СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Колледждегі жастар қоғамдары- лидерлік қабілеттілікті қалыптастырудың негізі

Категория: Завучу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: Колледждегі жастар қоғамдары- лидерлік қабілеттілікті  қалыптастырудың негізі.

Лидер дегеніміз — адамдарға ықпал ете білудің өнері, олардың белгілі бір мақсатқа жетулеріне итермелей білу. Өте жиі, көбіне саясатта лидер өз мақсатына жетуге тырысады. Адамдар лидердің басқаруымен жүрулерінің негізгі себебі, лидер олардың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әр түрлі құралдар ұсына білу мүмкіндігінде және адамдардың іс әрекеттеріне керекті бағыт бағдарды көрсете білуінде. 

Просмотр содержимого документа
«Колледждегі жастар қоғамдары- лидерлік қабілеттілікті қалыптастырудың негізі»

 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» РМҚК













БАЯНДАМА


Тақырыбы: Колледждегі жастар қоғамдары- лидерлік қабілеттілікті қалыптастырудың негізі








Дайындаған оқытушы: Аубакирова М.Ж.

Топ жетекшілер отырысында

12.09.2016 ж. тыңдалды















2017-2018 оқу жылы


Арнайы пәндер циклдық комиссиясы отырысында қаралып талқыланды


Хаттама №_____ «_____»____________________2017 ж.


Циклдық комиссия-1 төрайымы__________ Мукушева Л.А.



Тақырыбы: Колледждегі жастар қоғамдары- лидерлік қабілеттілікті қалыптастырудың негізі.


Лидер дегеніміз — адамдарға ықпал ете білудің өнері, олардың белгілі бір мақсатқа жетулеріне итермелей білу. Өте жиі, көбіне саясатта лидер өз мақсатына жетуге тырысады. Адамдар лидердің басқаруымен жүрулерінің негізгі себебі, лидер олардың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әр түрлі құралдар ұсына білу мүмкіндігінде және адамдардың іс әрекеттеріне керекті бағыт бағдарды көрсете білуінде. Лидердің билігі бағынушылардың  жақсы білімдеріне,  өзін олардың орнына қоя білу білігіне, жағдайларды талдай білуіне, өз іс — әрекеттерінің жақын және болашақ көрінісін анықтай білуіне, өзіндік жетілуге тырысуына, бағынушыларда өздеріне деген сенімділікті тудыра білу қабілетіне  негізделеді. Лидер әріптестерінің, қарсыластарының, бастықтарының психологиялық ерекшеліктерін айқын сезінеді, түсінеді және бұны ресми , ресми емес контактарда қолданады. Басқаларды сендіре отырып,  өзінің компрописке баратынын көрсетеді.  Бірақ, лидер билігінің ең неізгі көрінісі оның адамдарды  басқарудағы тәуелсіздігі, өзінің иеленіп тұрған орнын кез келген уақытта босата білуі.

Лидер болу үшін не керек? Ең бастысы, бұл көбінде жоқ жеке биік мәнсапты орынды иеленуге тілек соған сәйкес міндеттерді, жауапкершілікті өз мойнына алуға дайындығы. Танымал лидер магиялық білік сияқты қажетті уақытта, кажетті жерге пайада бола біледі деп есептелген. Бұндай қасиет аспаннан түспейді, бірақ белгілі бір мағынада бұл Құдайдың берген таланты. Бірақ талант еңбексіз ешнәрсеге  жарамсыз.  Сондықтан лидер ешқандай тосқауылдарға қарамастан алға өз мақсатына жетуге тырысуы керек.

