СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Компьютерлік вирустар, компьютерлік вирустар түрлері, вирустардың дербес компьютерлерге ену жолдары.

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Компьютерлік вирустар, компьютерлік вирустар түрлері, вирустардың дербес компьютерлерге ену жолдары туралы толық мәлімет ала алады.

 

Просмотр содержимого документа
«Компьютерлік вирустар, компьютерлік вирустар түрлері, вирустардың дербес компьютерлерге ену жолдары.»

Пән: Информатика

Курс тақырыбы 4.2. Компьютерлік вирустар, компьютерлік вирустар түрлері, вирустардың дербес компьютерлерге ену жолдары

Сабақтың тақырыбы №10 Компьютерлік вирустар, компьютерлік вирустар түрлері, вирустардың дербес компьютерлерге ену жолдары.


Вирус және оның түрлері
Компьютерлік вирустар – компьютерге зиян келтіру үшін жасалған бағдарламалар.Вирустар өз-өзінен көбейіп, өздерінің көшірмелерін жасап, жасырын түрде компьютерде тұрған ақпараттарға, құжаттарға зақым келтіруі, кейде оларды өшіріп тастауы мүмкін.Ең алғашқы вирус 1986 жылы "Brain" (қазақша “Ми”) деген атпен пайда болды. Әлемде бірінші рет 2000 жылы 5-мамырда пошталық вирус "Мен сені сүйемін!" деген аттағы файлмен таралды.Компьютерлік вирустардың ерекше өзгешеліктері мыналар: 1) кіші көлем; 2) өздігінен жіберу; 3) вирусты көп рет көшіру;  4) компьютер дұрыс жасауына тосқауыл қою.
 Вирустар зақым келтіру масштабына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
Зиянсыз – компьютер жұмыс жасауына әсер етпейді, бірақ өз-өзін көбейту арқылы компьютер жадындағы бос орындарды кемейтуі мүмкін.
Қауіпсіз – диск жадын графикалық, дауыстық, ішкі эффекттер арқылы азайтады.
Қауіпті – компьютер жұмысының қатып қалуына алып келеді.  
Аса қауіпті – бағдарламалар, ақпараттар жоғалуына, өзгеруіне немесе қатты дисктегі сақталған құжаттар жоқ болуына алып келеді.
Вирустар сақтау орнына және тұратын ортасына қарай мына түрлерге бөлінеді:
Файлдық вирустар – .com, .exe, .sys кеңейтпелеріне ие бағдарламаларға зақым келтіріп, компьютердің өшуіне дейін алып келеді. Заңсыз бағдарламаларды, әсіресе, ойындарды көшіріп алу арқылы компьютерге кіреді.
Жүктелуші вирустар – кейбір бағдарламаларды, ақпараттарды жүктегенде зақымдану пайда болады. Қорғану жолдары: 1) күмәнді сілтемелерге, жүктеу көрсетілген сілтемелерге басуға, кіруге болмайды. 2) компьютер жүктеуден зиян көрмеу үшін BIOS (Setup) қорғаныс қою керек.
Макровирустар – Word және Excel құжаттарына зиян келтіреді. Бұл вирустар макрокомандалардан (макростардан) тұрып, құжаттарға салынады және құжаттардың стандартты шаблонына зақым келтіреді. Word, Excel құжаттарды ашқанда, онда макрос бар екендігі туралы хабар келеді. Егер макростардың жүктелуіне тыйым салуды қаласаңыз, макростардың пайдалы мүмкіндіктерінен де мақрұм боласыз.
Желілік вирустар  – компьютердегі желі арқылы таралады. Пошта жәшігіңіздегі хабарламаны ашқанда кірген файлдарға мән берген жөн!
Логикасына және әсер етуіне қарай оларды шартты түрде мыналарға жіктеуге болады:
•    «Ұстауыш- вирустар» - программалық жабдықтар кешеніндегі қателіктер мен дәлсіздіктер пайдаланады. Көлемді программаларды түзету кезінде белсенділік көрсетіп программаға жабысады. Әртүрлі зияндық әрекеттері бар вирус.
•    «Логикалық бомбалар» - қарапайым прогаммаларға кіріп алып білінбей тұрады. Тек белгілі бір шарттар орындалғанды ғана әсер ете бастайды. Сол шарт орындалар мезетке дейін неғұрлым көп программаларға «жұғуға» тырысады.
•    «Құрттар» - жүйелік прогламмалаушылардың информациялық есептеу желілерінің бос тұрған ресурстарын анықтау прогламмаларына кіріп алып сол бос құрылғыларды тектен тек жұмыс істеуге мәжбүр етеді. Мысалы, оларды шексіз циклге енгізіп, құрдан құр жүргізіп қояды немесе қажетсіз мәліметтерді баспаға шығартады және т.с.с
•    «Троян аттары» - қарапайым қолданбалы прогламмаларға еніп алып, соларға рұқсат етілмеген әркеттерді орындатады. Жасалу құрылмалы мен көбею жолы оңай болғандықтан, көбінесе компъютер желілерін жайлап алады.

