СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті" мұғалімдерге арналған тренинг сабақ

Категория: Психологу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Педагогтарға жағымды көңіл-күй сыйлай отырып, кәсіби жолдарына мотивация беру мақсатында білім беру орындардағы педагог қызметкерлерге қолдануға болады. Тренинг сабақта сергіту сәті, психологиялық жаттығулар, әпсана әңгімелер ұсынылды.

Просмотр содержимого документа
«"Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті" мұғалімдерге арналған тренинг сабақ»

О

Орал «Мақсат» медициналық колледжі













Мұғалімдерге арналған тренинг сабақ тақырыбы:



«Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті»





Өткізген: педагог-психолог,

пед.ғыл.маг. Талпакова С.А.















Орал, 2019 жыл


Мақсаты: Педагогарға жағымды көңіл-күй сыйлай отырып, кәсіби жолдарына мотивация беру

Уақыты: 30 минут

Тренинг сабақ жоспары:

1.Сергіту биі

2.Сәлемдесу

3. «Мен жұмыста және үйде» жаттығуы

4. «Шебердің өсиеті» әпсана әңгімесі

5. «Кәсіби болашақ» жаттығуы

6.Қорытынды

1.Сергіту биі

Мұғалімдер интер. тақтада көрсетілген би қозғалыстарын белсенді, көңілді түрде қайталауы керек.


2.Сәлемдесу тренингі

Әр мұғалім өзінің аты-жөнін, өмірлік ұстанымын айтады. Мысалы: Менің аты-жөнім Санагүл Асқарқызы менің өмірлік ұстанымым: Алға қойған мақсатыма қол жеткізу



3. «Мен жұмыста және үйде» жаттығуы

Қазір сіздер парақты екі бағанға бөліңіздер. Бірінші бағанаға «Мен үйде» деп, ал екінші бағанаға «Мен жұмыста» деп жазыңыздар. Осы екі бағананы сол жердегі мінез-құлықтарыңыз бен жүріс –тұрыстарыңызды жазыңыздар.


4. «Шебердің өсиеті» әпсана әңгімесі


Шебер қарындашты қорапқа салмас бұрын оны жанына қойып: - Сені әлемге аттандырмай тұрып, сен білуге тиіс бес қағида бар, - дейді.

Әрқашан есіңде ұста және ұмытпа, сен сонда ең жақсы қарындаш атанасың.

Біріншіден: сен өзіңді біреудің қолында ұстауға рұқсат етсең ғана көптеген істер жасай аласың.

Екіншіден: сен уақыт өткен сайын ұштаған кезде жаның ауырып, қиналасың, бірақ бұл жақсы қарындаш болуың үшін қажет.

Үшіншіден: өзің жіберген қателеріңді түзеп отыруға қабілеттісің.

Төртіншіден: сенің ең маңызды бөлігің сенің ішіңде орналасады.

Бесіншіден: кез – келген тегіс жерде өз ізіңді қалдыруға тиіссің.

Қандай жағдайда болғаныңа қарамастан сен жазуыңды жалғастыруың керек. Ең бастысы, барлығын махаббатпен қабылдап, қайтаруың керек.

Қарындаш бәрін түсініп, есте сақтауға уәде берді және қорапқа жүрек қалауымен орналастырылды.


5.«Кәсіби болашақ» жаттығуы

Нұсқауы: Бүгінгі кездесуде сіздер өз жан-дүниеңізді ақтарып айттыңыз, сол үшін мен сіздерге естелікке сыйлық қалдырғым келеді. Келесідей заттардың суреттері алдарына ұсынылады: тиын, кілт, қалам, моншақ, кемпірқосақ, кәмпит, бояулар, кристалл гүл. Барлығы өздеріне алған соң шешімдері айтылады:

1. Тиын — ақша өсіміне қол жеткізу

2.Кілт — оқушылар мен ата-аналарға еш қиындықсыз байланыс таба алу қабілеті

3.Қалам — тәжірибемен бөлісуге мүмкіндік

4.Моншақ — жаңа кәсіби сапаларға қол жеткізу

5.Кемпірқосақ — кәсіби қызметтегі құлшыныс

6.Кәмпит — кәсіби жағынан өрлеуге жол

7.Бояулар — белсенді кәсіби позиция

8.Кристалл гүл — тұрақты психологиялық денсаулық


6. Қорытынды.Кері байланыс.










Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!