Жастар ортасындағы лидерлердің психологиялық сипаттамасы. Топтағы лидер дегеніміз – топ үшін маңызды болып табылатын белгілі бір жағдайларға байланысты шұғыл түрде сайланатын, болашақта топтың ұжымдық әрекеттерді жүзеге асыратын ресми емес топты басқаратын топ мүшесі. Жастар қауымдастықтарының жоғары немесе орташа деңгейлі өкілдеріне материалдық, тұлғалық қасиеттеріне байланысты, жеке тәжірибиесіне байланысты жоғары беделділік тән. Бүгінгі күн жастар қауымдастықтарының лидерлеріне тән қасиеттерге мыналар жатады:

  • Жігерлі болу

  • Мақсатқа жетудегі қайсарлық

  • Өзгелердің еркін керекті жағдайда басып тастау

  • Өзгелерді өз ырқына көңдіру

  • Ақыл-ой

  • Физакалық күш

  • Сөзінде тұру

  • Іскерлік

  • Өзгелердің артықшылықтары мен кемшіліктерін көру

  • Оларды өз мақсатында қолдану

  • Сенімге тез кіру

  • Коммуниккативтілік

  • Қайраттылық

  • Жауапкершілік

  • Жастар ортасының ішкі және сыртқы жұмыс істеу шарттарын білу

  • Қиын жағдайлардағы тез шешім қабылдау мен жылдам бағдарлану.

Жастар ұйымының лидері – ақылды, ұйымдастырушылық және қоластыдағыларға психологиялық билік жүргізу қасиетіне ие. Қорытындылай келгенде жастарды лидері белгілі қасиеттерге ие, және оларды өз функцияларын атқаруда қолданады. Осындай индивидуалды қасиеттер лидерлердің сайлануына негізгі шарт болып табылады.

Лидерлерді сайлау себептері мен лидерлік биліктің көздері.

Жастар топтарында топтың дамуы мен жұмыс істеуіне байланысты лидерлерді сайлау шұғыл түрде өтеді. Сайлауға екі фактор әсер етеді – объективті және субъективтік.

Объективтік фактор – бейресми ұжымның ішінде өзін ең пайдалы мүше ретінде танытқан адамның салануы.

Субъективті - лидер болып сайланатын адам лидерге керекті қасиеттерге ие адам: ақылды, белсенді, қайратты, өзгелерді өз еркіне бағындара алатын адамдар.

Лидер топтың дамуы мен жұмысына байланысты да сайлануы мүмкін. Психологиялық даму деңгейі төмен топтардың, мысалы компания,лидерді таңдау процессі енді басталып, аяқталып үлгеруінше топ тарап кетеді. Және лидер анықталғанша лидер функцияларын топтың басқа мүшелері атқаруы мүмкін.

Психологиялық даму деңгейі жоғары топтарда лидерлік классикалық жолмен жүзеге асырылады. Топтағы лидерлік қасиеттері бар адамдар жағдайға байланысты лидер функцияларын атқарудан бастап, тұрақты басшыға айналу процессінен өтеді. Лидердің арқасында топ ішіндегі қарым-қатынастар тұрақтандырылады, топ құрамы бекиді, топ бірігеді. Нәтижесінде психолгиялық жоғары деңгейде дамыған қауымдастық - бейресми жастар тобы пайда болады.

Жастар тобының лидері топ мүшелеріне психологиялық билікке ие. Шың лидер билікке ұмтылмайды, топ мүшелері оған өздері бас тігеді. Бейресми топтың құрылуы мен дамуының өзі лидер билігіне негізделген. Психологияда «билік» деген ерекше анықтама бар, ол әрбір индивидтың қоршаған ортасына әсерінің эффективтілігі - билік деп атайды. Лидер билігінің қайнар көздері – билікті қолданушы субъекті басқарылушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын, сол қанағаттандырушылықты ұзаққа созатын немесе қанағаттандырмау құралдар жиынтығы.

Жастар топтарының лидерлері биліктің мынадай қайнар көздерін қолданады:

Эталон билігі. Топ мүшелерінің лидермен идентификациялануына, топ мүшелерінің лидерге ұқсағысы келетіндігіне негізделген.

Лидер орнатып, қолдайтын тәртіп лидер билік көзінің күшіне байланысты.

Білгір билігі. Лидерді анықтайтын күштін негізгі көздері жұмыс атқарылуына байланысты ерекше білімдер, дағдылар мен интуициямен анықталады. Сондықтан да зерттеулердің көрсетуі бойынша бейресми жастар топтарының лидерлерінің интеллект көрсеткіші жоғары, лидер топтың ми орталығы болып табылады. Лидерлердің басқа сферадағы мамандарды жинауы осы билікпен байланысты.

