Күні: Сынып: 1 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | 4-бөлім: Бізді қоршаған әлем Мен және табиғат. Е дыбысы мен әрпі. |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту |
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: Жаңа білімді меңгереді. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
Жетістік критерийлері | Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
Пәнаралық байланыс | Өнер, ана тілі сабағы |
АКТ қолдану дағдылары | Аудиожазба , таныстырылым. |
Тілдік құзыреттілік | Мен және табиғат. Е дыбысы мен әрпі. |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 2 минут | Қуанамын мен де, Қуанасың сен де, Қуанайық достарым, Арайлап атқан күнге! – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! | Шаттық шебері |
Сабақтың басы 2 минут | -Балалар, бүгін біз жаңа тараудын бетін ашамыз. «Бізді қоршаған әлем» атты тарау. Осы тарауда бізді қоршаған әлем туралы біліп танитын боламыз. -Балалар, бүгінгі біздің тақырыбымыз «Мен және табиғат. Е дыбысы мен әрпі». Сабақтың мақсаты: Тыңдалған материал бойнша өз пікірімізді айту; сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту. | Суреттер |
Сабақтың ортасы 5 минут 3 минут 5 минут
2 минут
3 минут
| Жұмбақ жасыру: Қалғиған қос құлақты, Теңбіл түрі көрікті. Мекен жері бұлақты, Білемісің .... (Елікті) -Балалар, Елік қандай дыбыстан басталып тұр? Дұрыс балалар, бүгін біз сендермен Е дыбысы және әрпімен тансамыз. (Видеоролик) Е дыбысы дауысты дыбыс, Е дыбысын қызыл түспен белгілейміз. Себебі ол созылып, әндетіп айтылады. -Ал ендеше Елік сөзіне дыбыстық талдау жасайық. (Асылхан) -Жақсы, Асылхан! Асылханға ШАПАЛАҚТАЙЫҚ!!! №1 Тыңдалым. -Мен атам мен әжеме кім боламын? Суреттердің алғашқы әріптерінен жауабын табамыз. Н Е М Е Р Е -Немере сөзіне дыбыстық талдау жасайық. (Асия) -Жарайсың, Асия! Асияға ШАПАЛАҚТАЙЫҚ!!! -Ал ендеше оқулықтағы суретке назар аударайық. Не көріп тұрсыңдар? (Мұхамедали) -Жақсы, Мұхамед! Мұхамедке ШАПАЛАҚТАЙЫҚ!!! №2 Оқылым. (Аружан) мен сен не ер Есен емен сенім немере ерте Ерлан - Өте жақсы, Аружан! Аружанға ШАПАЛАҚТАЙЫҚ!!! | Таныстырылым, Видеоролик оқулықпен жұмыс Оқулықтағы сурет |
Сергіту сәті 2 минут | «Аяқпенен топ-топ-топ» | Сергіту сәтіне арналған аудиоролик |
Қызықты тапсырма 7 минут | -Дәптерімізді ашайық, әдемі етіп жазайық! Дәптерімізді қиғаштап қоямыз, қаламды дұрыс ұстаймыз. Дайындалып отырамыз. (Ее әрпін жазылуы туралы видеоролик) Е дыбысының бас әрпі 2 тармақтан тұрады. Бірінші тармағы жолдың үстінде жарты щеңбер тәрізді оңға қарай салынады. Екінші тармағы жолдың ішінде жарты шеңбер тәрізді салынады: Е. Кіші әрпі тоықтай жолдың ішінде салынады: е. | Оқулық, дәптерлер. Видеоролик |
Сабақтың соңы 4 минут | Рефлексия Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айту. | Микрафон |
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие) |
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. | Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) | Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |