СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Компьютердің пайдасы мен зияны урок в 10 классе по казахскому языку

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

На уроке применены элементы дебатов,  а также критическое мышление, взаимооценивание, работа в группах, в паре.

Просмотр содержимого документа
«Компьютердің пайдасы мен зияны урок в 10 классе по казахскому языку»

Сабақтың тақырыбы: Компьютердің пайдасы мен зияны

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушылардың сөйлеу мәдениетіне, өзінше ойын білдіруге, біреудің пікірін тыңдай білуге, шығармашылықпен жұмыс істей білуге үйрету.

  2. Дамытушылық: ойлау қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту, ауызша сөйлеу мәдениетін өрістету, сөздік қорын молайту.

  3. Тәрбиелік: заман талабына сай жан-жақты, бәсекеге қабілетті болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекіліктері: кестелер, тірек сызбалар, таратпалар, ноутбуктар, рефлексия парағы, ватмандар, фломастерлер, қима қағаздар.

Сабақтың пәнаралық байланысы: орыс тілі, информатика, ағылшын тілі.

Жұмыс түрі: Жұптық, топтық, жеке

Әдісі: Сұрақ – жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі Қызығушылықты ояту

Сабақты психологиялық дайындықтан бастау. Тренинг: «Тілек»

Ол үшін балалар шеңберде қол ұстасып тұрады. Бір –біріне жақсы тілектер айтады.


Коллобративтік орта жасалады: Пазлдарды жинақтап балаларды топқа бөлу

-Бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу үшін жұмбақты шешеміз («Ой қозғау» ойыны).

Жұмбақ беру

Бар нәрсеге жетік

Миы күшті тетік

Ол арқылы сөйлесіп

Кетесің шетелге де өтіп (компьютер)

Осы жұмбақтың шешуін тауып сабақтың тақырыбын анықтаңдар.

Оқушылар сабақтың тақырыбын тауып, мақсат қояды

Сабақ ережесін еске түсіру:

Алтын ереже:

Тыныш отырып тыңда!

Уақытты үнемдей біл!

Тез ойлан!

Сауатты жаз!

Мұқият бол!

Басқаны тыңдай біл!


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Балалар, сендерге алдын ала тапсырмалар берілді. Бүгін Люба бізге презентация жасап келді. Қазір презентацияны көреміз.


3-тапсырма. Жағдаят ойыны.

Жағдаят

Ербол компьютерді өте жақсы көреді.Кішкентай кезінен компьютер сатып алуды армандайтын. Компьютер клубына барып,компьютерде әр түрлі ойындарды үйренеді.

Былтыр ата-анасы Ерболға компьютер әперді. Ерболдың қуанғаны соншалық – қолма-қол компьютерді қосып,Интернетпен байланыс жасай бастады.Енді Ерболмен байланыс жасай алмайсыз,өйткені ол жолдастармен кездеспейді, қонаққа бармайды,қонақ шақырмайды,ешкімге телефон соқпайды, біреу телефон соқса, қысқаша жауап береді де, қайтадан компьютерге жүгіреді. Қазір де,міне, компьютердің алдында ешкімді естімей отыр. (Дебат ойынының элементтерін пайдалану.)

Ерболдың мәселесін шешуге болады ма?

Шешімін тауып көріңіз.

1-топқа (жақтаушы топ) компьютердің пайдасын айту.

2-топқа (даттаушы топ) компьютердің зияны туралы айту.


----(пайдасы)Армысыздар құрметті көрермендер, менің қарсыластарым! Біз бүгінгі дебатта сіздердің қойған сұрақтарыңызға барынша жауап беруге тырысамыз. Біздің ұсынып отырған позициямыз «Компьютер керек, біздің өмірімізге қажетті құрылғы. Компьютердің пайдасы өте зор».
ХХІ ғасыр адамзат баласының ой - өрісінің ерекше өсіп, өркендеп жетілген ғасыры болып отыр. Үйіңізде компьютер болса, ол ғаламторға қосылса, бүгінде кез - келген мемлекеттегі танысымызбен интернет арқылы хабарласа беретіндей жағдайға жеттік. Өзіңізге керек мәліметті ғаламтор арқылы жылдам тауып алып, керегіңізге жарата бересіз.
Компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі, жұмыс өнімділігін арттыру болып табылады. Есеп - қисап жасау, мәліметтерді өңдеу, құжаттарды қағазға басып шығару істеріне пайдалансаңыз, сіз бір сағатта көптеген жұмыс жасай аласыз. Мысалы, машинкада мәтін басатын ең шебер адам минутына 60 - 80 сөз, 6 - 8 жол басса, компьютер 120 жол басады, демек, 1 компьютер 200 адамды алмастырады екен. Мысал келтіретін болсақ: әр пәннен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен, яғни, жай сиямен және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны ашып принтермен көшірмесін жасаған әлде қайда аз уақыт жұмсалады.

