СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Көмірсутектердің табиғи көздері, пайдалы қазбалары"

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Көмірсутектердің табиғи көзі мұнай,газ,көмір жайында мағлұмат беру.Мұнайды өңдеу әдістері және өнімдерін таныстыру

Просмотр содержимого документа
«"Көмірсутектердің табиғи көздері, пайдалы қазбалары"»

Сабақтың тақырыбы: Көмірсутектердің табиғи көздері, пайдалы қазбалары, олардың шығу тегі

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Көмірсутектердің табиғи көзі мұнай,газ,көмірді таныстыру.Мұнайды өңдеу әдістері және өнімдері туралы мағлұматтар беру.

Дамытушылық: бұрынғы өтілген материалды жаңа тақырыппен байланыстыра алу қабілетін, ой-өрісін, ойлай қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілік:  Қоршаған ортаны қорғауға,табиғатты сүюге тәрбиелеу

Құрал–жабдықтар:  презентация,үлестірмелі парақшалар,молекула модельдері,маркерлер, фломастер, және т.б
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: география, биология

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, СТО технологияларының әдістері.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру

ІV. Білімді бекіту

V. Қорытынды VІ. Үй тапсырмасын хабарлау VІІ.Білім алушыларды бағалау

 І. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу,түгендеу,білім алушының назарын сабаққа аудару,топты стикер беру арқылы 2-ге бөлу. I-топ:Метан

II- топ Этан

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Арендер, гомологтық қатары, құрылысы, изомерленуі, қолданылуы

1-тапсырма: «Сұрақ-жауап» әдісі

«Ғажайып жетілік»

2-тапсырма: «Сөзден  іске...»

Реакция теңдеулерін жазу:

1-топ:Бензолдың галогендену реакциясының теңдеуін жазыңыз

2-топ: Бензолдың жану реакциясының теңдеуін жазыңыз.

Қызығушылықты ояту.

Білім алушыларға мұнай,газ,көмірдің суретін көрсетіп, «Миға шабуыл» әдісін пайдаланып, сұрақтар қою

1. Қандай заттар?

2. Олардың атауы қандай?

Білім алушыларға сұрақтар қою арқылы бүгінгі тақырыпты анықтау.

Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы анықталды.

«БҮҮ» әдісі

Білемін Үйренгім келеді Үйренгенім

- -

IІІ. Мағынаны тану.

Жаңа сабақтың жоспары:

I.Пайдалы қазбаларға жалпы сиапттама

II. Мұнайды өндеу қондырғысы


I.Пайдалы қазбаларға жалпы сиапттама

Органикалық қосылыстар тегіне байланысты табиғи және синтездік болып екіге бөлінеді.

Табиғи органикалық заттарға: табиғи газ, мұнай,көмір, шымтезек(торф), тақтатас т.б жатады.

Синтездік: органикалық синтез арқылы жасанды жолмен алынады.(полимерлер, дәрі-дәрмектер, каучук,жасанды синтездік талшықтар

Мұнай (парсы тілінен neft- тұтанатын) – жанғыш, майлы, түсі – кен

орнына байланысты ашық қоңырдан қара- қоңырға дейін болатын, өзіне тән иісі бар сұйықтық. Ол судан жеңіл, тығыздығы 0,80- 0,95 г /см, суда ерімейді, органикалық ерткіште ериді.

Мұнай – органикалық заттар қоспасы, кен орындаына байланысты мұнайдың сапалық –сандық құрамы әртүрлі.

Кез келген мұнайдың құрамына үш түрлі, қаныққан, циклопарафин, арамат көмірсутектер кіреді.

Қазақстанда 160 мұнай кеніші бар. Олардың ішінде Атырау – Елебі және Маңғыстау алаптарында, Каспий мен Торғай қайраңдарынан табылған.

 

Табиғи газ — Жер қойнауларында органикалық заттардың анаэробты бөлінуі кезінде пайда болған газдар қоспасы.

Табиғи газ пайдалы қазбалар қатарына жатады. Табиғи газ қабаттарда (жерқойнауларында) орналасқанда газ тәрізді күйде – жекелеген шоғырлар (газ кендері) түрінде немесе мұнай-газ кен орындарының беткі бөлігіндегі арнайы газды қабат (шапка) ретінде немесе мұнайда, кей жағдайда суда ерітілген күйде де болады. Қалыпты жағдайда (101,325 кПа және 15 °C) табиғи газ тек газ тәрізді күйде болады. Сондай-ақ табиғи газ табиғи газ гидраттары түрінде кристалл күйінде де кездесе береді. Таза табиғи газдың иісі мен түсі болмайды.

Табиғи газдың негізгі бөлігін метан (CH4) құрайды — 80-ден 97 %-ке дейін. Табиғи газдың құрамына ауырырақ көмірсутектер – метанның гомологтары кіре алады:

Көмір.Қазақстанда көмір қоры мол. Мұнда тас көмір мен қоңыр көмірдің 10 алабы, 300 кен орны бар. Қазақстанның жалпы көмір қоры 164 млрд тоннаға жетті. Республика жылына 100 млн тонна (2010) көмір өндіреді. Көмір кен орындарының басым бөлігі Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарында орналасқан. Қазіргі кезде Қарағанды алабы 3600 шаршы км жерді алып жатыр. Бұл – Қазақстанның негізгі көмір базасы. Қарағанды көмірі кокстелетіндіктен сапасы өте жоғары. Ашық әдіспен өнлірілетін болғандықтан, еліміздегі көмірдің ең арзаны болып табылады. Дүние жүзіндегі ең ірі «Алып» кенішінде жылына 36 млн тонна көмір өндіріледі. Соңғы кезде Майкүбі (Павлодар облысы) және Торғай (Обаған) көмір алаптарын игеру басталып, сондай – ақ Екібастұз көмір алабының «Алып», «Солтүстік» және «Шығыс» кеніштерінде қайта құру, қайта жабдықтау жұмыстары жүргізілуде


II. Мұнайды өндеу қондырғысы

Ректификациялық қондырғы – мұнай өнімдері өздерінің қайнау температурасына сәйкес фракцияларға бөлініп жиналатын қондырғы.
Мұнайды өңдеп, ашық түсті өнімдерін алатын қондырғы атмосфералық қондырғы деп аталады. Бірақ мұнай өнімдеріне деген сұраныстың артуына байланысты тек айдау арқылы алынған жанармай жетіспейді. Мұнайды өңдеу кезінде ең алдымын түтікті пеште 350° С-та қыздырады.Одан кейін ректификациялық қондырғыда фракцияларға бөлінеді.Ең алдымен Бензин(40-150),лигроин(150-200) ,керосин(180-300),газойль(250-350),мазут алынады.

Зертханадық жұмыс :

Тақырыбы: «Мұнайдың тығыздығын анықтау»

Қажетті құрал-жабдықтар: мұнай,ареометр,цилиндр

ІV. Білімді бекіту:

Ой толғаныс. «Топтастыру»әдісі

I-топ: «Мұнай»

II-топ: «Көмір»





«Сәйкесін тап»

Бензин

Керосин


Керосин

Лигроин



Мазут

«Химиялық диктант»

Мұнай .....................................................................

сұйық зат. Мұнай ұғымы грек халқының «...............» деген сөзінен шыққан.

Ашық түсті мұнай өнімдерін мұнайды .........................арқылы алады.Қазақстандағы ең ірі көмір базасы.....................................Маңызы жөнінен Қарағандыдан кейін екінші орын алатын ............................Жалпы қоры..................

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде ..............................................өндірілді.



«Кім жылдам?»

«Метан»: тобына : Көлемі 2,8 м3 (қ.ж) пропанның массасын табыңдар

«Этан» тобына:  Көмірқышқыл газының қ.ж тығыздығын есептеңдер


«Қосымша тапсырмалар»

1-тапсырма:

1.Арендердің жалпы формуласы:
2. Көмірсутектердің негңзгң көздері?

2-тапсырма:

1. Алкендердің жалпы формуласы?
2. Мұнайдың физикалық қасиеті?


3-тапсырма:
1.Қаныққан көмірсутектердің жалпы формуласы?
2. Табиғи газдың негізгі құрам бөлігі


4-тапсырма:

1.Мұнайдың қолданылуы

2.Метанның жану реакциясының теңдеуі?


V.Қорытынды: «Easy- Quizzy» бағдарламасы бойынша тест жұмысы


«БҮҮ» әдісі.

«Бір айналым сөйлесу» әдісі бойынша білім алушылар өтілген тақырып бойынша өз ойларын бір сөйлеммен жеткізеді.

«Бас бармақ» тәсілі бойынша сабақты түсінгенін немесе түсінбегенін анықтау

ҮІ. Үйге тапсырма: «Табиғи газ бен мұнайдың әлем кеңістігінде алатын орны» шағын эссе жазу.


ҮІІ. Бағалау.Топ басшыларына бағалау парағын беру арқылы өзінің тобындағы білім алушыларды бағалайды









Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!