Компьютерлік вирустар
ХХІ ғасыр адамзат өміріне көптеген жаңалық әкелді. Біз алда өтіп кеткен ХІХ ғасырды электр және бу ғасыры деп атасақ, ХХ ғасырды радио мен атом энергетикасының алтын ғасыры деп танысақ, ал қазіргі ХХІ ғасырды «компьютерлік» ғасыр деп атасақ жаңылыспаймыз. Себебі қазіргі кезде электрондық есептеуіш машиналар, яғни компьютерлер адам өмірі мен оның қызметін жеңілдетуде көптеп қолданылып жатыр.Осы кезеңде ең көп қолданылатын электронды есептеуіш машина болып дербес компьютерлер табылады.Бұл дербес компьютерлердің қолданылу аясы кеңейіп, адамзат қоғамын өңделген және көп мөлшердегі ақпараттар массасымен қамтамасыз етеді. Заман талабына сай бұл дербес копьютерлерді әр салада жұмыс істейтін әрбір адам, әрбір жұмыскер үйреніп, оның қыр- сырын танып- білуі керек.Осы 2005 жылы дербес компьютерлердің пайда болуына 25 жыл толып отыр. Бізге белгілі ең алғашқы дербес компьютерді 1980 жылы Америка Құрама Штаттарының Intel 80806 Pentium фирмасы жасап шығарған. Осыдан соң 1971 жылы 8 разрядтық машина сөзімен жұмыс істейтін микрокалькулятор секілді алғашқы микропроцессор пайда болды. Ал 1978 жылы Intel Pentium фирмасының 16-разрядты машиналық сөзбен жұмыс істейтін, бірақ 8- разрядты шина қолданатын микропроцессор қолданыла бастады. 1987 жылы тап осы компаниямен 1386 процессор, 1990 жылы 486 МГц- те жұмыс істейтін прцессор құрылды.Осындай қысқа да қиын мерзімде дербес компьютерлер бірінші дербес компьютерлерден бастап қазіргі Intel Pentium 1024 кб кэштік және 3400 МГц жиіліктік процессоры бар супержаңа дербес компьютерлерге дейінгі аралықты жүріп өтті. Сонымен қатар бұл дербес компьютерлердің адамзат өмірінде алатын орны зор және қазіргі электрондық есептеуіш компьютерлерді ХХІ ғасыр адамының жан жолдасы деуге болады.Дегенмен барлық материалық әлемдегі сияқты компьютер әлемінде де диалектика заңы қатар жүреді: әрбір құбылыс өзіне қарама- қарсы құбылыс туғызады. Мысалға, қылыш — қалқан, оқ — брон, әуе- шабуылы- зениттік ракеталық комплекс. Бұл құбылыс галактика секілді шексіз әрі тоқтаусыз жүреді. Демек, егер үлкен ақпараттар массасын өңдейтін құрал – жабдық пайда болса, онда оған қарсы әрекет ететін келесі бір құбылыс пайда болатыны кәміл. Компьютерлер әлемінде бұл құбылыс ретінде компьютерлік вирустарды мысалға келтіруге болады.
Сонымен компьютерлік вирустар дегеніміз не? Алғаш рет «компьютерлік вирустар» деген термин ХХ ғасырдың 80 – ші жылдардың орта кезінде Америка Құрама Штатарында пайда болған. Бірақ «компьютерлік вирус» терминіне айқын анықтама берілген жоқ. Сол кездердің өзінде – ақ «компьютерлік вирустар» деген ұғымды электрондық есептеуіш машиналарды қатардан шығарып, жұмысын тоқтатын қатерлі «талқандаушы» деп түсінді.Қазіргі кездің өзінде компьютерлік вирустардың 45 мыңға тарта түрі белгілі болып отыр. Компьютерлік вирустардың 1997 жылдан бастап күннен – күнге мөлшері артып барады.Сондықтан әрбір компьютермен жұмыс істейтін адам компьютерлік вирус және оның түрлері туралы білген жөн. Сонымен компьютерлік вирус дегеніміз не? Компьютерлік вирустар дегеніміз — өздігінен өз көшірмесін жасай алатын, оны әр түрлі объектілерге және компьютерлік жүйелер мен компьютерлік желілерге енгізе алатын, тағы басқа зиянды іс — әрекеттер істей алатын қабілеті бар кішігірім программа.
Компьютерлік вирустарды кім және оны неге құрастырады?
1. Біріншіден, ассемблер тілін немесе басқа да қарапайым программалық тілдерді үйреніп, алғашқы қадам жасау кезінде жүрген жас программистер құрады. Олар компьютерлік вирустарды өз ортасында өз тәжірибесін арттыру мақсатында құрады.
2. Осыдан кейін компьютерлік вирустар құраушылардың екінші бір жаңа тобы пайда болады. Олар – жартылай ұғымдағы, өздерін тек бұзақылық, қылмыстық жағынан көрсететін адамдар. Бірақ олардың таланты мен бар күші тек әлде кіммен жасалған және барлық адамдарға мәлім компьютерлік вирустарды өңдеуге, сонымен қатар жаңартуға ғана жетеді.
3. Келесі адамдар тобы – жоғары тәжірибелі, өте қауіпті компьютерлік вирустарды құрайтын, кино фильмдердегі ғылым үшін барлық әлемді құрбандыққа шалуға дайын «ақылы жетіспейтін» ғалымдар секілді компьютерлік вирустарды жазушылар.
4. Төртіншіден, кейбір компьютерлік вирус жазушылар компьютерлік вирусты компьютерлер әлемін толық танып – білуге, оны зерттеу үшін құрастырады. Бұл жазылған компьютерлік вирустың олардың жеке басына қатысы болмайды да.
5. Соңында, нағыз жоғары тәжірибелі, бар ғұмырын компьютерлік вирус құрастыруға арнаған және сол вирустарды ақша – қаражат үшін құрастыратын компьютерлік вирус жазушылар. Олар үшін компьютерлік вирус құрастыру тек бизнес, яғни бұл топ адамдары белгілі бір компьютерлік вирус құрастырып, оны тартады да, одан зардап шеккен келесі бір адамдарға өзі алдын ала құрып қойған антивирустік программаларды қомақты ақшаға сатады.
Демек компьютерлік вирустардың құрылуының да негізгі себептері бар.
Компьютерлік вирустар қалай тарайды? Негізінен алғанда компьютерлік вирустардың тарауының негізгі үш түрі бар:
• Компьютерлік вирустар бір компьютерден екінші бір компьютерге дискет арқылы немесе СD – диск арқылы таралады.
• Компьютерлік вирустар компьютерге Интернеттен жүктелген файл арқылы жұғуы мүмкін.
• Компьютерлік вирустар компьютерге электрондық почта арқылы келіп түскен хатқа жалғасқан қосымша файл ретінде келіп, жұғуы мүмкін.
Бүгінгі күні электрондық почта ең үлкен көлемдегі вирустар инфекциясының «бұлақ көзі » болып табылады. Бұл қазіргі таңда Интернет желісінің адам тұрмысында аса зор қажеттілікте қолданылуынан екені түсінікті. Таралған компьютерлік вирус ерекше керемет жылдамдықпен дүние жүзілік өрмек арқылы компьютерден компьютерге жалғасып кете береді. Сонымен қатар бұл компьютерлік вирус қоғамдық қолданыстағы компьютерлерге де таралады. Бұл компьютерлерге негізінен қоғамдық орындардағы, мысалы оқу орындарында орналастырылған компьютерлер жатады. Егер де ол компьютерге бір студент компьютерлік вирус әкеліп жұқтырса, онда ол компьютерлік вирус барлық компьютерлерге таралып, ештеңе күмәнданбайтын келесі бір студент ол вирусты өздерінің қызмет компьютеріне, туысқандарының немесе таныстарының компьютерлеріне тарата береді.
Компьютерге жұғысымен – ақ, компьютерлік вирус әр түрлі бағыттарда компьютерді бүлдіре бастайды. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдынан қосымша жазылады да, оларды «бүлдіруге» кіріседі, сондай – ақ компьютерге тағы басқа келеңсіз әрекеттерді, мысалға винчестердегі, яғни қатқыл дискідегі кодты өзгертуі, егер де компьютерлік вирус макрос тілінде жазылған болса, онда ол өзін макеттерге немесе программалық дайындауларға қосып жіберуі мүмкін. Ішінен осындай компьютерлік вирустар табылған программалар «ауру жұққан» немесе «бүлінген» деп аталады. Мұндай программаларды іске қосқанда алдымен компьютерлік вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі фунциялары орындалмайды немесе қате орындалады. Компьютерлік вирус іске қосылған программаларға да кері әсерін тигізіп, оларға жұғады және басқа да зиянды іс — әрекеттер жасай бастайды (мысалы, файлдарды немесе дискідегі файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадтағы бос орындарды жаулап алады және тағы сол сияқты іс — әрекеттер).
Өзінің жабысқандығын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады. Компьютерлік вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекеттерін орындағаннан соң, жұмысты басқаруды негізгі программаға береді, ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс істей береді. Сөйтіп ол программа бұрыңғы қалпы бойынша жұмысын жалғастырып, сырт көзге вирус жұққандығы бастапқы кезде білінбей қалады.
Вирустың көптеген түрлері электрондық есептеуіш машиналар жадында DOS- ты қайта жүктегенше тұрақты сақталып, оқтын – оқтын өзінің зиянды әсерін тигізіп отырады.
Компьютерік вирустың іс — әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырған адамға байқалмайды, өйткені ол өте тез орындалып, әсері онша білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың әдеттегіден өзгеше жағдайлардың болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады.
Бірақ біраз уақыт өткен соң, компьютерге әдеттегіден тыс келеңсіз құбылыстардың басталғаны білінеді, олар, мысалы, мынадай іс — әрекеттер орындауы мүмкін:
• кейбір программалар жұмыс істей алмай қалады немесе дұрыс жұмыс істемей тұрады.
• экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдар, т.б. шығады.
• компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды.
• көптеген файлдардың бүлінгені байқалады.
Компьютерге вирус жұққанын байқаған кезде кейбір файлдар мен катологтар, дискідегі мәліметтер бұзылып үлгереді, оның үстінен пайдаланылған дискеттер арқылы немесе жергілікті байланыс желілері бойымен компьютердегі вирустар басқа компьютерлерге таралып кеткені байқалмай да қалады.
Қазіргі уақытта дербес компьютерлердегі exe, bat, com, txt- типтегі көптеген файлдар компьютерлік вирустарға төзе алмайды. Осындай жағдайларда компьютерлік вирустар компьютерлерге орналасып алады да, вирус әсеріне ұшыраған дербес компьютердің операциялық жүйесіне «заңды» түрде басқару жасай бастайды. Ол компьютерде WINDOWS жүйесінің файлы ретінде әрекет ете отырып, ақырындап қатты дисктің ақпараттық кеңістігін басып ала береді. Ақыр соңында компьютерлік вирустың әсерінен жад көлемі кішірейіп, содан кейін компьютердің операциялық жүйесі қолданушыға компьютер жадының бос орны қалмағанын хабарлайды. Осылайша вирус әсерінен компьютер ешқандай ақпарат өңдей алмайды да, компьютерлік вирустың әрекет ету аймағы ұлғая түседі. Нәтижесінде компьютер толық қанды жұмыс ете алмай қалады.
Біз алдында айтып кеткендей компьютерлік вирустар өздерін жасыру жағынан ерекшеленеді. Дербес компьютелер қазір күннен – күнге күрделеніп, жоғарғы ақпараттық және программалық технологиямен жабдықталып жатыр. Дегенмен компьютерлік вирустар тек тұрып қалмай, сол ортаға бейімделе бастайды. Осылайша компьютерлік вирустар дисктің жүктемелік секторларын, DOS, Windows, OS/2 операциялық жүйелеріне арналған файлдарды, тіпті Word, Excel және MS Office документтерін де бүлдіруді үйренеді.
Компьютерлік вирустар системада өінің бар екенін жасыра отырып, көрінбейтін вирустарға – стелс вирустарға айналады. Компьютерлік вирустар өздерін антивирустік программалар анықтай алмас үшін полиморфты болуға жаттығады.
Былайша айтқанда, вирустар өмір сүруге және жеңуге талпынады. Ол үшін компьютерлік вирустар программалық не ақпараттық жаңа мүмкіндіктерді қолдана бастайды. Соның бірі — вирус қорғанысы Protected Mode.
Бұл жағдайда негізгі вирустық код жоғарғы адрестен жадтың белгілі бір бөлігін белгілеп алады да, оған өз көшірмесін енгізіп, сол арқылы басқаруды қолға ала бастайды.
Біріншіден, вирус жүйеде EMS драйвері орнатылмағанын тексереді. Егер орнатылмаған болса немесе жадта вирустың резидентік көшірмесі болса, онда вирус басқаруды вирустасығыш – программаға береді. Вирус қорғалған режимде екі аппаратық бақылау нүктесін орнатады. Осындай іс- әрекеттерден соң вирус жад парағына өз кодының көшірмесін жасайды, сосын DOS – тың жоғарғы адресінің белгіленген жадын босата бастайды. Осы мезеттен бастап вирус өз қызметін бастайды: біріншіден – DOS функциясының барлық шақыруларын бақылайды, екіншіден – пернетақтаның барлық батырмаларына бақылау жасайды, үшіншіден – компьютердің жеңіл жүктелуге қадамдарын бақылайды. Осылайша осындай бақылау арқылы компьютерлік вирус өзіне жағдай жасайды: вирусты тексергісі келетіндердің іс — әрекеттерін, өзі орнатқан бақылау нүктелерін басқаруға мүмкіндік алады.
Қортындыға келгенде, компьютерлік вирустардың электрондық есептеуіш машиналарға ену нәтижесінде:
 компьютердің жұмысына жағаласып, қызмет жасауына кедергі жасайды, мысалға, компьютер экраны өшіп және компьютердің қатты дискісінің толып қалғаны туралы жалған хабар;
 компьютерге шынымен зиянын тигізеді, яғни винчестер толығымен форматталып қалады немесе қажетті файлдар өшіріліп кетеді;
 қылмыстық әрекеттер — трояндық программа арқылы қылмыскерлер сіздің кредиттік картаңыздың номерін, кіру паролін, басқа құпия деректерді ұрлайды.
Сондықтан әрбір адам компьютерлік вирустар туралы, олардың зиянды әрекеттері туралы, олардың түрлері туралы толық білуі тиіс. Дегенмен қазіргі кезде компьютерлік вирустардың түрі күннен – күнге артып бара жатыр, ал олар адамдардың компьютерде жұмыс істеуін шектей түседі.

Компьютерлік вирустың түрлері

Вирустардың негізгі жіктелуі
Негізінен алғанда компьютерлік вирустарды айрықша белгілері арқылы мынадай түрде жіктеуге болады:
 вирустың тіршілік ету ортасына қарай (с:\ дисктің папкалары, программа, т.б.);
 әрекет ету мерзіміне қарай – тоқтап әрекет ету немесе тұрақты әрекет, жедел әрекет, белгіленген мерзімде;
 әрекет ету түріне қарай – ақпараттық не материалдық (электронды схемаларды бүлдіру, файлдарды жою, программаларға зиянды әрекет ету);
 әрекет ету аймағына ену орнына қарай (файлдың басы, ортасы, соңы, оның бар аймағы);
 көбейю түріне қарай ( файлдық, программалық, макростық, т.б.);
 дербес компьютердің электрондық сызбасына ену орнына қарай (сүзгіш, процессор, оперативтік жад, қорлану системасы, қатты дискті бақылаушылар, т.б.);
 дербес компьютердің желісінің түрлі баспалдақтарына қарай (электрондық сызбалар жұмысының стандартты параметрлерінің өзгерісі, желілік ресурстардың қолданылу ережелерінің бұзылуы, реестрді пайдалану ережелерінің өзгерісі т.б.);
 деструктивті мүмкіндіктеріне қарай;
 әрекет ету алгоритмінің ерекшеліктеріне қарай;
 компьютерге жұғу әдісіне қарай
Әр қайсысын жеке қарастырайық. Әрекет ету аймағына байланысты компьютерлік вирустар былайша бөлінеді:
 файлдық – жұмыс істейтін және әр түрлі форматтарда жазылған файлдарды бүлдіретін компьютерлік вирустар. Қандай форматта жазылған программаға байланысты, мұндай вирустарға ЕХЕ немесе СОМ – вирустар болуы мүмкін;
 жүктемелік – дисктің жүктемелік секторын (ВООТ секторын) немесе винчестердің жүйелік жүктегіші (Master Boot Record) бар секторларды бүлдіретін компьютерлік вирустар;
 желілік – компьютердің желілері мен жүйелерінде таралатын компьютерлік вирустар;
 макровирустар – Microsoft Office – тің файлдарын бүлдіретін компьютерлік вирустар;
 Flash – вирустар – BIOS жадының FLASH микросхемаларын бүлдіретін компьютерлік вирустар;
Компьютерге жұғу әдісіне қарай компьютерлік вирустарды мынадай екі түрге бөлеміз:
 резиденттік вирустар (компьютер жадында тұрақты сақталатын вирустар) – компьютердің жадында өзінің резиндеттік бөлігін қалдыратын компьютерлік вирустар. Вирус жұққан программа іске қосылғанда резиденттік вирустар әсерлене әрекет етеді, олар жедел жадқа көшіріліп жазылып, алғашқы бірсыпыра уақытта әсері сезілмегенмен, соңынан бірден іске қатты кіріседі. Бұл вирустарды тез анықтау ісін қиындатады. Дискілерге мәлімет жазу кезінде вирус өзінің жабысуына қолайлы сәт іздеп негізгі операциялар орындалып жатқанда солармен қосылып дискіге жазылып алынады да, оның қалай жұққанын адамдар білмей де қалады. Сонымен қатар бұл вирустар операциялық жүйе жағынан вирус әрекетіне қарсы бағытталған іс — әрекеттерді жүзеге асыртпауы мүмкін. Бұл вирустар компьютер сөндірілгенше немесе компьютер жүктелгенше әрекет етуі мүмкін.
 резиденттік емес вирустар — компьютердің жедел жадында өзінің резиденттік бөліктерін қалдыра алмайтын компьютерлік вирустар. Бұл вирустар келешекте көбейе алмайтын фрагменттер қалдыра алады. Резидентік емес вирустар жедел жадқа тұрақты жазыла алмайды, бірақ вирустың әсері тиген программа іске қосылғанда ол екпіндене түседі де, өзі жұмыс істеп тұрған катологтан немесе РАТН командасында көрсетілген катологтардан өзі ішінен байқаусыз еніп кететін файл іздейді. Ондай файлды тауып, оның ішінде кіріп алып, ол кейін жұмыс істейтін кезде соған зиянды әрекетін тигізеді.
