айналасындағылардың назарын өз проблемаларына, оны жалғыз өзі жеңе алмайтынына аудару тәсілі болып саналады. Демек, агрессивті балаға көмектескісі келетін ата-анасы  ретінде сізге ең бірінші керегі балаға шынайы іштарту, оны жеке тұлға ретінде қабылдау, оның ішкі әлеміне қызығушылық таныту, сезімі мен мінез-құлық дәлелдеріне түсіністікпен қарау. Баланың жетістіктеріне және оның қиындықты жеңуіндегі табыстарына көбірек көңілін аударыңыз (сыртқы және ішкі), тағы да сондай болуға үйретіңіз. Қысқасын айтқанда, ұл немесе қыз балаға өзін-өзі  сыйлау мен өзін-өзі дұрыс бағалай білуін қайтару үшін қолдан келгеннің барлығынг жасау керек. Ата-ана агрессиялық көңіл күй мен әрекеттердің қайдан шыққанын анықтап, оларды түзетудің дұрыс жолдарын табуы тиіс. Агрессияшыл мінез-құлық түрі көбіне оны тудырушы себептерді де көрсетіп тұрады.

Сіздердің назарларыңызға сынып жетекшісіне және ата-анаға  арналған баланың агрессиялық мінез-құлқына диагностика жасау бойынша бірқатар практикалық кеңестерді, сондай-ақ агрессия деңгейін азайту тәсілдерін ұсынып отырмыз.

Ата-ана агрессиялық мінез-құлқы бар балаларға қалай қарауы керек?

Профессор Н.Е. Щуркова және оның әріптестері мінез-құлқы күрделі балаларға арнарлған педагогикалық әрекет алгоритмін ұсынады.

•    Мінез-құлқын түсіну. «Иә, осылай болады...», «Сенің жасында менде де осындай жағдай болған...».
•    Мінез-құлқын ақтау. Балаға жартылай қолдау білдіру: «Сенің орнында басқа біреу болуы да мүмкін еді…», «Мүмкін мен де сөйтер ме едім…».
•    Баланың жасағанына өзі ой жіберуі үшін оның заттық және әлеуметтік нәтижесіне талдау жасау: «Сен, сірә,…жасағың келген шығар, ал ол … болып шықты», «Сен оны …  болып шығады деп ойламаған да шығарсың…»
•    Өзін-өзі анықтауы үшін балама мінез-құлық тәсілін көрсету:  «Былай жасағанда … болар еді», «Мұндай жағдайда кейбіреулер … жасайды».
•    Бала болған оқиғаның уәждемесі мен себептерін анықтай алуы үшін, оны ойлануға шақыру: «Сен өзің қалай ойлайсың…», «Бұл енді қалай аяқталады деп ойлайсың…», «Сен туралы басқалар не ойлайды…».
•    Басқа мәдениет деңгейінде өзін-өзі жүзеге асыра алуына жағдай жасау үшін, сыртқы қорлаудан «қорғаныс»: «Бұл есейе келе қалатын әдет…».
•    Тиісті әсер түріне қарама-қарсы күтпеген дербес шешім:  «Мен сені … жазалауым керек еді, бірақ мен… жасайын деп тұрмын», «Мен сені түсінеді деп сенемін…»

Қолайсыз жағдайдан арылу үшін

•    Қысым жасау – баланың әрекеттері мен қылықтарына қатаң тыйым салу. Сынып жетекшісі өз беделі арқылы агрессия көрінісіне жол бермей, оны тұншықтырып, басымдық жағдайына ауысады («Тез арада тоқтат мұныңды!»).
•    Ығыстырып шығару – басқа, неғұрлым жағымды  жағдай тудырып, агрессияшыл мінез-құлықты алмастыру тәсілі. Қолайсыз жағдайды алмастыруға бағытталған әрекет тізбегі: ығыстыру-алмастыру-алаңдату («Маған мынаны жасауға көмектесіп жіберші…»)
•    Елемеу  - қолайсыз  жағдайды елеусіз қалдыру әдісі (бірден назар аудара қоймау). Әдісі ширығысты жағдайды бірдіндеп барып жою мақсатында қолданылады.
•    Мерзім белгілеу (уақытын шектеу) – орын алған қолайсыз жағдайды (ашулану) шешу үшін құқығын ескеруді пайдалану әдісі. Бұл әдіс күшті ширығыстың біртіндеп барып жайласуы үшін пайдаланылады («Кәнекей, мұны бір минут ішінде аяқтаңдар»).
•    Жағымды нәрсеге көңіл аудару – назарды ашу, агрессия, ыза немесе реніш тудырған субьектіден баланың өзінің немесе басқа обьектінің (басқа адамның, жануардың, заттың, т.б.)  жағымды жақтарына аудару. Әдістің мақсаты – баланы өзін-өзі билеуге, реттеуге, бақылауға, сыртқы әсер мен ішкі жағдайы және тәртәп түрі арасныда тепе-теңдік орнатуға үйрету.

Агрессия деңгейін қалай азайтуға немесе жоюға болады?

•    Спорт секциялары.
•    Қызығушылықтары бойынша үйірмелер.
•    Балаға деген махаббатты үнемі білдіріп отыру
•    Орындалмайтын уәде бермеуге тырысу.
•    Релаксация және тыныс алу жаттығуларын орындау.
•    Балаға уақытты аямау, үнемі ақыл-кеңес беріп отыру.
•    Уақытылы тыңдау, түсіне білу.
•    Әр жұмысына көмектесіп, сенім білдіру.
•    Үнемі мейірімді болу.
•    Терең тыныс алу және тыныс шығару – ашу, уайым, қорқыныш жағдайын реттеуге өте тиімді нәрсе.
•    Алдын алуға арналған сұхбаттар. Сұхбаттың мақсаты – қажетсіз оқиғаның орын алуына жол бермеу. Агрессивті мінез-құлықтың салдары қандай болатынын нақты мысал арқылы көрсету. Мысалы, балалар үйінде тәрбиеленуші қыз мектепте бір ұл баланы жекпе-жекке шақырып, ақыры көзінен айырылып тынған.
•    Әдептілік тәртібі үлгісіне баулу.
•    Жағымсыз энергиядан арылу әдістері мен тәсілдеріне үйрету.Ата-ана  бойға жиналған агрессиядан арылу әдістерін көрсетуі тиіс. Мысалы, табиғат аясына шығып, бар дауыспен айғайлауға болады. Жапон компанияларында адамдар жансыз заттарға ұрысу, ұру арқылы ашуын сыртқа шығарып алатын арнайы бөлмелер болады.
•    Ата-ана мінез-құлқы. Агрессивті баламен сөйлескен кезде сынып жетекшісі сабырлы, салмақты, жұмсақ, төзімді болып,  сыртқы түрімен қамқоршысының жан дүниесін түсінетінін байқатуы тиіс.
•    Баланың тек жақсы жақтарын ғана көріп, оған сенім білдіру. Бала егер өзін осы тұрған бойында жақсы көріп, қадірлейтінін білсе, өзін ұстамды, қолға ала білетін жан ретінде көргісі келетінін түсінсе, мінез-құлқын өзгертеді. Психологиялық-педагогикалық зерттеулер баланың егер педагог және ата-ана оны жақсы адам ретінде бағалайтынын түсінген жағдайда өзгеретінін көрсетеді, мұндай кезде ол дамуының жоғары сатысына ұмтылатын болады.
•    Жауапкершілік жүктеу. Өзіне тапсырылған жауапты істі орындай жүре, бала шығармашылықпен айналысады, ал бұл кезде жаман ойлар мен істерден аулақ  жүретін болады.
•    Ерік-жігерін қалыптастыру. Ақырында, агрессивтіліктің жағымсыз көріністерімен күресте негізгі фактор болып табылатын нәрсе: сынып жетекшісі, ата-ана мен бала арасында үйлесімді қарым-қатынас орнату – баланың салауатты эмоциялық дамуының басты шарты.

























«Ата-аналарға балалардың балабақшаға бейімделуі туралы кеңес»


БАЛАНЫ БАЛАБАҚШАҒА ДАЙЫНДАУ ЖОЛДАРЫ

Құрметті ата-аналар!
Сіздің балаңыз ержетіп балабақша босағасын аттауға дайын. Бірақ ескертіңіз, балабақша сіздің сәбиіңізге – бөтен адамдардың әлемі. Балаға түсіндіріңіз: «Сен балабақшада басқа балалармен қаласың, бірақ, мен сені тастамаймын, қайтадан оралып әкетемін».
Осы кепілдемелер арнайы сіздерге:
• Балабақшаға тек қана дені сау баланы әкеліңіз;
• Алдын-ала топтың күн тәртібімен танысып, балаңызға айтыңыз;
• Баланы топтың тәрбиешілерімен алдын-ала таныстырыңыз;
• Алғашқы күндері баланы балабақшада толық күнге қалтырмаңыз;
• Баланың көзінше балабақша мәселерін әңгімелемеңіз;
• Үйде баланы өзін-өзі күту әдеттеріне тәрбиелеңіз;
• Балаңызға ескертуге ұмытпаңыз: «Сен маған бұрынғыдай қымбаттысың, сүйкімдісің»

Бейімделу
Бейімделу деген не? Бейімделу қалай өтеді?
Бейімделу деген жаңа қоршаған ортаға үйрену. Балабақша балаға, әрине, жаңа, әлі таныс емес кеңістік, жанашылық қарым-қатынас.
Баланың балабақшаға бейімделуі өзінің психо-физиологиялық және тұлғалық ерекшеліктеріне, отбасылық қарым-қатынастарына, мектепке дейінгі мекемедегінің қатысу шарттарына байланысты. Әр бала балабақшаға өзіндікпен үйренеді. Бірақ, бірнеше заңдылықтарды атап өтуге болады.
Біріншіден, ескертіңіз: 2-3 жастағы баланың өзінің құрдастарымен қарым-қатынаста боламын деген қажеттігі жоқ, ондай сезім әлі қалыптасқан жоқ. Осы жастағы балаға ер жеткен адам ойынсеріктес, еліктеудің үлгісі және баланың тілектестік назарлығы мен ынтымақтастық қажеттілігін қанағаттандырады. Құрдастары осы қасиеттерді көрсете алмайды, өйткені өздері де осыған зарық. Осыдан бала балабақшаға тезірек бейімделе алмайды, өйткені анасымен құштарлық сезімі тығыз, анасының жоқ болғаны баланың қарқынды қарсылығын толғантады, әсіресе бала сезімтал және әсерлік болса.
2-3 жастағы балалар бөтен адамдардан және қарым-қатынастың таныс емес жағдайларынан қорқады. Осы қорқыныштар – баланың балабақшаға бейімделуінің бір себебі. Кейбір жағдайда осы себептер баланы жылаушақты, құштарлықты, арланғышты, жарақатты қылады, бала жиі сырқаттанады, өйткені, стресстер жастық ағзаның паналаулық күштерін әлсіретеді.
Сонымен қатар, ұл балалардың бейімделуі қыздарға қарағанда, қиыншылықпен өтеді. Өйткені олар осы жаста анасына құштарлықты, анадан айырылғанда көбірек уайымдайды.
Эмоционалды дамытудан тыс балалардың бейімделуі теріс өтеді, өйткені олардың анаға деген құштарлықтары төмен. Психологтар келесі парадоксті ескертеді: бір жасқа дейінгі бала балабақшаға қабылданса, болашақта коммуникалдық сезімдері дамыған болады. Алғашқы эмоционалды жанасуды осындай бала анасымен емес, құрдастарымен құрады. Болашақта бұл баланың сүйіспеншілік, аяушылық, құштарлық сезімдері дамыған болмайды. 
Баланың анасымен эмоционалды байланысы дамығанымен, оның бейімделуі қиыншылықпен өтеді. Өкінішке қарай, бейімделу мәселелерін кейбір балалар өте алмайды. Бұл баланың шалығуына келтіреді.
Баланың балабақшаға бейімделуі бір жылдың арасында өтпесе, бұл ата-аналарға ым, баланы маманға көрсету қажет.
Психологтардың байқауымен бейімделудің ортаңғы мерзімінің нормасы бойынша:
- Сәбилер тобында – 7-10 күн;
- Балабақшаның үш жасар балаларына – 2-3 апта;
- Мектеп жасына дейінгі балаларға – бір ай.
Әрине, әр бала жаңа жағдайға әртүрлі қатысады, бірақ, жалпы ерекшеліктері бар. Отбасыдағы жалғыз баланың, шамадан тыс баскөз болған, өзіне-өзі сенбейтін, балалар балабақшаға
Отбасындағы дау, ата-аналардың көпшіліктен тыс қасиеттері баланың бейімделуіне көп кедергі жасайды. Атааналарының ұнамсыз мінез-қылықтырын меңгеріп, өз құрбыларымен қатынас құра алмайды.
Осындай балалар жасықтықты, батыл емес. Осыдан топ балаларымен қарым-қатынас құруға қиынсынады.

«Мен бәрін өзім істей аламын!»


Балабақшаға баратын бала не білу керек?
Балабақшаға баратын баланың өзіне-өзі қызмет ету дағдылары дамуға тиісті: киіну, ас ішу, дәретханаға бару, қол-бетін жуу, сүлгімен сүртіну. Әрине, тәрбиешілер түйме-бауларымен айналасуға көмектеседі, бірақ, олар бар топтағы он бес тәрбиеленушілерді әрқайсысын шешіндіріп-киіндіріп және қасықтан ас беруге үлгермейді.
Екі жастағы баланы дербестілікке үйрету ең ыңғайлы жас. Кішкентай адамның психикалық даму заңымен табиғаттың өзі де сіздің жағыңызда. Екі жастағы баланың ата-анасы дербестілікке ұмтылған балаға бөгет жасамауға тиісті. Бұл өте маңызды сәт! Үш жастағы бала дербестілік дағдылырын меңгереді: ішу-жеу, тіс тазалау мен жуыну, киіну-шешіну, уақытында дәретке бару. Ойыншықтарын жинау, орнына қою, үстелді сүрту, киімді ретімен жинау дағдыларын меңгереді.
Сіз осыған сенбейсіз бе? Сеніңіз: баланың осындай жетістіктерге жету үшін, сізден керегі – бөгет жасамаңыз! Қолынан қақпаңыз, жұлқыламаңыз, әр қадамын қадағаламаңыз, баланың орнына ісін орындамаңыз, өйткені «ол кішкентай, ештеңе қолынан келмейді!» – деп айтпаңыз.
Практикада бұл оңай емес. Сәби жуынып үйренгенше, жуыну бөлмесінің едені бірнеше рет сумен тасиды. Сәбидің дербестілік киінгені ананың жүйке жүйесін қозғайды, әсіресе ол өзі темпераменті бойынша ашушаң немесе сангвиник болса. Бір сөзбен айтқанда – өз-өзіне ұстамды болу, шыдамды, баламен қарым- қатынасы сезбелі болу тиісті, импульсті емес.
Өз жұмыстарыңызды жоспарлағанда, алдын-ала күн тәртібіңіздің бір-біржарым сағатыңызды баланың «дербестілігіне» сақтаңыз. Балаңыздың күші келетін іс-әрекетті оның орнына орындамаңыз. Таныс емес дағдыны дербесті орындауға мүмкіндік беріңіз, тек қана, балаға көмек қажеттігін көріп тұрсаңыз, «әкел, мен істейін!» – демей, «қарашы, бұл осылай істеледі!» – деп, үйретіңіз.
Екіншіде, баланың күші келмейтін тапсырмаларды бермеңіз, сәби амалым жоқ деп сезбесін, қайта көбірек жетістіктерге жете берсін.
Баланы киініге қалай үйрету керек?
Келесі кеңестерге назар аударыңыздар:
- «Тек қана өзің киін!» – деп, айта көрмеңіз. Бірақ «Өзім киінемін!» – десе, бөгет жасамаңыз.
- Өз уақытыңызды баланың киінуге үйрену мезгілімен жоспарлаңыз. Таңертең жарты сағат ерте тұрғаныңыз жөн болады, өйткені жаңа дағдыға үйренуге бөгет жасамаңыз.
- Егер бала өзінен-өзі кингісі келмесе, кішкене көмектесіңіз. Мысалы: нәскиді кигізгенде, толық кигізбеңіз. «өзің жоғары тарт!» – деп, ұсыныс беріңіз.
- Тек қана жеңіл шешінетін киімді «Шеш!» -деп, балаға айтыңыз. Киіну-шешіну дағдысына бала бертіңдеп үйренеді, балаға кішкентай «сабақтарды» өжетті ұсыну дұрыс болады: «қолыңды жеңге өзің кіргіз», «қәйлегіңнін бұтын жөнде», т.б. Баламен сайыс та ұйымдастыруға болады: кім нәскиді тез киеді, кім шалбарды тез шкафқа іледі, т.б.





Ойыншықтарды жинауға қалай үйрету керек?

Балабақшаға алғашқы келген сәбидің «ойыншықты жинау» деген дағды баланың «багажында» болу тиісті. Балабақша да осыған үйретеді. Бала тәрбиешінің нұсқауларын орындауға үйренеді, жеке ұжымның беделі де рөлін ойнайды. Үйден осындай дағдыларға үйренбеген бала, балабақшада тәрбиешінің талабын ұнатпайды.
- Баладан «ойыншықтар тәртібін сақта!» – деген талабын сұрауға болмайды деген көзқарас бар. Кішкентай болғандықтан бала бұл талапты орындай алмайды емес, ең әуелі ер адамдардың, ата-аналардың тәртіп туралы елестері баланың табиғатына, психикалық жас ерекшеліктеріне бөтен. «Бәрін орын-орнына қой, шашпа!» – деген талап баланың шығармашылық потенциалын дамытпайды, оның іздену белсенділігін өшеді. Бала әлемдік, космостық заңы бойынша дамиды: алғашқы баланың әлемі – бұл алғашқы аласапыран, оны бала тәртіпке келтіреді.Осы теорияның жаны бар. Сіздің ер адам болып, «бәрі орында болу керек» деген тәртібіңіз балаға жарамайды, оған қызықты емес. Осындай тәртіптік баланың шығармашылық қасиеттерін дамуға кеңістік қалтырмайды.
Ақиқатты өмірде баланың жеке бөлмесі болуы – аса кереметтік, осыдан баламен бар пентікпен бөлісу керек. Мысалы, пәтердегі тұсқағазға сурет салуға болмайды, тек қана қабырғадағы арнайы орында ілініп тұрған ватманды суреттеуге болады. Қабырғалық суреттеуге арналған орын бөлінсін. Бөлмеде шашылып жатқан ойыншықтар жиналуға тиісті, бірақ үстелдің астындағы өз «үйінде» ойыншықтар тәртібіне бала өзі хожайын.Балабақшада осындай компромисстерге орын жоқ. Балалардың саны көп, ойыншықтар бәріне жетпейді (оларды осыдан баптап, күтіп ұстауға тәрбиелейді), тәрбиешілердің өз елестері: не дұрыс, не бұрыс.Он бес жаратушылардың жасаған былықтарына тәрбиеші, әрине, келіспейді. Қысқасы, 3-4 жастағы балаға «тәртіпке кез келді» десек артық болмас, әйтпесе «тәртіпті» балананы тәрбиелейміз деп кәдімгі «салақ» баланы тәрбиелейміз.








































Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 55 «Қыран» балабақшасы

мемлекеттік - жекеменшік серіктестігі













Әңгіме:

Тақырыбы: «Балабақшадағы мейірімділік сабақтары»















Дайындаған: №1 ІІ кіші топ тәрбиешісі

Қарабалаева А.А













Ақтау қаласы

2018-2019 оқу жылы

«Балабақшадағы мейірімділік сабақтары»



Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің педагогы өз тәрбиеленушілеріне ең бастысы қоршағандарға деген дұрыс қарым-қатынас пен ықыласын сіңіру қажет.Тәрбеші баланы шыдамды әрі көмекке дайын болуды үйретеді. Басқаша айтқанда, мейірімділіктің алғашқы сабақтарын меңгертеді.Адамның бойындағы дәл осы қасиет әр заманда жоғары бағаланды.Әсіресе, қазіргі таңда адам баласына қажет қасиет.

Ойланыңыз, сіздің балаңыз мінсіз. Бірнеше музыкалық аспапта ойнайды, өлең жазады, спортта жетістікке жеткен, алайда балаңызға қайырымдылық пен жанашырлық ұғымдары жат. Демек, бала тәрбиесінде тыс қалған дүниелер баршылық.

Негізі «мейірімділік» ұғымы әр қилы. Мейірімділіктің мәнісі – басқаның қайғысына ортақ болу, біреуге жан ашу. Жаңа заман балаларында бұл қасиет бар ма деп бір рет болсын ойландыңыз ба? Бар, бірақ көбінде емес. Мүмкін балақайлардың әр түрлі отбасыларда тәрбиеленетіндіктен болар, өйткені әр үйдің сыры басқа. Баланың барынша мейірімді болуы ең алдымен отбасыға тікелей байланысты. Отбасы мүшелері өздері жүрекжарды болу қажет.Бұл мәселе мектепке дейінгі жаста балабақша мен отбасының тығыз байланысы арқылы да шешімін таба алады.

Менің тобымның жұмысы осы бағалы қасиетті тәрбиелеуге мақсатталған. Тәрбиелеу процесін құрғанда әр педагог өз тәжірибесін барынша қолданып, сабақтарына жаңалық енгізуге тырысады.Біздің балабақшада өз жұмысын әріптестерімен бөлісетін жақсы тәжірибеміз бар. Бұл біздің ортақ жұмысымыз – мейірімді бала тәрбиелеуге көмектеседі.

Балада өзгеге ортақтасу қабілетін тәрбиелеу оңай іс емес.Бұл педагогтың ұзақ әрі тынбас еңбегін талап етеді.Бұл бағыттағы жұмыс түрі балабақшаағы барлық білім беру мерзімі периодында жалғасады.Тәрбиеші әрдайым тәрбиеленушіні басқа баланың жан дүниесіне үңілтіп, «өзгелерді ренжітпе», «біреу жыласа, оны жұбат» дегендей өзгеге назар аудартады.Біздер де бала күнімізде бұл сөздерді жиі еститінбіз.Бұл ережелер біздің тәрбиеміздің негізіне айналды, сондықтан балаларымызға да осыны үйретуіміз керек.

Танып білуге қызығушылық сөнбес үшін бала тәрбиесіндегі ойын сәті аса маңызды.Осыны ескере отыра, педагогтар қауымы әңгіме жүргізіп, ақындардың жақсылық пен жамандық жайлы өлеңдерімен таныстырамыз. Танымдық сабақтарда «Жамандықты жақсылықпен жең», «Жақсы істер жасауды үйрен», «Жолдасыңды құрметте» т.б. арқылы адамгершілік қасиеттерді бекітеміз.Тәжірибе көрсеткендей, жақсы нәтиже алу үшін осындай сабақтар жиі әрі сапалы өткізілу керек.

Мейірімді бала тәрбиелеудегі педагогтың бірінші әрі негізгі ережесі: бала мінезінде қалыптасқан не қалыптаса бастаған  жақсыға сүйене отыра, аталмыш қасиетті тек мейірімділікпен тәрбиелеу.

Балаларға арналған әдемі суреттерге толы кітаптарды оқып, ондағы кейіпкердің мінезі мен іс-әрекетіне баланың назарын аударту, бұл жайлы баланың пікірін тыңдау – бірден-бір көмек. Баланың қандай ой түйіп, қандай қорытынды жасағанын білу өте маңызды.Тәжірибеге сүйенсек, мұндай сабақтар тұлғаның маңызды қасиетін қалыптастыруға ықпал етеді.Өсіп келе жатқан баланың бойында адамгершілік қасиетерді қалыптастыру тек балабақша қызметкерлерінің міндеті деген кейбір ата-аналардың ойы дұрыс емес. Бұл күрделі процесс – педагогтар мен отбасы мүшелерінің біріккен жұмысы. Тек бірлесіп айтарлықтай нәтижеге жетуге болады.

Баланың анасына қол ұшын беріп жатқан кезі

Балалардың үлкендерге көмек көрсетуі







Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 55 «Қыран» балабақшасы

мемлекеттік - жекеменшік серіктестігі













Әңгіме:

Тақырыбы: «Отбасындағы бала тәрбиесі»















Дайындаған: №1 ІІ кіші топ тәрбиешісі

Қарабалаева А.А













Ақтау қаласы

2018-2019 оқу жылы

«Отбасындағы бала тәрбиесі»

Бала  тәрбиесінде  — отбасы ең үлкен мықты тәрбие ошағы. Баланың адамдық қасиеттері  мен әдептілігі, оның болашақта қандай адам болуы  өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесі мен ондағы қарым-қатынасқа байланысты. Өйткені ата-ана — басты ұстаз. Баланың заманына лайық азамат болып өсуі – алдымен ананың ақ сүтімен, абзал тәрбиесінің жемісі. Отбасы – десе әр адам өзіне қатысы бар деп ойлайтыны анық жағдай. Отбасын ата – ана  және бала құрайды.  Оның кез – келген мүшесі бақытты да төрт құбыласы тең болуды қалайды.  Бірақ сондай жағдайды жасауға біреу әрекет қылса, біреу құдай берер деп көктен күтумен уақыт оздырары белгілі жағдай. Әрбір ананың ойлайтыны баласының бақыты екеніне менің күмәнім жоқ.  Ал, бақытты бала қандай болуы керек? деген сұрақтың  жауабын кім – кім де болса іздейді. «Кемшілік хан қызында да болады» демей ме халықта, сол айтқандай бейбіт өмірде де қиындық жоқ деуге болмайды. Тек сол қиындықты басынан өткізу арқылы оның соңындағы қызықты да көре білген жөн. Басқа түскен әрбір күйзеліс кезеңінде өз – өзіне сенімді, белсенді адам ғана өмірдің сол қараңғы түнегінен жарықтың саңылауын көре біледі.  Тірлік қылмай өмірге өкпелеп өтетін де адамдар жоқ емес. 

Баладағы тәрбиенің іргетасын қалайтын ол  — отбасы.  «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген сөз бекер айтылмаса керек.  Неліктен көп жағдайда бала ата – анадан асып кете алмайды?  Осы сауал мені көптен мазалап жүрген сауалдардың бірі. Бала – періште. Шыр етіп дүниеге келгеннен бастап ол ана сүтін еміп, ананың әрбір шығарған демін сезініп өседі. Ең қарапайымы, баланы емізген ана қандай сезімде отырса, бала соны сезінеді, әр демнен ананың көңіл күйіндегі өзгерісті де баланың сезінетінін түсіндім. Бала есі кіре бастағаннан – ақ «Анам, менің анам. Анам бәрінен де күшті, ол бәрін біледі» деген оймен өседі. Сәбидің ойынша, өз ата – анасынан асқан білгір, данышпан, оған қорған болар адам жоқ. Осы бала санасындағы ойлар біртіндеп өз күшін жоя бастайды. Оған себепші біздер, яғни ата – аналар. Бала ата-анадан нендей себептермен асып кете алмайды деген сауалыма менің тапқан жауабым: «Балада әсіресе мектеп жасына жеткеннен кейін сұрақтар көбейетіні анық, сол сұрақтың бәріне бірдей біз жауап беріп жатуды өзімізге міндет санамаймыз. «Білмеймін» деген жауап қайтаруды жиілетеміз. Ал, күні бүгінге дейін ең білгір, ең ақылды адам деген ата – анасы білмеймін деп жауап бергенде, бала не ойлауы мүмкін. Әрине «олар білмегенді мен қайдан білемін» немесе «осыны білмеген менің ата –анамда ел қатарлы күн көріп жатыр ғой, маған да соны білудің  қажеті бола қоймас» деп ойлайды. Осы «Білмейміннен» кейін баланың да даму қарқынына нүкте қойылары хақ.

