СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Конспект урока по казахской литературе на тему "Ғабиден Мұстафин"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Краткая  биография и творческий путь известного казахского писателя

Просмотр содержимого документа
«Конспект урока по казахской литературе на тему "Ғабиден Мұстафин"»

Сабақтың тақырыбы: Ғабиден Мұстафин. 2 сағат

Сабақтың мақсаты: 1. Дамытушылық : Ақынның өлеңін оқу арқылы оқушылардың ой – өрісін дамыту және мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

2. Білімділік: Ғ.Мұстафин туралы білімін кеңейту және шығармасымен таныстыру,естерінде сақтау.

3.Тәрбиелік: жазушының өмір жолын,шығармаларының идеялық мазмұнынын идеялық мазмұнын ұғындыру арқылы мейрімділікке,ерлікке,елін сүюге,адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: : жаңа материалды меңгеру сабағы

Сабақтың көрнекілігі: Ғ.Мүсіріповтың портреті, қақпалар суреті

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың жалпы сызба жобасымен,құрылымымен таныстырамын.

Сабақтың жоспары

1.Ғ.Мұстафиннің өмір жолы.

2.Проза саласындағы еңбектері:

- романдары.

- Кітап,дәптермен жұмыс

«Дауылдан кейін» романы

  • Тақырыбы мен идеясы

  • Жазылу тарихы

  • Бас кейіпкер туралы мәлімет

  • Роман бөлімдері

  • Образдар жүйесі

  • Композициясы мен сюжеті

Дәптермен жұмыс.

  1. Кіріспе бөлімі

Бұл бөлімді негізінен екі сабаққа бөліп,онда оқушыларды тақырыпқа енгізіп,сол тақырып бойынша бағыт-бағдар беру мақсаты көзделеді. Ол үшін оқушының тақырыптың мақсатын түсінуі,сол тақырып бойынша нені үйренуі,нені білу керектігі айқын ашып көрсетіледі.

Сабақтың тақырыбы бойынша тірек сызбаларды пайдалана отырып,негізгі элементтер қысқаша әрі нақты түсіндіріледі.



1 сабақ. Ғ.Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылық жолы.

  1. Ғ.Мұстафиннің өмір ЖОЛЫ. Мұнда кесте бойынша жазушының өмір жолы туралы мәлімет берілді (10 мин).

Кейін,жалпы шығармашылық еңбектеріне тоқталамық.Мұнда жазушының шығармашылық еңбектері бойынша жасалған схеманы пайдаланамыз.



Проза саласындағы еңбектері:жазушының бұл саладағы еңбектерін әңгіме,новеллалары жайлы түсінік беруден бастаймыз.

Көлемді көркем прозасы. Ғ.Мұстафин «Шығанақ» романың 1945жылы жариялады. Романның басты кейіпкерінің прототипі Ақтөбе облысында өмір сүрген нақты тарихи тұлға.Туындының бас қаһарманы – өмірде болған адам.Ол гектарынан 1232 пұт қнім алып,дүниежүзілік рекорд жасаған – Шығанақ Берсиев.

Роман соғыс жылдарында Ақтөбе өңірінде тарыдан бқрын – сонды болып көрмегкн мол өнім алған адамдардың еңбектегі ерлігі жайында жазылған. Романның бас кейіпкері- туған халқының асыл қасиеттері мен тұрмыс даналығын бойына сіңірген адал еңбек адамы – Шығанақ.

Ғ.Мұстафин Шығанақтың бейнесі арқылы қазақ әдебиетінде еңбек адамының үздік образын жасады.

Кейін «Миллионер» повесі өз кезінде ауыл шаруашылығы тақырыбына жазылған озық шығарма деп танылған.Роман ауыл шаруашылығын дамытуға ескі қарт басшы Жаұыптың адал еңбегін,мол тәжірибесін ерекше жылылықпен суреттейді. Алайда заман талабы жаңа басқару әдістерін,шаруашылықта жаңа технологияларды қолдануды керек етеді.Міне,осы орайда,романда жаңа жас басшы жомарт жаңашылдықтың өкілі ретінде көрінеді. Ол шаруашылықтың жаңаша дамуын көздейтін жаңа жоспар ұсынады.жомарт- білімді болуымен бірге ақын – парасаты биік мәдениетті маман. Ол жаңа жоспардың тиімділігіне Жақыптың және басқа ұжым мүшелерінің көзін жеткізеді. Сөйтіп шаруашылықты дамудың жаңа жолына қою үшін болған тартыса жаңашыл Жомарт тобы жеңіске жетеді.