Компьютерлік вирустар диструктивті мүмкіндіктеріне қарай төмендегідей топтарға жіктеледі:
 зиянды емес вирустар – компьютердің қызметіне әсері болмайты компьютерлік вирустар. Бұл вирустар компьютердің жедел жадын немесе дисктің бос орындарын толтырып тастауы мүмкін.
 қауіпсіз вирустар — өздерін графикалық немесе дбыстық құбылыстар секілді зиянды емес әрекеттермен көрсететін компьютерлік вирустар.
 қауіпті вирустар – компьютердің қызметінде, желілер не жүйелерде түрлі ақауларға әкелетін компьютерлік вирустар.
 өте қауіпті вирустар – ақпараттарды жоятын, программалар мен жүйелердің қызмет ету қабілетін жоғалтатын компьютерлік вирустар.
Мақсаттарына қарай компьютерлік вирустар мынадай төрт бөлікке бөлінеді:
 «бейсауат» (гуманды) – онша қатты зиянын тигізбейтін вирустар.
 «шантаж жасаушы» — мысалы, белгілі төлемақы берсе, вирус әсері жоғалатынын анонимді түрде хабарлайтын «баяу әсер ететін бомбалар».
 «насихатшы» — «өзін көрсету» мақсатында жасалған.
 «мағынасыз» — атынан – ақ түсінікті.
Компьютерлік вирустарды әрекет ету алгоритмі бойынша былай бөлуге болады:
 спутник – вирустар (companion) – бұлар ЕХЕ – файлдарды СОМ файл құра отырып бүлдіретін компьютерлік вирустар. Сонымен қатар, алдымен программаға вирус жабысқан СОМ – файл кіреді де, содан соң ЕХЕ файлға көшеді. Бұндай жағдайда программа өзгермейді.
 «құрт» вирустар (Worms) – компьютерлік желілерде таралатын вирустар. Бұл вирустар компьютерге компьютерлік желілер арқылы енеді, сосын басқа компьютерлердің адресін анықтайды да, олар өз көшірмесін осы адрестерге жібіреді. Кейбір кезде бұлар компьютерде уақытша файлдар қалдырып кетеді, бірақ вирустар компьютердің ресурстарына тиіспеуі мүмкін. Сонымен бірге жүйелік программалаушылардың информациялық- есептеу желілерінің бос тұрған ресурстарын анықтау программаларына кіріп алып, сол бос құрылғыларды тек жұмыс істеуге мәжбүр етеді. Мысалы, оларды шексіз циклге енгізіп, құрдан – құр жүргізіп қояды немесе қажетсіз мәліметтерді баспаға шығарады.
 «паразиттік» вирустар (Parasitic) – дисктің құрамындағы файлдарды немесе секторларды бүлдіретін барлық вирустар. Бұл категориядағы вирустарға спутник – вирустар мен құрт вирустардан басқа барлық вирустар жатады.
 «стелс – вирустар» (көрінбейтін вирустар, stealth) – DOS – тың бүлінген файлдарға не секторларға бағытталған әрекеттеріне қарсы және олардың орнына бүлінбеген бөліктерді ұсынатын компьютерлік вирустар. Сонымен қатар бұл вирустар резинденттік антивирустарды алдайтын алгоритмдер қолданылады.
 «полиморфты» (polymorphic) – тұрақты учаскелік коды болмағандытан анықтауға қиындық туғызатын вирустар. Көптеген жағдайда бұл вирустың екі үлгісі де бір – біріне сай келе бермейді.
 «макровирустар» — текстік редактордың не электрондық кестенің жүйесінде құралған макротілді қолданатын вирустар. Қазіргі кезде Microsoft Word редакторының құжаттарын бүлдіре алатын макровирустар көптеп таралған.
 «логикалық бомбалар» (баяу әсер ететін бомбалар) – қарапайым программаларға кіріп алып білінбей тұрады. Тек белгілі бір шарттар (көрсетілген күн- ай мерзімінде немесе уақытта, программа орындалуының белгілі кезіңінде) орындалғанда ғана әсер ете бастайды. Сол шарт орындалар мезетке дейін неғұрлым көп программаларға жұғуға тырысады.
 «троян аттары» — қарапайым қолданбалы программаларға кіріп алып, соларға рұқсат етілмеген әрекеттерді (жасырын информацияны оқып жария етеді, жедел жадтағы ақпараттарды басқа жіберуге дайындайды) орындатады. Жасалу құрлымы мен көбею жолы оңай болғандықтан, көбінесе компьютерлер желілерін жайлап алады.
Негізгілеріне тоқтала кетсек, вирус дискідегі кез келген файлды бүлдіре алады, бірақ кейбір файлдарға ол бірден жабысады, яғни ол файлдың ішкі көлемінен орын алып, оның қызметін түрлендіріп, қолайлы жағдай туғанда, зиянды әрекетін бастап кетеді. Дегенмен көптеген программалар мәтіні мен құжаттарға, мәліметтер базасының информациялық файлдарына, электрондық кестелердегі мәліметтерге вирустар онша әсерін тигізе алмайды, тек оларды аздап қана зақымдауы мүмкін. Вирустар мынадай файлдарға жұғуы мүмкін:
Бірден орындалатын файлдар, белгілі бір іс- әрекет істейтін кеңейтулері com және exe болып келген файлдар, сондай – ақ басқа программаларға қажет кезінде қосылатын оверейлік файлдар. Файлдарды зақымдайтын мұндай вирустарды файлдық деп атайды. Вирус жұққан файлдар өздерінің кері әсерін жұмыс істейтін, іске қосылған сәттерде жасайды. Ең қауіпті вирустарға резиндеттік түрде жедел жадта сақталып, орындалатын әрбір программаны зақымдап отыратындары жатады. Ал егер олар AUTOEXEC. BAT және CONFIG.SYS арқылы іске қосылатын программаларға жұқса, онда компьютер өшіріліп қайта іске қосылған сайын вирустар өз әсерлерін тұрақты қайталап жүргізіп отырады.