Бала тәрбиесі ол — үлкен бір ғылым. Бір отбасында жалғыз бала болса да, 6-7 бала болса да балаға берілген тәрбиеде кемшілік болып жатады. Дана халқымыз бала тәрбиесіне көп көңіл бөлген, қазіргі уақытта ол күндердің әдебін көру көп жағдайда мүмкін болмай отыр. Ең әуелі олар баланың алдындағы өз міндетін біліп, сол міндетті жеткілікті дәрежеде орындауы тиіс. Ол дегеніміз, байлық пен барлық қана емес, балаға рухани байлық керек. Жақсы мен жаманды ажырата білгені жөн. Өмірдің мәні тек ақша мен байлық деген ойдан баланы аулақ салуқажет. Адами қасиетті бала бойына дарыта білу кез – келгеніміздіңқолымыздан келе бермейді.  Тіршілік қамымен жүріп балаға мүлдем көңіл бөлмейтін де, өз машақатымен айналысып балаға тәрбиеніңкерек екенін ұғынбайтын да, тәрбиеде ең бастысы тәртіп деп балаға тым қатал қарайтын да, қазіргі балаға қатты айтуға болмайды депбаланың ыңғайымен жүретін де, менің жиған – тергенім балама жетеді деп қалтаға сенетін де, басқа жұрт не десе о десін менің балам ең тәуір бала деп баланы жақтап отыратын ата – ана да жоқ емес. Мен өзөмірімдегі осындай жағдайларды ескере жүріп, балаға қойылатын талаптың да, оған берілетін еріктің  де өз шегі болуы керек екеніне көз жеткіздім. Демек, бала мен ата – ана арасында өте тығыз байланыс жүру керек. «Баланы жастан» деген, бала тәрбиесі бесікте жатқаннан басталу керек. Бала жылады деп көп көтерсе ол соған дағдыланады.  Мезгілсіз мекенсіз тамақ берсе соған да үйренеді.  Бесікке байласа жылай береді деп бесіктен жиі босата берсе, нәресте бесіктен мүдем шығып алады. Осылайша бала бесіктен белі шықпай жатып өз дегенін жасатуға дағдыланады. Бала үшке толғанда «болады» мен «болмайдыны» білуі тиіс. Бала тәрбиесін бес жастан бастаймын дейтіндер де бар. Бес жастан қазір мектепке барады. Сонда мектепке келгенде бала өзіне рұқсат етілетін мен етілмейтінді ажырата алмаса одан не үміт, не қайыр. Мұғалім оған қалам ұстап жазуды үйрете ме,әлде болатын мен болмайтынды ажыратуды үйрете ме. «Қызым үйде, қылығы түзде» деп бекер айтылмаса керек. Бұл сөз тек қыздарға ғана қатысты деуге болмайды. Кез – келген бала өз отбасында, ата – ананың көз алдында жүріп көрсете алмайтын мінез  — құлықтарын басқа қоғамда көрсетеді. Өзге біреуге әлім – жеттік көрсету, үлкенге қарсы келіп сөз қайтару сияқты үйде көрсетпейтін мінездерді далаға шыққанда көрсетіп жатады. Мұның бірін де ата – ана үйретеді деуге болмайды. Бірақ бұл да тәрбиеден кеткен қателік деуге болады. Ата – ана балабақшамен, мектеппен тығыз байланыста болуы керек. Бірақ сол нәрсеге уақыт тауып, менің балам басқа жерде қандай, оның сабағы қалай, өз тобында немесе сыныбында оның ролі қандай деп көңіл қоятын ата – ана жоқтың қасы. «Уақыт жоқ, мектептегі баланы қарасам үйдегі шаруам қалады немесе жұмыстан қолым тимейді» деген сияқты біздің тарапымыздан сылтау көп болып жатады. Сол сылтауларымыз сиресе, ата – ана үшін бала өзінің орнының бөлек екенін, оның болашағы олардың назарында  жүргенін сезінер еді деп ойлаймын. 

Бала тәрбиесі мәселелерін әрбір ана не әке өмірлік тәжірибеден көріп үйрену керек. Балаға жылы қабақ қандай мөлшерде болса, қатал көзқараста сондай мөлшерде болуы тиіс. Балаға ата – ана тарапынан талап үнемі қойылу керек және оның орындалуы қадағалануы тиіс. «Балаға жаның ашыса, оны аяма» деген де сөз бар. Сол айтылған сөздің мағынасына тоқтап кеткім келіп отыр. Әр балада тәуліктің 2-3 сағаты ғана бос уақытқа бөлінуі тиіс, одан басқасында бала сабақта, үй тапсырмасын орындауда немесе ата –анамен бірге үй шаруасында болуы керек. Бос уақыты көп бала түрлі жаман әдеттерге үйірсектенеді, ең қарапайымы теледидардан мүлдем қарауға тұрмайтын жат нәрселерді қарап, өзіне қажет емес ақпараттарды алары анық жағдай. 12 жастан асқан бала отбасында ата – ананың оң қолы ретінде барлық шаруаға дерлік қабілетті болғаны жөн. Қазіргі уақытта ата – ана емес бала талап қоюға бейімделген. Ал, ата – ана сол мүмкіндікті балаға неге беретінін түсінбеймін. Ата – ана баланың алдындағы өз міндетін жоғары деңгейде атқарып отырса, әр нәрсені өз орнымен орындап, содан соң балаға талап қойса, ешбір бала қойылған талаптан бұлтармайды. Егер бала талап қояр болса, онда бұл талап тек баланың қажеттілігін қанағаттандыратын деңгейде ғана  орындалуы тиіс. Бала талабын жеткілікті деңгейде орындау дұрыс емес. Есін білетін баланың бәрі тұрмыс жағдайында адам баласына қажет болатын әрбір нәрсенің қайдан, қалай, қанша еңбектің, қаржының  арқасында келіп жатқанын оның құнының өтелуі тиіс екенін ұғынып өсу керек. Үлкендер кішілерге, аяқ астында тегін жатқан нәрсенің жоқтығын, оның бәрі тек еңбек арқылы келетінін, бала санасына жеткізіп отыруға міндетті.

Біз ата - аналар баланың ойлағанынан да жоғары деңгейде ойлауға тырысуымыз керек. Сонда ғана бала қиялындағы ғажайып, данышпаната-ана бола аламыз.  Бала тәрбиесіне көбірек назар аударайық құрметті ата – аналар! Бала – біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Білімді, саналы, қабілетті ұрпақ тәрбиелеу ол біздің қолымызда. Бала бақыты ол — өміршең ата – ана. Бейбіт ел, ынтымағы жарасқан халық, үлгілі отбасын құру бәрі де адамның өз қолында.

Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 55 «Қыран» балабақшасы

мемлекеттік - жекеменшік серіктестігі













Кеңес:

Тақырыбы: «Қазіргі заманға сай баланың тіл дамуы»















Дайындаған: №1 ІІ кіші топ тәрбиешісі

Қарабалаева А.А













Ақтау қаласы

2018-2019 оқу жылы

«Қазіргі заманға сай баланың тіл дамуы»

Баланы туғаннан бастап көптеген дыбыстар қоршайды: ересектердің сөйлеуі, жапырақтардың қозғалуы, құстардың үні, сылдырмақтың дыбысы, радио, теледидар және т.б. Бірақ бала әзірше оларды тек қана тыңдайды. Жеке сөздерді айтып және оларды түсінудің алдында, бала тек айтылу интонациясына назар аударады.

   Кішкентай баланың тілі оны қоршап жатқан ересектердің әңгімесінен қалыптасады. Әңгімелесу барысында баланың танымдық және заттық әрекеті байқалады.