--- (зияны) Сәлем бердім қауымға. Біздің қарсыластарымыз: «Құжатты әдемі таза жазып, компьютерде сақтап қоюға болады» дейді. Мысалы электр тоғы жұмыс кезінде өшіп қалса, біз теріп отырған жұмыстарымызда лезде өшіп, жойылып кетеді. Соның нәтижесінде жұмысымызды қайта жасауға тура келеді. Ал бұған екі есе уақыт кетеді.

---- (пайдасы)Құрметті көрермендер, бұл сұраққа мен жауап берейін. Компьютер жұмыс жасап отырғанда кенеттен электр тоғы сөнді дейік, бұл жағдайда сіздер біреулеріңнің керек компьютерге UPS / Источник безперебойного питания / құрылғысы қосылып тұру керек. Сол арқылы тоқ сөнген кезде осы құрылғы бойына 20 - 30 минут аралығына дейін тоқ сақтап тұрады. Ол компьютерге беріліп, сіз жұмысыңызды сақтап, тіпті принтермен бірнеше көшірмесін жасап үлгересіз. Ал егер ол құрылғы қосылып тұрмаса, тіпті жоқ болған кезде Файл – Сохранить немесе Құрал – сайманда тақтасындағы сақтау батырмасын әр 5 минут сайын басып отыру қажет.

-----(зияны)Адам компьютер алдында ұзақ уақыт отырғанда: мойын, бастың, қолдың және иық бұлшық еттеріне күш түсіп, осыдан омыртқаға артық жүктеме, остерохондроз, ал демалыссыз ұзақ уақыт бойы компьютер алдында отыру көзге көп кері әсерін тигізеді. Көруді нашарлатады.

Қол саусақтарымен перне тақтаны үнемі басқан соң жансыздану, әлсіздік пайда болады. Бұл қол ұшының буын және байланыстырушы аппаратының бұзылуына әкеледі, ал бұдан әрі қарай қол ұшының ауыруы созылмалы жағдайға өтеді. Балаларда — сколиоз пайда болады.


----(пайдасы)«Компьютер – уақыт талабы» біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз.
Қазіргі кезде өркениетке өзін жақынмын деп санайтын кез - келген қоғам мүшесі ең әуелі шет тілін немесе компьютер үйренуге талпынады. Неліктен? Өйткені шет тілі мен компьютердің тетігін тапсаңыз, көптеген тірліктеріңіз оңайласты дей беріңіз, ғаламторға шығасыз, материал жинайсыз, бос уақытыңызды өткізесіз, ойын ойнайсыз дегендей…Қазір жаңа заман біз бәріміз компьютерді толықтай білуміз тиіс. Компьютер бізге зиян деп жатамыз, онымен жұмыс істеп қолдана білсең еш зияндығы жоқ.

-----(зияны) Компьютерлік ойындардың негізгі түрі атыс - шабыс, төбелес, зорлық - зомбылықтар болып келеді. Бала сыртқы дүниені ұмытып, қым - қиғаш соғыс немесе сатырлаған төбелестің ортасында жүреді. Осындай кездерде баланың жүйке - жүйесі бұзылып, ашу - ызаға жол береді. Бірте - бірте баланың бойындағы мейірімділік, ізгілік қасиеттері, ата - ананы сыйлау қабілеті азаяды. Осылайша жалғаса берсе, баланың әдеби кітаптарға, ізгілік қасиеттілік ойындарға қызығушылығы төмендеп, компьютерге тәуелділікке әкеліп соғады.

----(пайдасы) Ал мен басқаша ойлаймын. Мектептегі жалпы оқушылар деңгейі әртүрлі. Бір бала спорттық ойындарды ұнатады, тағы басқасы қол өнерімен шұғылданады, енді бірі кітап оқығанды жақсы көреді, тіпті ештеңеге қызықпайтын оқушылар да бар, солар қайтпек. Бұл жағдайда компьютерлік ойындардың көмегі тиеді. Әрине мен атыс - шабыс, қан төгу ойындарына қарсымын. Көптеген компьютерлік ойындар балалардың логикасы мен кеңістіктік ойлау қабілетін арттырады. Компьютерлік ойындар тек қана атыс - шабыстан тұрмайды, олардың бас қатырарлықтай шым - шытырық тапсырмаларға, логикалық шешімдерге негізделген, анағұрлым интеллектуалдық түрлері де жетіп – артылады. Интернет арқылы әр түрлі олимпиадалық ойындарға қатысады.

-----(зияны)Интернетке жүгініп, үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу-баланың айналасындағы адамдармен бетпе-бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады. Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз өткізудің зардабы.

----- (пайдалы кеңес) Компьютерлік ойындардан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарамыз бар, соны неге ойнамасқа. Асық ойнау, күрес, қол күрес, волейбол, футбол сияқты коп ойындар бар. Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін.
Сол себептен компьютермен жұмыс жасауға отырмас бұрын мына кеңестерді басшылыққа алып жүруді ұсынамын.
1. Монитор экраны көзден 50, тіпті 70 сантиметр қашықтықта тұруға тиіс.
2. Экранның жоғарғы бөлігі көздің тұсынан төмендеу тұрғаны жөн.
3. Жұмыс жасайтын жерде бірнеше компьютер болса, ара қашықтығы 1 метрдей болсын.
4. Мүмкіндігінше, компьютердің артының қабырғаға қарап тұрғаны дұрыс.
5. Компьютер тұрған бөлмеде шаң болмауы қажет. Шаң - өте зиянды.
6. Компьютер тұрған бөлменің ауасын тазалап тұрады, компьютердің жанына су құйылған ыдыс қояды.
Үзіліс кезінде көзге жаттығулар жасайды: көзді жоғары - төмен, оңға - солға, айналдыра қозғалтады, алысқа көз жібереді, терезеге қарайды, сонан соң көзді жақын маңайға қарауға бағыттайды.

Қорыта айтқанда, әр нәрсені қолданудың өз орны бар екенін ұмытпайық.



Тапсырма. Мәтінді оқып, алдымен кестеге берілген мәтін үзінділерінің ретін жазыңыз, содан соң мәтіннен кейінгі тест тапсырмаларын орындаңыз.

Интернет жүйесі

Күн сайын біз адамдармен әр түрлі жолмен байланыс жасаймыз. Олар: телефон, ұялы телефон, факс, электронды пошта, интернет.

Интернет планетадағы барлық компьютерліқ желілердің басын қосатын дүниежүзілік «өрмекші торға» айналды.

Интернетті көптеген мақсатқа пайдалануға болады. Интернет арқылы әрбір оқушының дистанциялық жобаларға қатысуға мүмкіндігі бар. Интернеттің көмегімен машина, үй сатып алуға , басқа қалалардағы қонақ үйден күні бұрын орын алуға, кино көруге, тіпті басқа елдегі танысыңызбен еркін сөйлесуге де болады.

Өміріміз күн санап дамып, өзгеруде, сонымен бірге қарым-қатынастың түрі де көбеюде. Сөйлесу әрі жеңіл, әрі қарапайым, әрі тез болатын болды.



Басы


1


2


3


4



А) Интернеттің көмегімен машина, үй сатып алуға , басқа қалалардағы қонақ үйден күні бұрын орын алуға,кино көруге,тіпті басқа елдегі танысыңызбен еркін сөйлесуге де болады.


Ә) Өміріміз күн санап дамып, өзгеруде, сонымен бірге қарым-қатынастың түрі де көбеюде. Сөйлесу әрі жеңіл, әрі қарапайым, әрі тез болатын болды.


Б) Күн сайын біз адамдармен әр түрлі жолмен байланыс жасаймыз. Олар: телефон, ұялы телефон, факс, электронды пошта, интернет.

В) Интернет планетадағы барлық компьютерліқ желілердің басын қосатын дүниежүзілік «өрмекші торға» айналды.



Дұрыс жауап:

басы


1

Б

2

В

3

А

4

Ә



Ү. Жаңа тақырыпты бекіту.