Операциялық жүйенің жүктеуіші мен қатты дискінің ең басты мәлімет жүктеу жазбасы. Бұл аумақтарды зақымдайтын «жүктегіш» (загрузочная) немесе Boot – вирустар деп аталады.
Мұндай вирустар өз қызметін компьютерді іске қосқанда,яғни операциялық жүйені жүктегенде бірден бастайды және әрдайым компьютердің жедел жадында тұрақты сақталады. Бұлардың таралу тәсілі – компьютерге дискеттердің алғашқы жолдарына жазылған жүктегіш мәліметіне зақым келтіру болып табылады. Әдетте мұндай вирустар екі бөліктен тұрады, өйткені дискеттің жүктеуіш жазбасы мен операциялық жүйенің басты жазбасы өте шағын көлемнен тұрады, сондықтан вирус бірден түгелдей олардың ішіне орналаса алмайды. Вирустың екінші бөлігі дискінің түпкі каталогының соңынан немесе мәліметтер кластерлеріне жазылып қалады.
Құрылғылар драйверлері, яғни CONFIG. SYS файлының шеткері құрылғылары көрсетілген Devise деген сөз тұрған жолында жазылған файлдар. Ондай файлдағы вирус сол құрылғыны іске қосқан сайын қызметке кіріседі. Бірақ драйверді бір компьютерден екінші компьютерге көшіру өте сирек болатындықтан, мұндай вирустар көп тарала қоймаған. DOS жүйелік файлдарына ( MS DOS. SYS және IO. SYS) да вирус жұқтырылуы теория жүзінде мүмкін болғанымен, олардың таралуы іс жүзінде өте сирек кездеседі.
Әдетте әрбір вирус түрі файлдың бір немесе екі типіне (түріне) ғана «жұғады». Көбінесе бірден орындалатын файлдарға жұғатын вирустар жиі кездеседі. Дискінің жүктегіш аймағын зақымдайтын вирустар екінші орында деп айтуға болады. Шеткері құрылғылар драйверлерін зақымдайтын вирустар сирек кездеседі, әдетте олар бірден орындалатын файлдарға да зиянын тигізеді.
Файлдық жүйені өзгертетін вирустар. Соңғы кезде вирустің жаңа түрлері – дискідегі файлдық жүйені өзгертетін вирустар көбейіп таралуда, оларды қысқаша DIR – вирустар деп атайды. Мұндай вирустар өз мәтінін дискінің белгілі бір бөлігіне (әдетте дискінің соңғы кластеріне) жасырын жазып қояды да, оны дискінің файлды орналастыру кестесіне (FAT) файлдың соңы ретінде белгілейді.
Барлық СОМ және ЕХЕ типті файлдар үшін – каталогтағы файлдың алғашқы мәліметі көрсетілген орынға вирус жазылған қате орын көрсетіліп, ал дұрыс көрсеткіш – таңбаланған түрде каталогтың пайдаланылмайтын бөлігіне жасырылады. Сол себепті кез келген программаны іске қосқанда дискіден бірінші вирус оқылады да, ол тұрақты компьютер жедел жадында сақталып файлдарды өңдейтін DOS программаларына жабысады. Бірақ жалпы көрініс каталог дұрыс жұмыс атқарған сияқты болып сырт көзге мұның әсері білінбей тұрады. Тек вирус бар дискеттерден программалық файл оқитын сәттерде оның нақты көлемі қысқарып небәрі 512 не 1024 байт қана болып қалады. Бірақ атқарылуға тиіс вирусы бар әрбір программа іске қосылғанда оның дұрыс емес екендігі байқалмайды. Міне осылай «ауырған» дискілерді дұрыс қалпына келтіру үшін тек арнайы антивирустік программалар керек.
«Көрінбейтін» және өздігінен өрбитін вирустар. Өзін жай көзге сездірмес үшін кейбір вирустар жасырынудың қилы – қилы тәсілдерін қолданады. Осындайлардың екі түрін – «көрінбейтін» және өздігінен өрбитін вирустарды қарстырайық.
«Көрінбейтін» вирустар. Көптеген резиденттік вирустар былай жасырынуды әдетке айналдырған, олар DOS жүйесінің вирус жұққан файлдарды шақыруын өзгертпей дұрыс күйінде қалдырады.Бірақ бұл эффект тек вирус жұққан компьютерде ғана байқалды, ал вирус жұға қоймаған компьютерлерде файлдар мен дискілерді жүктеуіш аймақтарының өзгеруін байқау қиын емес.
Өздігінен өрбитін вирустар. Вирустардың жасырыну жолының екінші тәсілі — өзін — өзі өзгертіп, өрбіп толықтырылып отыруы. Көптеген вирустар жасайтын кері әсерін байқатпас үшін өз көлемінің бірсыпырасын шарттаңбаланған жасырын күйде сақтайды. Бірте – бірте өрби отырып, олар табңалану тәсілін де, таңбаланған алғашқы бөлігін де аздап өзгертіп отырады Осының арқасында вирусты іздеп табатын тұрақты байттар тізбегі болмай, оларды ұстайтын детектор – программалар жұмысы қиындайды.
Қазіргі кезде көп таралған коспьютерлік вирустар ретінде қарапайым вирустарды айтуға болады. Негізінен бұл вирустар прогаммаларды және файлдарды дұрыс қолданбағаннан туындайды. Мысалға сіз ехе түріндегі кеңейтудегі файлдың орнына bat түріндегі кеңейтудегі файлды қосып қойсаңыз, оны программа қате қабылдайды. Сондықтан осының әсерінен қызмет етіп тұрған программаны бүлдіретін бүлінген файлдар пайда болады. Бұл файлдар әр түрлі жолдармен басқа комьютерлерге жұғуы мүмкін.