   Баланың тілі неғұрлым бай және дұрыс болса, соғұрлым оған өз ойын айту оңай болады: оның танымдық дамуы арта түседі, ересектер мен балалармен оның қарым-қатынасы мазмұнды және анық болады, баланың психикалық дамуы тезірек қалыптасады.

   Баланың тілі дамуы үшін санамақтар, жаңылтпаштар, ребустар, жұмбақтар өлең-тақпақтарды пайдалану керек. Баланың тілін театралды ойындарды қатыстырып дамытуға да болады. Балалар оларды өте жақсы көреді. Олар ойынға бірден кірісіп кетеді: қуыршақтардың сұрақтарына жауап береді, олардың тапсырмаларын орындайды, кеңестер береді, кез келген образға еніп кетеді.

Тіл – ұлт мәдениетінің қайнар көзі. Әр халықтың ұлттық дәстүрінің, сана сезімінің, сөйлеу, ойлау тәсілінің, мінез-құлқының, мәдениеті мен әдеп ниетінің айрықша белгілері тіл арқылы бейнеленеді. Тіл өнерінің құнын халқымыз өте биік бағалап, «Өнер алды – қызыл тіл» деген.

Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді меңгеру, қазіргі заманға сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу педагогтар еншісінде.  Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу дағдысын дамыту мәселесі бағдарламаға сай дидактикалық ұстанымдарды басшылыққа алып жүргізіледі. Әсіресе, баланы мектепке даярлауда олардың байланыстырып сөйлеуін, сөздік қорын байыту, өз ойларын басқару, түсіндіре білу жақтарына баса көңіл бөлінеді. Берілетін білім мен тәрбиелеу әр уақытта баланың өз ана тілі арқылы іске асады[1].

Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту мәселелерімен айналысқан Н.Құлжанова, Б.Баймұратова, А.Бақреденова, Х.Қожахметова, А.Меңжанова, Ә.Әмірова, Қ.Меңдаяхова және  т.б. ғалымдардың еңбектерін талдау барысында  балалардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру  мәселесінің әр қырынан анықталған.

Б.Баймұратованың пікірінше, балалар жеке заттарды біліп қана қоймай, оларды жіктеп, топтап айта білуге, әр заттың қайдан, неден жасалатынын, қалай пайда болатынын түсінуге тырысатындығын айтады.

Сәбилердің дүниетанымын кеңейтіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын жетілдіруде балабақша тәрбиешілерінің ролі ерекше. Балабақшада балаларды дұрыс сөйлей білу мәдениетіне айнала қоршаған ортамен, сондай-ақ көркем әдебиетпен таңыстыру арқылы жүзеге асырылады. Әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде дидактикалық ойындарды қолдану арқылы балалардың сөйлеу дағдысын қалыптастырып, қиялын шарықтатып, ойлау қабілетін ұштауға болады.

“Сөз-сөзден туады, сөйлемесе қайдан туады?” демекші. Қазіргі уақытта балалардың сөйлеу тілі кеш шығып, түсініксіз болуда. Сонымен бірге, отбасында екі тілде сөйлеуде бұл баланың сөйлеу тілін бұрмалап, кешеуілдеп шығуына әсер етеді. Баланың сөйлеу тілі оның психикасына да әсер етеді. Өзінің достарының арасында тұйықталып, аз сөйлеуге тырысады. Қоғамда өзін қолайсыз сезініп шеттетіліп қала береді. Сондықтан да ерте жастан бастап сөйлеу тілін түзету ұтымды болады.

Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше.Соның ішінде ойын баланың шын тіршілігі. Ойын балалар үшін айналаны танып,білу тәсілі. Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-рольді ойындар , дидактикалық ойындар, құрылыс ойындары, қимылды ойындар және ұлттық ойындар болып бөлінеді.Ойын баланың тілін дамуына ықпалын тигізеді. Мысалы: Біз қазір ойын ойнаймыз. “Ненің құйрығы?” ,”Мен, сен, ол” “Кімде не бар?”т.с.с.

Балалардың сөйлеу дағдысын қалыптастыруда тапсырмаларды құру барысында балалардың жас ерекшеліктеріне, сөйлеу тіл мүмкіндіктеріне, – тапсырмаларды қалай түсінетініне назар аудару қажет. Тапсырмаларды ауызша және көрнекілік арқылы беруге болады.

Сөйлеу мәнерінің қалыптасқан үлгісі – тілдік тәсілдер мен сөз шеберлігін дәл орнымен қолдану деген сөз. Балабақшадағы тәрбиелеу және оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті іс-әрекет кезінде, тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән беріледі.  Бала айналадағы өмірмен танысу нәтижесінде әр түрлі құбылыстармен бетпе-бет кездеседі. Күнделікті тұрмыста, табиғат аясында ойын, еңбек, серуен, сабақ процесінде қоршаған орта туралы жаңа сөздер үйренеді. Үйренген  сөздерін күнделікті іс-әрекет үстінде қолданады.

Мектеп жасына дейінгі бала тілді үлкендерден үйренеді. Сөз  – педагогтың еңбек құралы. Баланың  ой – өрісін кеңейту, ақыл – ойын дамыту, мінез – құлқын, еркін тәрбиелеудің бірі – тәрбиешінің сөзі арқылы іске асады. Қоршаған өмір тіршілігімен бөбектерді таныстырып, білім беруде баланың нені қай дәрежеде ұққанын, нені есіне сақтағанын байқау, жалпы құралмен: ойыншықпен түрлі затпен, оқу құралымен, суретпен көрсетіп балаға үйретуде педагогтың әбден төселген сөйлеу дағдысы, сөйлеу мәнерінің қалыптасқан  үлгісі болады. Мектеп жасына дейінгі  балалардың  сөздік қоры, сөйлеу мәнері, сөз сарыны соларға еліктеу арқылы қалыптасады. Сондықтан тәрбиешінің  сөздік қоры бай, тілі орамды, стилі жатық, дыбыстау мәдениеті өрісті де өрелі болғаны абзал. Қызықты әңгіме, ертегі, өлең, тақпақтарды мақамдап айту- халық шығармашылығын  ұрпақтан – ұрпаққа жеткізудің дәстүрлі тәсілі болып келді.

