СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Конспект урока "Нағыз адам". В.Сухомлинский(орыс жазушысы)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: Нағыз адам. В.Сухомлинский(орыс жазушысы)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларды түсініп оқуға, жақсы мен жамандықты ажырата білуге үйрету;

Дамытушылық: танымдық қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: зеректікке, білімділікке, жақсыдан үлгі алуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: суреттер,қағаз,кластер,постер,АКТ

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық кезең.

 Шаттық шеңбер:

Күн жарығын алақанға саламын                  2 мин

Жүрегіме басып ұстай қаламын

Ізгі әрі нәзік,жарық,мейрімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.   Балалар сендерді өзіме қуат алатын шуақты күндерге теңеймін!      

Топқа бөліну,көсбасшыларды сайлау (1,2,3 топ)     

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Шәкәрім Құдайбердіұлының «Бір кесе меруерт» әңгімесінде көпті

Просмотр содержимого документа
«Конспект урока "Нағыз адам". В.Сухомлинский(орыс жазушысы)»

Күні: 22.01.16. Пән:Әдебиеттік оқу Сынып:3 «А»

Сабақтың тақырыбы: Нағыз адам. В.Сухомлинский(орыс жазушысы)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларды түсініп оқуға, жақсы мен жамандықты ажырата білуге үйрету;

Дамытушылық: танымдық қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: зеректікке, білімділікке, жақсыдан үлгі алуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: суреттер,қағаз,кластер,постер,АКТ

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық кезең.

Шаттық шеңбер:

Күн жарығын алақанға саламын 2 мин

Жүрегіме басып ұстай қаламын

Ізгі әрі нәзік,жарық,мейрімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым. Балалар сендерді өзіме қуат алатын шуақты күндерге теңеймін!


Топқа бөліну,көсбасшыларды сайлау (1,2,3 топ)


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Шәкәрім Құдайбердіұлының «Бір кесе меруерт» әңгімесінде көпті көрген қария қандай әңгіме айтты? Не туралы?

Үй тапсырмасын пысықтау:

Тест

1.«Сабыр түбі сары – алтын» негізгі ойын тап

А) сабырлы болу. Ә) білімді болу Б) әдепті болу

2.«Баланың айласы» әңгімесіндегі жағымсыз кейіпкер?

А) бала Ә) ғалым Б) жылан

3.Көңілің таза бұлақтай ашық болсын деп қай жолаушы айтты?

А) 1-ші жолаушы Ә) 2-ші жолаушы Б) 3-ші жолаушы

4.Қандай адамға алтыннан пайда жоқ

А) бай Ә) тоқ Б) азықсыз аш

5.Бір кесе меруерт әңгіменің авторы кім?

А)В.Сухомлинский Ә)М.Дулатов Б)Ш.Құдайбердіұлы 5 мин



Житон арқылы бағалау



ІІІ. Қызығушылықты ояту.

«Нағыз адам»деп қандай адамды айтамыз?

Әр топқа қағаз беріледі,сол қағазға өз ойларын 1 сөйлем немесе сөз тіркесін жазады.Осылайша дөңгелек жасап, келесі оқушыға береді.

Топ арасынан 1 оқушы шығып оқиды.

(Оқушылардың ойлары жинақталып, талданады)

Кластермен жұмыс 3 мин бағалау

Салыстыру әдісі: Осы әңгімедегі қарияны қандай адам дейміз?

Неге? 2 мин

IV. Мағынаны тану.

Бүгін біз В.Сухомлинскийдің «Нағыз  адам» шығармасымен танысамыз.

V.Жаңа сабақ

Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

Дарынды оқушымен жұмыс: Бекжанова Камила

а) В.Сухомлинский туралы мәлімет. 5 мин

Василий Александрович 1918 ж.28 қыркүйекте Васильевка селосында Херсон жерінде (қазіргі Кировоград облысы). Осында оның балалық және жастық шағы өтті.В.А. Сухомлинский совет педагогы. СССР Педагогика ғылымының корреспондет мүшесі (1957), УССР мектептеріне еңбек сіңірген мұғалім, Социолистік Еңбек Ері (1947 жылдан Кировоград облысы, Павлыш орта мектебінің директоры болды.

Сухомлинский –дарынды мұғалім, талантты ғалым әрі публицист. Оның мектепке басшылық етудегі және жұмысындағы құнды тәжірибесі «Павлыш орта мектебі» (1969) атты кітабында жан-жақты баяндалды. Сухомлинскийге « Балаға жүрек жылуы» атты кітабы үшін УССР-інің мемлекеттік сыйлығы берілді (1974), қазақ тіліне аударған (1976). Сухомлинский 2 Ленин орденімен, Қызыл Жұлдыз ордені, К.Д. Ушинский, А.С. Макаренко медальдарымен наградталды.  1941 жылы өз еркімен майданға аттанады. 1942 жылы қаңтар айында Москва ерлікпен қорғау кезінде Сухомлинский ауыр жарақаттанады. Уралда әскери госпитальде ұзақ емделгеннен кейін, сол кезде неміс басқыншыларынан азат етілген туған жеріне қайтадан оралды


VI.Сөздікпен жұмыс (Оқушыға оқыту)

Қуаң дала-шөл,шөлейтті,ылғал тапшы дала. 1 мин

Слайд көрсету

Сергіту сәті: 2 мин


Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу. Мазмұнын ашу. 10 мин

Оқушыларды тізбектей оқыту.Мұғалімнің сұрағы. бағалау


Теріп оқу. Мәтіндегі қызыл түспен белгіленген тіркестерді тауып оқы. (Бұл адам емес. Бұны да әлі адам деуге болмайды. Бұл нағыз адамның өзі.) 1 мин


Топтық жұмыс.Үш жолаушының әрекетін үш топ әңгімелеп береді. Постермен жұмыс. «Жолаушыны сипатта» 5 мин бағалау


Суретпен жұмыс.





Суретке зер сал. Суреттегі оқиға мәтіндегі қай пікірге сәйкес келеді?

 

1 топ- «Сыйлассаң, сыйымды боларсың» мақал-мәтеліндегі негізгі ойды анықта.

2 топ- «Атаның баласы болма,адамның баласы бол» Абай атамыздың  нақыл сөзінің мағынасын аш.

3 топ- «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді мақал-мәтелдің мағынасын аш, негізгі ойды анықта 3 мин бағалау

VIII.Ой қозғау.

Әр топ берілген  мәтіндегі 1,2,3 адамдарға хат жазады. 5 мин

1 топ-1 құдық басына келген адамға.

2 топ-2 адамға.

3 топ- 3 адамға. бағалау

Үйге тапсырма. «Мен нағыз адаммын» тақырыбында эссе жазу.

Сабақты қорыту.

Рефлексия. Екі жұлдыз бір тілек

Бағалау. Житон арқылы (санау) 1 мин

Қызыл-5

Көк-4

Сары-3



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!