«Троян аттары» — көп таралған қылмыстық – программалардың бірі. Бұлардың ішінде дербес компьютерлердің электрондық сызбаларын «темірін» бұзуға арналған жасырын прогаммалар болады. Сондықтан бұлармен күресу қиындық туғызады.Осындай «троян аттарының» ішінде ұзақ мерзім бойы өзін көрсетпейтін, бірақ белгілі бір оқиғадан соң (мысалы, компьютердің кезікті бір қосылуынан кейін, шақырылған файлдың белгілі мөлшеріне жеткен соң, т.б.) іске қосылып, компьютерге үлкен зиян келтіретін прогаммалар бар. Бл зиян әрекеттер ретінде қатты дискінің толып қалғаны туралы хабар немесе шиналардағы тоқ күшін арттыру арқылы компьютердің «темірін» істен шығару болуы мүмкін.
Спутник — вирустар (Companion) — ЕХЕ – вирустарына жататын вирустардың бірі. Бұл вирустар өз атауын көбею алгоритміне байланысты алған: әр файлға спутник – файл құрылады. Бұл вирустың негзгі екі түріне тоқтала кетейік.
Бірінші типтегі вирустар келесі түрде көбейе алады. Әр ЕХЕ файлға тура сол аттағы, бірақ СОМ кеңейудегі вирустік коды бар файл құрылады. Егер компьютерде программа қосылғанда командалар жолында тек қолданылатын файл аты берілсе, онда вирус әрекет ете бастайды. Егер файл кеңейтуі көрсетлмесе, онда DOS біріншіден СОМ кеңейудегі және берілген аттағы файлды іздейді. Егер бұндай аттағы СОМ файл табылмаса, аттас ЕХЕ файл ізделеді. Ал ол да табылмаса, DOS пакеттік ВАТ файлды табуға талпынады. Онда да табылмаса, осы аттағы файлдар жалпы каталогта ізделеді. Компьютер қолданынушы программа қосқысы келіп, тек оның аты ғана берілсе, онда ең алдымен коды СОМ файлдағы вирус әрекет ете бастайды. Ол бір не бірнеше ЕХЕ файлға СОМ файл құрады. Оны қолданушы білмей, тек ЕХЕ программа қосылды деп ойлайды. Бұл вирустан құтылу үшін бар болғаны СОМ файлды жою керек.
Екінші типтегі вирустар тиянақты әрекет етеді. ЕХЕ файлдың аты сол алпы қалады да, тек кеңейу ғана өзгереді. Мысалға, файл DAT кеңейуі немесе OVL (оверелей программасы) кеңейуі мүмкін. Содан соң ЕХЕ файлдың орнына вирус коды көшіріледі. Осындай жағдайда басқаруды ЕХЕ файл ішіндегі вирустық код алады. Вирус осы тәсілмен тағы бірнеше ЕХЕ файлды бүлдіреді де, алғашқы файлға өзінің бастапқы кеңейуін қайтарады. Мұндай файлдарды емдеу қиынға соғады.
ЕХЕ вирустардың тағы бір түрі — программалық кодты араластыратын вирустар ( «Overwrite» ). Бұл вирустардың бір кемшілігі – олардың жұмысы ашық жүреді. Компьютер іске қосылған кезден бастап вирус бүлдіретін файл іздейді. Содан соң тапқан файлын редактрлеу үшін ашады, оның басына көшеді, бірақ бастапқы кодын сақтамайды. Бұл программаларды емдемесе де болады.
Басқа да вирустар. Енді көп тарамаған вирустарды қарастырайық.
Аппараттық вирустар. Бұл вирустар компьютердің жүйесіне тек аппараттық қамтамасыз ету өзгерген жағдайда ғана енеді. Мысалға жүктеу кезінде тұрақты жад өзгергенде. Дегенмен мұндай вирустардың компьютер жүйесіне ену қабілеті төмен болғандықтан, оны жою да қиынға түседі. Сонымен қатар ЭВМ жаңа операциялық жүйеге қосылған кезде бұл вирустар қайта пайда болады.
«Буферленген» вирустар. Бұл вирустар аппараттық вирустарға ұқсас келеді. Бірақ оларды жою буферлік батареяны жою арқылы іске асады. Әйтсе де, бұл вирустар инфицирленген программалар арқылы қайта пайда болуы мүмкін.
«Өмір және өлім» вирусы. (Live and Die). Программаға белгілі бір мерзімде енетін вирустар болып табылады. Олар белгіленген уақыттан соң бүлінген программадан өздері кетеді. Вирус кеткен соң программа өз қызмет ету қабілетін сақтайды.
«Жасырынбақ» вирусы – компьютер жүйесінде белгілі уақыт аралығында сақталатын компьютерлік вирустар. Олар қорғаныс орны ретінде буфер обылысындағы интеллектуалдық терминалды қолданылады. Бұл вирустарға тек жүйеге еркін кіріп – шығуға мүмкіндік болса болғаны.
HTML – вирус. Сирек кездесетін вирустардың бірі болып табылады. HTML вирустар Visual Basic тілінде жазылған скрипттерді қолданады. Осы арқылы вирустар HTM – және HTML файлдарды тауып алады да, оған жазылады. Кейде олар өздерін көрсетіп қояды (мысалы, Message Box шығарады.).
Java – вирустар. Қазіргі кезде Java тілінде жазылған екі вирус белгілі. Олар айтарлықтай зиян келтірмейді.
Қортындыға келсек, компьютерлер әлемінде компьютерлік вирустардың сан алуан түрлері кездеседі. Сонымен қатар бұл компьютерлік вирустарға тыңнан тағы да басқа компьютерлік вирустар қосылып отырады және олар әр түрлі басқа да зиянды әрекет ете алады.