1-тапсырма.Полиглот ойыны. Термин сөздерді үш тілге аударыңыздар, сөздерді компьютерде басыңыздар.

1.Интернеттен біз не аламыз?

Ақпарат,информация,information

2. Графиктік курсорды басқаратын құрал?

Тышқан, мышь,mouse

3. Ақпаратты шығаратын құрал ?

Баспа,принтер, printe

4.Бір-бірімізбен тез арада не арқылы байланысамыз?

Ұялы телефон,мобильный, mobile



Бүгін Асем де озық тапсырма дайындап келді, оның тапсырмасын орындаймыз, тексереміз бағалаймыз.







Меңгерілген тақырыпты жинақтау мақсатында «Бес саусақ» тәсілі 
Оқушылар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады: 
Бас бармақ – басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды? 
Балалы үйрек – бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім? Кімді риза жасадым? Кім маған көмек берді? 
Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай жаңа білім мен тәжірибе алдым? 
Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? 
Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім? 
Алақан – алға ұмтылу. Жұмысты жақсарту үшін не жасау керек? Білімімді қалайша толықтырам? 



Үй жұмысы Мәтін және қосымша материалдар қолданып, тақырып бойынша тест құрастыру

Әр түрлі тест тапсырмалар құрастырады Оқушылар ізденіп, қосымша материалдар оқып нәтиже сабағына дайындалады

Жеке оқушыларға озық тапсырма беру: Ребус немесе тест тапсырмаларын дайындау



Үйге тапсырма: Диалог құрастыру



Тест тапсырмасы

Компьютерлік ойындар балаларға әр түрлі әсер етеді:егер де, бұл ойындар үйрететін, логикалық ойын дамытатын, зейін, спортқа қызығушылығын арттыратын- дойбы, футбол ойынындағы жаңа әдіс-тәсілдерді үйренеді. Бұдан оқушыларда логикалық ойлау жүйесі жақсы жетіледі. Олар есептің жаңа шығарылуы жолын бірден табады, есептеу техникаларын жақсы меңгереді. «Жарыс», «атыс» ойындарын ойнайтын оқушылар жүйкелері жұқарған, компьютер ойнағаннан кейін көздері ауырады, оқу үлгерімі нашарлайды. Олар мұқиятсыз, ашуланшақ, есептеу кезінде көп қателер жібереді, жай оқиды, кейде сабаққа дайындықсыз келеді немесе үй жұмысын дұрыс орындамайды.

Компьютер қолданатын адамдардың денсаулығына мынадай шағымдар бар: көздің тартуы, бас ауруы, жүйкенің жұқаруы, ұйқының нашарлауы, шаштың түсуі, терінің қызаруы, аллергиялық іш ауруы, көптеген ересектер үшін-жаңа құбылыс.

Ұзақ уақыт бойы компьютердің алдында тапжылмай отыру омыртқа ауруына әкеліп соқтырады. Кішкентай балалардың және жасөспірімдердің омыртқалары дұрыс қалыптаспаған, компьютер алдында көп отыру омыртқаның қисаюына себепші болады.

Интернет және оның қызметтері(электрондық пошталар, байланыс бағдарламалары, конференциялар, форумдар т.с.с) адам ағзасына кері әсерін беруі мүмкін.Жүйке жүйесін шамадан тыс жүктеудің соңында неврастия деген ауруға әкеп соғады.

Интернетке көп уақыт отырған адамдар өз туысқандарымен, дос-жарандарымен қарым-қатынасы азая бастайды.

Кішкентай кезінен компьютермен жұмыс істей алатын кішкентай бала өзін еркін сезінеді, себебі ол әлемдегі замануи технологияларға қолы жетеді. Компьютерлік ойындарды ойнағанда бала өзінің сиқырлы әлемінде жүрген секілді сезінеді.



1. Мен сабақта жұмыс… жасадым

2.Менің сабақта жасаған жұмысыма

3. Сабақ маған

4. Мен сабақта

5. Менің көңіл-күйім

6. Сабақтың материалы маған



7. Үй жұмысы маған

1. белсенді / неғұрайлы

2. Көңілім толды / толмады


3. ұзақ / қысқа немесе тез


4. шаршамадым / шаршадым


5. жақсарды / төмендеді


6. түсінікті / түсініксіз

пайдалы / пайдасыз

Қызықты / қызықсыз

7. жеңіл / күрделі

қызықты / қызықсыз






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!