«Миллионер» повесі колхоз құрылысының дамуының жаңа кезеңін көрсетуге арналған.Жазушының романда көтерген жалпы қоғам дамуындағы ілгерішіл ойлары,ғылыми – техникалық прогрестің ауыл шаруашылығына енуін көрсетуге ұмтылуы өз кезінде оң бағаланды.

Дәптерме жұмыс: Өз бетінше Ғ.Мұстафинге мінездеме жазу.



Үй жұмысын беру:

  1. Ғ.Мұстафин қандай шығармалар жазды?

  2. Ғ.Мұстафин әңгімелерін қандай тақырыптарға бөлуге болады?

Баға қою

2 сабақ. «Дауылдан кейін » романы. (45 мин)

Ғ.Мұстафин қазақ халқының ХХ ғасырдың басындағы тарихының көркем бейнесін көрсету мақсатында «Дауылдан кейін» романын жазды.

Жазушының «Дауылдан кейін» атты тарихи романында халықтық азаттық жалындағы күресі және жаңа өмір өзгерістері суреттеледі.Осы күресте Аман сияқты кедей жастардың бірте – бірте санасы оянып,жаңа өмір құруға белсенді араласады.

Романда ескі өмірдің өкілдері бай Шәкен бастаған топтың күрестің түрлі жолдарын тандағаны шынайы көрсетіледі.Мысалы,Шәкен – заман өзгерістеріне бейім адам. Ол –ашық қарсылыққа бармайтын қу.шәкеннің азғыруымен кедей Әдхам болыстыө ревкомға бастық болып,бай дегеннің бәрінен пара алып,баюдың жолына түседі.

Романның бас кейіпкерінің бірі –Аман. Ол – орта шаруадан шыққан жігіт.Жазушы Аманды ел ісіне,әлеуметтік тартысқа бірден емес,біртіндеп қатыстырып,оның образын даму үстінде сомдайды.Аман роман басында – жүйрік атмініп,тазы ертіп,саят соңында жүрген бозбала. Әлеуметтік тартыс,тап күресі дегендер оның санасына қона қоймайды. Әлдінің әлсізге жасаған зорлығы оны ұйқыдан оятқандай болады.Кедей Мүсәпірдің жалғыз атын болыстың шабарманы тартып әкетпек болғанда,араға түсіп, әлгі зорлықшыны аттан жұлып түсіреді.қажет болса,ол түгіл,болысқа да соны істейтінін айтады. Оның әлсізді жақтап,әлдіге қарсы шыққан бұл алғашқы әрекетті із – түзсіз қалмайды.Мұнысын кешірмеген қарсыластары соңына түсіп,Аман өз басын арашалауға мәшбүр болады. Сөйтіп жүріп,өым – қуыт әлеуметтік тартыстың қалың ортасында қалай кіріп кеткенін өзі де аңғармай қалды. Осының бәрі Аманды қоғамдық істерге араластырып,замат етіп қалыптастырады.

Қорытынды: Ғ.Мұстафин аз сөзге көп мағына беріп,үлкен ой сыйғызуға тырысып отырады.Шығармаларының тілі қарапайым,түсінікті.Күнделікті тұрмыс,тірлік көріністерін,қарапайым жайларды суреттеуде жазушы аса шеберлік танытады.

Жазушы қанатты,бейнелі сөздер жасауға шебер.Мысалы: «Әр тасқынға – бір тосқын,әр азғынға – бір зауал», «Жақсы тәртіп әдетте айналса – ырыс,жаман тәртіп әдетке айналса - қырсық», «Жасында көргені жоқтың,өскенде айтары жоқ» сияқты афоризмдер жазушы тілінде молынан кездеседі.

Ғ.Мұстафин өз заманының шындығын жазған жазушы. Оның тіліндегі басты ерекшелік – афоризм сөздердің көп қолданылуы.

Дәптермен жұмыс: афоризмдерді теріп көшіріп жазындар.

Үйге тапсырма: 1) «Дауылдан кейін» романы не жайында?

  1. Аман образын талдаңдар.








Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!