Ақпараттық билік. Ақпараттық билік топ лидері өзге топ мішелеріне жетімсіз, аса маңызды ақпаратқа ие болғанда пайда болуы мүмкін. Жоғары ұйымдасқан жастар тобы арасындағы ақпарат мөлшерлеп бөлінген, ақпарат толығымен тек лидердің қолында болады.

Нормативтік билік. Лидер басқарып, реттеп және бақылау, мәжбүр болған жағдайда талап ете алатын құқығы бар нормаларға байланысты билік түрі. Бейресми топтардың негізгі белгілерінің бірі арнайы жарғысының болуы. Жарғыда мінез-құлық нормалары, салт-дәстүрлер, заңдар, заңдарды бұзған кезде пайдаланатын санкциялар белгіленген.

Қорытындылай келе бейресми жастар арасындағы топ лидерінің билігі – топ ішіндегі қалыптасқан қарым-қатынастар, топтың құрылымы, даму деңгейіне байланысты билік көздері ауысып отыруы мүмкін.

 Қорыта айтқанда ұйымдастырушылық қабілетінің негізін құрайтын жоғарыда аталып өтекен анықталған адамдық қасиеттің тізімі бар. Бұл қасиеттер жұмысшының  жұмыс тәжірибесінен тәуелсіз қалыптасуы  мүмкін, сондықтан да адам жас кезінен ақ басқарушы жетекші болуы мүмкін.  Қорынытындыда менеджер жұмысының  тиімділігін көрсететін жағдайларға тоқталсақ болады. Олардың бірі өзіне және басқарушының өз  іс әрекетін,  бағынушылардың іс әрекетін ұйымдастыру білігіне немесе  оның оларға қатынасына тәуелді болады. Сөйтіп  іс әрекеттің тиімді болуына  іс әрекетті жоспарлау, істердің маңыздысын  және жеделділерінің тізімін дұрыс анықтау, операцияның бір ізді жүзеге асуы, таңдалған шешімдердің саны  жағымды әсер етеді. Менеджр жұмысының тиімділігін артыруға бағынушылардың мүмкіндіктерін, олардың білімдерін, қолдана білу, әріптестерге сену олармен ашық сөйлесе білу қабілеті де әсер етеді. Менеджер жұмысының тиімділігіне кері әсер ететіндер: маңызды сұрақтарға шешім қабылдауда және талқылауда  менеджрдің әріптеестерін сыиламау, ұжым жұмысының нәтижесін өзінікі етіп иемдену. Бірақ кейбір жағдайларда жетекші жұмысының тиімділігі бағынушылар іс әрекетіне тәуелді  болады. Мысалы, егер жұмысшылар белгілі бір сұрақты дұрыс қарастыра білмесе немесе өздері шешімді қабылдауға  қорқса, онда олар бастыққа жиі барып  кеңес алады, яғни бастықты оданда маңызды жұмыстардан бөледі. Дәл осы жағдай жұмысшылардың өз міндеттерін  білмеуінен және өз мүмкіндіктерінен тыс  жұмыс алуында көрінеді. Көбіне бұл жоспарлай білмегендіктен болады. Жетекшілер үшін  қиындықтар бағынушылардың өз мәселелерін дұрыс жеткізе білмеуінен және жетекшілерден бағыт — бағдар күтулерінен де туындайды.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Кричевский Р.Л. Психология руководства и лидерства. М.: МГУ, 1985. - С.214.

2. Ершов А.А. Психология коллектива. М., 1997. - С.109.

3.Уманский Л.И. Психология организаторской деятельности школьников. М., 1990. - С.94.

4. www. wikipedia. com – Лидерство, качества лидера.

5. Водачек Л, Водачкова О. Стратегия управления инновациями на предприятии.: - М.: Экономика. –1999.

6. Герчикова И.Н. Менеджмент: учебник для вузов. М.: ЮНИТИ "Банки и биржи", 1994. – С. 68-69.

7. Горбунов Г.Д. Психопедагогика спорта. - М.: ФиС, 1986. - 208 с.



Оқытушы М.Ж. Аубакирова



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!