Сондықтан әр компьютер пайдаланушы адам бұл вирустардың түрлерін, олардың зияндарын білуі керек. Дегенмен компьютерлік вирустардан қатты үрейленбесе де болады, себебі мұндай компьютерлік вирустардың көбісі тек компьютер жадындағы ақпараттарды жоюмен айналысады.
Антивирустік программалар

Вирустармен қалай күресуге болады? Егер бір адам қылыш ойлап тапса, келесі бір адам оған қарсы қалқан ойлап табатыны сөзсіз.Жалпы компьютерлер әлемінде вирустардан сақтану үшін арнайы программалар керек. Мұндай программаларды бірнеше түрге бөлуге болады: детекторлар, докторлар (фагпрограммалар), ревизорлар, доктор – ревизорлар, сүзгі – программалар және вакциналар (иммунизаторлар).
Детектор – программалар тек бұрыннан белгілі вирус түрлерінен ғана қорғай алады, жаңа вирусқа олар дәрменсіз боп келеді.
Доктор – программалар немесе «фагтар» вирус жұққан программалар мен дискілерді «вирус» әсерін алып тастау, яғни «жұлып алу» арқылы емдеп, оларды бастапқы қалпына келтіреді.
Ревизор – программалар ( фавйлдардағы және дискінің жүйелік аймақтарындағы өзгерістерді бақылайтын программалар) да алдымен программалар мен дискінің жүйелік аймағы туралы мәліметтерді есіне сақтап, содан соң оны кейінгісімен салыстыра отырып сәйкессіздікті анықтаса, оны дереу программа иесіне хабарлайды.
Доктор – ревизорлар – доктор программа мен ревизорлар арасынан шыққан гибрид. Бұлар тек файлдардағы өзгерістерді анықтап қана қоймай, оларды автоматты түрде емдеп, бастапқы қалыпты жағдайға түзеп келтіреді.
Сүзгі программалар (вирустан сақтайтын резиденттік программалар) – компьютредің жедел жадында тұрақты орналасады да, вирустардың зиянды әрекетіне әкелетін операцияны ұстап алады да, бұл туралы жұмыс істеп отырған адамға дер кезінде хабарлап отырады. Одан әрі шешім қабылдау әркімнің өзіне– байланысты.
Вакцина программалар немесе иммунизаторлар компьютердегі программалар жұмысына әсер етпей, оларды вирус жұққан сияқты етіп модификациялайды да, вирус әсерінен сақтайды, бірақ бұл программаларды пайдалану онша тиімді емес.
Қылмыстық әрекеттерге қарсы, вирустардан қорғану мақсатында программа қорғаушылар антивирустік программалар құрады. Бұл антивирустік программаларды үш негізгі топқа бөлуге болады:
 файл мәліметтерін бақылауға арналған, олардың қосындыларын есте сақтауға негізделген программалар;
 программаға не операциялық жүйеге вирус жұққан сәтте оларды анықтайтын резиденттік программалар;
 вирустар жұқтырылғаннан кейін олардың бар екенін анықтайтын программалар.
Файлдардағы мәліметтердің белгілі бір сипаттамаларын есте сақтайтын антивирустік программалардың негізгі жұмысы – сол файлдардың жаңа сипаттамаларын бұрын белгіленіп, жазылып қойылған мәндермен салыстырады. Егер файл ішіне вирус енген болса, онда олар бір – біріне сай келмейді де, программа ол туралы экранға ескертпе хабар шығырады. Осы тәсілмен бұрын белгісіз жаңадан шыққан вирус түрін де анықтауға болады.
Қазіргі кезде көп таралған антивирустік программалар мыналар болып табылады:
 Каспер антивирусы ( шығарушы – «Каспер лабораториясы»)
 доктор Веб – Dr. Web (шығарушы – «Диалог – наука»)
 McAfee virusScan (шығарушы – «McAfee Associates»)
 Norton Antivirus (шығарушы – «Symantec»)
 Agnitum utPost (Firewall Pro)
 Ad – Aware 6.0 Personal, тағы басқалар.
Вирусқа қарсы бағдарламалар.
Вирусқа қарсы бағдарламалық жасақтама (Antivirus software) - вирусқарсы бағдарламалар электрондық поштада және компьютердегі басқа файлдарда вирустар, «құрттар», «трояндық аттар» бар-жоғын тексереді. Вирус, «құрт» немесе «трояндық ат» табылған жағдайда, вирусқарсы бағдарлама вирус компьютерге және файлдарға зиянын тигізбей тұрғанда, оны карантинге қояды немесе түгелдей жояды.
Антивирус (латын тілінен анти – қарсы немесе кері, ал вирус - у деп аударылады) Антивирус аты айтып тұрғандай компьютерге енген қауіпті нұсқауларды яғни вирустардан, қауіпті тудырғыш программалардан қорғап, операциялық жүйе мен файлдардың ластануынан және қайсібір кедергісі көп кодтардан қорғайды. Ол вирустардың таралуы мен көбеюін болдырмайға арналған программа. Оның жұмыс істеу (сканирование) принципі: Компьютерді (C, D) толық сканированиеден өткізіп, вирутарды табу. Компьютердегі (C, D) өзіне сәйкес қимыл орындамайтын немесе вирустанған файл-программаларды табу, олардың қауіптілік дәрежесін анықтау. Табылған вирустарды антивирус программа базасына жеткізіледі. Ол вирустық қасиетке ие болып зияны болса, база сигнатурасында тіркелсе келесі бұйрықтарды орындауға мүмкіншілік болады: 
1. Вирустанған (инфицированный) файлды жою. 
2. Вирустанған файлдың басқа барлық файлға байланысын жою. 
3. Карантинға енгізу (Антивирустың критериясы бойынша вирустың таралуы қауіпінен оны қолдануға мүмкіншілк бермейді). 
4. Файлды тазарту, яғни енген вирусты жою. 
5. Ешқай бұйрық орындалмайтын жағдайда оны операциялық жүйенің келесі перезагрузкасында ғана вирусты толығымен жоюға болады.


Оқытушы __________ А.Б.Қалымжанова


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!