Бала тілінің дамуы, негізінен, эмоциялық ортаға, әр баланың отбасында қалыптасқан әке мен шешенің, әже мен атаның, үлкен мен кішінің қарым-қатынасына тікелей байланысты. Баланың өзге жұртпен қарым-қатынасы, амандасуы, үлкен-кішімен сөйлесуі- бәрі-бәрі отбасынан басталады. Оның алғашқы ұстазы ата-анасы, тетелес ағалар мен әпкелері. Олар мен күнбе-күн араласу, сөйлесу арқылы баланың тілі күн санап жетіле береді. Адамның тілі неғұрлым бай болса, ойы да нғұрлым кең болады. Сондықтан бала тілін кішкене күнінен әдебиеті мен көркем шығармалардан үзінділер оқып таныстырудың маңызы зор.

Бүгінігі техникалық мүмкіндіктер дамыған заманда білім беру мекелерінің де, ата-аналардың да балалардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру мүмкіндіктері кеңейді. Балалардың сөйлеу дағдысының қалыптасуына теледидар, интернет арқылы көрген ертегілері, қойылымдар, ойындар мен түрлі бағдарламалар өз септігін тигізіп жатар. Бала тілінің дамуы ата-ананың баланы жалғыз теледидар не компьютер алдына отырғызып, ғаламтордан түрлі бағдарламалар мен фильмдерді көруіне жағдай жасаумен емес, керісінше, ертегілерді бірге көріп, не болмаса ертегіні ата-ана өзі оқып беріп, баланың ертегіні түсінгенін, я түсінбегенін байқап, сұрақтарына жауап бергенде ғана нәтижелі болады. Сондықтан әрбір ата-ана өз баласының мүмкіндігін, жас ерекшелігіне тән сөздік қорын жетілдіріп отыруға тырысуы тиіс.

Сонымен қатар, балалардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру төмендегідей нақты міндеттерді орындағанда жүзеге асырылады:

1. Баланың сөздік қорын қалыптастыру, оны белсенді түрде байыту;

2. Бала тілінің дыбыстық жағын жетілдіру, мәнерлі де мәдениетті сөйлеуін тәрбиелеу;

3. Тілдің грамматикалық жағын қалыптастыру, грамматикалық

формалардан ауытқымай сөйлеуге машықтандыру;

4. Ауызекі сөйлеу тілінің қалыптасып, дамытылуын іске асыру;

5. Өз ойын монологты түрде байланыстыра жеткізе білуге үйрету;

6. Көркем сөзге баулу;

7. Сауаттылыққа үйрету.



































Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 55 «Қыран» балабақшасы

мемлекеттік - жекеменшік серіктестігі













Кеңес:

Тақырыбы: «Баланың ақыл-ой дамуындағы ойынның алатын орны»















Дайындаған: №1 ІІ кіші топ тәрбиешісі

Қарабалаева А.А













Ақтау қаласы

2018-2019 оқу жылы

«Баланың ақыл-ой дамуындағы ойынның алатын орны»

Ойын – баланың білім – білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы. Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан, дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата – бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойына саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым – қатынасың, мінез-құлқың, өмірге деген көзқарасың, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты. Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісіне әр түрлі іс – әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен дидактикалық ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады.

Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни, оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалар еді» деп К. Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен. Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады.

Мазмұнды – бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал – жабдықтарды табуға талпынады. Оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс – әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс – әрекетке бағдарлайды. Балалардың өзара қарым – қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады..

Мазмұнды ойынның ерекшелігі: оның балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.

Құрылыс ойында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның бояуларының бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын пішіні, түсі бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді.

Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге әртүрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Ауызша ойналатын дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі.

Қимыл – қозғалыс ойнында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Бұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңестікті уақытты бағдарлауға үйренеді. Батырлық, тапқырлық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар тәрбиеленеді.

 Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын. Сондықтан да, оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр.

Ойын – мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші басты құбылысының бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстарды ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік тәрбиесі ойыннан бастап өрбиді. Ойын мен еңбектің бір-біріне ұқсас сипаттары көп. Белсенді іс-әрекет пен күш-жігер жұмсалмаған ойын – жақсы ойын болып табылмайды. Жақсы ойын да, жақсы жұмыс та көңілді қуанышқа толтырып, рахатқа бөлейді. Демек, осы жағынан ойын мен жұмыстың ұқсастығы байқалады.

Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерлік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды.

 Осыдан келіп ойын туралы мынадай тұжырым жасалады:

  1. a) ойын – тәрбие құралы, ақыл – ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады. Өмірді танытып, сезімді кеңейтуге тәрбиелейді;

 ә) ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді;

 б) ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі;

 в) эстетикалық тәрбие беру – өнерді, көркемдікті түсіндіру құралына айналады;

 г) еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді;

 ғ) дене күшінің жетілуіне көмектеседі;

Ойын – баланы жан – жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.

Дидактикалық ойын түрлері:

1) Заттық дидактикалық ойындар

Бұл ойын әртүрлі ойыншықтармен ж/е әртүрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.

2) «Жаңылтпашты жаңылмай айт», «Мақалды дұрыс оқы», «Мақалды жалғастыр» т.б.

3) Сөздік дидактикалық ойындар, яғни ауызша ойналатын ойындар:

Мыс: Мұғалім бірінші топтың алдына келіп, «өтірік сөз» немесе «ұрлық» деді, оқушылар өтірік сөздің жолы қысқа екендігін және ұрлық түбі қорлық екенін айтып, мақалдар ұйқастырып айтады. Оқушылар осындай ойындарға дағдыланып,жаман қылықтардан аулақ болады.Сабақта викториналық сұрақтар, жұмбақтар,сөзжұмбақтар,ребустар пайдалану өте тиімді.








Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!